Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_dayyn[1].doc
Скачиваний:
1712
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
893.95 Кб
Скачать

7.Білім философиясының ұғымы мен орны. Білім онтологиясы. Білімның негізгі идеялары. Білім аксиологиясы. Білім логикасы. Білім методологиясы. Білім этикасына баға беріңіз.

Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады.

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.

Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –

1) ой, түпкі ой;

2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;

3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;

4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.

“Идея” терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит атомдарды идеялар деп түсіндірді. Платон болса, барлық заттардың түпкі тегі – мәңгі жоғалмайтын, заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі, формасы, схемасы (эидос). Олар объективтік нәрсе, өйткені олар адамдардың санасында туатын ойлар мен бейнелер емес. Заттар да, адамдар да сол мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі ғана. Идеялар ешбір өзгермейді, олар құдайлар дүниесі десе де болады. Заттар мен адамдар, олардың бейнелері мәңгі идеяларға тек біршама жақындауы, жанасуы мүмкін, бірақ еш уақытта бірдей болып, теңесе алмайды. Шын дүние – сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар дүниесі құбылмалы, өзгеріп, айнып, жоғалып, қайтадан пайда болып жатады. Аристотель біртұтас дүниені идеялар мен заттар деп бөлуге қарсы шықты. Оның философиясында идеяның “форма” ұғымы негізгі рөлге ие болды. Жаңа дәуірде ғылымның өмірдегі орны ұлғайған сайын, дүниеге танымдық қатынас негізгі құндылыққа айнала берді. Жаңа дәуірде идея да тек танымдық рөлі жағынан қарастырылып, дүниені бейнелеу мүмкіндігі тұрғысынан зерттеле бастады. Рене Декарт пен Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) идеяға ұғым, ой деп қарады. Олардың пікірінше, идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой. Дж. Локк негізін салған эмпирикалық логика идеяны жалпы пікірге, елестерге теңеді. Бұл тұрғыдан идеяның ой мен сезімнен басқа формаларынан өзгеше табиғаты жөнінде сөз болуы мүмкін емес еді. Ойлаудың басқа формалары сияқты идеяның да өзгеше дербес мағынасы әрі қызметі бар екенін неғұрлым анық көрсеткен И.Кант болды. Гегельдің айтуынша, Кант идеяға оның жоғалтқан мәнін қайтарды. Идеяны түсінуде Кант белгілі дәрежеде Платонға оралды. Платонның идея туралы ілімінен Канттың қайта жандандырғаны: идеяның сыртқы сезімдерден тумайтындығы, пайыммен жанаспайтыны, тәжірибені тануға жол ашатындығы ғана емес, тіпті, табиғат құбылыстарының өзіне түпнұсқа болып тұратындығы. Канттың ойынша, идея – ұғымдардың ұғымы, пайымның емес, зерденің ұғымы. Таным сырттай сезінуден басталып, пайымда өңделіп, әрі қарай зердеде аяқталады. “Идея деп мен, – дейді Кант, – сезімдерде өзіне сәйкес келетін ешнәрсе жоқ зерденің қажетті идеясын айтамын”. Идея – яғни, бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс нәрселерді білдіреді. Зерденің идеялары жалпы алғанда ешнәрсені бейнелемейді, бар ұғымдарды өз қажетіне сай біріктіреді. Гегель, керісінше, идея сезімдер дүниесіне де, заттарға да тікелей қатысты деп есептеген. Оның пікірінше, идея – ең ақиқат ұғым, объективтік ақиқат немесе ақиқаттың өзі. Идея әрбір жеке санада бар, тек оларда жетілмеген, күңгірт болуы мүмкін. Гегель үшін барлық дүние абсолюттік рухтың өмірде іске асқан, материалдық формаға енген қалпы. Сондықтан ол ойлаудың негізгі формаларын рух дамуының белгілі бір сатылары ретінде қарастырады. Идея да солай. Табиғаттағы, қоғамдағы әрбір нақты форма, заттық формаға, басқа да объективтік түрге айналған, яғни іске асқан ұғымдар. Іске асқан формалардың бәрі де ақиқат формалар, ұғымның ақиқаттығының айғағы. Олай болса, әрбір нәрсенің ақиқаттығы оның идеясының ақиқаттығы және олар өздері Идея болғандықтан ақиқат. Гегельдің бұл ойлары оның ойлау мен болмыстың барабарлығы принципіне негізделген. Болмыс – ойлаудың объективтенген, іске асқан формасы, ойлау дамуының нәтижесі. Әрбір заттың ішкі мәні – идея. Заттардан олардың идеялары сәулеленіп тұрады. “Барша шын дүние ақиқат болғандықтан, ол – идея және идея болғандықтан ғана, соның қуатымен ғана ақиқат”. Гегель идеяға “ұғым мен нақтылықтың бірлігі” деген анықтама береді. Бірақ бұл бірлік о бастан дайын емес, ол – процесс. Идеяның өзі тарихи дамудың нәтижесі. Ол процестің бір жағын ғана көрсететін абстракциялану емес, даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Өз даму жолында кездейсоқ, өткінші белгілері екшеліп, сұрыпталып, жоғалып, өзінің шын табиғатында тазарған түрі. Рух дамуының ақырғы шегі, ең жоғарғы жетілген деңгейі – абсолюттік идея. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген. Міне, бұл – Гегельдің философиясы. Бірақ идеяның тек танымдық жағын ғана қарастыру оның шын табиғатын толық ашпайды. Заттар дүниесін бейнелеу, белгілі бір заңдылықтарды көрсету, әрине, идеяда бар. Бұл, негізінен, танымдағы, ғылымдағы идеялардың ерекшелігі. Егер идеяны тек ғылым, таным саласымен шектемей, адамзат қызметінің барлық салаларында алып қараса, оның табиғаты әлдеқайда басқаша. Таным саласында идеяның ұғымынан өзгешелігі жоқ, ол тек ұғымдардың бір айрықша мәнді түрі болып қана қалады. Ал адамның жасампаздық қызметтерінде, өндірістік, әлеуметтік, т.б. іс-әрекеттерінде ол ұғым емес, ойлаудың тіпті басқа формасы екендігі айқындалады. Адамның кез келген бір бұйымды жасауын алсақ, онда сол бұйымның бейнесі ғана емес, оның адамға қажет қасиеттері, оны жасайтын материалды өңдеу, ондағы құралдар, әрбір қимыл, әдіс, т.с.с. тізбегі ой жүзінде оның көз алдынан өтеді. Оның екінші жағы – сол іске кіріспестен бұрынғы ойлар мен бейнелер желісі. Және адам оны сан рет ой жүзінде өзгертуі мүмкін. Осы әлі іске аспаған, бірақ тікелей іске асуға дайын ойлар мен бейнелердің жүйесі тұтасымен идея болады. Онда объективтік дүниені бейнелеу бар, бірақ ол бейне негізгі емес. Ойлар мен бейнелердің басым, негізгі жағы – өмірде, болмыста әлі жоқ, бірақ бұл ойлар болуға тиіс нәрсе туралы. Яғни, идеяның негізгі мазмұны барлық емес, тиістілік. Ал ұғымның негізгі мазмұны – барлық, ол – бар нәрсенің бейнесі. Ұғым мен идеяның негізгі айырмашылығы осында.

Идеялар, әсіресе, әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, т.б. салаларда болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеялардың негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен формалары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады.

Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.[1]

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.[1]

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Методология

Əдістемелік (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) :

  1. белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы;

  2. танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.

Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.ДекарттыңӘдіс туралы ойлауындаБэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді. XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.[1]

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.ЮмныңАдамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

8.Қоғамдық сананы, философиялық педогогикалық білімнің трансформациясы. Ұлттық білім: ұғым және проблемаларының шешімін табыңыз. Антик философиясының негізгі арқа сүйейтін ойы — дүниенің тұтастығы. Дүние әртүрлі құбылыстардың кездейсоқ қосындысы емес, олардың бір-бірімен заңды түрде үйлесуі. Құбылыстар арасындағы байланыста белгілі бір тәртіптілік, реттілік бар, сондықтан да ертедегі гректер адамды қоршаған бүкіл дүниені космос (тәртіптелген, реттелген дүние, тұтастық) деп атаған. Космос-әсем дүние, бұл әсемділікті дүниенің бір негізден, бір бастамадан шыққандығын мойындау арқылы ғана түсіндіруге болады. Адам сезім мүшелері арқылы дүниенің сыртқы көрінісін ғана қабылдайды: бұл - түрлі-түрлі құбылыстардан құралған, бір түрден басқа түрге үнемі ауысып отыратын өзгермелі, тұрақсыз дүние, бұл дүние туралы тиянақты ештеңе айту мүмкін емес. Дүниенің шын мәнінде қаңдай екенін түсіну үшін адам дүниені тұтас (бүтін) организм ретінде қарастырып, сол тұтастықты қамтамасыз ететін бір негізді тауып, сол арқылы дүниенің көптүрлілігінің қалай пайда болатынын анықтауға үмтылуы қажет. Адамның бұл жолдағы бірден-бір құралы оның ойлау қабілеті, ақыл-ойы болып табылады. Ойлау қалай болса солай емес, белгілі-бір ізбен, реттілік жолмен жүзеге асуға тиіс, ал ой реттілігі сайып келгенде дүниенің (болмыстың) өзіндегі реттілікке сәйкес болуы керек. Осыған байланысты ертедегі грек рациональдығы ең алдымен ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі принципіне арқа сүйеді. Бұл принцип ертедегі грек философиясына көмескілеу түрде басынан бастап-ақ тән болғанмен, айқын түрде б.э.д. VI—V ғасырларда қалыптасқан Элея философиясында басшылыққа алынды. "Болмыс" деген ұғымның өзін философияға тұңғыш рет Элея философиясының негізін салушылардың бірі-Парменид енгізген. Парменид үнемі өзгеріске ұшырап отыратын, аумалы-текпелі құбылыстар дүниесін шын мәніндегі бар дүние деп айтуға болмайды деп есептеді, өйткені адам ойы мұндай құбылмалы дүниеге талдау жасай алмайды. Ой үшін бар деп айтуға тұратын бірден-бір дүние - болмыс. Болмыс дегеніміз, Парменидтің пікірінше, әруақытта езіне өзі тең бірлік, тұтастық, толықтылық, кемелділік, соның арқасында болмыстың мәнін танып-білу адамды ақиқатқа, жақсылыққа, ізгілікке жетектейтін жол болып шығады.

Болмыс — сезімнен тыс реальдылық, оған ой ғана жеткізеді, ой ғана сезімдік дүниенің ар жағындағы идеалды нәрсемен жұмыс істей алады. Демек, антик философиясы үшін ой мүмкіндіктеріне арқа сүйеу, яғни рациональдық дүниенің сыртқы көріністеріне алданып қалмай, шын мәніндегі табиғатын танып-білудің нақтылы жолы болып табылады. Сезімнен тыс реальдылықты танып-білу үшін оның идеалды жоспарымен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру керек, мұндай қабілет бірте-бірте реальдылыққа жалпы рациональды қатынастың, әсіресе ғылыми рациональдықтың ең басты қасиеттерінің біріне айналады. Идеалды объектілермен жұмыс істей білу ойлаудың теориялық формасының қалыптасып, жетілу мүмкіндігін туғызады. Теория адамға әдеттегі күнделікті тіршілікке байланысты ойлау шеңберінен асып, әлемдік, мәңгілік сипаты бар ойлауға жол ашады. Ойлаудың теориялық әдісінің мүмкіндіктерінде ешқандай шек болмайды, соның арқасында антиктік рациональды ойлау әдісі жалпы европалық мөдениеттің, жалпы Европа ғылымының болашақ даму жолдарын белгілеп берді.

Ертедегі грек рациональдығының өзінен кейінгі замандарға қалдырып кеткен мұраларының бірі-сөзге ерекше көңіл бөлу. Сезім дүниесінен тысқары, оның аржағындағы идеалды объектілерді танып-біліп, суреттеп беруге күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер жарамайды, ол үшін жалпылық сипаты бар сөздер керек. Ой мазмұнының болмыс мазмұнына сәйкестігін көрсетіп беру үшін әрбір сөздің өзіне ғана тән барынша дәл, нақтылы мағынасы болу керек. Рациональды таным тек дәл мағыналы сөздерді тудырып, қолдана білудің арқасында ғана мүмкін болады. Сөзге, сөзді қолдануға қойылатын мұндай қатаң талап бүкіл Европа мәдениетінің осы күнге дейін сақталып қалған негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Ертедегі грек рациональдығы тек ғылым шеңберімен шектелмеген. Антик философиясында ақыл дегеніміз жеке адамның ғана ақылы емес, жалпы тұтастықтың ақылы, космостық ақыл, бәрін реттеп, жолға салатын ақыл. Ойлау дегеніміз тек логика емес, ойлау-жалпы космостық ақиқат, жақсылық, ізгілік. Ақиқатты адам тудырмайды, космостық ақиқат адам ақылы арқылы өзін-өзі көрсетеді. Адам ақылы космостық ақылдың көрінісі болғандықтан, білім әруақытта жақсылық пен ізгіліктің көзі болып шығады. Білімді адам жамандықтан, зұлымдықтан аулақ болады. Сондықтан антик заман рациональдығы тек логикалық құбылыс емес, оның мазмұны адамдар арасындағы ізгіліктілік қатынастарды да қамтиды. Рациональдық тек дұрыс ойлаудың ғана сипаттамасы емес, дүниеге одан да гөрі жалпы дұрыс көзқарасқа ие болып, соның арқасында дұрыс іс әрекет жасаудың, адамдар арасында дұрыс қатынастар қалыптастырудың ережесі болып шығады.

Антик рациональдығында дүниенің тұтастығын, дүние құрылымының әсемдігін мойындау дүниені мақсатқа сәйкестілік тұрғысынан түсіндіру талабымен ұштасады. Дүние құрамындағы құбылыстардың бәрі бір-біріне қажет, бір-біріне қызмет етеді. Демек, дүниедегі нәрселердің бәрінің жаратылуында, өмір сүруінде белгілі бір мақсатқа ұмтылу бар. Егер ондай түпкі бір мақсат болмаса, дүниеде де, адам іс-әрекетінде де толық түрде жүзеге асқан, тиянақты, баянды ештеңе болмас еді. Түпкі мақсат табиғат үйлесімділігінің, әсемдігінің себебі ретінде қарастырылады. Сондықтан да ертедегі гректер табиғатты материалдық пайданың көзі деп есептемеген, табиғатты өндеп, өзгерту адамға лайық емес, адам, керісінше, табиғатты құрметтеп, табиғаттағыдай үйлесімділікке, әсемдікке ұмтылуы керек деп есептеген.

Сонымен, рациональдықтың антик дәуіріндегі типі өзінің мазмұны жағынан рациональдықтың өзінен кейінгі тарихи типтерінің берінің даму мүмкіндіктерін белгілеп берді деп айтуға болады. Антик философиясы рациональдықты логикамен ғана шектемей, адам мүддесін, қоғам мүддесін ізгілік талаптары тұрғысынан ескеретін кең көлемді рациональдық түрінде қалыптастырған.

Танымның жаңа фактілері мен нәтижелерін ескі теориялар мен әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндіру мүмкіндігінің жоқ екенін көрсеткен проблемалық ахуалды талдағаннан кейін проблеманы дәл тұжырымдау және қою қажеттігі туады. Бұл үшін, біріншіден, проблеманың мақсатын дөл анықтау, екіншіден, оны шешу мүмкіндіктерінің жағдайларын қарастыру және, үшіншіден, проблеманы шешу мүмкіндіктеріне шек қоятын жағдайларды талдау қажет.

Проблеманың мақсаты әрбір жағдайда нақты айқындалады, бірақ барлық жағдайларға ортақ міндет: эмпириялық ғылымдарда жаңа фактілер мен оларды түсіндірудің ескі әдіс-тәсілдері арасындағы үйлесімсіздікті және абстрактылық, теориялық ғылымдарда бастапқы принциптер мен негізгі ұғымдардың жеткілікті негізсіздігін жою.

Проблеманың жағдайлары оны шешу үшін қажетті және жеткілікті алғышарттар болып табылады. Шешу мүмкіндіктеріне шек қоюшы жағдайларға проблеманы шешуге қойылатын талаптар жатады.

Проблеманың мақсаты проблемалық ахуалды талдаған кезде тұжырымдалады, ал жағдайлары мен шешілуіне қойылатын шектеулер проблеманы зерттеу кезінде анықталады.

Проблемамен алдын ала жалпылама танысу проблеманы қоюдан басталады. Бұл мәселені қарастырғанда, бұл істе көп нәрсе сол ғылымның теориялық жағынан қаншалықты дамып жетілгендік деңгейіне, зерттеу жұмысының бүған дейін қаншалықты жүргізілгендігіне, эмпириялық және эксперименттік базасының хал-жағдайына және сонымен бірге тиісті ғылым саласының одан әрі даму болашағына байланысты екенін ескеру қажет. Бұл жағдайлардың бәрінің интерсубъекттік (зерттеушілер арасында қарым-қатынастық) сипаты бар, сондықтан ғылымның белгілі бір саласындағы проблемаларды шешуге кіріскен кез келген зерттеуші бұл жағдайлармен санасуы тиіс.

Алайда проблеманы ұсынғаңда және әсіресе оны шешкенде ғылыми зерттеумен айналысушы адамның ғалымдык, сапалары мен ерекшеліктерінің атқарар рөлі де аз емес екендігін ескерген жөн. Зерттеушінің мұндай ерекшеліктеріне жататындар: мамандығы, жеке басынның тәжірибесі, дарындылығы, т.б. сапалары ғана емес, сондай-ақ ғылымның даму бағытын, ғылыми ізденістің ең тиімді бағыттарын көре білуі де, ғылыми идеялар ұсынудағы батылдығы және сонымен бірге жиналған нәтижелерді мұқият талдап, сын көзбен баға бере білуі. Мұндай психологиялық сапалар творчестволық қиялы жоғары деңгейде дамыған, өзінің де, басқалардың да қол жеткен нәтижелерін сын көзбен дұрыс бағалай білетін дарынды зерттеушілерде ғана болады. Сондықтан да ғылымның аса маңызды іргелі проблемаларын әдетте өз ғылым саласында көп уақыт бойы жемісті еңбек еткен, оның қиындықтарын жақсы түсініп, болашақ даму жолын дұрыс белгілей білетін көрнекті ғалымдар ғана ұсына алады.

Көрнекті ғалымдар өз ғылымының негізгі даму бағытын ондаған жылдар бұрын алдын ала анықтап, оның іргелі проблемаларын ұсынған мысалы ғылым тарихында аз емес. Классикалық механика мен гравитациялық теорияның негізін салып берген ұлы ғалым Исаак Ньютон сонымен бірге басқа ғалымдар зерттеп, шешуге тиісті бір қатар жаңа проблемаларды ұсынды. Гравитацияның немесе денелердің тартылуының табиғатын ашу проблемасын ол ең іргелі деп санады.

Жалпы салыстырмалылық теориясын жасаған А.Эйнштейн тартылыстың механизмін ғылымға өзі енгізген гравитациялық өріс ұғымы мен тартылушы және инертті массалардың тепе-теңдігінің көмегімен түсіндірді. Осының арқасында гравитациялық күштердің аса тез алысқа әсер ететіні туралы түсінік теріске шығарылды, бірақ тартылыстың табиғаты бүгінге дейін әлі толық ашылған жоқ, тартылу өрісінің ерекше бөлшегі ретінде гравитондардың бар-жоғы әліге дейін талас мәселе болып келеді.

Болашақта зерттеу проблемаларының програмасын ұсынудың мақсаты - ғылымның ең маңызды салаларында ғылыми ізденістерге қолдау көрсетіп, оларда ғылыми білімді өсірудің түйінді мәселелерін анықтауға көмектесу. Ғылыми білімнің мұндай түйінді жерлерін анықтау басқа ғылымдардан гөрі математикада және математикалық жаратылыстануда оңайлау, ал эксперименттік және тәжірибелік ғылымдарда оларды анықтау қиындау, өйткені бұларда танымның дамуы көбінше эмпириялық бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерімен анықталады, ал бұл соңғылар зерттеудің алдағы барысын айтарлықтай өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, табиғи радиоактивтік құбылысының ашылуы заттардың құрылысы саласындағы зерттеулердің болашақ жолын түбірінен өзгертті. Солай бола тұрса да, ғылыми білімнің өсуінің түйінді жерін анықтау үшін, әсіресе проблемаларды тұжырымдау үшін зерттеуді жүргізудің белгілі бір реті мен әдіс-әрекеттерін сақтау қажет.

Математика мен математикалық логика сияқты абстракциялық ғылымдарда ғылыми проблемаларды тұжырымдау проблемаларды шешудің принциптік мүмкіндіктерін анықтаудан басталуы тиіс. Ал эмпириялық және тәжірибелік ғылымдарда проблемаларды тұжырымдау бүтіндей оларды шешудің альтернативтік мүмкіндіктеріне (бір-біріне қарама-қайшы мүмкіндіктерге) талдау жасаудан басталады. Зерттеудің осы кезеңінде проблеманы шешудің нақты жағдайлары тұжырымдалуы тиіс және сондай-ақ оны шешуге кедергі болуы мүмкін шектеулер де анықталады.

Бұдан кейін жаңа идеяларды, жорамалдар мен жұмыс гипотезаларын жасау кезеңі басталады-бұлар проблемаларды талдап, нақтылаудың нәтижесінде пайда болады. Жаңа идеяларды жасау дәл логикалық талдауға көнбегенімен, бірақ сонымен бірге оның нәтижелерін рационалдық әдістердің көмегімен зерттеуге болады. Проблеманы шешіп көру үшін түрліше эвристикалық тәсілдерді (ойша экспериментті, математикалық модельдерді және талдаудың компьютерлік әдістерін), аналогия, индукция сияқты ықтимал қорытынды беретін пайымдауларды т.б. пайдалануға болады.

Проблемаларды шешіп көрудің тәсілдерін тандағанда ақиқатқа ұқсас гипотезалар жиі қолданылады. Іс жүзінде проблемаларды шешуге көмектесетін мұңдай гипотезалардың ішінен талдау және зерттеу үшін әдетте ақиқатқа мүмкіндігінше жақыңдау гипотезалар таңдап алынады. Бірақ ақтық эмпириялық тексеру кезіңде олар міндетгі түрде ақиқат болуы керек деген қорытынды шықпайды. Ақиқатқа ұқсас деген "ақиқат" деген ұғыммен тепе-тең емес, өйткені ақиқат дегеніміз білімнің шындыққа, ал пікірлер мен теориялардың фактірлерге сәйкес келуі ғой. Ал ақиқатқа ұқсас деген ұғым білімнің ақиқаттығының ықтималдығын ғана білдіреді. Сондықтан ақиқатқа ұқсастықты немесе логикалық ықтимаддықты статистикалық ықтимаддықтан айыра білген жөн.

Логикада ақиқатқа ұқсастықты әдетте бір пікірді, атап айтқанда гипотезаны, басқа пікірлермен (бақылау нәтижелерімен, экспериментпен немесе басқа факгілермен) растау деп түсінеді. Мүвдай растаулар, мысалы, эмпириялық фактілер гипотезалардың немесе теориялардың ақиқатгығын ешқашан толық анықтап бере алмайтындықтан, оларды растаудың қосымша жаңа критерийін табу қиындығы туады. Бұл жағдайда проблеманы жай мәселеге айналдырып жіберу жиі кездеседі. Ал жай мәселе мен проблеманың бір-бірінен айырмашылығы сол, көп реттерде жай мәселені шешудің жалпы ережелері мен әдіс-тәсілдерін қолданады. Мысалы, математикада арифметикалық, алгебралық, геометриялық т.б. мәселелерді (есептерді) шешу үшін жалпы ережелер немесе алгоритмдер пайдаланылады. Техникалық мәселелерді шсшкенде де стандарттық әдістер қолданылады. Шын моніндегі ғылыми проблемалардың жай мәселеден айырмашылығы сол, оларды шешудің ешқандай алгоритмі болмайды, сондықтан оларды шешу үшін жасампаздық қиялға, интуицияға және зерттеудің кейбір эвристикалық одіс-тәсіддеріне сүйенетін ғылыми ізденістер пайдаланьшады.

Ғылыми проблемалар мен жай мәселенің арасыңда оларды іпешудің альтернативтік мүмкіндіктерін (бірін-бірі тысқарылаушы мүмкіндіктерш — Ә.Т.) таңдауга байланысты проблемалары сияқты аралық түрі болады. Жалпы алғанда, мұндай альтернативтік (өзара тысқарылаушы) мүмкіндіктің бірін дұрыс таңдаудың көптеген мәселелерді шепгу үшін, атап айтқанда, ғалымның жеке басының мүддесінен бастап, қоғам үшін тиімді экономикалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық т.б. шаралардың тактикасы мен стратегиясын анықтау үшін маңызды рөл атқарады.

Проблеманы зерттеудің логикалық-математикалық деңгейінде, біріншіден, проблеманың тұжырымдамасының дұрыстығы, оны шешудің ұсынылып отырған әдіс-тәсілінде логикалық қайшылықтың, тавтологияның және тиісті факті мәліметтерінің бар-жоқтығы тексеріледі. Логиканың заңы бойынша, жеке пікірлерде де, жалпы пайымдау барысында да бір-біріне қайшы келетін пікірлерді қолдануға тиым салынады, өйткені мұндай қайшылықты пікірлер ойлаудың дәйексіздігін, жүйесіздігін тудырады. Пайымдаудағы тавтология шындық жайлы нақты мазмұнды білім бермейді, ал тиісті факті материалдары жоқ білім жаңа білімге жол ашпайды.

Проблеманың қабыл алынған шешімінің дұрыстығын тексеру үшін, екіншіден, ол шешімнен логикалық қорытынды, әсіресе тәжірибе жүзінде тексеруге болатын қорытынды шығару қажет, ал бұл оны бақылаулар мен эксперименттің нәтижелерімен салыстырып көру үшін қажет. Жоғарыда атап көрсеткендей, ғылыми зерттеудің дәл осы жағына логакалық позитивизмнің жақтаушылары да баса назар аударады. Сондықтан да К.Поппер ғылыми зерттеу логикасының міндеті ғылыми гипотезалар мен теорияларды тексеру үшін логиканың әдіс-тәсілдерін пайдалану деп есептейді. Бұл істе логика маңызды рөл атқаратыны даусыз, өйткені ол проблеманың шешімін тексеріп көрудің жалпы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ ол сонымен бірге проблеманы ұсыну мен шешудің бүкіл барысында, оның бастапқы тұжырымдамасын логикалық жағынан талдаудан және оны шешіп көруден бастап, тәжірибе жүзінде ақтық тексеруге дейінгі барлық процестеріңде, пайдаланылады.

Ғылыми проблемаларды шешудің жалпы барысын қарастырғанда проблеманы қою және зерттеу процестерінде теориялық білім мен эмпириялық білімнің ара қатынасы қандай болуы керектігі мәселесін ерекше бөліп көрсеткен жөн. Бұл процесте рационалдық-теориялық білім жетекші рөл атқарады дедік жоғарыда. Шынында да бір мақсатқа бағытталған белгілі бір идеяны немесе жорамалды жүйелі зерттеуге қажетті фактілерді іздеу үшін ең болмағанда қарапайым интуициялық болжам болуы тиіс. Басқаша айтқанда, әйтеуір бір жаңалық ашу үшін оны растайтын, белгілі бір дәрежеде оны дәлелдейтін фактілерді қайдан іздеу керектігін білу қажет. Сол фактілерді жинау, жүйелеу және теориялық тұрғыдан талдау барысында жай болжамнан әлдеқайда негізделген жорамалға және жұмыс гипотезасына көшуге, ал бұл соңғылардан құбылысты тікелей түсіндіруші гипотезаларға көшуге мүмкіндік туады.

Дәстүрлі формальды логиканың1 өкілдері гипотеза және заң деп эмпириялық фактілердің индукциялық қорытындысын түсінеді. Ал ғылыми танымның гипотезалық-дедукциялық модельінің жақтаушылары гипотезаны алдын ала берілген ойдың формасы деп санап, ғылым методологиясының міндеті осы гипотезалардан қорытыңдылар шығарып, бұл қорытындыларды бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтерімен салыстыру деп санайды. Атақты американдық логик Ч.С.Пирс түсіндіруші гипотезаларды іздеп табу үшін тұңғыш рет пайымдаудың индукциялық және дедукциялық формаларынан өзгеше абдукциялық деп аталатын әдісін пайдаланады. Ол эмпириялық фактілер гипотезаларды дәлелдеуге ғана қызмет етпейді, түсіндіруші гипотезаларды іздеу үшін де қызмет ететінін ашып керсетті. Фактілерді теориялық тұрғыдан мұхият талдау олардың арасындағы белгілі бір байланысты ашуға мүмкіндік береді, ал ол байланысты белгілі бір заңдылық түрінде жұмыс гипотезасы формасында тұжырымдауға болады. Ол гипотезада туатын қорытындылар гипотезаны бұрыннан белгілі фактілер мен ғана емес, соңдай-ақ жаңа фактілермен де тексеруге мүмкіндік береді, сөйтіп фактілердің ең дұрыс түсіндірмесіне қол жеткенше оған түзетулер енгізе беруге болады. Сөйтіп мұнда теориялық талдау мен эмпириялық дәлелдеу, сондай-ақ индукция мен дедукция да өзара байланысты және бірлікте қолданылады.

Проблеманы қоюда теорияның маңызы мен рөлі бірінші орынға қойылатынына қарап, ғылыми зерттеудің әрбір нақты процесі әрдайым проблемадан жене оны шешудің теориялық жорамалы мен гипотезасынан басталады екен деген тұжырым жасауға болмайды. Кейде проблеманы тұжырымдау және оны шешіп көру үшін жаңа бақылаулар мен қосымша фактілер іздеу қажет болады.

Эмпиризмді жақтаушылар әдетте танымның эмпириялық деңгейінің рөлін, бақылаудың және тәжірибенің маңызын асыра бағалайды. Сондықтан олар эмпириялық мәліметтер жинауға, оларды жүйеге келтіріп жалпылауға баса назар аударады. Фактілерді жүйеге келтіру ғылыми танымда, әсіресе ғылымның алғаш қалыптаса бастаған кезінде маңызды рол атқарғанымен, бірақ жинақталған мәліметтер теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Эмпириялық ғылымдар алғаш қалыптаса бастағанда, дәл осы кезде фактілер теориялық түсіндірмені керек етіп, тиісті проблемаларды ұсынады. Ғылымның қалыптасуының осы кезеңінде эмпириялық жалпылаулар мен зандар, оның ішінде Бэкон - Милльдің тұжырымдаған қарапайым индукциялық әдістері мен ережелері де проблемалардың шешімі түрінде көрініс табады. Ал ғылым теориялық жағынан айтарлықтай өсіп жетілгенде проблемалық ахуалдар мен нақты проблемалардың тууының маңызды қайнар көзі жаңа эмпириялық мәліметгер мен оларды түсіндірудің ескі теориялық әдістері арасында туған сәйкессіздік немесе қайшылық болады. Бұл қайшылықтың ұдайы шешіліп және қайта туып отыруы барған сайын жаңа проблемаларды тудырады, ал бұлардың үздіксіз шешілуі ғылыми прогрестің негізі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]