Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gumoraldy_immunitet_zh_1199_yesi.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
305.66 Кб
Скачать

Гуморалды иммунитет жүйесі

В- лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы. В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркерлері. Иммунологлобулиндердің химиялық құрылысы. Иммунолобулиндердің изотиптері, аллотиптері және идиотиптері. Антиидиотиптері. Антиидиотиптік тор. Иммуноглобиндердің негізгі кластарының құрлыс ерекшеліктері мен қызметтері. Моноклонды антиденелер.

Гуморалды иммунитет жүйесі- антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым қатынасуына байланысты болады.

Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттері болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш тәсілге байланысты: (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз.

Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі болып табылады. Антидененің негізгі қызметі антиденді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комлементарлық пен кеңістіктік сәйкестікке негізделген.

Ең алғаш гуморалды жүйенің орталық мүшесі құстарда табылған, ол Bursa Fubricius мүшесі, сол себептен Bursaдағы лимфоциттер В-лимфоциттер деп, ал гуморалды иммуниттет жүйесі В-жүйесі деп аталған.

Сүтқоректілерде Bursa Fubricius аналогы эмбрионалды кезеңінде –бауырдағы қан ошақтары, ал постнаталды кезең –сүйек кемегі болып табылған.

В- жүйенің шеткері мүшелеріне көкбауырдың, лимфа түйіндердің және басқа (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің табақшалары, аппендикс) лимфоидтық түзілімдерінің тимустәуелсіз аймақтары жатады. Бұл В- лимфоциттердің көп шоғырланған аймақтары, ал тимустәелді аймақтарда қан айналым арқылы айырша безден көшкен Т-лимфоциттер орналасқан.

Шеткері қанда барлық лимфоциттердің арасында В-лимфоциттер 20-30/ құрайды. Негізінде ол бастапқы даму кезеңінен сүйек кемігінде өтіп, шеткері лимфа мүшелерінде орналасатын толық жетілмеген жасаушалардан тұрады. Лимфоидтық мүшелерде антигенмен байланысудан кейін, В-лимфоциттер соңғы дифференциалану өтіп, антигенге қарсы антигенге қарсы антидене түзу қабілетіне ие. Антигендік детерминанталары теориялық мүмкін болатын конфиграциясының мөлшері жіне сәйкесінше арнайы антиденелер саны 10-10 ретімен бағаланады. Антидененің осындай көптүрлігі туралы сұрақ – иммунологиядан ең қиын сұрақтардың бірі. Қазіргі кезде жалпы қабылданған пікір әрбір жеке организмде иммунолобулиннің ауыр және жеңіл вариабельді аймақтарын және олардың комбинацияларын кодтаушы тендердің үлкен жиынтығымен қамтамасыз етілген антигендердің көптүрлілігінің жоспарлануы болып табылады.

Антидене кез келген антигенге жауап ретінде түзілсе де, олар антигеннің шығарылуымен немесе бұзылуын қамтамасыз ететін қорғаныстық әрқашан да орындай бермейді. Мысaлы, ісікке қарсы антидене белгілі бір жағдайда, ісік жасаушының жойылуына емес, оның өсуіне әкелуі мүмкін.

Ең біріншіден, гуморалды иммуниттет жүйесі жасушадан тыс бактерия мен вирустарға қарсы белсенді болады, сондықтан оның негізгі қызметі инфекцияға қарсы иммунитет құру болып табылады.

Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмі бойынша ерекшеленетін антиденелердің бірнеше топтары болады;

  • Бактериалдық токсиндерді бейтараптаушы антиденелер;

  • Вирустың жасаушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы антиденелер;

  • Комплемент қатысуымен бактерианың жойылуын (лизиске ұшырау) шақырушы антиденелер;

  • Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттік жүйесін басушы антиденелер;

  • Макрофагтарды опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші антиденелер;

  • Еритін антигенмен комплекс түзіп, комплементтің активтенуінің есебінен қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарлауын шақырып және жедел қабыну белгілерінің дамуына қатысушы антиденелер;

  • Гельминттерге қарсы полиморфты ядролы лейкоциттердің цитотоксикалық әсерін күшейтуші антиденелер.

В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы.

В-лимфоциттер шығуы мен дифференциялануының негізгі кезеңдері:

1. Сүйек кемігінің көп қабілетті бағаналы жасаушалары (ҚҚБЖ)

2. ЛБЖ – лимфоциттердің бастауышы жасушалары (жалпы лимфопоэз бастаушысы)

3. Бастауышы В-лимфоциттер (б-В)

4. В0-лимфоциттер

5. В1-лимфоциттер

6. В2-лимфоциттер

Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдері.

ҚҚБЖ –ЛБЖ- бастаушы- В-лимфоциттер -Во

Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында өтетін антигентәуелді дифференцияланудың кезеңдері: В1-лимфоциттер –В2- лимфоциттер

В-лимфоциттердің бастаушы, басқа қан жасаушалары тәрізді, сүйек кемегінің көп қабілетті бағаналы жасаушасына жатады. Барлық Т-және В-лимфоциттердің жалпы бастаушы жартылай бағаналы жасушалы кезеңі арқылы бастаушы В-лимфоциттер пайда болады, олар кейіннен жетілмеген ВО-лимфоциттерге айналады.

Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді.

Во-лимфоциттер қан айналым арқылы көшіп, шеткері лимфоидты мүшелердің тимустәуелсіз аймақтарында қоныстанады. Сол жерде В- лимфоциттердің әрі қарай жетілуі мен диференциялануы өтеді, сөйтіп организмге түскен антигендермен байланысу арқылы, олар иммунологиялық серпілістерге бейімділігін алады.

Во-лимфоциттердің – бұл иммунологиялық жетілмеген лимфоциттер популяциясы. Олардың бетінде тек М класына жататын иммуноглобулиндік антигентанушы рецепторлары орналасады. Олар белсенді орталықтары сыртқа қарап, В-лимфоциттердің плазмалық мембранасында тіркелді, бірақ ол рецепторлардың тығыздығы Во-лимфоциттерде өте төмен болады, сондықтан олар антигенмен толық байланыса алмайды және шеткері қанға иммуноглобулиндерді. Во-кезеңі В-лимфоциттердің клондар құрылуы кезеңіне сай келеді. В-лимфоциттер клондары –ол бетінде бір арнайылықты иммуноглобулиндік рецепторлы бар лимфоциттер тобы.

В1-лимфоциттердің - бүл шеткері В-лимфоцитгердің жартылай жетілген дифференциялану кезеңі. Олардың бетінде де рецепторлы М иммуноглобулиндері болады, бірақ олардың тығыздығы Во кезеңіне қарағанда, бірнеше рет жоғары болады. В,-лимфоциттер тимустәуелсіз антигендерге қарсы шеткері қанға иммуноглобулин М синтездейді; ол біріншшік иммунды жауаптың негізі бол саналады, бірақ соңымен қатар В^-лимфоциттер макрофаггармен жэне Т-лимфоциттермен кооперацияға түсе алмайды, сондықтан тимустәуелді антигендерге антидене синтездей алмайды.

В^лимфоціптерге беткері СD5 маркері тән. СD5+ В-жасуша-ларда арнайылығы төмен иммуноглобулиндік рецепторлар бар және олар бактериялық полисахарвдтік антигендерімен байланы-су қабілеті жиі көрінеді.

В2-лимфоциттердің - бұл популяция жағынан көп, иммунды хабарлы жетілген жасушалардан түратын популяциясы. В,-лимфоцитгер бетінде (дифференциялаушы) иммуноглобулин D-рецепторы пайда болады, ол - лимфоциттердің жетілгендігін көрсетеді. Сонымен қатар, В2- лимфоцитгердің бетінде барлық иммуноглобиндердің кластарына жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В2-лимфоциттер кез –келген антигенге қарсы (тимустәуелсіз және тимустәуелсіз) жауап қайтарады және барлық иммуноглобиндерді синтездей алады, ол – екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады.

В1-лиффоциттер тек иммуноглобиндер синтездейтін плазмалық жасаушаларға айналмайды, сонымен қатар антиген жайлы хабар сақтай алатын еске сақтаушы В- лимфоциттерге де айналады. Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В- лимфоциттер клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделінеді.

В2-лимфоциттер кезеңінде снтигентәуелді дифференциялануы нәтижесінде, белгілі антигенге әсер көрсетуі В- лимфоциттер клонның әсер көрсетушісі В-лимфоциттер клонның әр қайсысының ішінде кезекпе- кезек иммунолобулиндердің молеклаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуын соңында В2- лимфоциттердің негізгі төрт тогбы пайда болады: Bu By Be Ba олар ІgМ, ІgG, ІgЕ ІgА-синтезделуімен секрециясын жүзеге асырады..

Дифференциялану кезінде бірінші болып бетінде ІgD және ІgМ орналасқан В2-лимфоциттер тобы пайда болды, кейін олар М иммуноглобинның сыртқы синтездейді.

Содан кейін, дифференцияланук кезінде гендердің алмасуы нәтижесінде бетінде ІgD және ІgG бар В2-лимфоциттер тобы құрылады, олар берілген антигенге қарсы ІgG, синтездейді. Үшінші болып- бетінде ІgD және ІgЕ бар, ІgЕ синтездеитін В2-лимфоциттер тобы құрылады, ал ең соңғы төртінші топқа – бетінде ІgD және ІgА бар В2-лимфоциттер кіреді, олар ІgА түзуші плпзмалық жасущаларға айналады.

В2-лимфоциттер бетінде ІgD тек мембраннамен байланысқан түрінде болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммунологлобулин әсері толық зерттелмеген, бірақ В-лимфроциттердің бетінен алынып тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер

Сөйтіп, организмге кез – келген антиген түскенде (тимустәуелді және тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші ІgМ синтезделінеді, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері-, ІgG, ІgЕ ІgА-синтезделінеді, бұл организмнің тіндері мен мүшелерінің эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді.

В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркелері:

В- лимфоциттердің бетінде келесі рецепторлы анықталған:

  • Антигентанушы иммуноглобундік рецепторлары;

  • Тышқан эритроцттеріне сай рецепторлар;

  • C3b-рецепторлар (комплемент жүйесінің C3b- фрагментіне)

  • Fc-рецепторлар (иммуноглобундердің Fc- фрагментіне)

  • Іа- рецепторлар (HLA –комплексінің DR-нәруызына)

  • В-митогендерге сай рецепторлы (декстран сульфаты, полисахаридтер, бактериалды липополисахаридтері, т.б)

  • Эпштейн-Барр вирусына арналған рецептор (жұқпалы мононкулеоз қоздырғышы)