Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эжне ЭЖ .doc
Скачиваний:
395
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.41 Mб
Скачать

2.1.2. Жұмсақ диэлектриктер

Жұмсақ диэлетриктердің ерекше қасиеттерінің бірі негізгі механикалық төзімділігі, қанықтығы және де сумен араласпайтындығы. Мұның сумен реакцияға түсуі 0-ге тең десек те болады. Барлық жұмсақ диэлектриктер поликристалдық құрылымға ие. Сондықтан тұрақты температураны ұстап тұрады.

Парафиндердің құрамында полярсыз жұмсақ диэлектриктер болады. Оларды мұнайды айдау нәтижесінде алады. Парафин қатты көмірсутектерден тұрады. Парафин майлы қоспалардан тазаланғаннан кейін ақ түске боялады. Соның нәтижесінде жақсы эелектроқшаулағыш қасиетке ие болады. Парафиннің А, Б, Г және Д маркаларын электроқшаулағыш материалдар ретінде пайдаланылады. Парафиннің қасиеттері: тығыздығы 0,85-0,90 г/см³, температурасы 50-58°С; ε=1,9-2,2; tgδ=0.0002-0..0007; Е=20-30 кв/мм.

Парафиндердің кемшілігі ол сұйық күйден қатты күйге өту кезіндегі көлемінің 12%-15% кішіреюі. Парафинді 130-140°С-та ұзақ қыздыру нәтижесінде ол электроқшаулағыш қасиетін жоғалтады.

Церезин- ол парафинге қарағанда әлдеқайда жоғары температурада балқиды. Церезиндерді озокеридті және синтетикалық деп бөлеміз. Озокеридті церизинді қатпарлы Жұмсақ озокеридті қайта өңдеу нәтижесінде алады. Құрамында мұнайға ұқсас зат болады. Озокеридті церизинді қатпарлы Жұмсақ озокеридті қайта өңдеу нәтижесінде алады. Озокеридті мақталы қағазды өткізгіштерде және кабельдерде қолданады. Озокеридті тазалау нәтижесінде церизин алынады. Құрамында қатты көмірсутек қоспасы болады. Церизин сарғылт түске ие бола отырып, парафинмен салыстырғанда жоғары температурада балқиды. Озокеридті церизиннің 4 маркасы шығарылады: I,II,III,IV, олар бір-бірінен балқу температурасына байланысты ерекшеленеді: I-80, II-75,III-67,IV-57-қа тең болады.Озокеридті церезеннің қасиеттері: тығыздығы: 0,86: 0,90 г/см;.

Синтетикалық церезин - өнімді аз уақыт ішінде айдау нәтижесінде алынады.Сол процестің нәтижесінде синтетикалық жанармай пайда болады. Синтетикалық церезин озокеридті церезинге қарағанда жоғары балқу температурасына ие.

Синтетикалық церезиннің қасиеттері: тығыздығы: 0,86:0,90г/см

.

Галовакс- синтетикалық жанбайтын жұмсақ диэлектрик.Ол жағымсыз иісті болып келеді.

Галовакстың түсі ашық сұрдан ашық жасылға дейін өзгеруі оны тазалау нәтижесінде байқалады.Галовакс – нафтолинді хлорлау нәтижесінде алынады.Галовакс полярлы диэлектрик болып табылады.Сондықтан ол жоғары диэлектрлік электрөткізгіштікке ие.. Бұл қағазды конденсатордың сиымдылығын 20-25%-ға жоғарылатуға мүмкіндік береді.Ол галоваксты парафиннің орнына балқытқан кезде жүзеге асады.

Галовакстың қасиеттері: тығыздығы: 1,55:1,67 г/смбалқу температурасы: 100-130көлемнің бұзылуы 1,5-2,5%.

Жақсы электрлік қасиетімен қоса суда ерімейтіндігіне байланысты Жұмсақ диэлектриктерді электр оқшаулағыш құрылымдарда, кампаудтарда, қағазда конденсаторларда, электр оқшаулағыш негізі бар пласт массаларда, асбестті цементте және мраморда т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

Көптеген жұмсақ диэлектриктер (парафин, церезин т.б.) электр оқшаулағыш резиналарды жұмсартуда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]