Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_dayyn[1].doc
Скачиваний:
1712
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
893.95 Кб
Скачать

2.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулыларын дәлелдеңіз.

Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей: Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. XX ғ 2ж. Ғылымда өзгерістер болды, яғни ғылым дамуының посткласикалық емес кезеңі басталды. Постклассикалық емес кезеңнің белгілері: ғылыми қызмет сипатының өзгеруі, пәнаралық зерттеудің  және кешенді зерртеу бағдарламасының таралуы, экономикалық және әлеуметтік сасяси факторлар мен мақсаттардың мәнінің өсуі. И. Пригожин, Г. Хакен, Э. Янч, У. Матуранның және т.б. зерттеулерінде эволюциялық-синергетикалық парадигма қалыптасады. Ф.Капра жүйелілік парадигмасы туралы айтады. Ол Дж. Чу, Г. Бэйтсон, Д. Бом, Э. Ф. Шумахер, И. Пригожин, Э. Янчтың еңбектерінде көрсетілген. Метологтар ғылымның экологиялық және гуманизация тенденцияларын көрсетеді. Постклассикалық емес ғылымның экологиялық бағыты А. Нэсс, Б. Девал, Дж. Сешенс, Б. Каликотт, Л. Н. Эверден, Б. Токкар, Ю. Харгроувты байланыстырады.  Ал гуманизация ойлаудың экологизациясы, тіл анализі, психоанализ арқылы жаратылыстану ғылымдарында орын алады. Постклассикалық емес ғылымның объектісі өздігінен дамитын күрделі жүйелер, табиғи жиындар, мысалы адамдар. Бұл объектілер «адами өлшем» терминімен белгіленеді. Постклассикалық емес ғылымның өзекті идеялары: нелинейность, коэволюция, өзін өзі ұйымдастыру, жаһандық эволюционизм, жүйелік идеясы.  Постклассикалық емес ғылым қалыптасу және өзін — өзі ұйымдастыру (синергетика) парадигмасына негізделеді.

3.Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылымдардың шешімін табыңыз. Сонымен, Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастапесептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның бастауын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты. Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға Табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу ш ығады, а л с оның н әтижесінде т ұтас ж аратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден гносеологиялық(теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды. Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен станоктар жасау қажет болды. Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі механистік түрге айналады. Әлбетте, діннің о л к езде д е қ оғамдық с анаға ы қпалы бар болатын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым –деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың ары қарай өркендеуіне себеп болды. Ал енді сол заманның жаратылыстануына келсек, бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт: эмпиризм мен рационализм шықты. Егер эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді талап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел- абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерттей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр заманында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды. Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тарағанды. Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса маңызды ерекшеліктері осындай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]