Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМТ кешен.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Лекция тақырыбы: Ресей Федерациясы және басқада мемлекеттер құрамындағы түркі халықтары Жоспары:

1. Автономиялық түркі республикалары

2. Мемлекеттілігі жоқ түркі халықтары

Лекция мақсаты:Автономиялы түркі халықтарының өткен тарихы мен қазіргі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасау, автономиялы түркі халықтарының тарихын сыни тұрғыдан түсіндіру.

Лекция мәтіні: Қырым хандығы түркі тайпаларының XV ғасырда құрған феодалдық мемлекетіғ ол XV ғасырда Алтын орданың ыдырауы нәтижесінде Қырым түбегінде құрылған. Бұл хандықтың құрамына жергілікті түркі тайпалары мен олардың ұлыстары кірді. Олардың ең ірілері – Ширин, Барын, Арғын, Қыпшақ т.б. болды. Тілдері түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қыпшақ тілінің қалыптасуы Алтын орда ыдыраған дәуірмен тұтас болып келеді. Мұндағы түркі ұлыстары біртіндеп Қырымды тұрақты қонысқа айналдыруымен қатар, өз алдына жеке ел болып бөлініп шығуға талпынды.

XIII ғасырдың аяғында Қырымда түріктің Алтын ордаға тәуелді ерекше уәлаяты құрылған. Алтын орда билеушілерінің өзара қырқысқан күрестерінен кейін ақсуйек – феодалдардың қолдауымен Қырымды 1433 ж. Даулет – Хаджы – Герей хан болып тағайындалды. Ол Литва княздығының жәрдеміне сүйеніп, 1443 ж. Алтын ордадан тәуелсіз Қырым хандығының негізін құрды.

Қырым хандығында өндіргіш күштердің әлсіздігі, көшпенділіктің сақталуы, егін шаруашылығының кең өріс алмауы қажетті тауарлардың, азық-түліктің жетіспеуіне әкеліп соқты. Осындай жағдайда Қырымның феодалдық топтары өзгеден олжа түсіруді көздеген жорықтар жасау арқылы экономикалық дамудағы олқылықтарды толықтыруға тырысты.

Соғыста Қырым хандығы түрлі байлықтарды және құлдыққа сату үшін тұтқындарды молырақ қамтып қалуға ұмтылды, жеңілген елді алым салық төлеуге мәжбүр етті. Қырым хандықтары Русь жеріне, Украинаға бірнеше жорықтар жасады. Қырым ханның әскері Мәскеуді, 1552 ж. Туланы қоршады. XVII ғасырдың бірінші жартысында екі жүз мың орысты тұтқынға алып, Қырымға айдап әкетті. Орыс үкіметінің 1687 – 1689 ж.ж. Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды.

XVIII ғ. Орыс-Түрік соғысында Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774ж. Күшік-Қайнар бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның саяси бағынышты тәелсіз ел болып табылды. Қырым түркілерінің көне жазба мұралары өте көп болған.

2. Астрахань хандығы-Алтын орда ыдырайбастаған шақта 1459-1460 жылдар шамасында құрылған феодалдық мемлекет. Астанасы – Астрахань қаласы. Оның құрамына төменгі Еділ бойы мен кавказдың далалық жерлері енді. Халқы- түркі тілдес тайпалар. Халықтың негізгі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы болды, оған қоса аң аулау мен балық аулауды кәсіп етті. Астрахань маңында тұз өндірілді. Шаруалар ханға заттай алым-салық төледі.

Ішкі бірліктің жоқтығы Астрахань хандығын әлсіретіп, XV ғасырдың аяғынан бастап ол Қырым хандығының, Ноғай ордасының талауына түсті. 1554 ж. шығысқа барар жол іздеген Орыс мемлекеті қырым хандығы қойған Жоңбыршы ханды Астраханьнан қуып шығып, оның орнына Исмаил Дервиш- Әлиді отырғызды. Ол Қырым татарлары мен ноғайларының көмегіне сүйеніп, Мәскеудің ықпалынан құтылуға күш салды. Орыс әскерлері жаңа жорық ұйымдастырып, ақыры 1556 ж. Астрахань хандығын басып алды да, оны Ресейге қосты. Сонымен Астрахань хандығы 1556 ж. IV Иван жаулап алғаннан бастап Ресейге қарады. Қазан хандығы. Қазанхандығы- Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ- Кама бұлғарларының жерінде құрылған феодалдық мемлекет. Оған Қазан бұлғарлары, марийлер, чуваштар, удмурдтар, мордварлар мен башқұрттар кірген. Астанасы Қазан қаласы болды. Қазан хандығындағы ұлы Мұхамед әулетінің алғашқы өкілі- Алтын Орданың ханы Мұхамед 1438 ж, ал оның ұлы Махмутбек 1446ж. орнығып, бұл хандықтың дербес өмір сүруіне негіз салды. Қазан хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды және мал шаруашылығымен, бау- бақша, балықшылық және аңшылықпен шұғылданды. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер сәулет өнері мен құрылыс техникасының жақсы дамығандығын көрсетеді. Қазан хандығы Русьпен, Сібір, Персиямен сауда- саттық қарым- қатынас орнатты. Қазан хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі феодалдық кеңес бақылау жүргізіп отырды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, олардан кейін мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Хандықтағы өндіргіш күштердің көбі қара халық болды, оған алым- салық төлеп, міндеткерліктер атқарып тұратын шаруалар мен басыбайлар, соғыс тұтқындары мен құлдар енді. Әкімшілік тұрғысынан Қазан хандығы ұлыстарға бөлінді. Феодалдар мен шаруалар арасындағы қайшылықтар нәтижесінде халық бұқарасының көтерілістері болып тұрды. ( 1445, 1531, 1545- 1546, 1551 ж).Мәскеу княздары Рустегі феодалдардың бөлшектенуін, өзара қырқысуларын пайдаланыпXVғасырда Василий II зағип тұсында Қазан хандығына ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті болып біріккеннен кейін III Иван Васильевич тұсында ( 1462-1505 ) Қазан хандығы ыдырады. Түркістанда құрылған түркі хандықтары. XV ғасырдың 1-жартысында Қазақ хандығының құрылуын тарихшы Мұхамед Хайдар Дулати « Тарихи рашиди» атты еңбегінде былай көрсетеді: « Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан хандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есен бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі- ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханның қоластына көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды « қазақтар» деп атады. Керей мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары билік жүргізе бастады. Қазақ хандығының құрамына 4 хандықтағы - Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай және Сібір хандығына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді. Алғашқыда қазақ хандығы батыс Жетісу жеріне орналасты. Қазақ хандығы Дешті Қыпшақтан келгендермен бірге Жергілікті рулар мен тайпаларды біріктірді. Қазақ хандығының белгілі жері болумен бірге, оның барлық халқы бір тілде сөйледі, шаруашылығы, тұрмыс-салты жақын болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]