Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМТ кешен.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Лекция тақырыбы: Кіріспе

Жоспары:

1. «Түркі» этносы және этнонимі

2. Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы

3. Қазіргі түркі әлемі

Лекция мақсаты: Әлем тарихында өзіндік орны бар түркілердің тарих сахынасына шығуы, түркі атауы және территориялық орналасуын, қазіргі таңдағы түркі халықтарының тарихын түсіндіру.

Лекция мәтіні:

Түркі халықтарының көпғасырлық тарихы бар. Олар көш барысында мекендеген территорияларда мемлекет құрып, сол жердегі халықтармен сіңісе өмір сүрген. Сондықтан түркі халықтарының тарихы туралы алғашқы зерттеулерді сол аймақтың тарихшылары, саяхатшылары мен географтары өз еңбектерінде жазған. Бұл зерттеушілер тікелей өзі көрген немесе ауызша біреулерден естіп, кейінен қағазға түсірген жұмыстарды дүниеге әкелген. Еңбектер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, парсы және басқа тілдерде жазылып тарихи қор еншісіне қалдырылған.

Біз тарихқа VI ғасырда «түркі» деген атпен енсек те, алтайлыктар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төнкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихыңда толыққаңды мемлекет болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, қу тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты.

Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі - бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр мен XI ғасыр арасындағы хундар, түркілер дәуірі - біздің рухани қазыналарымыз, түркі жұртының мәдениет тарихының деректі көздері.

Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жұрты X-XIV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің әтникалық негізі болған тайпалар мен халықтардың және хун, түркі империяларының құрамына кіріп аралас-құралас күн кешкен 20-дан астам түркі жұртының ру-тайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, үграқ, шарух, жүмылы, үйғыр, таңғүт, қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы «пантюркис» деген сойкан сез «халық жауы» деген мағынада қолданылып, Отан сүйер, ұлт сүйер есіл ерлердің басын жүтқандыктан, ежелгі ел екенімізді ұмытып, Ресейдің кол астындағы «тегі жок тексіздер», «жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар» болып шыға келдік. Өз негізімізден, өз дөулетімізден озіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мүрасынан ат-тонымызды ала қаштық.

Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созган шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне комектесу - тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген әрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мүрасына жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уакыт безбеніне салып, тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуымыз кажет.

Түркі халықтарының тарихы жөніндегі зерттеулерді хронология шеңбер негізінде; ежелгі зерттеулер, ортағасырлық, патшалық Ресейдің отарлау саясатының артуы салдарынан жасалған ғылыми жұмыстар, Кеңес заманында тоталитарлық, әкімшілдік-әміршілдік жүйелердің тапсырыстарымен жасалған зерттеулер және тәуелсіздік жылдарында жасалған ғылыми жұмыстар етіп бөлуге болады.

Ежелгі заманда түркі халықтары туралы әсіресе парсы, қытай, грек жылнамашылары, тарихшылары, саяхатшылары құнды жазба деректерін қалдырған.

Жазба деректер- ежелгі авторлардың хабарлары, қорған үстіндегі жазулар, көне түркілердіңәдеби және ғылыми шығармалары т.б. Жалпы жазба деректерін бірнеше топқа бөлуге болады:

Парсы жазба деректері. І Дарий /б.з.б. 522-486 ж.ж./ және Ксерокс /б.з.б. 486-465 ж.ж./ патшалардың Ахеменид державасы қолданылған негізгі тілде: көне парсы, элам және аккад тілдерінде жазылған еңбектер. Соның ішінде Дарийдің Бехистун жазбасында, Таяу, Орта шығыстың, сонымен қатар Орталық Азияның трихи географиясы жөнінде құнды мәліметтер сақталған. Ежелгі мәдениет пен дінді зерттейтін Ксерокстің Дәулер туралы жазбасы құнды болып есептеледі. Сасанид дәуірінен қалған зароостриялыққасиетті діни кітап Авеста. /арамей әліпбиі негізінде жазылған/ мың жыл көлемінде ауызша жеткізіліп келген. Осы аталмыш еңбктерде түркі халықтар туралы құнды мәліметтер сақталған.

Қытай жазба деректері. Қытайлықтардың Шығыс Түркістан мен Орталық Азия жерлеріне қызығушылығының артуынан көптеген еңбектер дүниеге келді. Әсіресе қытайлықтардың Ферғана алқабына жасаған жорығы кезінде сол аймақтыңәдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы еңбектер жазылған. Император У-ди /б.з.б. 140-86/ кезінде жіберілген алғашқы қытай елшілігін басқарған Чжан Цзянның жасаған жазбалары өте құнды болып есептеледі. Оның миссиясы үйсіндермен одақтасу жолдарын қарастыру болған. Соның салдарынан ол жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен әдет-құрпын зерттеген. Орталық Азия туралы құнды еңбегін Сыма Цзянның /б.з.б. 145-86 ж.ж./ Шыцзи /Тарихи жазбалар/ атты еңбегі СЮнну туралы хикая деп ұүндар турлы құнды мәліметтерді қалдырған.Хань әулеті билік еткен кезеңде /б.з.б. ІІ ғ.- б.з. ІІ ғ./ Жібек жолының негізі салынды. Соның нәтижесінде Қытай мен сол кезеңде Орталық Азияла құрылған мемлекеттермен саяси-экономикалық және өзара ықпал еткен мәдени байланыстар жандана түсті. Әсіресе түркі халықтарының тарихы туралы келесі құнды деректерінің бірі ол Тан әулеті билік еткен кезең /618-907/ қалдырылған: олар- “Тан әулетінің ескі тарихын” /ЦзЮ Таншу/ Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде- авторлар тобы және “Тан әулетінің жаңа тарихы” /Синь Таншу/ Сун дәуірінде /1043-60/ Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян СЮ /1007-72/ бастаған авторлар ұжымы жазған. Бұл хроникаларда батыс түріктер, түргештер олардың этногенезі, Батыс түркі қағанаты мен Түргеш қағанаттарыныңқұрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген.

Грек жазба деректері. Геродотың /б.з.б. 484-425 ж.ж./ Тарих атты еңбегі, Қазақстан мен Орта Азяда мекендеген Сақ тайпалық бірлестік туралы мәліметтерді келтірген. Ктесий Персия тарихы атты еңбегінде түркі халықтары туралы құнды мәліметтерді қалдырған. Сақ тайпаларының парсы ықпалына қарсы күресін сүреттейтін бұл еңбекті, кейінен Диодор, Үлкен Плиний, Клавдий Элиан пайдаланған. Сол еңбек негізінде түркі халықтары туралы құнды еңбектерді дүниеге әкелген. Стробонның География атты еңбегі Қазақстанмен Орта Азияның табиғи жағдайын сүреттейді.

Орыс жылнамалары. Дунай мен Алтай арасындағы жерлерді мекендеген “половец даласы” деп аталатын түркі халықтарының тарихы туралы, әсіресе, қыпшатар мен қимақтардың тарихын сүреттейтін “Слово о полку Игореве”, “Ипатьевская летопись”, “Сибирская летопись” құнды орыс деректері бар.

Түркі халықтарының тарихы туралы басты деректерінің бірі ол Орхон-Енисей жазбалары болып есептеледі. Бұл жазбалар Монғолиядағы Орхон өзеңінде руналық ескі үлкен ескерткіш: Күл-тегін және Білге-қаған құрметіне қойылған ескерткіштер болып табылады. Бұл жызбалары батыс ғалымдары тарапынан оқылып, оқырмандар назарына ұсынылған.

  1. Енисей жазбалары швед Джоннан Филипп тарапынан 1730 жылы жария етілген “Еуропа және Азияның солтүстік шығыс бөлігі” атты кітап негізінде ғылым әлемге танылған.

  2. Орхон жызбаларын Николай Михайлович Ядринцев басқарған ғылыми экспедиция 1889 жылы 18 шілдеде тапқан. Орхон жазбаларын алғашқы болып Даниялық Вильгельм Томсен оқыған, оны Радлов және Х.Вембри де оқыған. Сол кезден бастап ежелгі түрік эпиграфикасын зерттеу орталығы Петербургте ашылып, түркология саласының дамуына аса үлкен септігін тигізді.

  3. 1892-1903 жылдары В.В.Родловтың бастауымен орхон-енисей жазбаларын зерттеудің нәтижелері қорытылып, құнды еңбектер шығарылды.

Түркі халықтарының тарихын зерттеуге үлес қосатын маңызды еңбектерінің бірі ол- Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Мухаммед Хайдар Дулати, өтеміс Қажы,Қыдырғали Қосынұлы Жалаири жұмыстары болып есептеледі.

Түркі халықтарының тарихын зерттеу үрдісі әсіресе патшалық Ресейдің Орталық Азияға жасаған отаршылдық саясаты барысында көлемді түрде жүргізілген.

  1. І Петрдің бастамасымен 1707 жылы С.Ремезовтың “Сібірдің сызба кітабы”нда географиялық деректемелермен қатар, археологиялық ескерткіштер туралы құнды мәліметтер келтрілген.

  2. 1733 жылы Сібірдегі академик Г.Ф.Миллердің басқарумен жасалған экспедиция түркі халықтарының тарихы туралы құнды зерттеулерді жүргізген.

  3. ХІХ ғасырдың басында түркі халықтарының тарихы туралы зерттеулерді академик В.В.Бартольд, П.И.Лерх, В.В.Радлов, Ш.Уәлиханов, М.Е.Массон, В.Д.Городецкий, М.П.Грязнов т.б. жүргізген.

  4. Ақпан Революциясына дейін Түркістан тарихына байланысты бөлек басылым ретінде шыққан 14 томдық зерттеу жұмысы бар. Олар қолжазба және мұрағат қорлары негізінде топтастырылған /Сборник материалов по истории завоевания Туркестанского края. Ташкент, 1900-1914 ж.ж./.

Түркі халықтарының отарлық кезеңдегі тарихына байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында баспа беттерінде шыққан мақалалардан оқуға болады. Сол кезеңде “Дала уалаяты”, “Қазақ”, “Айқап”, “Туркестанские ведомости”, “Русский Туркестан”, “Губернские вести”, “Туркестанская туземная газета” сияқты газеттер мен журналдар жарық көрген.

Түркі халықтарының тарихын зерттеу үрдісі ХХ ғасырдың басында Түркия Республикасыныңқұрылумен қарқынды түрде жүргізілді. 1924 жылы тікелей Мустафа Кемал Ататүріктің тапсырмасымен Фуат Көпрүлунің басқармасымен Түркият институты құрылды. Бұл институт Түркі халықтарының тілін, тарихын, мәдениетін және этнографиясын зерттеумен айналысқан. Онда белгілі башқұрт Зеки Уәлиди Тоған қызмен атқарған. /Түркили Түркістан тарихы атты еңбегі танымал болып есептеледі/. 1931 жылы Түкияда Түркі халықтарының тарихын зерттейтін Түрік тарихы қоғамы және 1932 жылы Түрік тілі қоғамы құрылған. аталмыш қоғамдардың басқаруымен бүгінгі күнге дейін халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда.

Кеңес өкіметі жылдарында түркі халықтарының шынайы тарихын зерттеу мүмкіншілігі болмады. Тарих ғылымы тікелей орталықтың идеологияландырылған әкімшілдік-әміршілдік құрсауында дамыды. Түркі халықтарының тарихы бір-бірінен бөлек жазылып, кеңестік рухта зерттелді. Соған қарамастан С.Ж.Асфендияров Қазақстан тарихына байланысты ғылыми жұмысын жасаған. Түркі халықтарының тарихына байланысты Кеңес өкіметі заманында А.П.Чулошников, М.Тынышпаев, Е.Бекмаханов, Б.Владимиров ғылыми ізденістерін жүргізген.

1954 жылы АҚШ-тыңқаржылай көмегімен Германияның МЮнхен қаласында Кеңес өкіметін зерттейтін ғылыми-зерттеу институты құрылды. Онда саси құғынға ұшыраған ғалымдар қызмет атқарды. ұылыми-зерттеу институттың жеке шығарған журналы /Дерги/ бар еді. Сол жұрналда түркі халықтарының тарихына байланысты құнды мақалалар жарияланған. Аталмыш журнал көптеген тілдерде жарияланатын. ұылыми материалдық базасының аз болғанына қарамастан, түркі халықтарының ежелден бастап, Кеңес өкіметі құрамындағы даму мәселелері жөнінде нақты мақалалар жариялайтын.

1960-1970 жылдары түркі халықтарының тарихына байланысты зерттеулерді С.Г.Кляшторный, Л.Н.Гумелев жүргізген. Л.Н.Гумелевтің еңбегі ғұндар державасы мен ежелгі түркілердің мемлекетіне арналған. Онда автор әлеуметтік-саяси қауымдастықтың пайда болуы, дамуы және жойылу заңдылықтарды зерттейді.

Белгілі қоғам қайраткері М.Шоқайда Түркі халықтарының ХІХ ғ. екінші жартысында- ХХ ғ. басында орыс отарына түскен түркі халықтарының тарихына байланысты зерттеулерді жүргізген. Оның басқаруымен 1936-1939 ж.ж. аралығында Жас Түркістан журналы жарық көріп, Орталық Азия халықтарының тағдырына байланысты құнды мақалалар жарияланған еді.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарих ғылым саласына, соның ішінде түркі халықтарының тарихына өз үлестерін М.Қозыбаев, К.Нурпейіс, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, К.Аманжолов, К.Байпақов, О.Исмағұлов, У.Шәлекенов, К.Алдажұманов, Ж.Абылхожын, М.Асылбеков, М.Абусеитова, К.Ақишев, И.Ерофеева т.б. қосқан.

Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер – бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар «Орхон – Енисей жазуы» деп аталып кеткен. Ескерткіштер – YII-YIII ғасырлардағы түркі ру тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Кұлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.

Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған.

Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы Н.Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді). Академик В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж.-1897ж. жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С.Е. Малов болды. Ол Орхон – Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.

Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғаннан және жаң хандардың билігінен құтылып аз уақытқа болса да өздерінің батыстағы тегі бір туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.

2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемелекеттік университетінде Кұлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция болып өтті.

Байырғы түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі 732 жылы Орхон өзенінің (Монғолия) бойына орнатылған тас ұстыны болса, осы ұстынның тарихта тұңғыш рет жасалған дәлме дәл ғылыми көшірмесі Астанамыздың төрінде, Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы 1-ші атриумына мәңгілікке 2001 жылы 18-ші мамырда орнатылды.

«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы Y ғасырда брінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы даладатүркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен беретін Кұлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: «Әлемнің көгінде аспан төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам бласы жаратылды. Азамат балсының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мени Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып оны бекітті». Мұнда дүниенің төртбұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен бйланысты суреттеледі.Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түрнікше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын сролтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, яғма, башқұрттар, қырғыздар т.б. Оңтүстік тобына жататындар:шігіл, тухси, яғма, играк, жумыл, ұйғыр, хитайыл, табғаш.

Махмұд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, шігіл, играк халықтарын атады.

Түркілердің атамекені туралы пікірлер ғылым әлемінде бүгінгі таңда үлкен тартыс тұғызуда. Біріншіден, Қытай деректеріне қарағанда олардың атамекні Алтай таулары айналасы мен Орал тауларымен байланысып, Балқаш көліне дейін созылғанын білдіреді. Екіншіден, дастандар мен мифологиялық деректерге сүйнсек түркі жазбаларында Әргенекон мекені ескеріледі. Сондықтан ғылыми тұжырымға қарағанда бұл Алтай-Саян аумағы болып есептелетіні анық. үшіншіден, Вембри мен Клапорт түркілердің атамекені Алтай таулары төңірегінде орналасқанын растайды. Ол жөнінде Радлов болса пікірталас тұғызып, түркілердің атамекенін Алтайдың шығыс аймағында, яғни қазіргі Монғолия жерлерінде орналасқанын айтады.

Дегенменде түркілердің мекені тек Алтай төңірегінде ғана болған пікірді қазіргі археологиялық зерттеулер қолдамайды. Себебі аталмыш авторлар өз кезегінде партиялық принциптар негізінде ғылыми жұмыстарын жүргізген салдары бойынша осы тұжрымдамаларды жасаған болатын. Түркілердің солтүстіктен бастап, Қара теңіз, оңтүстік-шығыс Еуропаға дейін барып, мемлекет құрғандықтары жөнінде төмендегі табылған археологиялық ескерткіштер растай түседі.

Біріншіден- б.з.б. 3000 жылдан бастап, б.з.б. 1700 жылға дейін түркілердің орталығы Алтай-Саян айналасы болып есептелген. Оны табылған Афанасьево мәдениеті растайды.

Екіншіден- б.з.б. 1700 жылдан бастап, б.з.б. 1200 жылдарды қамтитын Андроново мәдениеті түркілердің атамекенін Тәңірі тауларынан, Іле өзеңі, Жетісу айналасы, Еділ мен Жайықөзеңіне дейін жеткенін дәлелдей түседі.

үшіншіден- б.з.б. 1200- б.з.б. 700 жылдарды қамтитын Қарасуқ мәдениеті түркілердің жерлерін Енисей жағалауынан Тува, Абакан және Байқал көліне дейін созылғанын дәлелдейді. Осылайша табылған бұл археологиялық ескерткіштер түркілердің нақты орналасқан аймағын көрсетеді.

Аталмыш археологиялық ескерткіштерге назар аударар болсақ түркілер тек бір жерді ғана мекендеп, сол жерде мемлекет құрып отырмаған. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүріп, орналасқан мекендерін түрлі себептерге байланысты тастай отырып, жаңа жерлерге қоныс аударып отырған. Бұл фоктордың бір неше себептері болған. ¤йткені кез келген халық орналасқан жерлерден белгілі бір себептерге байланысты көшіп отырған. Классификация бойынша оны былай ашып көрсетуге болады:

Біріншіден- көптеген табиғи апат немесе жұқпалы аурулардың таралуына байланысты түркі халықтар өз жұрттарын тастап, басқа аумақтарға қоныс теуіп отырған.

Екіншіден- жылдар өте келе халық санының артуы және жайылымдардың тарылуына байланысты, сондай-ық жаңа жайылымдық жерлерге қызығушылықтың артуы негізінде түркі халықтар көшіп отырған.

үшіншіден- Түркі мемлекеттер құрылған сәтте ішінара саяси қақтығыстардың пайда болуына және саяси түсініспеушілікке байланысты өз мекендерін тастауға мәжбүр болып отырған. Ал ішкі тартыстың туындауына сыртқы фактор әсерлеп отырған.

Төртіншіден- көрші елдердің күшейіп, түркі халықтарының мекендерне көз тігіп, соғыс ашуына байланысты.

Бесіншіден- түркі халықтар әр уақыт жаңа мемлекет құруға әуесті болған және көрші елдердің жеріне көз тігіп отырған. Осыған байланысты түркі халықтардыңқоныс тепкен аудандарында әр қашан даму байқалып отырған. Себебі түркі халықтардың мемлекет басқару жүйесімен жергілікті халық арасындағы байланыс теңқұқықтық нормаларға негізделген болатын.

Түркі халықтарының мемлекетті құрудағы басты мақсаты әрдайым әлемдік билік ету рухы басым еді. Оғыз қағанның “Шатырымыз- көк аспан, туымыз алтын күн” деген сөздері түркілердіңәлемдік билікке ұмтылысын анық айғақтайды. Осыған байланысты түркі халықтары әр уақытта қоныс тепкен аудандарында қуатты мемлекет құра білген. Ал құатты мемлекетті игеру мәселесі міндетті түрде басқару жүйесімен тікелей байланысты. Сондықтан түркі халықтарыныңөзіндік мемлекет басқару қалыбы қалыптасқан еді.

Түркілерде мемлекетті басқару мәселесі басты орынға ие еді. Олар ғұндардан бастап мемлекетті қалай басқару қажеттілігін шешкен болатын. Мемлекеттің ішінде міндетті түрде қаржылық /салық жинаушы/, жарғы /заң шығарушы/, әскери және мәдени сатылар болатын. Мемлекеттің басында қаған, хакан, шаньюй немесе гуньмо, яғни түрлі атауларға иеленген мемлекет басқарушысы болатын. Оныңәулетінен шыққан арнайы кеңесі мемлекеттегі қаржы саласын реттеп отырған. Осыған байланысты түркілерде екілі басқару немесе “он қанаттық” және “сол қанаттық” басқару жүйесі қалыптасқан-ды. Мемлекет басқарушының арнайы қариялар кеңесі болған. Кез келген ішкі және сыртқы саяси мәселелер осы қариялар кеңесінде қаралып кейінен іс жүзіне асатын.

Кейінгі сатыны әскер саласы басқарып отырған. Түркілер әскерге үлкен көңіл аударғандықтан оған арнайы шен берген. Орта сатыны қара-будундар немесе қара халық /салық төлеушілер/ құрастырған. Түркілерде құлдық жүйе болмаған. Түркілер жорық жасаған жерлерден қолға түскен адамдарды үй жұмыстарында пайдаланып отырған. Ал жергілікті халық көбінесе жалдамалы жұмысшылар сатысын құрастырып отырған.

Мемлекет басқаруда дін түркілердің негізгі тірегіне айналған еді. Құдай немесе Тәңірі билігін тікелей қаған арқылы жүргізеді деген ұғым кеңінен тараған-ды. Қаған болса өзін әрдайым Тәңір тарапынан жіберілгенін халыққа сендіріп отырған. Осыған орай халық арасында қағанныңқұқықтары мен билігін және әмірлерін Тәңір жіберіп отырады деген ұғым қалыптасқан еді. Сондықтан Тәңір тарапынан берілген күш құдіретпен қаған Еуразиялыққұрлықта өмір сүрген халықты оңай басқара алатын.

Түркі халықтары отбасы мен әскер жүйесіне аса үлкен мән берген. Оның бірден бір айғағы Еуразия құрлығын басқаруында және Атилла мен Шыңғыс хан тұсында соғыс жүргізу технологиясының дамығандығында. Осыған байланысты көшпелі өмір сүру дәстүрі үстем еткен ғасырларда әскерге “чери”, ал отырықшы түркілерде “черимен” бірге “ер”, ал қазірігі таңда болса “әскер”, “ер” деген атаулар пайдаланылады.

Түркі халықтарына ортақ тән жәйттарының бірі- Мөде қағаннан бастауын алып келген “ондық” жүйе болып табылады.

Шыңғысхан тұсында осы түркілердің “ондық” жүйесі пайдадаланылып, Еуразия құрлығында салтанат құруда елеулі роль атқарған.

Көшпелі халықтарда жылқы маңызды роль атқарғаны баршаға аян. Махмуд Қашқариде түркілер жөнінде көптеген мәліметтер қалдырып, түркілердің соғыста атқа /жылқыға/ үлкен мән бергендігін атап өткен. Түркілер жылқының етін азық ретінде пайдаланып, оның сүтін ішіп, соғыс жылдарында жылқыны көлік ретінде пайдаланып отырған. Мәселен Сақтар ат үстіндегі жауынгер халық ретінде парсы және грек деректерінде кездеседі. Қытайлықтар болса ғұндарды шебер ат үстіндегі жауынгер ретінде таныған. Сондықтан түркілерде мемлекетті басқаруда жылқы бір жақтан жылдам көлік ретінде пайдаланылса, екінші жақтан мемлекетін көрші елдердің шабуылдарынан сақтап отыратын басты көлік және қару ретінде пайдаланған. Түркі әскерлері кез келген соғысқа аттанғанда өзімен бірге ат үстінде азық-түлігін алып жүретін. Азық-түліктіңқұрамына сүрленген етпен сүт кіретін.

Түркілер өз жауларымен соғысқанда басты қарулар- садақ пен жебені шеберлікпен ұстанатын. Сонымен қатар түркілердіңқарулары- қылыш, қанжар, пышақ, күрзі, қамшы, найза, арқан еді. Осыған орай Іү-үғ.ғ. жататын Есік қорғанынан табылған алтын сауыт түркілердіңқару жасау шеберлігінің жоғарғы деңгейде болғанын дәлелдейді.

Түркілер қоғамында әділеттілік басты қағидаларының бірі еді. Осыған байланысты “төрелер” түркілер қоғамында басты роль атқарып отыған. Түркі мемлекеттерініңқұрылуы мен ыдырауы төрелермен тікелей байланыста болатын. Түркілерде отбасына үлкен мән беріледі және мемлекеттіңөзегі болып есептеледі. Отбасында әке баласына тәлім-тәрбие берсе, ана- қызына барлық сұлулық тәрбиесін беріп отырады. Сондықтан түркілер қоғамында әйел ққықтары шексіз. Біріншіден әйел заты отбасыныңқадірлі мүшесі болуымен қатар еркекпен бірге қоғамның барлық естеріне араласа алады. Тіпті соғыс жылдарында әйелдер ат үстіне мініп, жауға қарсы аттанған. Түркілерде отбасын құруда үйлену салт-дәстүріне негізделген. үйлену мәселесі екі жастың бір-бірін ұнатып, әке-ананың ырзашылығымен іс-жүзіне асқан. Соған байланысты түркілер қоғамында туысқандыққа аса мән берілген.

Түркілер бір неше себептерге байланысты мекендерін тастап қоныс аударып отырған. Сақтар кезінен бастап, ғұндар жалғастырған өлы қоныс аудару кезеңінде түркі халықтары батыс мәдениеті мен танысып, сол жерлерде өз мемлекетін құра білген. Ал көшті кейінен аварлар, оғыздар, қыпшақтар, селжұқтар жалғастырған.

Осыған байланысты қоныс аударудың бір неше себептерін атауға болады- түркілердіңәрдайым мелекеттік билікке ұмтылысы және жаңа мемлекет құруға әуестілігі мен қабілеттілігі, құрылған мемлекеттің ішкі саяси жағдайдыңәлсіреуіне немесе тұыстар арасындағы қыртыстарға байланысты, сыртқы жаулардың күшейіп түркілерді мазалауы нәтижесінде, адам санының артып, мал жаятын жайылымдардыңқысқаруына байланысты және табиғаттыңқатаң шарттары төнген жадайда түркілер көшіп отырған.

Ежелгі мәдениет орталықтары болып саналатын- Қытай, Месопотамия, үндістан, Иран және Анадолы өркениеттерінде түркі халықтарының мәдени әсерін байқауға болады. Сондай-ақ көне тілдерді зерттеу барысында олардың арасында түркі сөздері кездеседі. Алайда қазіргі таңда Шумер, Элам, Гути, Хурри, Урарту және Әртуск тілдері бойынша нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999

  2. Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.

  3. Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.

  4. Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.

  5. Бартольд В. В. Двенадцать лекций по истории тюркских народов Средней Азии. Алматы, 1998.

  6. БизаховС. Түбібіртүркілер. Алматы, 2000.

  7. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. М., 1964.

  8. Кляшторняй С. Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.,1964.

  9. Қазақстан тарихы. І-ІІІ том. Алматы, 1996, 1998, 2000.

  10. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1996.

  11. Малов С. Е. Памятники древнетюрксой письменности Монголии. М.- Л., 1951.

  12. Салғараұлы Қ. Тағылым тармақтары. Алматы, 1998.

  13. Федчина В. Н. Как создавалась карта Средней Азии. М., 1967.

  14. Чандарлыоғлы Г. Исламға дейінгі түркі тарихы және мідениеті. Түркістан, 1999.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]