Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП МетИСредИзмКонтрИспыт.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

8 Курстық жобаны орындауға әдістемелік нұсқаулар

8.1 Жалпы жағдайы

Курстық жоба студенттердің «Өлшеу, бақылау және сынау әдістері мен құралдары» пәні бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету мүмкіндігін, приборлардың құрылымдық және принціптік схемасын әзірлеу, статикалық және динамикалық сипаттағы есептеу, конструкторлық құжаттаманы дұрыс толтыра білу бойынша машықтану дағдыларына ие болу мүмкіндігін береді.

8.2 Курстық жобаны орындау тәртібі

Курстық жұмыстың тақырыптары:

1 тақырып «Өлшеу аспабына қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу»

2 тақырып «Өлшеу аспабын сынау бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу»

Курстық жоба берілген нұсқа бойынша орындалады. Жеке тапсырманы, аспап типін, қолдану шартын оқытушы береді және параметрлердің берілген аралығында механикалық, электрлік, жылутехникалық шамаларды, иондаушы шағылысуларды өлшеуге арналған құрылғыларға қойылатын техникалық талаптарды (Өлшеу аспабын сынау бағдарламасы мен әдістемесін) әзірлеу қарастырылады.

«Өлшеу аспабына қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу» тақырыбы бойынша өз нұсқасындағы мәліметтерді пайдалана отырып студент келесілерді орындау керек:

Әзірленетін аспап сипаттамасына әсер ететін сипаттамаларды табу мақсатында берілген параметрлерге талдау жүргізу.

Жүргізілген талдау негізінде:

негізгі техникалық және қолдану сипаттамаларын;

жұмыс жасауына қойылатын талаптарды;

конструкциясына қойылатын талаптарды;

сенімділік талабын

қалыптастыру керек.

«Өлшеу аспабын сынау бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу» тақырыбы бойынша студент келесілерді орындау керек:

Бақылауға жататын сипаттамаларды табу мақсатында берілген аспаптың параметрлеріне және оның жұмыс жасау жағдайына талдау жүргізу.

Жүргізілген талдау негізінде:

бұйымның қызметін және құрамын;

негізгі техникалық және қолдану сипаттамаларын;

сынақты жүргізу шарттарын;

сынақты жүргізу тәртібін;

сынау бағдарламасын;

сынау әдістемесін

құрастыру керек.

8.3 Курстық жобалаудың нәтижелерін безендіру

Курстық жұмыс бойынша түсіндірме қағазы: титулдық парақтан, мазмұынынан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұру керек және ҚарМТУ стнадарты бойынша безендірілу керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі мәтін ішінде сілтеу жасалатын библиографикалық мәліметтерден тұруы керек.

8.4 Ұсынылатын әдебиеттер

1 Федотов В.П. Основы теории измерения процессов. – М.: МЭИ, 1982.

2 Баклашев Н.И., Белюнов А.Н., Солодихин Г.М. и др. Натурный эксперимент: Информационное обеспечение экспериментальных исследований. – М.: Радио и связь, 1982. –304 с.

3 Бородюк В.П. Статистические методы математического описания сложных объектов. Уч. пособие. –М.: ВШ, 1981.

4 Б.С. Сотсков. Основы расчета и проектирования электромеханических элементов автоматических и телемеханических устройств. Энергия, 1965.

5 СТП 02073458-0102-06. Правила оформления учебно-методической документации. Общие требования к текстовым документам.

6 СТП 02073458-0102-06. Правила оформления учебно-методической документации. Общие требования к графическим документам.