Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМТ кешен.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Лекция тақырыбы: Монғол империясының ыдырауы Жоспары:

1. Шыңғысхан империясының ыдырауы

2.Империя орнында құрылған түркі мемлекеттері

Лекция мақсаты: 1227 жылы Шыңғысханның өлімінен кейін Моңғол империясының жері оның мұрагерлеріне берілді. Лекцияда осы Шыңғысхан мұрагерлері арасындағы қарым-қатынастарды және империя орнына құрылған мемлекеттердің тарихына жан-жақты талдау жасау.

Лекция мәтіні:Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға Дешті-Қыпшақты басқару ісін берді. Алайда, 1227 жылы Жошы бір аң аулау кезінде қайтыс болғандықтан ұлдарының бірі Орда мен екінші ұлы Баты аталары Шыңғыс ханға барып, хандық орынға тандау жасауын өтінді. Шыңғыс хан таңдауын Орда деп аталатын отау құрдырып, сонда жасаған. Баты үшін алтын жалаткдн Ақ орда, ал Орда үшін күміс жалатқан Көк орда құрғызған. Осы кезде екінші ұлы Батының әкесі Жошыдан кейін хандық таққд отырғаны жөн деп табылды. Батыс жорығының нәтижесінде 1241 жылға дейін бүкіл Қыпшақ өлкесі, Булғар хандығы, Солтүстік Кавказ, Ресей және Шығыс Еуропаның барлығы дерлік монғолдардың қол астына кірді. Бұл жерлер Бату ханға беріліп, Ақ орда деп аталған. Ал, Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі бөлім Ордаға беріліп, Көк орда деп аталған. Алайда, мемлекеттің шығыс қанатын құрайтын Көк орда Ақ ордаға тәуелді еді. Осы күннен бастап Баты ұлы хан, ал Орда Ичен хан лакдп атымен белгілі болды. Ақ орда Баты хан әулетінің симболы болғаны секілді сонымен қатар мемлекеттің де аты болған еді. Бірақ, Ақ орданың бір бөлігі болғаны үшін мемлекеттің аты да Алтын орда деп аталған.

Мемлекеттің орталығы - Еділ өзенінің жағалауында құрылған Сарай қаласы еді. Батының 1256 жылы өлімінен кейін ұлдары Сартағ және Улакшы да бірінен кейін бірі қайтыс болады. Сондыктан, (1256-1266) бауыры Берке таққа отырды. Берке - ислам дінін қабылдаған алғашқы Алтын орда ханы. Оның кезеңі мемлекеттің ең жарқын кезеңі болды. Оның өлімінен кейін орнына отырған Мөңке Темір (1266-1282) өз атымен ақша шығарған алғашқы хан болып есептеледі. Өзбек хан дәуірінде (1313-1340) әулеттің барлығы мұсылман болған. Оның кезінде мемлекеттің шығыс қанаты Көк орда әулеті құлап, мемлекет орталықтандырылған.

1369 жылдан кейін Жошының басқа ұлдары: Тогай-Темір мен Шайбани ұрпақгарының күшейе түскенін байқаймыз. Тогай-Темір ұрпағы Алтын орданың хандық лауазымын қолға алса, Шайбани ұрпақтары Батыс Сібірде билеуші болды.

1259 жылы қайтыс болған Мөңке орнына інісі Арық Бұқаның отыруын қалаған. Осы кезде қытайдағы ордалардың басында тұрған Құбылай қол астындағы бейлердің қатысуымен болған құрылтайда өзін қаған деп жариялаттырды. Құбылай өзіне астана ретівде Пекинді таңдады. Қарақұрымда орналасқан Арық Бүкдның бұл құрылтайды мойындамауынан барып қағандық тартысы қайтадан басталды. Алайда Құбылай Арық Бұқаны жеңіп, бұл тартыстарды өз пайдасына шешті.

Құбылай ұзаққа созылған тартыстардан соң оңтүстік Қытайды өз қол астына алды. Осылайша, құрылған Құбылай хандығы Қытайда Юан әулеті атымен аталатын жарқын дәуірдің бастауы болды. Мемлекеттің орталығы - Хан балық (Пекин) еді.

Құбылай қаған ретінде Шыңғыс мемлекетінің басқа бөліктерін өзіне тиесілі деп санай бастады. Илхандықтар мұны ұзақ уақыт іс жүзінде қабылдағанымен империялықтың өзге бөліктерінің тәуелділігі тек көзге солай көрінді. Бірақ, Құбылай хандығының бірте-бірте қытайлануы өзге аймақтардағы ықпалын азайтып, біраз уақыттан кейін бұл байланыс мүлдем үзілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]