Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП МетИСредИзмКонтрИспыт.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (30 сағат)

Зертханалық жұмыс №1. «Өлшеу механизмдерінің конструкциясын оқып үйрену» (4 сағ)

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Зертханалық жұмыспен танысу.

2. Зертханалық жұмыс стендісіндегі ампер-сағаттар, активті және реактивті энергияны санағыштар, вольтметрлер және амперметрлер конструкциясын оқып үйрену.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

4. Келесі бөлімдерден тұратын есеп беруді даярлау:

- зертханалық жұмыстың тақырыбы, мақсаты және тапсырма,

- өлшеуші аспаптардың негізгі конструкциялық сипаттамасына қысқаша сипаттама;

- аспаптарды қолдану аймақтары;

-аспаптардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өлшеуіш механизм дегеніміз не?

  2. Магнитэлектрлік өлшеуіш механизмнің (ӨМ) негізгі бөліктері.

  3. Магнитэлектрлік ӨМ-нің неше шиыршықты серіппесі бар?

  4. ӨМ нің қозғалмалы бөлігінің атауы.

  5. Магнитэлектрлік ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  6. Электромагниттік ӨМ-нің негізгі бөліктері.

  7. Электромагниттік ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  8. Электродинамикалық ӨМ-нің негізгі бөліктері.

  9. Электродинамикалық ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  10. Ферродинамикалық ӨМ-нің негізгі бөліктері.

  11. Ферродинамикалық ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  12. Электростатикалық ӨМ-нің негізгі бөліктері.

  13. Электростатикалық ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  14. Индукциялық ӨМ-нің негізгі бөліктері.

  15. Индукциялық ӨМ-нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  16. Магнитэлектрлік ӨМ-нің қолданылу аймағы.

  17. Электромагниттік ӨМ-нің қолданылу аймағы.

  18. Электродинамикалық ферродинамикалық ӨМ-нің қолданылу аймағы.

  19. Электростатикалық және индукциялық ӨМ-нің қолданылу аймағы.

  20. Әртүрлі жүйелердің өлшеуіш аспаптарының типтеріне мысалдар және олардың мінездемелері.

  21. Логометрлер. Құрылымы, қолданылу аймағы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1 Измерение электрических и неэлектрических величин. Учебное пособие для ВУЗов. Под ред. Евтихеева Н.Н. –М: Энергоатомиздат 1990 – 352 с

2 Тартаковский Д.Ф., Ястребов А.С. Метрология, стандартизация и технические средства измерений: Учебное пособие для ВУЗов.- М.: Высшая школа , 2002. – 205 с.:ил.

3. Методы и средства измерений. Куликовский К.Л., КуперВ.Я., Энергоатомиздат, 1985-448с

4 Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы. Учебник для ВУЗов. -М., Энергоатомиздат, 1978, 704 с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Магнитоэлектрлік және электромагниттік аспаптар конструкциясының арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп беріңіз.

2.  Электродинамикалық және ферродинамикалық аспаптар конструкциясының арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп беріңіз.

3. Индукциялық өлшеуші механизмнің принціптік схемасын түсіндіріп беріңіз.

4. Сыйымдылықты өлшеуші механизмнің принціптік схемасын түсіндіріп беріңіз.

Зертханалық жұмыс №2. «Үш фазалы токтың активті және реактивті энергиясын өлшеу» (4 сағат)

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Активті энергияны санағыш құрылғысымен танысу.

2 Жұмысты орындау үшін қажет болатын аспаптармен және схемалармен танысу (4-сурет).

3. S4 қосқышын – активті қуатты өлшеу жағдайына, S5 – сол жақтағы ең шеткісіне қою.

4. Көрсеткіштерді 1-кестеге жазу. Екі ваттметр әдісі бойынша Р есептеу. Қандай да бір уақыт аралығында активті энергия санағышындағы дискі айналымының санын анықтау. 1-кестеге айналымдар санын және Т (сек) уақытты енгізу.

5. S5 орналасуын өзгерте отырып, 1.4 бөлімін 6 рет қайталау.

6. Әрбір санағыш үшін – номинальді тұрақтыны келесі формуламен есептеңіз:

мұндағы СH - санағыштың номинальді тұрақтысы;

A - беріліс саны (аспап панелінің беткі жағында көрсетіледі).

7. Нақты тұрақтыны келесі формуламен есептеңіз:

,

мұндағы Р – W1 және W2 ваттметрлердің, қосындылық көрсеткіші, Вт;

С – нақты тұрақты;

Т – дискінің айналу уақыты, с;

N – дискінің айналу саны.

8. Активті санағыштың салыстырмалы қателігін табу:

, %

Орташа арифметикалық мәнді есептеу және аспап шкаласындағы мәнмен салыстыру.

9. Қателіктің жүктемеден тәуелділік графигін құру

.

10.  S5 қосқышын реактивті қуатты өлшеу жағдайына ауыстыру.

11. Осындай тәртіппен 4-9 бөлімдердегі жұмыстарды орындау керек, көрсеткіштерді және есептеулерді 2-кестеге сәйкес орындау керек, және қателіктің жүктемеден тәуелділік графигіе құру (W)=f(W).

Кесте1

п/п

Санағыштың берілістік саны,

А

Айналымдар саны

N

Өлшеу уақыты

Т

Қуаттар қосынды

Тұтынылатын энергия

w

оборот

сек

Ватт·

Ватт

сек

%

%

1

2

3

4

5

6

Кесте2

п/п

Санағыштың берілістік саны,

А

Айналымдар саны

N

Өлшеу уақыты

Т

Қуаттар қосынды

Тұтынылатын энергия

w

оборот

сек

Ватт·

Вар

сек

%

%

1

2

3

4

5

6

12 Келесі бөлімдерден тұратын есеп беруді даярлау:

- зертханалық жұмыстың тақырыбы, мақсаты және тапсырма.

- алынған және есептелген мәліметтері бар кесте

- қорытындылар

Бақылау сұрақтары:

1. Электрлік санағыш дегеніміз не?

2. Санағыштың номинальді тұрақтысы дегеніміз не?

3. Үш фазалы санағыштардың жұмыс жасау принціпі

4. Активті және реактивті энергияны өлшеу кезіндегі екі ваттметрлер әдісі

Ұсынылатын әдебиеттер

1 Измерение электрических и неэлектрических величин. Учебное пособие для ВУЗов. Под ред. Евтихеева Н.Н. –М: Энергоатомиздат 1990 – 352 с

2 Тартаковский Д.Ф., Ястребов А.С. Метрология, стандартизация и технические средства измерений: Учебное пособие для ВУЗов.- М.: Высшая школа , 2002. – 205 с.:ил.

3. Методы и средства измерений. Куликовский К.Л., КуперВ.Я., Энергоатомиздат, 1985-448с

4 Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы. Учебник для ВУЗов. -М., Энергоатомиздат, 1978, 704 с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.  1-суретте көрсетілген қателіктің жүктеменің өзгеруінен тәуелділік графигін түсіндіріп беріңіз

2. Зертханалық қондырғының принціптік схемасына түсіндірме жасаңыз