Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_dayyn[1].doc
Скачиваний:
1712
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
893.95 Кб
Скачать

4. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктердің айырмашылығын түсіндіріңіз.

Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастырады. Ғылым – ол білімді өндеу, жаңа ғалымдарды даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-əрекет. Өзінің іс-əрекетінің əлеуметтік табиғаты бойынша ғылым əлеуметтік институт ретінде қалыптасады. Əлеуметтік институт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың əлеуметтік мінез-құлығын анықтайтын əлеуметтік байланыс пен нормалар, əдет пен дəстүрлердің тұрақты жүйесі. Əлеуметтік институттар іс-əрекеттің негізгі сфераларын ретке келтіреді. Əлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, коллективтік таным процесті меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б.

Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы. Ғылымның институционалды дамуы дегеніміз жаңа білімді өндіру, тарату жəне қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың коллективтік іс-əрекеті, жəне ғалымдардың жас ұрпақтарың даярлау. Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми мектептерден бастама алды /пифаргоршылдықтар, Платон, Аристотель мектептері т.б./. Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, светский адамдар білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған. Əр-түрлі пікірлер сынау пікір-таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі қалыптасты /математика, физика, биология, əлеуметтану, психология т.б./. Осы ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пəн деңгейіне айналды, олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мəтін саны көбейіп, ғылыми кезек дайындалып тұрды.

Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер жəне шіркеудегі мектептер болған. Олардың ішінде пұтқатабынушылықты жою жəне христиан құңдылықтарды насихаттау мақсаттары қойылған. Бірақ ғылым туралы айтуға əлі болмайды, көп монастырлік мектептер мен скрипторийлерде кітаптарды көшірумен айналысқан жəне сол жерде кітапханалар орналасқан. Оларда да оқу процесінде жеткізілетін ғылымның пəндік құрылымы қалыптасқан. Ол «жеті еркін өнерлер» - тривиум жəне квадривиум. Тривиум грамматика, логика мен диалектикадан тұрады; квадриум арифметика, геометрия, астрономия жəне музыкадан тұрады. Орта ғасыр мəдениетінің өркендеу кезінде, 12-13 ғғ. екі функцияларын - жоғары білім беру жəне ғылыми жұмысты қамсыздандыру – университеттер атқарған.

Университеттер еуропалық астаналардың барлығында ашылды жəне үлкен қалалардың көбісінде /1500 ж. олардың саны 80 жетті/. Еуропада университеттік орталар ұлттан жоғары интеллектуалдардың корпорациясын құрды, осыған білімге қатысты адамдардың интерұлттық тілдің бірі – латынь тілі ықпал етті. Сонымен орта ғасыр университеті ілім өкілінің ұжымына айналды, бірақ əлі қазіргі ғалым деген атқа жеткіліксіз болды, себебі, олар жаңа білімді ашпаған, тек абыз, заңшы жəне дəрігер мамандары бойынша жастарға сақталған, реттелген білімді жеткізу.

Жаңаеуропалық ғылымның дамуы жəне оның келесіде үзілмей қалыптасуы Галилейдің уақытынан

бастап үш ғасырлық ғылымның саңдық параметрлерінің экспоненциалдық өсу мəселесін қояды. Ол түсініктемені білімнің имманентік даму бейнеснің шеңберінде табамыз. Ғылымның əлеуметтік өлшемінде ескеру қажет, ғылымның дамуы институционалды түрлерінің эволюциясына арқа сүйеген, сол арқылы ғылыми ұжымның финанс жəне қоғамдық ресурстерге жол ашылды.

Осы эволюцияда ғылым институтының дамуында келесі кезеңдерді шығаруға болады: қызығушылық

ғылым, академиялық ғылым, университеттік ғылым жəне өнеркəсіп, мемлекеттік бағдарламалармен, əскери зерттеулермен байланысты ғылымдар. Ғылымның жаңа типі 16 ғ. аяғында – 17 ғ. басында еуропалық қоғамның əлеуметтік институттарынан тыс əлде аймағында пайда болды. Не мемлекет, не шіркеу, не университеттік орта схоластиканың канондарын сақтап ғылыми зерттеулерге қолдау жасамаған. Осы кезеңде ғылыми іс-əрекет дəулеті жоғары əлде басқа əлеуметтік сфераларда адамдардың қызығушылық жұмысына айналды. Формалды емес ғалымдар тобы үлкен мырзалардан əлде магнаттардан патронаж түрі типикалық болған. Осындай кішкентай интеллектуалдар ұжымы Қайта Өрлеу кезеңінен айқын, антика философиялық мектептері соған қарап өздерін «академия» деп атаған.

Қазіргі мағынаға сай алғашқы академиялық ғылымның институттары – Лондон корольдік қоғамы /1660/, Париж ғылым академиясы /1666/ - эксперименталды ғылымдардың өсуі мен ғылымның əлеуметтік статусы өсу нəтижесінде өзің меңгеретін ғылыми қоғамға айналды. Академия мемлекеттен көмек алды, ал өкілдері əр-түрлі əлеуметтік артықшылықтар. 17-18 ғғ. академиялары ұлттық ғылыми қоғамдардың қалыптасуына ықпал жасаған, себебі, олар ғылыми журналдарын ашып, өз шығармаларын ұлттық тілінде басып шығарған. Академиялық пен бірге орта қласс айналысатын қызығушылық ғылым сақталды / «бюргерлік» деп аталған/.

Осы институттармен негізделген білім массиві 19 ғ. басында қайшы мəселелерге əкелді. Зерттеуге қажетті білім көлемін меңгеру үшін ұзақ кəсіптік дайындық қажет болған. Ғалым əрекет күшін беруге мəжбүр, сол жағдайда ол жəй қызығұшылық болмай, қаржыландыру қажет етеді. Кəсіптікке қажеттілік, ғалым зерттеудің тар аймағына назарын толық беруге жəне қымбат, қиын эксперименталдық техникаға сұраныс жасайды. Осы мəселелердің шешімі ғылымның институционалдық революциясына əкеліп, нəтижесінде ғылыми ұжым қоғамның институционалдық құрылымында жаңа орын алды, олар ғалымдарға кəсіптік ғылыми іс-əрекетке негіз болатын шарттар мен əдістер ұсынды, олардың экономикалық тұрғыдан əлі өнімі аз болған. Сондай институт университеттің жаңа типін жəне негізгі принциптерін қалыптастырды – академиялық бостаңдық жəне зерттеу мен білім беру бірлестігін. Университеттің жаңа типі орта ғасыр университеттік корпорациясына айналды жəне Ағартушылық кезеңінің университеті мемлекеттік қажет бойынша мамандар мен шинеуніктерді дайындаған. Осы институт нақты түрде 1808 ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]