Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANTIGENTANYSTYRUShY_ZhASUShALAR.doc
Скачиваний:
48
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
244.74 Кб
Скачать

Макрофагтардың арнайы иммундык жауап ксзіндегі эффекторлык кызметі

Макрофагтардың эффекторлық серпілістерге катысатыны жоғары сезімталдыктың баяу түрінің серпілістерінде көрнекті көрсстілген. Бұл кезде инфильтраттарда, негізінен, моноциттер кездеседі, яғни олар жасушалық иммунитет серпілістеріне (фагоцитарлық түрдегі жауап) тікелей қатысатындығын дәлелдейді. Макрофагтар эффекторлық жасуша кызметін плазмалық мембранасындағы рецепторлық аппараттың болуы және бірқатар цитокиндер мен

биологиялық белсенді заттарды өндіру мен бөлуі арқасында атқарады. Моноциттер мен макрофагтардың цитотоксикалық әсері, көпшілік жағдайда, нысана жасушамен тікелей байланысуы кезінде бөлінетін лизосомды ферменттердің, сонъшсн катар бас-қа ііитокиндердің көмегімен жүзеге асады.

Осындай қасиетіне байланысты макрофагтар ісіктсрге карсы нммунитеттс маңызды рөл атқарады. Интактты жануарлардын калыпты макрофагтары ісік жасушаларына арнайы цитотоксикалык әсер ете алмайды. Ол эффект ісік тасымалдаушы макрофагтардың эртүрлі иммундық және иммундық смес факторлардыц әсерінен белсснуі нәтижесінде пайда болады. Нәтижесінде лизосомды белсенділік, фагоцитоз бен адгезивті қабілетгілік жоғарылайды. Аталған цитотоксикалық эффект арнайы, себсбі ісік тасымалдаушы макрофагтар қалыпты және эмбрионалды жасушаларға цитотоксикалық әсер етпейді.

Макрофагтар ісік жасушаларын тек қана тікелсй жанасу кезінде жоя алады, дәлірек болсақ, негізгі рөлді фагоцитоз емес, ісік жасушаларының тікслей деструкциясы және лизосомды ферменттері әсерінен лизиске ұшырауы атқарады. Ісік тасымалдаушы макрофагтардың цитотоксикалык әсері иммунологиялык жағынан қатаң түрдс арнайы және макрофагтардың осы цитотоксикалық әсер ету күші иммундык Т-киллерлерге Караганда жоғары болыл келеді.

Макрофагтардьщ ісіктерге қарсы цитотоксикалық әсері нәтижесінде ісік антигенін Т-лнмфоциттер (Тхі) арнайы «таниды». Белсендірілген Txl-жасушалары макрофагтарды қаруландырушы факторды (МАҒ)бөлу аркылы макрофагтарды белсендіреді. Белсендірілген макрофагтар өз кезегінде TNF-a және IFN-a бөле бастайды. TNF-a апопгоз аркылы ісік жасушаларын жойса, IFN-a олардың пролиферациясын тежейді. Аталған цитокиндер осылайша вирухнен закымдалған жасушалардың апоптозын шақырады және вирустардың репликациясын тежейді.

Макрофагтардың рецепторлары

Макрофагтардың бетінде рецепторлардың үлкен жиынтығы бар. Олардың көмегімен макрофагтар көптеген физиологиялык

серпілістерге, соның ішінде арнайы иммундык жауапқа қатысады. Атап айтсақ, макрофагтарда микроорганигмдерді ұстауга арналған әртүрлі рецептюрлар экснрессияланган. Олар манноза рецепторы (MMR), scavenger рецептор (MSR), бакгериалды липополисахаридтерге арналған рецептор (CD 14)

MMR арқылы көптеген микроорганизмдер ұсталады. Оларга Myco­bacteria, Leismania, Legionela, Pscudomonas aeruginosa және т.б. жатады. Бұл рецсептордың құрылысы бактериялардын жасушалық қабырғасындағы пспдидогликанмен жоғары аффииді байланысуын қамтамасыз етеді. Ең кызығы. макрофагтардын. белсснуін шақыратын цитокиндер (IFN-y, TNF-a) бұл рецептордын өндірілуін гежейді және оның эхспрессиясын төмендетеді. Ал керісінше. қабынуга карсы кортикостероидтар онын өндірілуін және зкспрессиясын жоғарылатады. D витамині маннозаға арналған рецегггордын экспресиясын ынталандырушы екен.

MSR арқылы грамтсріс жәнс грамон бактерияларлын кепшілігі фагоцитозға ұшырайды.

Бакгериалды липосахаридтер макрофагтарга арнайы рецептор CD 14 аркылы әсер стеді. Макрофагтардын бстінде ол рецегггордын экспрессиясы қабыну мен иммундык жауап кезінде жоғарылайды.

Бұдан баска макрофагтардын бетінде опсонизацияланған микрооргпизмдерді ұстауга арналгаи рецеппюрлар да бар. Олар: FcR иммуногчобулиндер ушін, ал CR1, CR3 жэне CR4 - белсендірілген комплементтің фрагменттері үшін.

FcR макрофагтардын мембранасындағы ең маңызды рецептор болып табылады. Аталган рецептор иммундык кешендерді байланыстырады және осыған байланысты патогенді агенттердің фагоцитозын жеңілдетеді.

IgG байланыстыру үшін үш түрлі рецептор бар. FcyRI. FcyRll және FcyRIII (сәйкесінше CD64, CD32 және CD 16). Аталган рецепторлардын . ішінде мономерлі IgG үшін жоғары аффинлі рецептор қатарына жалғыз FcyRI жатады және ол тек макрофагтардын бстінде экспрессияланған Төменгі аффинді FcyRll рецепторының біріншідсн айырмашылыгы. ол моноциттер мен макрофагтар бетінас экспрессияланған. FcyRIIl рецепторы да моноциттер мен макрофапарда экспрсссияланған, бірак IgG үшін төмснгі аффинді және ол, нсгізінен, иммундык кешендерді немесе агрсгацияланған IgG байланыстирады. Барлык үш рецептор да lgG-мсн опсонизацияланған бактерияларды немесе баска да жасушаларды фагоцитозға ұшыратады, табиғи киллерлердің антиденеге тәуелді цитотоксикалык механизміне қатысады.

Сонымен катар вируспен, карапайымдармен закымдалған немесе сол ағзанын қатерлі трансформацияға ұшыраған жасушаларын жоюға қатысады.

Фагоцитоздан басқа 1 Fс-рецепторлары арқылы антиденеге тәуелді цитотоксикалық (АТКЦТ) механизмі атқарылады. Кейбір макрофагтардың мембранасында FcγRІІІ (CD 16) рецепторы экспрессияланған, ол - нысана жасушаларының бетіндегі антигенді детерминанттармен байланысқан IgGl мен IgG3 қосатын Ғс-рецептор. Мұндай қорғаныс түрі кейбір паразитарлы және вирусты жұқпалар кезінде тиімді, себебі бұл жағдайларда макрофагтар патогенді немесе оның арнайы антиденелермен қосылған кешендерің ұстау қабілеті жоқ. Ал Fс-рецепторлары арқылы белсендірілген макрофагтар бірқатар медиаторларды бөлу арқылы (ең алдымен TNF-a) нысана жасушаларды лизиске ұшыратады. Кейбір цитокиндер (IFN-7 мен ГМ-КСФ) моноциттер мен макрофагтардың қатысуымен жүретін АТКЦТ механизмінің эффективтілігін жоғарылату қабілеті бар.

Макрофагтардың мембраналарында көптеген цитокиндерге арналған гликопротеинді рецепторлар бар. Сондай-ақ моноцит/ макрофагтардың мембранасында хемокиндерге де рецепторлар экспрессияланған.

Макрофагтардың мембранасында гликолизденудің соңғы өнімдерін (AGEs) байланыстыруға арналған рецепторлар бар екендігі анықталған. Олар ағза қартайған сайын тіндерде көбейе түседі және диабет кезінде күрт жинақтала бастайды. Гликолиздену өнімдері нәруыздармен айқаса байланысу натижесінде тіндердің зақымдалуын шақырады. AOF.s үшін арнайы рсцепторлары бар. макрофагтар осы өнімдср әсерінен өзгерген нәруыздарды ұстайды. әрі деградацияға ұшыратады Соитіп тіндерде деструкция даму-ынык алдын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]