Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умкдм. юрист.rtf
Скачиваний:
49
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

Дәріс сабақтарының курсы

1 дәріс. Ерте замандағы Қазақстан

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңге бөлу жүйелерін қарастыру және салыстыру. Адамның, қоғамның дамуын, тас құралдарының даму кезеңдерін, оның қоғамдық дамуына ықпалын қарастыру.

Жоспар:

  1. Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы

  2. Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-V Т. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы.

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

«Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.

Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.

Тарихи білімнің маңызы – жас адамдарды өз халқының рухани әлеміне қатыстыру, халық мәдениетінің, тарихының қайнар көздерін түсіндіру. Қазақстан тарихы, тарихи ғылым тәуелсіздік кезеңінде жаңа міндеттерді шешуіне бағыттылады – Қазақстан Республикасында тарихи сана-сезімін қалыптастыру.

Тарихи ғылымында кезенге бөлу мәселелі маңызды орын алады. Ғалымдардын әр түрлі пікірлері бойынша кезеңдерге бөлінуі формациялық, социогенетикалық, таптық, археологиялық, мәдени-тарихи, саяси оқиғалар бойынша т.б. түрғысынан қарастырылады. Тарихи ғылымында, герменевтика әдісімен пайдаланып, зерттелініп жатқан кезеңнің ұстанымдарынан деректерді бағалау керек. Тарихи кезеңдердін тек қана саяси тарихын қарастырмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениеттін тарихын, оның әр алуандық көрсетуін білдіру керек.

Ежелгі тарих алғашқы кезеңді тас, қола, ертедегі темір дәуірлерін қамтиді. Тас ғасыры көне, орта және жаңа тас ғасырлардан тұрады. Осы кезендер туралы біз археологиялық зерттеулерден, археологиялық дереккөздер пайда болуынан білеміз. Тас ғасыры тағы тарихқа дейінгі кезең деп аталынады, яғни сол уақытта жазба дереккөздері әлі пайда болған жоқ. Тас ғасыры 2 млн. жыл бүрын басталып 2 мыңжылдық біздің заманымызға дейін кезенде аяқталады. Ежелгі тарихы бізге ежелгі адам дамуының процесін білдіреді, алғашкы қауым туралы, ежелгі тайпалар, тайпалық одақтар, ежелгі мемлекеттер туралы білім береді. Ежелгі кезеңнің тарихы біздің заманымыздың 6 ғасырында аяқталады.

Орта ғасыр тарихы біздін заманымыздың 6 ғасырынан басталып 18 ғасырдын басына дейін жалғасады. Осы кезең түркі мемлекеттер тарихын, моңғол шапқыншылығы, моңғолкейіңгі кезеңдерін, Қазақ хандығы қалыптасуы, дамуы кезеңдерін қамтиды.

Жаңа заман тарихына Қазақстанның Ресей империясына қосылу басталуы 1917 жылғы қазан революцияға дейінгі процесстермен байланысты оқиғалар жатады.

Қазіргі заман кеңес уақытынан 1917 жылдан басталады да бүгінгі күнге дейін жалғасады.

Тарихты зерттеу үшін, халықтың шаруашылығын, экономикасын, мәдени өмірін, саяси, әлеуметтік жағдайын объективтік түрде қарастыру үшін тарих ғылымының салалары және көмекші пәндер бар.

Тарих ғылымының салалары төмендегілер болып табылады: экономикалық, әскери тарих, тарихи жағрафия, тарихи таным, археология, этнография және көмекші пәндер: археография, палеология; дипломатика, хронология, генеология, геральдика, нумизматика және басқ.

Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады:

1. Заттай – археологиялық көздер;

2. Этнографиялық;

3. Лингвистикалық;

4. Ауызша;

5. Жазбаша;

Археологиялық – еңбек қарулары, көне заттар, үй тұрмысындағы заттар, қару, теңгелер, киім, қала қирандылары, зындандар, көне заман адамдарының сүйек – мүрделері.

Археологиялық көздер – барлау және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Олар көне заманның әрқилы дәуіріне жатады және сол дәуірдегі адамдардың мәдениетін білдіреді. Заттай көздерге: сондай ақ орта ғасырда салынған мавзолейлер, молалар, архитектура ескерткіштері жатады.

Лингвистикалық көздерге – қазақ тілі жатады. Ол қоғамның дамуына сай қалыптасып, этностың тарихи элементтерін сақтап қалған.

Ауызша көздерге, көшпелі халықтарда басым дамыған, халық ауыз әдебиеті жатады. Негізінен ол жазбаша тарихты алмастырды. Шежіре, эпос, мақал – мәтелдер, ертегі, жұмбақтар.

Жазбаша-деректер; жылнамалар, кітаптар қалдырған тарихи дәуірлер туғанға дейін, ең басты куәгерлер – археологиялық материалдар болған. Олар: елді мекендердегі қазба іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған: еңбек қаруы, ескі теңгелер, тау-тастардағы суреттер, сүйек қалдықтары.

Ең көп тараған көздер түрі – жазбаша деректер, олар негізінен сол дәуірдің тарихи жай күйін білдіреді, бірақ олар терең зерттеуді қажет етеді.

Көне жазба көздеріне: көне жазушы, ғалымдардың қазіргі Қазақстан аймағында өмір сүрген тайпалар өмірі сипатталған еңбектері жатады.

Ол көне грек көздері – Геродоттың «Тарихы» (біздің дәуірге дейін 430-434 жылғы), Стробонның еңбегі «Жағрафия» (64 ж. біздің дәуірге дейін), Птолемейдің ең ертедегі жазбаша еңбектерінде, Авестада (Уағыз) - Зараостризмнің қасиетті кітабында (І мың жыл біздің дәуірге дейін).

Парсы дереккөздері – сына жазба мәтіні, Бехистун жазуы Дәрий І (522-486 жж.), Қытай дереккөздері Чжань Цянь, Сыма Цянь (145-86 жж.), Бань Гу (б.д. І ғ) авторлардын еңбектері.

Тарихнамалықта І-ші орынды: түрік жылнамалары ерекше орын алады. Йоллық-Тегін ( VIII ғасыр) Більге-қаган, Күлтегін құрметіне жазылған, Тоныкөк жазулары Орхон және Енисей өзендерін алқабында табылып, Орхон - Енисей руна жазуы деп аталған. Бүл жазулар ежелгі түрік дәуір туралы маңызды ақпаратын береді және ежелгі түрік әдебиеттін бағалы үлгісі болып табылады.

Орта ғасырлық Қазақстан туралы араб тарихшылары Ибн аль Факих, саяхатшылар Плано Карпини, Марко Поло, Гильом Рубрук, еңбектерінен білуіне болады.

Араб саяхатшысы Ибн Батут қыпшақтардың көшпелі мемлекеті туралы, Қазақ хандығының қалыптасуы туралы Мухамед Қайдар Дулатидың “Тарихи және Рашиди” еңбегінде, Ибн Рузбиханның “Бұхар қонағы естеліктерінде”, Қадырғали Жалайырдың “Жылнама жинақтарында”, айтылған.

Қазақстан тарихының тарихнамасы 18 ғасырдан, Қазқстан Ресей империяның қүрамына кіргізілген кезеңінен басталады. Қазақстан жерінің, этникалық қүрамын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайын орыс ғалымдары ғылыми тұрғысынан зерттелеу бастады. Бірақ, айтып кетуге керек, осы зерттеулердін, экспедициялырдын мақсаттары Ресей империяның отарлау саясатымен байланысты болды.

Тарихты зерделеуге орыс ғалымдары елеулі үлес қосты. Қазақстан территориясы 18 ғасырдан бастап Ресей империясының құрамына колония ретінде кіре бастады. Ресейдін империялық мүдделерін орнату үшін қазақ өлкесіне зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялардын ішінде П.С.Паллас басқарған Ресей ғылым академияның экспедициясы болған (1768-1774 жж.). Экспедиция мүшелері тарихшылар И.П.Фальк, И.Г.Георги өздерінің еңбектерін қалдырған. Қазақстанда және Орта Азияда тұрған халықтардын этникалық, әлеуметтік, саяси тарихынан маңызды еңбек жазған И.Я.Бичурин (1777-1853жж.) “Ежелгі дәуірде Орта Азияны қоныстаған халықтар туралы деректер жинағы” (3 томдық). Қазақстан тарихына зор үлес қосқан Левшин А.И. (1799-1879жж.) “Қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” 1832ж. Қазақстан тарихының маңызды мәселелеріне арналған шығыстанушы-ғалымдардын В.В.Вельяминов-Зерновтың “Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер” (1830-1904 жж.), В.В.Бартольдтің (1869-1930жж.) “Түркістан тарихы”, “Жетісу тарихынан очерктер” арналған.

Тарих, этногенез, көшпенділердің өмірінің әлеуметтік жағдайы Ш.Уәлихановтың “Абылай”, “Қырғыз тегі”, “Даладағы мұсылмандық туралы” т.б. еңбектерінде зерттелген. Ш.Уәлиханов қазақ халқының атақты тұңғыш ғалымы үлкен, бағалы тарихи мұрасын қалдырды. Қазақ халқының жаңа заманның өкілдері – қазақ ұлттық интеллигенциясы Қазақстан тарихының зерттеуіне үлкен үлес қоскан. Қазақ зиялы қауымның өкілдері қазақ халқының сана сезімін оятуына үмтылған, сондықтан еңбектері қазақ тарихына арналған. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейханов (1866-1937жж.) тарихи этнографиялық “Қазіргі заманғы мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері” атты очерк, т.б. еңбектер жазды. Аса құнды материалдарға сондай-ақ “Қазақ”, “Дала уалаяты”, “Айқап” мерзімді басылымдары жатады. Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931жж.) “Шежіресі”- этногенез, тарихи ақпаратты береді. М.Тынышпаев жазған (1879-1937жж.) “Қырғыз қазақ халқы тарихына материалдары” (1925 ж.) қазақ тарихының маңызды мәселелерін анықтайды.

Кеңес дәуірінде С.Асфендиаров “Көне дәуірдегі Қазақстан тарихы” (1935ж.), А.Панкратова, Н.Дружинин, М.Вяткин “Қазақ КСР тарихы” көне дәуірінен (1943ж.) дайындалған, 1977жылы “Қазақ ССР” тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. Белгілі қазақ ғалымдары Бекмаханов Е.Б., Дахшлейгер Г.Ф., Сүлейменов Р., Галузо П.Г., Марғүлан А.Х, Шахматов В.Ф., Зиманов С.З., және басқ. Олардың еңбектері және оқулықтары партия совет цензурасы қысымымен жазылған, сондықтан бұл еңбектерде тарихты зерделеу таптық- идеялық тұрғысы сақталған.

Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, тарихшылар Қазақстан тарихын зерделеуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауына, ұлттық тарихты жаңғыртуға, Қазақстан тарихында белгісіз, бұрмаланған деректер мен оқиғаларды кеңінен ашуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақстан тарихы жаңа тұрғыдан, шындық тұрғысынан қайта қаралуда.

Дәрістің негізгі ұғымдары: палеолит, мезолит, неолит, неолититтік төңкеріс, энеолит, нуклеус.

1 дәріске арналған тексеру тесті

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттеріне кіреді:

А. Тарихи білім беру

Б. Идеологияны нығайту

В. Саяси жағдайға ықпал ету

Г. Президент билігін нығайту

Д. Үкімет билігін нығайту

2. Ежелгі тарих қай кезенге дейін пайда болды

А. 1 ғасыр б.з.д.

Б. 6 ғасыр б.з.д.

В. 6 ғасыр б.з.

Г. 2 ғасыр б.з.д.

Б. 5 ғасыр б.з.д.

3. Алғашкы қауым қай дәуірде пайда болған

А. Тас

Б. Қола

В. Темір

Г. Мыс-тас

Д. Қола-мыс

Әуелгі палеолит қанша дғуірге бөлінді

А. 1

Б. 2

В.3

Г. 4

Д. 5

5. Аталған түрақтардын қайсысы кейінгі палеолитке жатады

А. Қанай

Б. Дұзбай

В. Беғазы

Г. Дәндібай

Д. Батпақ

2 дәріс. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірі негізгі кезеңдеріне анықтама беру және сипаттау

Жоспар:

  1. Тас ғасырының жалпы сипаттамасы

  2. Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит).

  3. Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Антропогенез және социогенез.

  4. Қола дәуірі. Көшпеліліктің өркениет ретінде қалыптасуы.

  5. Мәдениеттің пайда болуы. Кейінгі тас және қола дәуірінің өнері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-IV Т. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

  7. Марғұлан А. “Бегазы – Дәндібай мәдениеті” Алматы 9. Сатыбекова А.С., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды Аль-Фараби. Алма-Ата. 1975.

  8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Тас ғасырының жалпы сипаттамасы

Алғашқы тарихтың бірінші беті тас дәуір. Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихындағы бірінші әлеуметтік – экономикалық формация, адамзат қоғамының тарихи дамуының, адамның пайда болу кезеңінен таптар, мемлекеттер пайда болғанға дейінгі кезеңді қамтитын, бірінші кезең.

Ерте палеолит. (2 млн. – 140 мың жыл бұрын) Шелашел кезеңі. Шамамен алғанда бұдан 800 мың жыл бұрын – Қазақстан территориясында (Оңтүстіқ аудандар мен Балхаштың солтүстігі) ежелгі дәуір адамының пайда болуы (питекантроп пен синатроп)

Ертедегі палеолит ірі – ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың жыл бұрын) дәуірлері. Ерте палеолит алғашқы қауымдық табын дәуірі - бұл жалпы алғанда әлеуметтік, ең алдымен алғашқы қауымдық ұжымдық қатынастардың қалыптасу кезеңі. Кулді тас ғасыры бойында еңбек қүралып жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себептен ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдар табылады, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдар да кездеседі. Түрі мен ерекеше сипатына қарай тас бүйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, пышақ, тескір және басқаға бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғіші ең ескі еңбек қүралдары орын алады.

Ашель дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегі заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысында еді. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А. Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі – ірі кедір – бұдыр домалақ тастарға бөледі.

Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір ө біріне соғатын болған.

Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтастары қажетке асырылған. Кейін соққыштар пайда болды.

Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит, Қазақстан территориясындағы тұрақтар, обалар)

Ашель дәірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Мұнда қуралдар қара және сұрқай – жасыл түсті кремний жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей – шығыс шетінде орналасқан. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады, соңғыснан сындырғыштар мен қалақтар жарылап алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылған. Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жел – құздан мүжілген шапқыш құралдар айырықша назар аударады. Сонымен қатар археологтар Қаратау тауларынан, Бөріқазғаннан, Шабақтыдан (Жамбыл облысы), Қазанғаптан (Шу өзені) және басқа жерлерден адамадрдың негізгі кісібі аң аулар, ұжымдасып жабайы жануарларды ұстау, қару жарағы – шоқпар, жебе, дөрекі өңделген тас болды. Өздігінен өсетіп дәндерді, жеміс – жидек теріп жеу оларрдың өмірінде үлкен рөл атқарды. Синантроптар сол кездің өзіндеақ отты пайдаланды, бәлкім олар отты шағару әдісін де игерген болар. Піскен ет пен өсімдікті тамақ ету адамның дамуында игі әсер еткені сөзсіз. Қоғамдық ұйымы – адамдар тобыры болды. Адамдар үйірі бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналалысу қызметін, қызметін атқарып, тасты жару үшін жұмыр тас қалданды.

Орта палеолит. (140-40 мың жыл бұрын) Мустье дәуірі. Бұл кезеңнен қөғамдық ұйымы – ірі қауым болып табылады. Осы кездеадамның неандерталь түрі пайда болды. Қазақстан территориясының оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде таралды. Сондай орталық мекендердін бірі – Қаратау таулары. Сондай орындары – Алғабас, Өгізтау 1,2,Үлкен Ақ-Мая және басқалары. Бүгінгі таңда Қозыбай деген олжалы жер – ШығысҚазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында Көршім ауданының Қараторғай ауылына таяу бір бүйірде. Алғашқы қауым адамның қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар. 1958 жылы табылған, кейін ағартушы-ғылым Ш.Ш. уалихановтын атымен аталған көп қатпарлы тұрақ үлкен атаққа ие. Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, әртүрлі жанупрлардың сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің оң жағалауындағы осынау тұрақ қатпалары жердің қазіргі бетінен әртүрлі тереңдікте жайғасқан.

Мустье дәуірінің жаңа ескерткіші 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар Өгіз-тау-1,2, Үлкен Ақмая тұрақтары.Адамдардың бүл араны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен. Дөңгелек іспеттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық нуклеустердің, сол сияқты шет-шеті симметриялы келетін қалақтардың болуы тас өңдеу техникасының жете түскенінен хабар береді.

Ал 80 мың жыл бұрын мұз дәуірі басталды. Өсімдіктер мен жануарлар өзгерді. Адамдар түратын орындар іздестіру қажет болды. Үйкеу арқылы от тұтандыру игерілді, киім дайындау дами бастады. Діни сенімдердің алғашқы белгілері, көму салттары пайда болды.

Қазақстанның баяғы заманындағы тұрғындары, эволюциялық дамуы жағынан Homo habilis фазасына сәйкес келетін питекантроп пен синантропы замандастары болған. Қаратаудың алғашқы қауымдағы мекендеушілері отты тұтатып, оны сөндірмей жағып отыруды білген, ірі және уақ жануарларды аулаумен айналысып, өсімдік тағамдарын жинаған.

Кейінгі палеолит ( 40-12 мың жыл бұрын). Қазіргілер түтес адамдар (Homo sapiens) сол кезде пайда болды. Осы кез – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.

Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылумен, рудың, адамдар ұжымының пайда болуымен тура табысып жатыр. Рулық қауым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан есептелген ) және матрилокалді (ана жағымен тұйықталған), ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған. Әйелдің қоғамдық әмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелегімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып отырды.

Кейінгі палеолит дәуірінде адамның дүние танымы күрднліліне түседі. Аңшылық жадысына иланц-елігу сенімі кең жайылды, оның түп – төркініңде хайуанның рух-бейнесін игеру арқылы оны билеп-төстеуге мүмкіндік алу сенімі жататын.

Адамның жаны оның өлгенне кейінгі, бақидағы өмірі – пәнидегі өмірінің жалғасы деген ой-түсінігі оның жерлеу рәсімін күрделі етіп қиындатып жібереді.

Бұдан бұрынгы кезеңнің ескерткіштерімен салыстыра қарағанда, сол дәуірдің тұрақты аз табылған. Шығыс Қазақстанға ел-жұртқа Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Ал Ащысай тұрағы Оңтүстік Қазақстаннан, Батпақ 8, Қарабас 3 Орталық Қазақстаннан табылған.

Үңгір тұрағы – Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы шығанақ мүйісінде орналасқан, ол – кіретін жері батысқа қараған. Қазба жұмыстары кезінде шығыс шетіндегі 30-50 см., ал батыс бөлігіндегі 60-170 см., терендіктен палеолит бұйымдары табылды, олардың арасында шеңберлі ретуші бар қырғыш, пышақ іспетті қалақ сынығы, пышақ тәрізді құрал, түрі пирамида тәрізді құрал, кетіліп, сынып түскен жердің іздері бар нуклеус, соққыш және қара кремний мен жасылдау кварц жынысынан бұйым дайындаған кезде түскен өндіріс қалдықтары және жануар сүйектері бар екен. Жоғарғы палеолитте тас құралдары өңдеу тәсілі бұрынғыдан да күрделіне түскен.

1980-1983 жылы Семей облысында Ново-Шульба аудананда, Ертіс бойындағы Шульбинка тұрағында қазу жұмыстары жүргізілді. Мың тас бұйымдар ішінде көптеген сынық-қырғыш, қалақ-қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер, нуклеустердің әр түрі, өндіріс қалдықтары ыбырысып жатыр. Тас бұйымдарға қоса, бұл арадан малтатастан қаланған ошақтар, күл қабаты, ал ошақ айналасындағы едәуір жерден шағын диаметрлі дөңгелек тәрізді қоңыр дақтар кездесті.

Мәдени-тұрмыстық жәдігерлермен бірге, өлген кісінің моласы да табылды, ол оң жанбасына ыңғайлай жатқызылып, басын батысқа қарата, бүгілген күйде қойылған. Шульбинка тұрағында құралдар дайындауға шикізат ретінде негізінен халцедон, яшма, кремень мен тау хрустальді қолданылған. Адамдар пашақ тіліктер жасауды үйренді, ірі балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгілер бастап қолданыла бастады, дротиктер кеңінен қолданылды.

Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ барлық материалдар көне тас дәуірі адамадрының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғынына, сол сияқты Қазақстан территориясындағы қоныстану процесінің де үзілмегеніне көз жеткізеді.

Мезолит (12-15 мың жыл – 5 мың жыл біздің заманымызға дейін)

Мезолит грек тілінен аударғанда орта тас ғасыры деп аталынады. Осы кезең 70-ші жылдарға дейін өте аз зерттелінген, кәзіргі уақытта да Қазақстан тарихының ең зерттелмеген кезен болып табылады. Тек соңғы онжылдықтарында бір-неше осы уақытына жататын ескерткіштер табылған.Оның ішінде тас өндірістін комплекстері, тұрғын-шаруашылық комплекстері табылған. Бірақ, осы кезеңнің жерлеу комплекстері пайда болуы белгісіз.

Мезолит кезеңінің ескерткіштерінің зерттеулер бойынша тас өндеу әдістерінде едәуір өзгерістер болған жоқ. Голоцен (мұз дәуірінен кеіңгі) кезңінде адамның шаруашылығы кейіңгі палеолитте қалыптасқан түрінде пайда болған. Мезолитте тас қүралдары микролит өндеуімен белгілі, және осы кезеңінде табиғи туындыларын иелену шаруашылығынан өндірістік шаруашылығына өту алғашқы белгілері көріне бастаған. Мезолит кезеңінің ескерткіштері көбінесе Солтүстік Қазқстанда табылған.

Палеолит дәуірі мезолитпен орта тас дәуірге 12-15 мың жыл бұрынғы кезеңде ауысты. Ол ауа райының күрт жылуымен сипатталады. Мәңгі мұз шекарасы қазіргідей жағдайға келді. Суық ауа райына бейімделген хайуанаттар жойылды. Сол заманғы еңбек қарулары және аң аулау құралдарына қажеттілік туды. Мезолит кезеніңде адамзат едәуір дәрежелерге жетті. Осы кезеңде садақ пен жебе, бумеранг кең тараған. Бұның өзі құс пен аңдарды алыстан өлтіруге мүмкіндік берді. Садақ пен найзамен аң аулау, жемістер жинау адамдарға орындарын жиі ауыстырмауға жағдай туғызды. Осы кезеңді біз әскер ісінің қайнар көзін - адамзат әрекетінің бір түрі – тіршілік үшін, көрші қауымдастықтармен аумақ үшін күресі деп айта аламыз. Мезолит кезеңде жаңа шарушылық туды – балық аулау.

Мезолит тұрақтары – Жоғарғы Ертіс, Балқаш өңірі, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан. Батыс Алтайдың көркем шатқалдарында, Іле, Талас, Алатау, Жоңғар тауларында, Қаратауда көптеген бейне суреттерге толы тау шоқылары кездеседі. Тобыл маңайында табылған Евгеньевка 1, Дұзбай 6 тұрақтары мезолит кезеңіне жатады. Тас құралдарының 90 % микролиттік (пластиналар) тұрінде өндірілген тас құралдары болып табылады. Микролиттер халцедонолит, алевролит, яшмокварцит тастарынан жасалынған. Петропавл Ертіс маңайында Явленский, Виноградовский микролиттік аудандары топталынған, Тельман микроауданы (Атбасар), Ақмола облысының Селета, Ерментау аудандарында топталынған. Екібастұз аудандарында мезолит комплекстері – тас жасайтын шеберханалар табылған. Осы қазбалар орындарында кремнийден жасалынған пластиналар, домалақ жүмыс шеттері бар қырғыштар, пышақтар т.б. құралдар табылды.

Неолит ( 5 мың жыл – 2 мың жыл біздін заманымызға дейін)

Неолит – біздің заманымызға дейінгі жаңа тас дәуір, тасты өңдеудің жаңа түрлері: қашау, бұрғылаудың енуі - өндірістің мамандандырылуы өндіріске бұрын анықталмаған жаңа еңбек құралдарын; дәнүккіш, балта, тесе әкелді.

Жаңа тас дәуірге қолөнердің тууы да жатады. Адамдар шыбықтардан кәрзеңке тоқуды, өзендерде балық ауларын қоюға, қайық жасауды, сал құруды үйренді.

Қару, аспаптар бұрынғыдан жетілдіріле түсті. Заттардан адамдардың әдемілікке ұмтылғандықтарын көреміз.

Неолит дәуірінде адамның өнер табысы - алғашқы өнер материалдары - отқа төзімді саз балшық пайда бола бастады. Ыдысты балшықты сумен немесе құм, тас, ұсақталған сабан араластырып құйып жасай бастады. Осындай қоспалармен ыдысты қыздырғанда ол жарылмайтын болды. Тұрғын үйлердің қабырғаларын әр түрлі суреттермен өрнектеді. Неолит ескерткіштері Қазақстанның барлық аумақтарында: Орталық Қазақстанда – Бөрібас, Үшбұлақ, Қаратау қаласында Қараүңгір (Шымкент), Солтүстік Оралда – Сексеуіл станциясы, Семей облысында “Ауыл” курортында, Жезқазған өңірінде, Қостанаймен Арқалық аралығында, Ертісте кездеседі. Неолит адамдары аңдарды: қой, ат, иттерді қолға үйретті. Енді ет пен теріні тек аң аулаудан емес, мал өсіруден де алатын болды. Малшылар пайда болды, жүн иіруді, киім тігуді үйренді. Кейіннен сүт алуды, одан ірімшік, сірне жасауды үйренді. Адамдар әр түрлі дәндер жинауды үйренді, оларды жарып оған су қосып ботқа жасауды үйренді. Тастардың арасына салып үгетіп ұн жасады, оған су қосып, қыздырылған тасқа қойып нан пісірді. Дәнді көп қылып дайындап алу мүмкіндігі туды, сөйтіп аң аулау сәтсіз болса да, адам өзін аштықтан сақтау амалын тапты.

Біртіндеп, адамдар жабайы бидай мен арпа дәндеріне алысқа бармай-ақ жинауға болатынын ұқты, олардың дәндері мекендердің маңайында да өсетін.

Сөйтіп, адамдар жерді қопсытып, дәнді отырғызатын болды, сөйтіп біртіндеп егіншілік туды.

Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу адам өмірінде зор роль атқарды. Бұл оқиғаның өте мағыналы болғаны соншалық, оны неолит революциясы деп атады.

Өмірдің жаңа түрлері орта ғасырда қалыптаса басталған, бірақ көптеген аумақтарға жаңа тас ғасыр – неолитте кеңінен таралды. Біздің эраға дейінгі ІІІ мың жылдықта ежелгі Қазақстанның тұрғындарында біртіндеп өндіру шаруашылығы қалыптаса бастады. “Неолит революциясы” табиғаттан өзіне қажеттің бәрін енжарлықпен жинақтайтын тас ғасыр адамының жаңадаму сатысын: мал шаруашылығы мен егіншілікті білдіреді.

Бұл кезең оңжылдық емес мыңжылдықты қамтыды. Бұл адамзаттың еңбек ету аумағын кеңітті, оның сипатын сапалы түрде өзгертті. Алғашқы рулық қауымдастық аналық дәуір негізінде ұйымдастырылды.

Алғашқы қауым тұрғындарының қол жеткізген өндірістік күштердің даму деңгейі, біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық басында, өмірге көптеген мәдени, тұрмыстық өзгерістер әкелді: берік отырықшылық, сазбалшық ыдыстар көптеп жасалды, тау кен ісі, тоқымашылық дами бастады. Осы енген жаңашылдықтар сол кездегі қалыптасқан өндірістік шаруашылықтың өзекті бөлегі болып табылады. Бұл жаңалықтар өзінің жемісін, әсіресе, қола дәуірінде берді.

Энеолит – біздің заманға дейінгі IV мың жыл – мысты тас ғасыры – қола дәуірге өтудегі өтпелі кезең. Тас өңдеудің ең жоғарғы техникалық деңгейіне қол жетті. Мыс бұйымдары, құралдары пайда бола бастады.

Оңтүстік Қазақстанда – Қараүңгір, Батыс Қазақстанда – Күлсары (Атырау облысы), Шығыс Қазақтанда – Қызыл су (Белокаменка), Солтүстік Қазақстанда – Пеньки станциясы. Энеолит – Ботай мәдениетімен анықталады. (Ботай – Көкшетау облысы).

Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.

Қола дәуір – біздің заманға дйін ІІІ-ІІ мыңжыл (XVIII-VIII ғасыр бздің заманға дейінгі). Біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық адам қоғамының дамуының жаңа сапалы сатысымен анықталады. Бұл кезең өндірістік шаруашылықтың толық жеңісі және рулық қатынастардың ыдырауының басы болды. Мәдени және этникалық қатынастарда – Қазақстан аумағында және оған шекаралас жерлерде туыстық тайпалар таралу аймағының қосылу кезеңі болды. Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде табылған алғашқы қазбалар орнына байланысты андронов мәдениеті атауына ие болды.

Андронов мәдениетінің зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі»: ерте қола – б.з. дейінгі 18-15 ғ.ғ.(Нұра кезеңі-Орталық Қазақстан; Федеров кезеңі-Солтүстік Қазақстан); орта қола – б.з. дейінгі 15 – 12ғ.ғ., (Алакөл кезеңі-Орталық Қазақстан, Атасу кезеңі-Солтүстік Қазақстан); кейінгі қола – б.з. дейінгі 12 – 8 ғ.ғ. басы (Андронов мәдениеті көшпелі мәдени бірлікпен алмастырылды – Беғазы-Дәндібай мәдениеті-Орталық Қазақстан, Қима мәдениеті-Батыс Қазақстанда қалыптасқан).

Қола дәуірінің бірінші ерекшелігі – алтын және полиметалдарды өндірістік игеру. Қазақстанның орталық, шығыс, солтүстік аудандарында археологтар көптеген ежелгі қазбалар ашты.

Тау-кен өндірісі процесін толық қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қалайы, алтын, мыс өндірудің жалпы белгілерін біз білеміз. Қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың шикізат ретінде мол болуы, қола металлургиясының гүлденуіне жол ашты.

Алғашқы тайпалардың шаруашылығының екінші ерекшелігі, мал шаруашылығындағы ерекше жетістіктері және оны ежелгі өндірістің жетекші саласына айналдыруында болды. Бұл жетістікке қысқа мал азығын дайындау және ет тағамдарымен өздерін толық қамту үшін малды қолда ұстау нәтижесінде қол жетті. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдық және І мыңжылдық басында тіршіліктің жаңа түріне, яғни сапалы мал шаруашылығына көшу жағдайлары қалыптаса бастады.

Қола дәуірінде мал шаруашылығының дамуы – (үй жануарларын өсіру, бағу, аттарды үйрету, малды күзету) – ер адамдардың еңбегін қажет етті, сөйтіп енді қоғамда ер адамның ролі өсті, аталық дәуірдің орнауына әкеп соқты. Матриархаттың орнына патриархат келді.

Енді аңшылық немесе жеміс-жидек жинау емес, ең негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болды. Онымен ірі оқиға байланысты: еңбекті ең алғашқы қоғамдық бөлу пайда болды, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар жалпы халықтан бөліне бастады.

Егіншілік те нәтижелі дамыды. Бидай, арпа, тары себілді. Қоланың: көне метталургиясы негізінде, мал шаруашылығы мен теселік егін шаруашылығы негізінде Қазақстан даласында таралу аумағы біздің мемлекетіміздің қазіргі шекарасынан неғұрлым кеңірек қамтылған бірыңғай мәдениет қалыптасты.

Осы мәдениет таралған кеңістік, андронов мәдениеті атауына ие болды және батыста Оңтүстік Оралдан Енисейге дейін, шығыста Шығыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстікте Орта Азияның жерлерін қамтыды. Бұл қола дәуіріндегі Еуроазиядағы ең ірі мәдениеттің бірі болды.

Андронов тайпаларының шаруашылығы кешенді сипат (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы) алды. Бірақ, олар негізінен отырықшылық өмір сүрді және өз қоныстарын дала өзендері жағасында, жайылма шалғындарда орналастырып отырды.

Бұл тайпалар үлкен аталық рулар отбасыларымен өмір сүрді, тұрақтары – жер үйлер, жеркепелер болса және оларға қосымша малға арналған шаруашылық қоралары салынды.

Андроновшылардың салт дәстүр, діни нанымдарында қайтыс болғандар бейнелері өте зор роль алған. Олардың бәрі тірілермен өз байланысын үзбейді деп санаған. Өлгендердің ажалсыздығына сенім, ол жақтағы тіршілікке сенім, жерлеу дәстүрін бір керемет күрделі салт дәстүрге айналдырды. Тас қоршаумен жерлеу құрылыстары салынды. Өлгендерді не жақты, немесе табытта жерледі.

Андроновшылар қалай көрінеді? Олар нәсілдің түрі бойынша бет пішіні ерекше қоңқа мұрын, жалпақ бет, көздері үлкен европеоидтар болды. Олар – сомды денелі, ірі мүсінді адамдар болды.

Ғалымдар болжауы бойынша тіл қатынастарында олар біздің заманға дейінгі ІІІ мың жылдық басында индоеуропа тілі құрамынан бөлініп шыққан, ірі индоиран тобына жатады.

Андронов мәдениітінің шығу тегі туралы әрқилы гипотезалар бар:

Біріншісі – бұл мәдениет Қазақстанның энеолиттік аңшылар мен жинақтаушылар ортасына өндірістік шаруашылық түрлері мен дағдыларын әкелген Орталық Азия жұртының көшу нәтижесі деп жобалайды.

Екіншілері – андроновтықтардың шығу тегін біздің заманға дейінгі ІІІ мың жыл бұрын индоеуропалықтардың өздерінің алғашқы Отаны – Оңтүстік шығыс Еуропа, оңтүстік және батыс бағытта көшуімен байланыстырады.

Үшіншілері – бұл мәдениет біздің заманға дейінгі XVIII ғасырда қазақ даласының солтүстігінде энеолит тайпаларының табиғи дамуының негізінде туды деп болжамдайды.

Біздің заманға дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай ежелгі Қазақстан экономикасы мен қоғамында едәуір өзгерістер байқалады. Андроновтықтар жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Орталық Қазақстанның асқан некропольдары, жоғары сапалы және бай әшекеленген геометриялық өрнектермен оюланған керамика Жезқазған, Зырян аумағының 100-ге тарта қоныстарында табылған.

Біздің заманның XV ғасырына дейінгі кезең, андронов мәдениетінің гүлдену кезеңі, бұл кезеңде көшпелі шаруашылыққа көшу кезеңінің буыны болатын мал шаруашылығының жаңа түрі – жайылымдық түрі туды.

Малшылар көктемде малдың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе шабындықтарға айдап әкетіп, өздері сол малмен бірге көшіп, тек күзде ғана елді мекендерге оралып отырды. Алыс жайылымдарда жеңіл үйшіктер, киіз үйлер тұрғызатын еді. Тұрақтар маңайында малшылар қазған құдықтар болады.

Өмір кешудің мұндай өзгерістеріне себеп табынның құрамында көбірек қой, жылқы т.б. қардың астынан жайылым теуіп жейтін және ұзақ жолға шыдамды жануарлар болатын.

Ұзақ көштерге шыдамды бейімделген төрт дөңгелекті арбаларға орналастырылған киіз үйлер пайда болды. Бұл дәуірде ежелгі Қазақстанның оңтүстік жұртшылығы түгелдей көшпелі мал шаруашылығына ауыспады (Сырдарияның етегі), олар егіншілікпен айналысты. Осы кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің өзара байланысы мен қатынасы анықталып, соңғы мыңжылдықтағы Қазақстан тарихына өшпес таңба қалдырды.

Металлдарды, мыс, қола, күміс, алтын, т.б. игеру жаңа дәуірдің белгілерінің бірі болды. Біздің заманның IV мыңжылдық соңында Орта Шығыста мемлекеттер пайда бола бастады. Мұнда алғашқы өмір сипаты аяқталды, бірақ, ол жер шарының көп бөлігінде әлі де жалғасты.

Мал шаруашылығымен және егіншілікпен үнемі шұғылданған адамдар өздеріне қанша азық-түлік қажет болса, сонша дайындауға мүмкіндік алды. Ал артық дайындауларын өздерін басқа қолөнер: ыдыс дайындау, мата тоқу, тас, металл бұйымдар дайындауды үйренуге жұмсады, яғни айырбасқа азық-түлік берді. Дайындаған бұйымдарының бір бөлігін көрші, туысқандарына беріп отырды, ал олар орнына азық-түлікпен алмасты. Сонымен бірге қыстақтарда тәжірибелі: шаруашылық жұмыстарды, салт дәстүрлерді жақсы білетін адамдар да болды. Тұрғындар арасында келіспеушілік туған жағдайда солардың беделіне сүйеніп шешетін болды. Бұл адамдардың беделінен басқа өз шаруашылықтары болды, сондықтан көпшілік үшін жасаған өз кәсіптері үшін ешқандай ақы алмады.

Бірақ қоғам өміріне басшылық ету күннен күнге күрделене түсті. Бұрынғы басшыларға өз шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін жаңа міндеттер қосылып отырды, сондықтан олар көпшілік өндірген азық-түліктің бір бөлігін алып отыратын болды.

Алғашқыда көшбасшылар сайланбалы болды және оның билігі оның беделінде болды. Бірақ, біртіндеп олардың жақын туыстарынан ақсүйектер қалыптасты. Андроновшыларды жерлеудің өзі қоғамның жіктелуі әлеуметтік топтарға бөлінгені туралы түсінік береді, ол жерлеудің “байлар” мен “қарапайымдар”ға бөлінуінен көрінеді.

Қоғамда қарапайым қауымдастықтармен, яғни өз руын қорғау жолында соғыспен жаугершілікпен, байлық пен даңқ әкелетін әскери ақсүйектер мен жауынгерлер де өмір сүрген.

Андроновтылықтарда қару - соғыс қаруы және табыну заты. Жылқы-ат өлі адам жерлеу рәсімінде, қасиетті орындарда ең басты құрбандық табағы болды.

Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Академик Ә.Марғұлан тауып зерттеген Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәірдің соңғы кезеңі болып табылады.

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған ( Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған ( Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер ( Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер ( Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)

Археологиялық зерттеу материалдары Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірірі алғашқы кезеңдерінің тікелей жалғасы екенін дәлелдейді. Олардан қола дәуірі кезеңдерінің өзара байланыстары мен жүйелі хронологиялық дамуы жақсы көрінеді. Демек, Беғазы-дәндібай мәдениеті кола дәуіріндегі мәдениеттерін қарапайым түрінен, күрделі, жетілген сатысына өткен заңды жалғасты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл тайпалар ішінде нәсілдік өзгеріс болмаса да, тұрмысы мен мәдениетінде ерекше дамығандық аңғарылды. Олар, әсіресе, сәулет-құрылыс өнерінде, керамика жасау, металл өндеу кәсібі салаларында анық байқалады.

Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.

Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.

Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.

Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.

Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шіндерті, Түндік, Жарлы т.б. өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жеэқазған өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су қоймаларынан алған. Мұндай құрылыстар Жезқазған (Милықұдық, Айнакөл, Соркұдық) және Ұлытау қоныстарында ұшырасады.

Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне сәйкес салынды. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрды. Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге тұрғызылды. Үй жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін және керамика жасау шеберханалары да болған.

Қола дәірінің соңына қарай үй жер бетіне тастан қаланып салынған (Атасу, Бұғылы 1, 2, Тағыбайбұлақ, Беғазы, Ортау). Жеке-жеке ошақтары бар көп бөлмелі тұрғын үйлер пайда болады ( Ақкезен, Бұғылы 1, 2, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбайболақ, Атасу, Суықбұлақ). Бұл үйлерді салғанда кесенелерді тұрғызу кезіндегі екі түрлі құрылыс әдістері қолданылған. Біріншісі – үйдің қабырғасын аса гранит тастар мен плиталарды жерге екі қатар етіп тігінен көміп тұрғызу. Бұл Беғазы-дәндібай мәдениетінің алғашқы кезеңіне тән еді. Екіншісі - әдейі іріктелген тақта тастардан көлденен қалау арқылы салу. Үй салудың екі әдісінде де қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздалған. Төбе ішкі үй тіректеріне сай келетін жалпақ тастармен, пирамидалы-сатылы жақтау түріндегі бөренелермен жабылған. Үй салуда кеңінен қолданылған (Шортандыбұлақ, Суықбұлақ). Жезқазған қонысында қабырғалары саз балшықтан да тұрғызылған үйлердің қалдықтары сақталған.

Жезқазған қонысының тұрғындары үй мен қора-қопсы қалдықтары, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, мыс балқытатын пештер және басқа көптеген ескерткіштер қалдырды.

Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекше орынға шығарды. Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым болуы, патриархалдық – үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту дәстүрін туғызады. Осының негізінде ата-бабаға табыну салты қалыптасты. Ру-тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт құрылыстары салынып, биік обалар тұғызылған.

Діни нанымның алғашқы түрі күн мен айға, жұлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай, жұлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шелған жердегі от орындары, мәйітті қояр алдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 1, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Тас қабар ішінен күн мен оттың сұрапыл күшін бейнелейтін қызыл охра, ағаш көмірінің ұйіндісі жиі кездеседі (Балақұлболды, Беласар қоныстары). Осындай діни наным белгілері Бұғылы 1, 2, Шылым, Ортау, Балақұлболды қоныстарындағы арнайы табыну орындары мен Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 2, Айбас дарасындағы қорымдар ішінде сақталған. Ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатады. Мұндай тәңірге табыну орындары Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған. Менгирлер тігінен көмілген биіктігі 2-6 м мөлшеріндегі төрт қырлы немесе жұмыр тас бағандар түрінде орнатылған. Олар жеке немесе тізбектеліп тұрғызылған.

Тас өндеу кәсібі негізінен неолиттен бастау алады. Адам қоладәуіріне тас өндеу ісіндегі мыңдаған жылдық тәжірибемен келді. Оның үстіне металл құралдардың пайда болуы көне шеберлердің тасты аса жоғары шеберлікпен өңдеуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде менгирлер, жетілген тас құралдар және тастан тұрпайы қашалған адам мен жануарлар мүсіндері пайда болды.

Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл өндеу болғанын мұнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1, 2, Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалынған жебе ұштары мен сүңгі де ұшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар заттың әсем болуына да назар аударған.

Әшекей бұйымдарын жасауда металл өңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті. Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы, мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау, гофрировка т.б. тәсілдермен көптеген әшекей бұйымдар түрлері дайындалған. Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бұршақпен әшекейлеген білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезінде төрт жапырақты розетка түріндегі жапсырма әшекейлер пайда болды. Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған. Кейіннен төрт жапырақты композиция қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнектеу өнерінің басты белгісіне айналды.

Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар – білезік ( Айбас дарасы қонысы ) , сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың , әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығанын көрсетеді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі – керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді. Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған. Түбі жалпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете көтерген. Шар және жұқа ыдыстарды ішінен ойып, қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау – Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындайтын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстардың қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстар сан түрлі – тостаған, кесе, құмыра т.б. Беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей. Құмыралар тік мойынды , шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келеді. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездеседі. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналады.

Қорыта келе, Беғазы-дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізетін зор ықпалын айқын аңғартады.

Қазақстан тарихының көптеген жүз мың жылдыққа созылған алғашқы кезеңінің қысқаша мазмұны осындай. Алғашқыда жартылай адам, жартылай аң тастан ең қарапайым құралдар жасайтын. Ал соңында біз тәрізді адамдар, аң аулау, мал өсіруді, егін егуді, үй салуды, әр түрлі бұйымдар жасауды, қоладан құралдар жасауды меңгерген.

Адамның хайуандық жағдайдан алғашқы мемлекеттер құрылуына алғышарттар туындауына және қазақстан аумағында өркениет белгілері пайда болған уақытқа дейінгі адамның қол жеткізген жетістіктерін шексіз атай беруге болады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: патриархат, тебіндеп жайылу, құз обалар.

3 дәріс. Ерте мемлекеттік құрылымдар

Мақсаттары мен міндеттері:

- Ерте темір ғасырындағы тайпалық одақтардың классификациясын және саяси-әлеуметтік тарихын жан-жақты талқылау

Жоспар:

Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы және саяси тарихы.

Үйсіндермен қаңлылар.

Қазақстан территориясындағы Ғұн мемлекеті және олардың әлем тарихындағы алатын орны.

Ерте темір дәуірінде қалыптасқан мемлекеттердің мәдениеті мен шаруашылығы.Тайпалық одақтарының орналасуы жөніндегі жазба деректер.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-IV Т. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы және саяси тарихы. Тайпалық одақтарының орналасуы жөніндегі жазба деректер.

Көшпелі өмірге көшу негізі яғни намадизмге Қазақстан аумағында андроновтылықтар тайпасымен салынған. Андроновшылардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болды.

Қазақстанның орталық, батыс және шығыс бөліктері негізінен дала алқабын құрайды, сондықтан ол негізінен мал шаруашылығын дамыту орталығы болды. Оңтүстік аудандарда негізінен егіншілік шаруашылығымен айналысты.

Сондықтан көшпелі мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторлары – Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайлары болды.

Көшпелі халықтардың тұрмысы және әдет – ғұрпы егіншілік аудандар тұрғындарынан ерекшеленіп тұрды.

Қазақстанның ежелгі тарихы – ол ең алдымен көшпелі тайпаларының, біздің заманға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Волга мен Алтай арасындағы далаларды меңгерген, көшпелі мал шаруашылығы, этникалық тайпалар тарихы немесе қазіргі тілмен айтқанда даланың ұлттық келбеті үшмыңжылдық тарихы жолында өзгеріп отырды.

Осы кезеңде темір табылған.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдығында қазақ далалырында сақ көшпелі тайпалалардын пайда болу кезеңі.

Екі жарым мыңжыл бұрын иран патшасы Дарий І өзінің малайларына көрші атымен Бехистун деп аталатын ең биік шыңға ұзақ жазу жазуға бұйрық берді. Ол жазба жерден 105 метр қашықтықта болғандықтан оны оқу мүмкін емес еді. Дарий әрқилы оқиғалар, соның ішінде ежелгі Қазақстан аумағындағы оқиғалар туралы сыр шертеді. Онда Сырдарияның солтүстігінде өмір сүрген халықтар сақ деп аталған.

Жазбаша деректерге сүйенсек, олар қазіргі Қазақстанның барлық этникалық аумағын қамтып, бірнеше топқа бөлінген.

Сақтар құрамында жылнамашылар – тиграхауда (шошақ бөрік киетіндер) Жетісуды мекендеген сақтарды, Орта Азия мен Аралды мекендеген массагеттерді және даиларды, Орта Азия және оңтүстікті мекендеген (хаома ішімдігін дайындайтын) хаомавара сақтарын, алтын аңдаған грифтерінде сақшылық еткен, яғни Алтай және Шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспа сақтарын, Орталық Қазақстанда исседондарды, шығыста – савроматтарды, савроматтардан кейін Геродот бойынша, Оңтүстік Оралды мекендеген аргипейлер және Қаратеңіз жағалауында қоныстаған парадарайя – немесе скифтерді (немесе парсылар оларды теңіз сақтары деп атаған) атайды.

Ежелгі грек және рим жылнамашылары Ұлы даланың көшпенділер әлеміне Қаратеңіз ерте ирандық көшпелі тайпаларының бірінің аталуы -–скифтер атауымен атаған. Ол туралы біз Геродоттың “Тарих”, Страбонның “География”, Плиний еңбектерінен білеміз.

Сақтар да, скифтер де және савроматтар да Дунай мен Хуанхэ аралығында қалыптасқан бір этномәдениеттік қауымдастықтың бөлігі.

Сақтар мен скифтер Ұлы даланың алғашқы, ежелгі әлемге кеңінен танымал, көшпенділері болды және оның ролін бағалау өте қиын. Қазіргі Иран аумағында орналасқан Лидия патшалығымен Парфия үшін, оңтүстік Түркмения мен Солтүстік Иран біздің заманға дейінгі І мың жыл бұрын шайқасқан Сақ патшасы Заринаның ерліктері туралы деректер сақталған. Бұл сақ эпопеясының бастамасы еді. Оның жалғасы парсы патшалары Кир мен Дарий І-нің сақтарға қарсы Окс (Амудария) және Яқсарт (Сырдария) “теңіздік” – яғни қаратеңіз жағалауын мекендеген сақтар (парадарайя) үшін әскери жорықтары болды. Орта Азиядағы сақтар тайпасы – массагеттер парсы иелігіне қарсылық білдірді.

Олар Қазақстан даласында және Орта Азияның Каспий теңізінің шығысын мекендеген. Кир Амударияны өтіп, осы жерде массагеттердің сұрапыл шабуылына ұшырап, толық талқандалған. Геродот, бұл шайқасты және Кирдың Томирис патшасы қолынан қаза табуын жете баяндай отырып, Томирис патшасы Кирдың шабылған басын “Сен қанға құмар едің, енді іш оны” деп қанды қапқа тастады деп сипаттаған.

Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары одақтарының тарихы.

Көшпелі өмірге көшу негізі яғни намадизмге Қазақстан аумағында андроновтылықтар тайпасымен салынған. Андроновшылардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болды.

Қазақстанның орталық, батыс және шығыс бөліктері негізінен дала алқабын құрайды, сондықтан ол негізінен мал шаруашылығын дамыту орталығы болды. Оңтүстік аудандарда негізінен егіншілік шаруашылығымен айналысты.

Сондықтан көшпелі мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторлары – Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайлары болды.

Көшпелі халықтардың тұрмысы және әдет – ғұрпы егіншілік аудандар тұрғындарынан ерекшеленіп тұрды.

Қазақстанның ежелгі тарихы – ол ең алдымен көшпелі тайпаларының, біздің заманға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Волга мен Алтай арасындағы далаларды меңгерген, көшпелі мал шаруашылығы, этникалық тайпалар тарихы немесе қазіргі тілмен айтқанда даланың ұлттық келбеті үшмыңжылдық тарихы жолында өзгеріп отырды. Осы кезеңде темір табылған.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдығында қазақ далалырында сақ көшпелі тайпалалардын пайда болу кезеңі.

Екі жарым мыңжыл бұрын иран патшасы Дарий І өзінің малайларына көрші атымен Бехистун деп аталатын ең биік шыңға ұзақ жазу жазуға бұйрық берді. Ол жазба жерден 105 метр қашықтықта болғандықтан оны оқу мүмкін емес еді. Дарий әрқилы оқиғалар, соның ішінде ежелгі Қазақстан аумағындағы оқиғалар туралы сыр шертеді. Онда Сырдарияның солтүстігінде өмір сүрген халықтар сақ деп аталған.

Жазбаша деректерге сүйенсек, олар қазіргі Қазақстанның барлық этникалық аумағын қамтып, бірнеше топқа бөлінген.

Сақтар құрамында жылнамашылар – тиграхауда (шошақ бөрік киетіндер) Жетісуды мекендеген сақтарды, Орта Азия мен Аралды мекендеген массагеттерді және даиларды, Орта Азия және оңтүстікті мекендеген (хаома ішімдігін дайындайтын) хаомавара сақтарын, алтын аңдаған грифтерінде сақшылық еткен, яғни Алтай және Шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспа сақтарын, Орталық Қазақстанда исседондарды, шығыста – савроматтарды, савроматтардан кейін Геродот бойынша, Оңтүстік Оралды мекендеген аргипейлер және Қаратеңіз жағалауында қоныстаған парадарайя – немесе скифтерді (немесе парсылар оларды теңіз сақтары деп атаған) атайды.

Ежелгі грек және рим жылнамашылары Ұлы даланың көшпенділер әлеміне Қаратеңіз ерте ирандық көшпелі тайпаларының бірінің аталуы -–скифтер атауымен атаған. Ол туралы біз Геродоттың “Тарих”, Страбонның “География”, Плиний еңбектерінен білеміз.

Сақтар да, скифтер де және савроматтар да Дунай мен Хуанхэ аралығында қалыптасқан бір этномәдениеттік қауымдастықтың бөлігі.

Сақтар мен скифтер Ұлы даланың алғашқы, ежелгі әлемге кеңінен танымал, көшпенділері болды және оның ролін бағалау өте қиын. Қазіргі Иран аумағында орналасқан Лидия патшалығымен Парфия үшін, оңтүстік Түркмения мен Солтүстік Иран біздің заманға дейінгі І мың жыл бұрын шайқасқан Сақ патшасы Заринаның ерліктері туралы деректер сақталған. Бұл сақ эпопеясының бастамасы еді. Оның жалғасы парсы патшалары Кир мен Дарий І-нің сақтарға қарсы Окс (Амудария) және Яқсарт (Сырдария) “теңіздік” – яғни қаратеңіз жағалауын мекендеген сақтар (парадарайя) үшін әскери жорықтары болды. Орта Азиядағы сақтар тайпасы – массагеттер парсы иелігіне қарсылық білдірді.

Олар Қазақстан даласында және Орта Азияның Каспий теңізінің шығысын мекендеген. Кир Амударияны өтіп, осы жерде массагеттердің сұрапыл шабуылына ұшырап, толық талқандалған. Геродот, бұл шайқасты және Кирдың Томирис патшасы қолынан қаза табуын жете баяндай отырып, Томирис патшасы Кирдың шабылған басын “Сен қанға құмар едің, енді іш оны” деп қанды қапқа тастады деп сипаттаған.

Кирдың өлімінен кейін Ахеменидтер империясын ылаң биледі. Сақтар өз тәуелсіздіктерін орнатты. Бірақ біздің заманға дейінгі 552 ж. билік басына Дарий І келіп, 519 жылы сақтарға қарсы жорыққа шықты.

Бірақ массагеттерге қарсы, Дарий І-ші бастаған келесі 518 жылғы жорық нәтижесіз болды. Міне, біздің ертедегі ата-бабаларымыздың жаугершілік пен құлдыққа қарсы, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінің бізге жеткен даңқты да, қайғылы беттері осындай.

Ежелгі Қазақстанның сақ және савромат тайпалары сол заманның әлемдік саясатында зор роль атқарды.

Батыс Қазақстан және Жайықты мекендеген савроматтар Қаратеңіздің скифтерімен көршілес қоныстап, олармен сауда саттық жүргізіп, әскери одақтар құрған. Сақтар мен савраматтар Орта Азия мемлекеттерімен Хорезм, Бактриямен өте ертеден тығыз байланыста болған. Ерте заманның көптеген тарихи оқиғаларына қатысқан Кир сақтармен тек шайқасып қана қоймай, олардың көмегімен де пайдаланған. (Мысалы, Лидия патшалығымен соғыста) Грек – парсы соғыстарында сақтар парсы жағында шайқасқан. Сақтардың атты әскері ерекше көзге түсті. Біздің заманнан 490 жыл бұрын Марафон шайқасында гректермен сақтар парсылардың әскери қатарында болды. Фермопил шайқасында да олар парсы патшасы Ксеркстің әскері қатарында спарталықтарға қарсы да күресті.

Сақтар Александр Македонский әскерімен де шайқ асты және Ахеменидтердің Ұлы Парсы мемлекетін талқандап, Үнді және Орталық Азияға жетті. Сақтар Макендонский әскерімен бірінші рет - Ахеменидтер әскері құрамында, олардың одақтастары және жалдамалы әскері ретінде кездесті.

Сақтар өздерінің әскери қасиеттерімен, әсіресе, атты әскер, жаяу әскер тактикасын меңгеру шеберлігімен белгілі болды. Олардың қарулары – садақ, найза, сауыт, мыс айбалта және жеңіл қалқаннан болды. Атты әскердің сауыт – сайманы негізінен сауыт және өмілдіріктен тұратын еді. Сақ әйелдері ерлермен бірге барлық шайқастарға қатысты және ерлерден еш қалмайтын еді. Сақтардың атты әскерін ежелгі гректер ең жақсы деп санаған. Мұндай әскер өте мықты және жеңімпаз. Сақтар өз шайқастарында атты әскерді негізгі күш ретінде жаудың дәл ортасынан шабуылдаушы күш ретінде пайдаланған.

Сақтар атты әскер мен жаяу әскерді өзара байланыстыра білді. Сырдариядан өтуге ұмтылғанда А.Макендонский санына ауыр жарақаттанған, ал Сырдария қалаларын қоршауда басынан және мойнынан ауыр жарақат алған. Бұл кезде сақтар Спитаменның басшылығымен Макендонияның Мараканд қазіргі Самарканд қаласын қоршауға алған. Александр асқан еңбекпен сақтар шабуылын тойтарды.

Сырдарияны мекендеген сақтар өз туәелсіздігін сақтап қалды. Шын мәнінде олар Македонскийдың Шығысқа жылжуын тоқтатты.

Сақтардың бір бөлігі, даи тайпасынан шыққан, немесе дақтар кейіннен, Александрдің Индияға жорығында, оның одақтастары болды. Біздің заманға дейінгі ІІІ ғасырға қарай Каспий маңайында, Батыс Қазақстанда билік сақтардың дақ тайпаларына көшті. Олар өздермен туысқан массагет тайпаларын, савроматтарды ығыстырып, үстемдігін орнатты.

Ал Жетісуда бұл кезеңде- мәдениеті сақ типтес тайпа – исседондықтар үстемдік етті. Қазақстан сақтары – арийлықтардың тікелей ұрпақтары. Сонымен бірге сақ дәуірдің басынан бастап ежелгі дала адамдарының бет әлпетінде өзгерістер бола бастады. Халықтың екі тобының араласуы басталды. Европеоид – Индоевропалықтардың немесе басқа ирандықтардың - Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі монголдармен; және Шығыс Азия – алтай тілінің шығу Отаны, ал одан қазақ тілі жататын түркі тілдері тарайды. Сақтар дәуірі қола ғасырдан темір ғасырға – скифосақтайпалары ғасырына өту кезеңі болды. Қазақстанның ежелгі дала жұртының өмір сүру бейнесі күрт өзгере бастады. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы - бұрын пайдаланылмаған кең байтақ дала алқаптарын шаруашылық айналымға енгізуге әкелді. Қара мал енді жылқымен алмастырыла бастады. Бұл көшу бағыт жолдарын ұзартуға және оларды жыл мерзіміне байланысты жасауға мүмкіндік берді..

Сақтар қоғамы бірыңғай болған жоқ, олардың арасында байлар мен кедейлер болды.

Сақ қоғамының сараланып жіктелуінің ең бір көрнекті. Мысалы Ыссық қорғанында - Алматы маңайында, ақ сүйектен шыққан жас сақ көсемінің сүйегі табылды (Алтын адам). Әскери қоғамның ең жоғарғы сатысында патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қолында едәуір билік болған: яғни олар бейбітшілік пен соғыс мәселелерін, елшілер жіберу, одақтар жасасу, әскерді басқару мәселелерін шешкен. Көбінесе олар әйелдер болған және бұл деректер Қазақстан даласындағы әйелдердің ролінің зор екендігін дәлелдейді.

Сақтарда патша билігі – “халық жиналыстары” деп аталатын барлық ер адамдар - әскери тайпалық аристократия бағыт беретін шешімдермен шектелген. Осындай қоғамдық құрылым әскери демократия деп аталған. Әскердің мақұлдауын ала алмаған патшалар биліктерін жоғалтуы мүмкін еді. Мүлік теңсіздігі қоғамда әлеуметтік жікшілікті күшейткенмен, басты роль атқара алмады. Сақтарда - ақсүйек рулардан шыққандығы, жеке әскери ерліктері байлықтан жоғары бағаланды. Сақтар мен скифтердің материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың мақтанышы болды. Қазіргі киімнің негізін құрайтын ұзын шалбарлар мен қысқа шекпендер, сақтар мен скифтерден қалған. Сақтардың рухани мәдениеті мен діні туралы бізге бәрінен артық олардың қолынан шыққан өнер ескерткіштері айтып береді. Сақтардың құдай әлемі туралы көзқарастары арийлықтардың көзқарасына жақындығы сөзсіз.

Сақ өнері, сақ-скифтік аңдық стиль – сақтар дүниетанымының мифологияға кейіптелген бейнелеу өнері.

Сақ өнері - әлемдік мәдениеттің көрнекті құбылысы болып табылады. “Аң стилі” – бүкіл даланы және оның сыртына да кеңінен тарап, өзін жасаған халықты да озып кетті. Ыстықкөл, Бесшатыр қорғандарында молаларда аң стилінде жасалған алтын бұйымдар табылған. Әрине, сақтар көшпенділер өркениетін жеткізушілер болып табылады. Сауда жүргізген, себебі кең байтақ далаларда Қытай мен Қаратеңіз аралығында халықаралық транзиттік жол өтеді.

Сақтардың қолына Қытай жібегі, иран кілемдері түсіп тұрған, ал өз кезегінде олар басқа елдер мен халықтарға өздерінің мәдени және өнер жетістіктерін беріп отырған.

Сақтар қазақстанның кең байтақ даласында көше жүріп, ежелгі өркениетті көрші елдермен, тұрақты жерлер аудандармен қарым қатынаста болған. Экономикалық, саяси мәдени байланыс, яғни өзараықпалдастық және көшпенділер мен отырықшы өркениетінің өзара байланысын нығайтуға әкелді.

Үйсін және қаңлы мемлекеттері

Сақ салт дәстүрлерінің негізгі жалғастырушылары Жетісу үйсіндер мен Сырдария бойындағы және Жетьісудың оңтүстік Сырдариядағы қаңлы патшалығы, немесе қаңлылар біздің заманның ІІ ғасыр бұрын үйсіндер тайпасы Жетісуға Орта Азиядан келді. Біздің заманның ІІ ғасырға дейінгі кезеңде олар сақтарды басып алды және өздерінің “гуньмо” титулды билеушісі басқаратын иелік орнатты.

Үйсіндер Іле алқабында, Шу өзені, Талас өзендері бойында мекендеп, Қаңлылармен тұрған. Шығыста олардың көршілері ғұндар, оңтүстікте Ферғана болды. Үйсіндер туралы алғашқы деректер біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда пайда болған.

Үйсін – 30 мың тұрғыны бар, 188 мың әскері оның ішінде 30 мың атты әскер және жаяу әскерлері бар көп халықты мемлекет.

Үйсіндер мемлекетінің аумағы кең - солтүстікте Балқашқа дейін, батыста Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатқан. Жоғарғы билік иесі Күнбек болған. Оның ордасы және мемлекет астанасы – бекіністері мен қорғаныстары бар қызыл алқап қаласы Чигучен болған. Үйсіндер ғұндарға қарсы қытайлықтармен одақ құрды, бұл Қытайдың олардың елдеріндегі ықпалын күшейтіп, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды, әсіресе, қытайлықтардың таққа мұрагерлік ісіне кірісуі ерекше наразылық туғызды. Осындай таластар үйсіндер мемлекетінің екіге бөлінуіне әкеп соқты:

1. кіші күнбек;

2. ұлы күнбек билігі пайда болды.

Бұл оқиғалар біздің заманға дейінгі 64-51 жылдар аралығында орын алған. Бірақ, біздің заманымызға дейінгі 45-14 жылдары күнбек Цылими басқарып тұрған кездері – Үйсін мемлекетінің гүлдену кезеңі. Үйсіндердің күші мен құдіреті туралы, олармен одақтастық қатынастарға ұмтылуларына әулеттік некелер дәлел бола алады. Көптеген Қытай, Ғұнн ханымдары күнбектерге әйел болды. Қытай әулеттік жылнамасында үйсін мемлекетінің тарихы ІІІ ғасырға дейін жеткізілген.

Үйсіндер кезеңінен көптеген сол кездің тұрмыстық дәлелдері қалған: мысалы ағаштан, балшықтан жасалған дөңгелек – терең ыдыстар, жебенің темір ұштары, семсерлер, қанжарлар, түйреуіштер, қымбат тастардан жасалған әшекей бұйымдар: сырға, білезіктер, айналар.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырға дейінгі қаңлы хандарының пайда болуы Орта Азиядан юэчжи тайпасының көшіп келуімен байланысты. Юэчжи тайпасы бұрынғы сақтар жерін үйсіндермен бөлісті. Біздің дәуір межесінде Қаңлы жерінде 600 мың жұрт мекендеген, оның 120-мыңы әскер, орталығы Битянь қаласы болған.

Қаңлы үйсін ығыстыруына ұшырап ғұндармен одаққа кірді. Олармен келісім әулеттік сабақтастық некесімен бекітілді. Шығыста үйсіндерден сақтана отырып, қаңлылар батыс көршілерімен Арал, Орта Азиямен байланысқа ерекше көңіл бөлді. Үйсіндер мен қаңлылардың өзіндік қасиеті, олардың қоғамдары классикалық көшпенділер де классикалық егіншілер емес еді. Үйсіндерде мал шаруашылығы егіншілікпен, ал көшпенділік өмір жартылай көшпенділікпен қабаттасып отырды.

Қоғамның бай мен кедейге бөлінуі, сақтардан гөрі үйсіндерде анығырақ білінеді.

Қытай «тарихының әкесі» Сыма Цянь үйсіндерде жылқының көбінің, әсіресе байларда 4-5 мыңға дейін жылқы болғанын айтады. Үйсіндер қоғамында құлдық та болған. Құлдықта тұтқындар болған. Үйсіндер ірі мал өсірушілер болған, негізінен жылқы өсірумен шұғылданған, ал қаңлылар егін шаруашылығымен көбірек шұғылданған. Олардың шаруашылығын мал және егін шаруашылығының кешенді түрі деп атауға болады. Олар мыс, қорғасын, қалайы, алтын шығатын кен орындарын зерттеп, темір балқытып одан қанжар, семсер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі түсті тастардан және бағалы металдардан моншақ, сырғалар жасаған.

Қаңлылар жөнінде де осыны айтуға болады, олардың мәдениеті негізінен отырықшы егіншілердің мәдениеті. Қаңлылар қоныстарында шаруашылық қабырғалар мен суға толған орлар болған.

Біздің заманға дейінгі ІІ-І ғасырда Қаңлылар өз ақшаларын шеккен, қолданыста олардың өз теңгелері болған.

Алып кірпіш құрылыстар, күрделі сәулет өнері сарайлар кешендері, әдемі қабырғалық жазулар - көне қаңлылар патшалығының мәдениетінің жоғарғы деңгейде дамығанын көрсетеді. Олар Қытаймен, үйсіндермен, ғұндармен дипломатиялық қатынаста болған. Үйсіндердің қысымымен ғұндармен одаққа кіреді. Күшейіп алған соң батысқа бет бұрады, яғни солтүстік Кавказ, Солтүстік Қаратеңіз.

Бірақ Ұлы даладағы өмірдегі төңкеріс - түбегейлі дәуірлік оқиға – Шығыстан халықтың Ұлы қоңыс аударуы. Және бұл оқиға негізінен гұндармен, олар хунну, сюнну деген атпен де белгілі, байланысты.

Қазақстан территориясындағы Ғұндар және олардың әлем тарихындағы орны.

Орта Азияның даласында көшпенділердің алғашқы империясы біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда көшпелі ғұнн тайпалары (хунну, сюнну) одағының негізінде Ұлы даланың шығысында, Қазақстан мен шекаралас аймақта құрылған.

Ғұнн этнонимының тууы түсініксіз, бұл негізінен түркі тайпалары құраған саяси бірлестік болды. Ғұндар – монғол типтес нәсілге жататын тайпа, болжамдарға қарағанда алтай тілдер семьясындағы тілдердің бірінде сөйлеген.

Біздің заманымызға дейінгі иелері ІІІ ғасырда даланың толық Орта Азияның тау – даласының қожасы ғұндар болды.

Ғаламат мал табындары, сиыр, қой, ешкі, жылқы табындары далалықтардың басты байлығы болды.

Бейбітшілік кезінде ғұндар 24 рудың ақсақалдарының билігінде болды. Соғыс кезінде олар әскери жасақтар құрды және барлық билік ақсақалдар алқасы сайлаған билеуші – шаньюй қолында болды.

Біздің заманға дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында ғұндар дәстүрлік қатынастардың дағдарысына ұшырады. Оның қорытындысы мемлекет құруға әкеп соқты.

Моденың ғұн қоғамына келуімен өзгерістер басталды. Моде өзінің басқаруына өз иеліктерінің орталығын қалдырды, ал шығыс және батыс иеліктеріндегі жерлерді өзінің жақын туыстарының ішінен басқарушыларға берді.

Моде әскерлері жеңіліс дегенді білмеді. Майдан даласында олар ІІІ отрядты құрады: орталық және екі қанаттағы, олардың әрқайсысы өз міндеттерін жақсы білетін. Тәртіп темірдей қатаң болды; біреуінің жіберген қателігі үшін, бірнешеуінің басын шабатын. Аз уақыт ішінде Моде әскерлері солтүстікте Байкалға дейін, батыста Түркістанға, шығыста Ляохэ өзеніне дейін, оңтүстікте Қытайға жетіп қалды.

174 жылы Моде әлі де күшті болып тұрған юэчжи тайпалардын мықтыларына қарсы жорыққа шығып, олардың батыс облыстарын және үйсіндерді басып алды. Ғұндар Қытайдың Хань империясы үшін нағыз апат болды. Көшпенділерге ешқандай тосқауыл бола алмады. Олар жақындаған кезде барлық жұрт бәрін тастап, бірден жасырынып үлгеретін еді. Тіпті Ұлы Қытай қабырғасы да оларды қорғай алмады.

Ғұндар әскерінің ұйымдастырылуы ондық жүйеге негізделді. “Төмен”ның басында төменбашы болды. Олар мындап, жүздеп, ондап саналды, барлық мылтық ұстауға жарамды ер адамдар осыған кірді. Атты әскерде аттардың түріне қарай анықталатын төрт аттар корпусы болды. Шаньюй ордабасы жеке гвардиямен жақсы күзетілді. Шаньюй әскері құрамында бағындырылған тайпалар отрядтары да болды. Әскердің ең жоғарғы бас қолбасшысы шаньюй болды, барлық мәселелерді сол шешетін еді.

Біздің заманымызға дейінгі 200 жылы Моде қытай әскері императормен қоса қоршап алды, бірақ жақын қашықтықтан соғысу тәсілін меңгермегендіктен және нашар қаруланғандықтан оны талқандай алмады.

Ғұндар өзінің стратегиялық мақсатына жетті – Орта Азияның, оңтүстік Сібірдің көшпенділерін бағындырды,. Ұлы Шығыс Түркістан арқылы Жібек Жолына бақылау қойды, Қытай ғұндарға алым – салық төлеп отырды. Дегенмен ғұндар мемлекеті құлдырауға ұшырады, сөйтіп, біздің заманымызға дейінгі 47 жылы бөлшектеніп ыдырады. Оңтүстік ғұндар басыда Қытай қорғаушылығымен шаньюй Хуханье тұрды, ал Солтүстікте оның інісі Чжи Чжи орта Азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударды. Солтүстік ғұндар өздерінің Қытай мен Монғолдар қолдау көрсеткен оңтүстік туысқандарымен ұзаққа созылған қантөгіс күрестер жүргізді. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың екінші жартысында ғұндардың Шығыс Қазақстан мен Жетісуге көшуі басталды. Батыс Сібірдің угор тайпасымен бірге Жайық бойына, Каспий және Еділ даласына қоныс аударды.

Талқандаудан әзер аман қалған ғұндар ата мекендерін тастап біртіндеп батысқа қоныс аудара бастады. Бұл қозғалыс Қазақстан далалары арқылы өтті.

Қоныс аударудың екінші толқыны біздің дәуірдің І ғасырында басталды. Ол кезде солтүстік ғұндар батысқа қарай көшсе, кейбір тайпалар солармен одаққа кірсе, кейбірі кейін ығысты. Бұл процесс 300 жылға жуық уақытқа созылды., сөйтіп ІІ және V ғасырларды қамтып “Халықтардың Ұлы қоныс аударуы” деп аталды.

Тез арада олар Жайық пен Дон, Арал теңізі аралығында орнықты. Осы жерде кішігірім аумақта ғұндар, алан т.б. тайпалар Иран, Рим империясымен саяси қатынастарға кірді. Олар өздерінің этникалық өзгешеліктерін жоғалта бастады, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияланды.

445 жылы билік басына Атилла - әскери талапты, қатал, билікқұмар келді. 453 жылы Атилла өлген соң, оның әскері ыдырап кетті, ал ол жағдаймен бағындырылған халықтар пайдалана қойды. Ғұндар Қара теңіз жағалауына қашып басқа тайпалармен араласып кетті. VII ғасырдан бастап ғұндар есімі аталудан қалды. Бірақ әлемдік тарихта және көптеген халықтар тарихында ғұндар терең із қалдырды. Ғұндардың Римге жорығынан кейін Рим империясы әлсіреді және тіршілігін тоқтатты шын мәнінде ғұндар Рим империясын жойып жіберді. Олардың қысымымен көптеген тайпалар өздерінің тұрақтарын, этникалық құрамын тіпті түр әлпетін өзгертті.

Ғұндардың Қазақстан аумағына жалпы басып кіруімен жергілікті халықтың антропологиялық сипатының өзгеруі де байланысты, бет пішіні монғолоид сипат ала бастады және түрік тілі тарай бастады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: көшпелі шаруашылық, шаньюй, гуньмо, сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, аңдық стиль, әскери демократия.

№ 3 дәріске арналған тексеру тесті

1 Сақ тайпалық одақтары қай уақытта пайда болды

А. 1- 2 ғ.ғ. б.з.

Б. 5- 6 ғ.ғ. б.з.б.

В. 1- 2 ғ.ғ б.з.б.

Г. 3-5 ғғ. Б.з.

Д. 4-5 ғғ.б.з.

2. Үйсін мемлекеті Қазақстанда қай ғасырларда қалыптасты

А. 2 ғ. б.з.б.

Б. 3 ғ. б.з.б.

В. 1ғ. б.з.

Г. 2 ғ. б.з.

Д. 3 ғ.б.з.

3. Қаңлы мемлекеті қай ғасырларды өмір сүрген

А. 4 ғ. б.з.б

Б. 2 ғ. б.з.б.

В. 3 ғ. б.з.б.

Г. 4 ғ.б.з.

Д. 5 ғ.б.з.

4. «Ұлы қоңыс аудару» қай ғасырларда Қазақстанға жалғасып өтті

А. 1 ғ. б.з.б.

Б. 1 ғ.

В. 3 ғ.

Г. 4 ғ.

Д. 5 ғ.

5.Сақ тайпалары – массагеттер қай территорияны мекендеген

А. Жетісу

Б. Сырдария

В. Батыс Қазақстан

Г. Сары-Арқа

Д. Солтүстік Қазақстан

4 дәріс. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер (VI – X ғасырлар)

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы ерте ортағырлық түрік мемлекеттерінің этноәлеуметтік құрылымдық жүйесі, саяси өмірі, көшпелі экономикасы, этникалық үрдістерінің ерекшеліктері ерекшіліктері туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Түріктердің шығу тегінің мәселелері.

  2. Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы.

  3. Түркештердің тарихы.

  4. Қарлұқ, Қарахан қағанаттары

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.

  2. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

  3. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  4. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  5. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  6. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Түріктердің шығу тегінің мәселелері.

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.

Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.

551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Жергілікті тұрғындар, түркі тілдес жақындығы және сақтар ұрпақтары үйсін, қаңлы тайпалары Солтүстік батыс Қазақстанды мекендегендер Түркі қағанатына кірді, немесе батысқа қашты.

Өздерінің жаулап алу жоспарларын олар тыңғылықты дайындаған. Бірінші кезекте Иранмен одақ құрды, ең басты бақталасы Каспий теңізінен Индияға дейінгі және Шығыс Түркияға дейінгі кеңістікті алып жатқан Эфталит патшалығын жойды. Түркі Эфталит соғысынан кейін түркі -иран одағы ыдырап шиеленіске әкелді. Бұл жағдайда түркілер Иранның жауы – Византиямен одаққа кірді. Сол мақсатпен 567 жылы Византияның императорына, Константинопольға түркі елшілігі Маниах бастап келіп, Иранға қарсы Қиыр шығыс пен Орта теңізді байланыстыратын сауда жолын бақылау үшін әскери келісімге отырды. Түркілердің сауытты атты әскері 568-569 жылдары Иранға нәтижелі жорық жасап, бірнеше бай қалаларды жаулап алды.

Түркі әскерлерінің жоғарғы әскери шеберлігі қағандарға онжылдықтар бойы VI ғасырдың ІІ-ші жартысында Азия мен Еуропада үздіксіз соғыстар жүргізуге мүмкіндік берді. Түркі әскерлері ондық жүйе бойынша бөлінді. Әскер ісінде түркілердің майысқан қылыш жаңалық болып кірді. 571 жылы Естемі-қаған әскери қимылдарын Еділ жағалауына ауыстырып Солтүстік Кавказды жаулап алды және Боспорға (Керчь) шықты. Сонымен, өзіне байланыстары нәтижелі бола бастаған Византияға қарай айналып өтетін жол ашты. 575-76 жылдары Истеми-қағанның қазасынан кейін, оның Ұлы Түріксан, Византияның аварлармен келіссөздеріне қанағаттанбай, Қырымға басып кірді. Түркі экспансиясының негізгі бағыты – шығыс болды, яғни көшпелі халықтардың өмірлік жауы Қытай.

Шығыстан Батысқа қарай керуендер жүретін Ұлы Жібек жолының бойындағы көптеген сауда қалалары Түркі қағанаты бақылауына көшті және берілді. Түркі қағанаты өздерін құлдықтағы елдерінің халықтарымен сыпайы ұстауы, жергілікті салт дәстүрлермен санасуы, жергілікті құдайларды тануы да оларға өз септігін тигізді.

Мемлекет басшысы – қаған болды. Одан кейінгі бірінші тұлға – жабғы – ол қаған тұқымынан, бірақ мұрагер бола алмаған. Мұрагер – тегін атауына ие болды. Көшпенділер рулар мен тайпаларға бөлінді, оларды колбасшылары басқарған. Көшпелі халық он атқыштан тұратын тайпалық одаққа бөлінген (бұдын). Бұл рутайпалық ұйым емес, әскери әкімшілік түрі болған. “Атқыштар” құрамына жалпы бір атпен бірнеше тайпалар кіруі мүмкін. Әр атқыш бір төмен шығаруы керек, әскер саны 10000 және оның басында ұлы қолбасшысы – шад, қан принципі бойынша әр қайсысының өз әскери туы болған. Барлық онатқыштар батыс және шығыс одағына 5-5 тен бөлінген. Бұл жағдай кейіннен мемлекеттің ыдырауына саяси жол ашты. Жаулап алған елдердің аумақтарын бағындыру үшін әр елде басқарушылары тағайындалды. Басқарушы болып олардың балалары емес, інілері немесе жиендері тағайындалды. Қан ханзадалары тақтан дәмеленіп өз басқаруларына үлестерін алып отырды. Сөйтіп, осылай үлес жүйесі – ерекше тақмұрагерлік тәртіп қолданылды. Қазақ даласында феодалдық қатынастар түріктердің келуімен және жерді қан ханзадалар шадтардың олардың тайпаларының әскери ондық тәртіппен жеке үлеске бөлуімен келді. Әскери ақсүйектер ерекшеленді, бірақ негізгі халық – қарапайым көшпенділер, олар әскерді құрайтын да және ру қолбасшысына бағынышты.

Өндірістік күштердің төмен деңгейі және көшпелі мал шаруашылығы рулық тұрмыс салтын сақтауға ықпал етті. Үлестер үлкен аталық отбастарына тиесілі болды. Қағанаттың әлеуметтік құрылымының негізгі белгісі - әскери және тайпалық құрылыстар қосарлануы болды. Соғыс және соғысқа ұйымдастыру халық өмірінің тұрақты қызметі болды. Билік институты – халықтың әскери көсемі тұрақты лауазымды тұлға бола бастады. Шенеуніктердің алып жүйесі құрылды. Олар өз қолдарында әскери және азаматтық функцияларды - жабғы, шад, түтүктер және басқалары қызметтерге мұрагерлікке ие болды. Соғыстар әскери қолбасшының беделін күшейтті. Отбасылық құлдық болды. Мұндай мемлекеттердің негізгі күштері – оның әскері және басқару жүйесі болды.

Әскери көшпенділер аристократтарының билік үшін таласы, бұл кезде ыдырауды басынан өткерген Қытай мен Ираннан сыртқы қауіп, табиғи апаттар – жұт (малдың қырылуы), даладағы аштық, жергілікті халықтың көтерілістері жас түркі мемлекетінің беделін түсірді. Осы себептердің жиынтығы 603 жылғы Түркі қағанатының екі дербес мемлекетке бөлінуіне Шығыс және Батыс әкелді.

Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы.

Батыс – Түрік қағандығының территориясы: Алтай тауынан Тянь-Шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап, батыстқа Арал теңізі мен Каспий теңізіңе дейін созылған кең алқапты алып жатты.Қағандықтың негізгі тірегі ежелгі үйсіндердін атамекенінде – қазіргі Жоңғар ойпаты мен Жетісуда еді.

Батыс Түрік қағанатының аталуы “он екі ел” – яғни 10 оқтың мемлекеті, орталығы – Шу өзені аймағындағы (Жетісу) Суяб қаласы. Ол Түркі елі жаулап алған барлық жерлерінің; батыста – Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан далалары және Солтүстік Кавказдың мұрагері болды.

Осы ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес тайпалар: үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қарлық, теле, басмыл т.б. тайпалар Батыс-Түрік қағандығының құрамына қосылды. Батыс-Түрік қағандағы құрылған кезде шығыс жақтан келген түркі тілдес көшпелі тайпалар бұрыннан осы өңірді мекен еткен үйсін, қаңлы ұлыстарына араласып, етене болып, сіңісіп кетті.Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі, Мәуараннахрдағы, Орта Азияның тағы басқа жерлеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс-Түрік қағандығына тәуелді болды. «Ұлы Жібек жолы» бұл елді басып өтті.Бұл жол сауда-саттықтың өркендеуіне жол жағалауындағы қалалардың көркеюіне игі ықпал жасап отырды. Сауданың өркеундеуіне байланысты ақша айналысы жарыққа шықты, сауда мен қолөнердің орталық қалалары гүлденді. Олар: Құлан, Неуакет, Тараз,Мерке қалалары еді.Қалаларда өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, ағашшылық, тері өңдеу, тағы басқа да қолөнер кәсіптері өркендеді.

Шығыс Түркі қағанаты Түркі қағанатының шығыс иелігінің Қытайға дейінгі шекарасын қамтыды және оның орталығы Монғолияның Орхон өзені бойында болды.

Бұл екі қағанаттың бір біріне көп айырмашылығы болды. Егер Шығыс түркі қағанатында көшпелі өмір салты басым болса, Батыс қағанатта халықтың бір бөлігі отырықшы өмір сүріп, егіншілікпен, қолөнермен және саудамен айналысқан.

Қоғамдық ұйым да күрделене түсті. Тек бір ғана Шу алқабында VI-VIII ғасырда 18 ірі қала және басқа көптеген елді мекендер болған. Қалалар – Суяб, Тараз. Батыс-Түркі қағанатының гүлдену дәуірі Шеху (618-619 жж) қағаны және Тон-жабғы (618-630) мерзіміне жатады. Олар өздерінің ата бабаларының құдіретін жаңғыртып, әскери күшпен өз империяларының шекараларын Амудария мен Гиндушқа дейін ұлғайтты.

627-28 жж Тон-жабғы өзі бастап әскерімен Ираклий Византия императорының Кавказға жорығына қатысты.

Түріктер Чарда (Дербент) сүбелі олжа – Тбилисиді жаулап алды.

Орта Азияда да ісі алға басты, онда Тон-жабғы өзінің билігін солтүстік Жетісудан оңтүстік Ауғанстанға, солтүстік батыс Түркістанға дейін күшейтті. Тон-жабғы кезінде қағанат қуаты ең биік шыңға жетті. Ол қуат бірақ тез бітті, өкінішке орай тарих қайталанды, сөйтіп Батыс- Түрік қағанатын оның алдындағылардың тағдыры күтті. Өзара келіспеушіліктің нәтижесі Жетісуға 657 ж. Қытайдың Таң империясы әскерлерінің басып кіруі және батыс түркі мемлекетінің ыдырауы болды. Тан империясы батыс түркілерімен басқаруға кірісіп және ол істерде VII ғасырдың аяғына дейін жетістікке жетті. Тан династиясы көптеген түркілеуді қызметке тартты. Негізгілері – қарапайым жұрт, көшпелілер, қара бұдын қағанатта көшпелі жартылай көшпелі тайпалар мекендеген, отырықшы егіншілік аудандарда негізінен соғдылықтар.

Жаулап алған елдерінде бұдын – басқарушылар болған, олар алым – салық жинап, қаған ордасына жіберіп отырған.

Ондықтар тайпасы бес-бестен бөлінген. Дулудың бес тайпасы Сұябтан шығысқа қарай орналасып, нушибидің бес тайпа Суябтан батысқа қарай орналасқан. Уақыт өткен сайын әскери - әкімшілік жүйе өзін жойды.

634 жылы билік басына нушибиларға сүйенген Елтірі Шыр қаған келді.

Ол әскери - әкімшілік жүйені жаңғыртқысы келді. Жаңа өзгерістер тайпа көсемдерін (еркін және чорларды) қаған өзі тағайындап бекітетін, өзіне туәелді басқарушыға айналдырды. Әр бестікке – қаған руының өкілі – шад жіберілді. Ол ешқандй тайпа ақсүйектерімен байланыссыз және орталық билік мүддесін қорғайды. Бірақ бұл шаралар да жеткіліксіз болып тайпа аралық және династикалық күрес басталды. Ал дулу мен нушиби арасындағы күрес 17 жылға (640-657) созылды.

Осыдан кейін қытайлықтар қағанат аумағына басып кірді. Тан империясы қағанатты VIII ғасырдың басына дейін өздері таңдап алған қағанат руынан шыққан өкілдер арқылы басқара бастады. Батыс түркі мемлекетін түргеш тайпасының көсемі Үш–Елік қалпына келтіріп, жаңа Түргеш қағанатын құрды.

Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ-ХІІІ ғғ) Батыс-Түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған қытай императорлық әулиетінің саяси-әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіруіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. Батыс-Түрік қағанатындағы тайпалардың арасында түргеш тайпалардын ықпалы күшейе берді.

Түркештердің тарихы.

Қағанаттың негізін қалаушы Үш–Елік қаған билік басына 699 жылы Жетісуда келіп, Жетісудан қытайларды қуып шығып, мемлекетті Түргеш қағанаты деп атады. Мемлекеттің бас ордасы – Шу өзеніндегі Суяб қаласы.Осы қағанаттын бөлігінде қара түргеш тайпалары билік етті. Екінші кіші ордасы Іле өзеніндегі Кұнгіт қаласында болды.Ал кіші орда деген бөлігінде үстемдік сары түргеш тайпаларында болды. Күнгіт және солай аталанатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда 11 ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айталығанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен(яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста – хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Турфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатқан.».

Үш-Елік елді 20 облысқа (түтүктерге) бөлді, әрқайсысында 7000 әскер бар. Үш-Еліктің мұрагері Сақалдың кезінде тайпалық аристократтардың алғашқы бүліктері басталды. Оларды Қытай қолдады. Сақал әскері Қытай әскерлерін талқандады. 679-87 жылдары шығыс түркілері өздерінің тәуелсіздігі үшін қытаймен күрес нәтижесінде өз мемлекеттігін қалпына келтірді және енді Шығыс-Түрік мемлекеті шығыстан қауіп төндіретін болды.

Тургешер екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұратын болатын. Үстемдік үшін күрестін барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды.

711 жылы Шығыс-түрік әскері Қапаған – қаған Сақалды жеңіліске ұшыратты. Қара түргештер осы күрестен жеңіп шықты. Қара түргеш әскерінің қағаны, қолбасшысы және қаған руының мүшесі Сүлықпен қоса Сырдарияның арғы бетіне, Оңтүстік асып кетті. Олардың соңынан 712-713 жылы шығыс түрік әскері Тоньюкук басшылық еткен және Елтерінің балалары, болашақ Бильге қаған және Күлтегін, Соғдтан бірақ шықты. Осы жерде олар арабтармен Соғд жағында соғысып араб әскерінің қолбасшысы Күтейбаймен талқандалды, 714 жылы кейін шегініп Алтайдағы көтеріліс жасаған тайпалар қарсыластығынан отырып Орхонға қайта оралды.

Сұлық Жетісуға қайта оралып, өзін (715-738жж) қаған деп жариялады. Әскери - әкімшілік билік қара түргештердің тайпасына көшті, олардың ордасы бұл кезде Таласқа (Тараз) ауыстырылған еді. Бірақ негізгі әскери Сұлықтың белсенділігі батысқа бағытталды, онда ол арабтарға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің күресіне қосылды. 720-721 жылдары Соғдта түркілер арабтармен күрес жүргізді. 728-729 жылдары Самаркандта және Бұхарадағы халықтардың арабтарға қарсы ірі көтерілістерінде соғдылықтар түргеш қағандардан көмек сұрады.

Түргештер Соғдқа басып кіріп оны арабтардан босатуға жақындап қалғанда, 732ж Джунейд Абдалла түргештерді талқандап Бұхараға кірді.

737ж. түргештер Тохаристанға (Амударияның жоғарғы жағы) келді және арабтардан жеңілген Сұлық өлтірілді.Бұл “сары” және “қара” түргештер арасындағы билік үшін жиырма жылдық күрестің басталуына әкелді.

746 жылы Жетісуда Алтайдан Тарбағатайдан қарлұктар қоныс аударды. Өзара кикілжің күресте және арабтармен соғыста түргеш қағандар өз күштерін жоғалтып, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Осы кезеңде қытайлықтар белсенді саясат танытты. 748 жылы Қытайдың Шығыс Түркістандағы басқарушылары өз әскерлерін Суяб қаласына қарай бағыттап, оны жаулап алды, сонымен бірге Шаш (Ташкент) қаласын. Көмекке арабтар келді. 751 жылы Атлаг қаласы, яғни Тараз маңайы Талас өзенінде арабтар мен Қытай әскері бетпе-бет кездесті. Бірнеше күн олар ұрысқа кірісе алмай тұрды. Бесінші күні қытайларға тылдан қарлұқтар соққы жасады, сол уақытта барлық майдан шебімен арабтар шабуылға кірісті. Тан әскері қашып кетті.

Осы шайқастан кейін Орта Азия мен Қазақстанда арабтар беделі басым болды, бірақ оларға қарсы күрес тоқталған жоқ. Арабтарға қарсы күрестегі белсенділік енді қарлұқтарға көшті, олар бұл кезде Жетісуда 756 жылы Түргеш қағанаты орнында өз мемлекетін құрған еді..

Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған.

Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды. Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.

Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады.

742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840).

VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.

Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып, Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.

Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.

840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады.

Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды.

Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.

Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады. Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.

Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.

Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды.

Қарахан мемлекеті.

Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.

940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.

Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған. Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.

Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған. Ол шігілден шыққан және Арслан Қарахан қағаны титулын таққан. Батыс – кіші қаған Яғмадан, Боғра Қарақаған титулын таққан, оның ордасы Таразда, кейіннен Самарқандта болған. Билеушілердің ерекше иерархиясы болған әр қағанда, Арслан - илек және Бағра –илек, Арслан – тегін, Бағра –тегін. Алғаш рет биліктің дуалдық жүйесі бірінші қаған Арслан ханның ұлдары Бағыр Арслан –хан және Оғылшақ Қадыр хан кезеңіне жүзеге асырылып, мемлекеттің ыдырауы ХІ ғасырдың ортасына келеді.

Оғылшақ кезеңінде саманид эмирі Исмаил ибн Ахмадтың 893 жылғы Таразға сапары жемісті басталып қарахандар мен саманидтер арасында Орта Азия үшін ұзақ та қантөгіс соғыстарға әкелді. Соғыстар бір ғасырдан артық уақытқа созылып саманидтердің толық құлдырауымен аяқталды. Олардың қарсыластарының билігі енді Амударияға дейін таралды.

Орта Азия аумағында көптеген қарахан иеліктері құрылды, олардың Баласағұн қағанынан тәуелділігі мардымсыз, ал бір бірімен қатынастары достық қарым-қатынастан алыс еді.

Қарахандардың қалыптасуының негізгі оқиғасы - әулеттің және олардан тәуелді тайпалардың 960 жылы Сатуқ боғрахан басқаруы кезінде исламды қабылдауы болды. Ол исламды қабылдап, ол дінді мемлекеттік деп жариялап, жаңа есім Абд-аль-керім деп қабылдады. Бұл кезде араб мәдениеті, тілі, жазуы Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған еді.

Қарахан басқаруындағы тайпалар отырықшы өркениеттің зор ықпалына түсті. Түркі тайпалары осы жаңа жүйенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарына тартылды, сол жүйенің бір бөлігі болды. Бұл түркілердің исламдануы, осы процесстің классикалық үлгісі – Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекетін басқарып отырған әулет өз алдына саяси мақсат та қойды, яғни исламдандыру арқылы мұсылман елдерінің көмегіне арқа сүйеді. Қарахан мемлекетінің оған дейінгі мемлекеттерден негізгі айырмасы - әскери басқаруы әкімшілік басқарудан бөлінуі болды. Бұл жүйенің мемлекетте орын алуы отырықшы – егіншілікпен айналысатын аудандардың, түркі тайпаларымен жақын орналасуы және олардың отырықшылық өмір құруы мен қолөнермен, егіншілікпен айналысуы болды. Қарахан мемлекеті – классикалық феодалдық мемлекетке неғұрлым жақын болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия ұстамына негізделді. Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт - әскери-лендік жүйе болды. Басқарушылар өз туыстарын, немесе өзіне жақын адамдарды аудан, обылыс тұрғындарына мемлекет есебіне алым салық жинауға жұмсап отырған.

Бұл жылу-жинау “иқта” деп аталған, оны жинайтын адам “мұқта” немесе “иқташы” деп аталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігінде зор роль атқарған. Иқташы жер-жерде мемлекеттік биліктің барлық функциясын атқарған. Барлық өнім өндірушілер, көшпелілер, егіншілер одан тәуелді болған және мемлекеттік өкім ретінде иқташы жинайтын алым салықты төлеуге мәжбүр болған. Үлес – иқтаны ұстаушыларға әскер жинау міндетін билеушілер жүктеген. Өз бағынышындағы тұрғындарға ол әскери қызмет атқаруды міндеттеген. Сөйтіп, жер ұстаушы феодалдар класы – жер иеленушілер – жауынгерлер феодалдық мемлекет қалыптаса бастады, аталық рулық қауымдастықтан бөлінді.

Тұрғындардың негізгі кәсібі көшпелі, жартылай көшпелі мал бағу, сонымен бірге ХІ-ХІІ ғасырларды Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тайпалардың бір бөлігі егіншілікке көшіп, қала мәдениетіне қамтыла бастады. Бір тілдес, жазбалас этникалық қауымдастықтар біріге бастады.

Түркілердің сана сезімінің оянуы Қарахандар кезеңінде түркі тіліндегі мұсылман әдебиетінің пайда болуына әкелді. Осы тілде сол кезеңнің мәдениетінің әр қилы белгілі өкілдері Әл Фараби, Жүсүп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи жазған.

Ақсүйектер үлесінің бөлінуі, мемлекеттің көптеген үлестерге, тұрақсыз иеліктерге әкеп соқты. Икташылардың үлкен құқықтары болды, олар өз ақшаларын соқты. Әрқайсысы билікке ұмтылды, вассалдық қатынастарда жоғарғы иерархиялық сатыға ұмтылды. Бұл ішкі кикілжің туғызды. Қарахандардың саяси тарихында да өзгерістер бола бастады. 992 жылы олар Бұхараны жаулап алды. 999 жылы Қарахандар Газневидтер әулетіне Орта Азиядағы саманидтерді талқандауына көмектесті.

Қарахандар мен газневидтер арасында достық қарым қатынастар қалыптасты. Екі мемлекет шекарасы Амудария болды. Қараханидтер солтүстікте Таразда қыпшақтармен шекаралас, батыста және оңтүстік батыста олар салжықтар және хорезмшахтар қарсылығына кездесті.

ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ыбрахым, Ибн Назир кезеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыс – орталығы Бұқара Мәуәранахрды қоса алғанда, шығыс – оған Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар кірді, астанасы Баласағұн қаласы. Осылайша Қарахан мемлекетінің құлдырауы басталды. Билікке талас басталды. Неғұрлым тыныш кезең Жүсүп Тағрулхан және Богра-хан Харун кезеңі 1059-1074 жылдарда болды.

Олар кезеңінде батыс және шығыс бөліктердің шекарасы Сырдария бойымен өтетін болды. Тағрулдың қайтыс болуынан кейін оның барлық иелігі толық Баграханға көшті (1075-1102).

1089 жылы ол салжықтардың вассалдық тәуелділігіне ұшырады. Олармен соғысты Қадырхан Жабрайыл жүргізді. Салжықтардың ықпалы Мәуәранахрда да күшейді. Біртіндеп Қараханидтар өз күшін жоғалта бастады.

ХІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті шекарасына Қыдандар немесе Қарақытайлар – тунгус - маньчжур тайпасынан шыққан, басып кірді. Олар Жетісуды, Баласағұнды және шығыстың барлық үлестерін жаулап алып батысқа бет алды.

Қарахан – салжық әскерлерін 1141 жылы талқандағаннан кейін мемлекеттің екі бөлігінің де билігі қыдандарға көшті. 1210 жылы қараханидтердің батыс иеліктерінің жағдайы, мұнда осы жерді жаулап алып өз мемлекетін құрған наймандардың келуімен шиеленісті. Бұл кезде қарахандардың батыс бұтағы да толық талқандалған. Осымен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталды. Бірақ Қарахан мемлекеті кезеңі өте маңызды болды және түркі тайпалары тарихында ерекше орын алады. Ол түркі тілдес тайпалардың мәдени, экономикалық өмірінің едәуір алға басқандығымен сипатталады. Көшпенділер отырықшылыққа икемденді, қала мәдениеті өркендеді, жаңа дін қабылданды, түркі жазуының орнына араб графикасы қабылданды.Жаңа саяси жүйе қалыптасты.

Дәрістің негізгі ұғымдары: түрік, қағанат, қаған, этногенез, глоттогенез, «он оқ бұдын», «қарлық бұдын», жабғу, шад-түтік, хақан.

№ 4 дәріске арналған тексеру тесті

1. Түркі мемлекеті қай ғасырларда пайда болған

А. 4 ғ.

Б. 5 ғ.

В. 6ғ.

Г. 7 ғ.

Д. 8 ғ.

2.Орхон руналық жазулар қай түркү өкілдеріне арналған

А. Бұмын-қаған мен Таспара

Б. Мұқан-қаған мен Естемі-қаған

В. Күлтегін және Білге-қаған.

Г. Сақал қаған

Д. Сатық-Богра-хан

3. Түркі жазулар қай уақытта қалыптасты

А. 5 ғ.

Б. 3 ғ.

В. 7 ғ.

Г. 8 ғ.

Д. 9 ғ.

4. Айша бибі кесенесі қай ғасырға жатады

А.11-12

Б. 9-10

В. 13-14

Г. 15-16

Д. 7-8

5. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектін авторы

А. М.Қашғари

Б. Ж.Баласағұн

В. Қ.А.Яссауи

Г. М.Қ.Дұлат

Д. Қ. Жалайыр

5 дәріс. Қазақстан территориясындағы ертеортағырлардағы дамыған мемлекеттер (X- ғ. басы мен XIII ғасыр)

Мақсаты мен міндеттері:

- Х-ХІІІ ғасырлардағы түрік мемлекеттерінің негізгі даму тенденцияларын, мәдениетін және басқада мәдениеттермен өзара байланысын анықтау.

Жоспар:

1. Оғыздар. Кимек мемлекеті.

2. Қарақытай, наймандар мен керейттер.

3. Қыпшақ қағанаты.

4. 6 -13 ғасырлардағы түрік кезеңіндегі ислам өркениеті.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.

  2. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

  3. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  4. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  5. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  6. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

Оғыздар, Кимек қағанаттары

Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ) Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.

Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.

Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.

985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.

Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.

М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.

Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.

ІХ ғасырдың ортасында қазақ даласында саяси сатыға қимақ-қыпшақ тайпалары шықты. 656 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы нәтижесінде Қимақ тайпалық одағы туды. VIII ғасырдың екінші жартысында ІХ ғасыр басында қимақ тайпалары солтүстік батыс Монғолиямен бірге Қазақстан аумағына жылжыды. Солтүстік батыста – оңтүстік Оралға (негізінен қыпшақтар), оңтүстік батыста Сырдария мен Жетісудың солтүстік шығысы шегінде.

840 жылы Ұйғыр қағанаты тарағаннан кейін орталық Монғолияның соған кірген тайпаларының бөлігі (Эймұр, баяндур, татар) қимақ бірлестігіне қосылды. Сөйтіп, сол кезде қимақ федерациясы құрамында 7 тайпадан: Эймур, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, аджлар тұратын қалыптасты. Қимақ тайпасының басшысына «байғү» титулын таға бастады. Ол өз бағынышындағы жерлерде ақсүйек тайпалардан билеушілер тағайындады. Кимек қағанатында 11 басқарушы болғаны белгілі. Қағанның және билеушілердің билігі мұрагерлік арқылы берілетін болған. Сөйтіп, үлестік – тайпалық жүйе қалыптасты. Ол қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, қимақ қоғамында патриархалдық феодалдық қатынастардың пайда болу салдарының нәтижесі еді. Әскери және әкімшілік билік ірі тайпалық бірлестіктердің мүддесін қорғайтын үлесті билеушілер қолында болды.

Ал негізінде олар қағанға бағынса да, әр қайсысы өз бетімен билеуге тырысты. Мемлекеттік аппарат халықты алым салық төлеуге мәжбүр етті, азық түлікпен, соның ішінде алтындай.

Халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы және аң аулау болды. Халықтың негізгі бөлігін – қатардағы қауымдастар құрады.

Тұрғындар арасында егін шаруашылығымен, қолөнермен, балық аулаумен шұғылданатын отырықшы тайпалар болды. Олар ятуктар деп аталған.

Мемлекеттің ішкі саясаты Шығыс Түркістандағы тоғызоғыздарға жортуылдармен және енисей қырғыздарына шабуылдармен анықталған.

Бірақ қимақтар басқа мемлекеттер, мысалы қараханидтер тарапынан шабуылдарға кездесіп отырған.

Қимақ мемлекеті құдіретті держава болды. Бірақ Х ғасырда оның құлдырау белгілері көріне бастады. Үлес басқаруашылары, байтақ, аумақтарды басқарып отыра өз қызметтерінде жалдамалы әскерге ие болды, сондықтан өзін-өзі билеуге тырысты, осы әрекеттер орталық биліктің әлсіреуіне, мемлекеттің ыдырауына әкелді.

Х ғасырдың басында Солтүстік Қытайда қыдан (қарақытай) мемлекеті құрылды.

Бұл мемлекеттің жаугершілік жорықтары көшпелі тайпалардың Жетісудан Каспий теңізіне дейінгі кең байтақ аумақтарына қоныс аударуларына әкеп соқты. Осы көшу қозғалысында қимақ одағының тайпалары да болды. Осының нәтижесінде қазақ даласында қыпшақтар күшейді. Х ғасырда олар өз биліктерін қимақ қағанатының барлық аумағында және Сырдария өзенінің алқаптарында орнатқан еді. Қыпшақ бірлесулерінің қысымымен Қимақ қағанаты өз тіршілігін тоқтатты.

Қарақытай, наймандар мен керейттер.

Қидандар – Солтүстік Қытайдың монғол тілдес, тунгус-маньчжур тайпасы. Олар Маньчжурия мен Уссури өлкесінде мекендеген. 924 жылы Алтай аумағы Тынық мұхитқа дейін қыдан мемлекеті билігіне немесе Ляо империясына көшті.

1125 жылы Қытайлар мен Чжурчжендер тайпалары Ляо империясының әскерін талқандады, сөйтіп ол өз тіршілігін тоқтатты. Қыдан тайпаларының көптеген саны Жетісуға қоныс аударып түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып кетті, олардың соңынан қарақытай есімі бекітілді.

Ляо әулетінің ханзадасы Елюй-Даши қарахандар үндеуін пайдаланып Баласағұн қаласын бағындырып, өз билігін барлық Жетісуға таратты, сөйтіп осында өз мемлекетін орнатты. Оның мақсаты өз мемлекетінің шекарасын Енисейден Таласқа дейін кеңейту болды. Одан кейін олар шығыс Түркістанды қосып алып, жергілікті қаңлы тайпаларын бағындырды. 1137 жылы олар Ходжентте Махмұдхан Мәуәраннахр билеушісін талқандады, ал 1141 жылы Самарқанд маңайында салжық – қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Мәуәранахрды басып алып Бұқараға кірді. Олар сонымен бірге Хорезмге көз салды. Хорезм оларға алым-салық төледі. Батыс қарахандар де алым салық төледі.

Аз уақыт ішінде Жетісу, Қазақстанның оңтүстігі, Мәуәраннахр, Шығыс Түркістан қарақытайлар мемлекеті құрамына кірді. Мемлекет орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекет басшысы – Гурхан болды. Қарапайым көшпелілер көшпелі мал бағумен шұғылданды, әр отбасына салық салу жүйесі кіргізілді. Бұған жергілікті халық наразылық білдірді, сондықтан жергілікті тайпалардың қарақытайлықтарға қарсы көтерілістері болып тұрды. Түркі тайпаларының наразылығын қарақытай Гурхан Чжилугудың мұсылмандық – исламды ығыстыруы туғызды.

1208 жылы Жетісуға, Шыңғыс ханның қууымен наймандар келуімен, қарақытайлар ығыстырылып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.

Наймандар, керейлер – ірі Орта Азия тайпалары, негізінде мемлекеттік бірлесулер болған – жинақты атауы Цзубу – көшпелілер.

Керей мемлекеті Х ғасырдың басында Алтайда қалыптасқан, бірақ олардың тарихы ғасырларға тереңдейді. Деректер VII ғасырда шеп, сеп, байлау, қойлау тайпалары және басқалар Шығыс түркі қағанаты қағанына қарсы көтерілгендігін дәлелдейді. Көтерілісті шеп тайпасының қолбасшысы Керин Еркін бастаған.

607 жылы Керин Еркін хан болып сайланып, Изен-бала қаған титулына ие болған. Оның ордасы Бағда тауларында болды. Ол үнемі түркі қағандарымен күрес жүргізді.

Керей – этнонимының тууы ғылымда әлі толық зерттелмеген. Монғолдардың “Қасиетті аңыздар” мен “Алтын кітабында” ол тайпалардың атауы керейт деп белгіленген. Парсы және көне түркі көздерінде де олар керейт ретінде белгілі.

Рашид-ад-дин керейт тайпаларын: саха, дуба, таңға, алба, қарнын деп атайды. Олар түркі тілдес және телестік одақ тайпалары VII-VIII ғасырда өмір сүрген деген болжау айтылады. Ұлыс мемлекеті 10 ғасырда Шығыс Монғолияның Орхон өзені бойында қалыптасқан.

1007 жылы кереиттер ханы Қытайдың және орта Азияның барлық христиандары бағынатын патриарх метрополит Лаврға несториандық мағыналы христиандыққа алу жөнінде өтініш жасады. Әлемдік діннің бірін мемлекеттік ретінде алу – кереиттер хандығының билігін күшейтті және кереиттер мемлекетін Орта Азиядағы мықты мемлекет қатарына айналдырды.

Кереиттердің Тоғрыл ханының есімі әйгілі, ол өзіне көптеген Монғол тайпаларын бағындырды. Еуропада ол просвитер Иоган, Иоган королі ретінде танымал болды. 1200 жылы Тоғрыл хан монғолдың татар тайпасын талқандады. Онымен бірге осы жорыққа ұсақ монғол феодалы Темучин қатысты, ол 1202-1203 жылдары өз билігі астына бірнеше монғол тайпаларын біріктіріп өз бетінше жорыққа шығуға ниет білдірді. Күшейе түскен Темучин мен кереит билеушісі Тоғрыл хан арасында күншілдік туып, арты ашық соғысқа айналды. 1203 жылдың күзінде кереиттер талқандалып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.

Саха және дубо тайпаларының бір бөлігі монғолдардан Алтайға одан әрі солтүстік батысқа қашып, кейіннен туваларға, хакастар, алтайлықтар құрамына кірді. Сахалардың бір бөлігі Байқал өңірінде Лена бойында мекендеп қалды және якуттер құрамына кірді. Олардың атауының өзі Саха. Көптеген кереиттер Темучиннің Моңғол мемлекетінің құрамына кірді. Кереиттер біртіндеп моңғол тіліне көшті, наймандармен және меркіттермен бірге ойрат тайпасының негізін құрады.

Кереиттердің тағы бір бөлігі Батыс Сібірге және Орта Ертіс, Тобыл, Есіл аймағына кетіп, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін ұйымдастырушылардың бірі болады.

Әулет негізін қалаушы Тайбуға ханы болды. Шыңғысханды монғолдар қуып шыққанша, керейттердің солтүстік резиденциясы Хатун-балық қаласында Хуанхэнің оңтүстігінде болған. ХІІ ғасырдың екінші жартысында кереиттер ұлысы Тоғрылхан кезінде Селенгенің жоғарғы жағынан Хуанхэнің оңтүстігіне дейінгі жерді алған. Олардың наймандармен Қарақытай, ұйғыр, моңғол саяси этномәдениет байланыстары тығыз болған. 1203 жылы оларды Шыңғысхан басып алғаннан кейін керейттер мен наймандар Қазақстан аумағында пайда бола бастады және қазақ халқының орта жүзінің құрамына кірді.

Наймандар: олар аралас этникалық құрамдас. Ғылымда олардың түркі тілдестігі туралы пікір бар. Найман – деген сөз сегіз деген санды білдіреді, конфедерация құрамына кірген тайпалар саны. Көне түркі жазуларындағы тайпалар одағы «Сегіз оғыз» зерттеушілермен наймандарды байланыстырады.

VIII ғасырда оғыздардың тайпалық бірлестігі, Орхон өзенінің бойында Ертістің жоғарғы жағына дейін мекендеген. Сол жерде кейіннен наймандарда мекендеген. Рашид-ад-дин хабарлағандай, Х ғасырда наймандар тайпалық одаққа бірігіп, олардың бірінші билеушісі Наркыш Таян және Инат хан болған. Қырғыздар тайпасын талқандап, наймандар Хангайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді иеленген. Наймандардың бір бөлігі Қарахан мемлекетін қалыптастыруға қатысқан. Х-ХІІ ғасырларда ертефеодалдық қатынастардың дамуына қарай, одақ мемлекетке айналды. Мемлекет Батыс Монғолия және Шығыс Қазақстан жерлерін алған.

Наймандар батыста қаңлылармен қыпшақтармен Ертісті бойлаған, солтүстікте Енисей қырғыздарымен, шығыста керейлермен, оңтүстікте ұйғырлармен көршілес болған.

Әу бастан-ақ наймандар мемлекеті керейлермен көшпелі тайпаларға билік үшін алакөз болған.

ХІІ ғасырдың соңы ХІІІ ғасырдың басында найман улусы екіге бөлінді, оларды Гаян ханмен Буюрук хан биледі.

Өзара кикілжің билік үшін талас наймандарды әлсіретті, 1201 жылы олар керейлерден, 1198-99 жж монғолдардан, 1201-04 жылдары Алтай тауларында жеңіліске ұшырады.

1206 жылы наймандар мемлекеті толық Шыңғысханмен талқандалды. Бұл наймандардың бір бөлігінің Жетісуға көшуіне әкелді, бұл жерде олар аз уақыт ішінде Буюрук ханның ұлы Күшлүк ханның билігіне бірікті.

Күшлүк хан Қарақытай мемлекетінің жеріне еліп, билеуші тағын иеленудің ыңғайлы жағдайды пайдаланып, Жетісуды бағындырды. Бірақ ол ұзаққа бармады, Шыңғыс хан келіп моңғолдардың Қазақстан аумағына баса көктеуі басталды.

Керейлер мен наймандар дамудың бірдей деңгейінде болды. Олар мемлекеттік құрылымдар – ұлыстарға қалыптасты. Бұл билік рулық тайпалық институтының жоғары және барлық этносты әулеттік хандық румен құшағында ұстады. Ұлыстың басында хан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды.

Оның маңызды бөліктеріне күзет қойылды. Хандардың жеке жәйләулары және қыстақтары болды. Ұлыстарда басқару аппараты болды, оған хан ордасының билік органдары, әскер, дружиналар кірген. Керейлер мен наймандар мемлекетінде хан ордасы ерекше орын алған. Ол хан мүлкіне және әскерге басшылық еткен. Керейлер мен наймандарда қарапайым құқық болды. Хан ордасында кеңсе ісі тараған. Құжаттар мөрмен бекітілген, әсіресе алым салық жинағанда және лауазымды қызметкерлер тағайындағанда. Қызмет мұрагерлікпен беріліп отырған. Керейлер мен наймандар Х-ХІ ғасырда Қазақстандағы этногенетикалық процесстерде елеулі роль атқарды. Осы кезеңде олар түркі тілдес тайпалар арасында Қазақстан аумағында пайда болып, соңынан Орта Жүз құрамына кірді. Қазақ этносының күрделі компоненттерінің бірі болды.

Қыпшақ қағанаты.

Қазақстан тарихында ерекше орын алатын – Қыпшақ мемлекеті. Олар қазақтардың тікелей ата бабалары, Дунайдан Ертіске дейін байтақ мемлекет құрған. Қыпшақ хандығы – классикалық көшпелі мемлекет. Қазақстан аумағындағы моңғол жаугершілігіне дейінгі ең ірі, құдіретті мемлекет. Орта Азияда, Еуропада қыпшақтарды қүмандар деп, Русьте – половецтар деп атаған. Қыпшақтар туралы әр тілде жазылған деректер сақталған. Қыпшақтар қимақтардың ұрпағы, қыпшақ мемлекеті құрылғанша қимақ конфедерациясының құрамына кірген. Қимақ қағанаты әлсірегенде түркі тілдес тайпалар Қазақстанның кең байтақ далаларына көше бастады. Олардың ең көбі және ықпалдысы қыпшақтар болды. Қыпшақтардың көне тарихы туралы бізге көп нәрсе белгісіз. Алғашқы рет олар туралы көне түрік көздерінде 760 жылы айтылған. Араб географы Ибн Хордадбек ІХ ғасырда өмір сүрген Қазақстанда VIII ғасырда мекендеген көшпелі қыпшақтар туралы деректер берген.

Қыпшақ тайпалары алғашында Алтайда және Ертіс бойында өмір сүрген және қимақ тайпасының одағына кірген.

Қыпшақ тайпалары сан жағынан өте көп және ержүрек батыл болған, сондықтан олар қимақтардан бөлінуге ұмтылған.

Қазақстанның кең байтақ даласын: Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстанды қамтып, олар Орта Азия және оңтүстік шығыс, Еуропа елдерімен байланысқа кіреді.

ХІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар оғыздарды Сырдария бойынан, Аралдан, Каспий далаларынан ығыстырады.

“Оғыздар даласында” әскери - саяси басымдылық енді қыпшақтарға көшеді. ХІ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақтар қыпшақтар даласы – Дешт-и-Қыпшақ болып атала бастады. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Жайыққа Еділ бойына жылжыды. Қыпшақтар Маңғышлақты басып алды. Сонымен бірге олар Хорезм шекараларына жақын келді. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтарға Қазақстанның барлық дерлік Жетісудан басқа кең байтақ аумағы бағынды. Шығыс шекарасы Ертісте, оңтүстікте – Талас өзені бойында, солтүстікте – Батыс Сібір орманы. Осы кеңбайтақ аймақ Дешт-и-Қыпшақ деп аталған.

Олардың Еділ үшін қозғалысынан кейін олар Русьте танылды және Шығыс Еуропа Византияға танылып, олардың шекарасы Днестрға дейін жетті. Қыпшақтар мемлекеті екі ірі этноаумақтық бірлестік құрды: Батыс қыпшақ – Тоқсоба уәлеті руынан және шығыс қыпшақ – Ельбөрі руынан, хандық билігімен.

Сонымен VII ғасырдан бастап қыпшақ этникалық құрылымы қалыптаса бастады. І-ші кезең – қимақ-қыпшақ тайпалық одағы.

ІІ-ші кезең – VIII ғасырдан ХІ ғасырға дейін қыпшақ тайпаларының Ертістен Еділге дейін қоныстануы, қыпшақтар әлі де болса кимек тайпалары конфедерациясында болған. Қоныстану барысында қыпшақтар қарлұқтармен, оғыздармен, печенегтермен тығыз байланыста болған. Бір аймақта бірге өмір сүрулері, бұл тайпаларды тығыз жақындастырып, оларды қыпшақ тайпаларымен ассимиляцияланды.

ХІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр – қыпшақ қауымдастығының дамуының үшінші кезеңі, бұл кезең қыпшақ ханы Ельбөрідің құдіреттігінің күшеюімен байланысты. Қыпшақ қауымдастығы өзіне қыпшақ тайпаларын ғана емес, түркі тілдес қимақ, құман, көш башқұрт, оғыз, қаңлы тайпаларын да қосып алды. Осы кезеңде ассимиляция барысында сондықтан қайымдастықтың қалыптасуында қыпшақ тайпаларының қандық туысқандық байланыстарын сақтауға ерекше мән берілді. Барлық тайпалар осы белгі астында қыпшақ тілінде сөйледі. Аймақ бірлігі, қарым қатынастар жүйесі, шаруашылық жүргізудің бірыңғай жүйесі – осының бәрі қыпшақ халқының қалыптасуына әкелді. Қыпшақтардың саяси салмағының өсуіне байланысты, тайпалармен, этникалық топтар өздерінің бірыңғай этносқа жататындықтарын сезіне отырып, қыпшақ этнонимін қабылдады. Бірақ қыпшақ халқының қалыптасуының шешуші кезеңі моңғол шапқыншыларымен үзілді.

Қыпшақ ақсүейтері тайпалардың қоныстану аумағын едәуір кеңейтті. Шығыс Дешт-и-Қыпшақ оғыздармен Сырдария бойында Хорезммен салжықтармен, қараханидтермен соғысқа әкелді.

Қыпшақ және қүман тайпаларының Дешт-и- Қыпшаққа ХІ ғасырдың ортасында қоныс аударуы Қыпшақ тайпаларының жағдайын күшейтті.

Мемлекет басында Ельбөрі руынан шыққан хан тұрды, оның билігі мұрагерлікпен берілетін. Хан ордасы – Орда хан мүлкіне, әскерге билік етті, мұнда басқару аппараты да болды. Көне түркі дәстүрі бойынша хандық екі қанатқа бөлінді: оң қанат – ордасы Жайық өзеніне, сол қанаты – ордасы Сығанақта. Неғұрлым күштірік оң қанат болды.

Әскери ұйымға, әскери әкімшілік жүйеге ерекше мән берілді, себебі олар көшпелі өмірдің ерекшелігін білдіретін және көшпелі өмірге ыңғайланған. Ақсүйектердің – хандар, тархандар, басқақтар, бек, байлардың иерархиялық қатаң жүйесі сақталды. Рулар мен тайпалар әлеуметтік мәніне қарай бөлінген. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жеке меншік, оның ішінде жылқының саны. Малға жеке меншік, жердің жеке меншіктігіне әкелді. Жер қауымдастықтігі болғанмен, жайылымдарға хандар мен тайпалық ақсүйектер иелік етті. Көшпенділердің негізгі бөлігі – еркін қауымдастар, бірақ өзін және мүлкін мықты туыстарының қорғауына бере отырып, лар неғұрлым байлардан тәуелді бола бастады. Егер көшпенді малынан айырылса, ол отырықшы – ятук болатын еді.

Әскери тұтқындар қатарынан құлдар болды. 1096 жылы қыпшақтар тайпасы Хорезмге шықты, бірақ хорезмшахтың салжықтармен одағы күштірек болды да, қыпшақтар Маңғышлаққа қайтып келді.

Қыпшақтар қараханидтер шабуылына тап болып отырды және өз кезегінде Жетісуды шабуылдап отырды.

ХІІ ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия билеушілері хорезмшахтармен Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді, бірақ жеңіліске ұшырады. Хорезмшах әскерлері Атсыз Дешт-и-Қыпшаққа кірді. Бұл қыпшақ хандығының ыдырауының, өзара келіспеушілігінің басы еді. Хорезмшахтар қыпшақ ақсүйектерін өз жағына шығарып алуға тырысты, сөйтіп қыпшақ хандығының абыройын жою үшін. Хорезмшахтар саясаты хандықта тұрақсыздық туғызды. Хорезмшахтар қыпшақтармен жақындасып, хан руының қыздарымен неке құрды. Осы себептер өз бетімен өмір сүруге ұмтылған қаңлылардың күшеюі, ішкі қайшылықтарды күшейтті. ХІІІ ғасырдың басында Хорезм шахы Мухаммадтың хандықтың ішкі істеріне араласуымен сығнақ облысы Хорезм құрамына кірді.

Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастырды, бұл қарсыластық Моңғол шапқыншылығына дейін жалғасты.

Шыңғысханның келуімен этникалық және саяси қатынастарда бірыңғай болмаған қыпшақ хандығы өз тіршілігін тоқтатты.

ҮІ-ХІІІ ғасырлардағы түрік кезеңіндегі ислам өркениеті.

Әр халықтың рухани байлығы – оның рухани мәдениеті – діні, әдебиеті, аңыздары, салт дәстүрлері.

Түркі халықтарында ҮІ-ХІІІ ғасырларда бай рухани мұра қалған. Діннің Қазақстан аумағына таралуында Жібек жолының ролі зор – ол тек сауда жолы емес, елшілік, саяси, байланыс жолы. Батыс пен Шығыс халықтары арасында мемлекеттерді бір бірімен байланыстыру көзі болды.

Халықтың рухани байлығы – мәдениет, жазба көздері, аңыздар, батырлар жыры және басқа көне заман авторлары қалдырған халық шығармашылығының және тарихи өткелдердің жауһарлары. Қазақ әдебиеті көне дәуірде - көптеген көне түркі тайпаларының солтүстік Монғолияда шоғырланған әдебиет ескерткіштері: (дастандар, аңыз-жырлар т.б.) Кең тарағандардың бірі Більге қаған және оның ағасы Күлтегін (732-735) құрметіне жазылған руна жазулары (Олар І ші қаған кеңесшілері). Сондай-ақ талас өзені алқабындағы руна жазбасы ескерткіші. Оғыз – қыпшақ кезеңіне дастандармен аңыздар: көне түркі әдеби тілінде жазылған “Оғызнама”, Қорқытбаба кітабы жатады. Кейінгі ғасырлар үлкен әдеби, мәдени жетістіктермен танылады. Араб, парсы мәдениетіне телінуімен түріктер жоғарғы ортағасырлық мәдениет пен жазба әдебиетін негіздеді: Әль Фараби (9 ғасыр), Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари. Орта Азия мен Қазақстанда өзінің ерекше әдебиетінің негізі қаланды. Оған себеп түркі тілдес тайпалардың ортақ әдеби тілі. Сондықтан мәдени құндылықтар, көне түркі жеріндегі, олардың ұлыстарға бөлінгенге дейін бәріне ортақ болды. Түркі халықтарының көне мәдениетінің ортақтығы – шығу тектерінің ортақтығымен, тілі мен генезистің бірлігімен түсіндіріледі. Ол тарихи қалыптасып, өмір салтымен, экономика және қоғамдық сапқа тәуелді болды. Түріктердің Қарахан мемлекеті Қашғардан Амударияға дейінгі аумақты алып жатты. Орталығы – Самарқанд. Бұл кезеңде түркі тілдес халықтардың әдеби тілі қалыптасу кезеңі аяқталды. Осы кезеңде құрылыстың дамуы, сауда, мәдениеттің қарқындап өсуі Орта Азия мен Қазақстанда және жазбаша әдебиеттің дамуы келеді.

Х-ХІ ғасырда барлық түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет негізделді. Тіл екі түрге: парсы және түрік тіліне бөлінді.

“Диуани лұғат-ат түрік” Махмұд Қашғаридің – ХІ ғасырдағы түркі халықтарының мәдени деңгейінің куәсі. Сөздік мағынасынан сол кездегі филология ғылымының деңгейі туралы білуге болады. Лингвистикалық сипатына қарамастан, сөздік әдеби тарихи жинақ, нақты деректерге бай ғалымдар онда бірнеше жүз өлең жолдары, ондаған мақал-мәтелдер және басқа аталы сөздерді санап шықты.

“Атқан оқ – кері қайтпас”, “Ақылмен арыстан ұстауға болады”, т.б. мақал мәтелдер, оның қазақ ауыз әдебиетіне жақындығын білдіреді.

“Диуани” авторы – көне қала Барысхан тумасы. Ол қарахандарда қызметте болған, кейін жақсы білім алып, ана тілін ғана емес, араб тілінде меңгерген.

Түркі, араб халықтарының ауызша, жазбаша әдебиетін жақсы білген. ХІ ғасырдағы ерекше шығармалалардың бірі Жүсіп Хас Хаджин Баласағүн түрік ақын-жазушылардың ең бір білімдісі. Ол ІІ ғасырдың 20 жылдары туған Баласағұн қаласында. Оның “Кұтадғы билік” 1069ж жазылған. Көне түрік әдеби тілінде және Қарахан династиясы Бограханға сыйға тартылды. Онда Қашғар мен Жетісу феодалдарының билеушілерінің моралді этикалық принциптері суреттеледі. Ол тәрбиелік мәндегі дидактикалық трактат, ережелер жиынтығы, ақыл – кеңес ретінде жазылған. Өзінің этикалық ұстанымдары бойынша Жүсіп дастаны, түркі халқының дәстүріне негізделген. Дастан әдебиеті ауызша поэзиямен байланыстырады, диалог пен айтыс түрі пайдаланылған.

Түркі тілдес халықтар тарихында Ахмет Югнакидің орны ерекше. Ол Түркістан ауданында туған. Ол Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы тақырыпты жалғастырды. Югнаки өз дәуіріне едәуір білім алды. Ол араб тілін еркін меңгерген. Ахмед Югнаки “Хиуани Ул Ханаих” шығармасымен танымал.

“Менің атам – Қорқыттың кітабы” ортағасыр әдеби ескерткіштердің оғыз-қыпшақ әдебиетінің ерекшесі. Ол оғыздар мен қыпшақтардың отансүйгіштерінен туған. Онда қазақ аңыздарында кездесетін эпизодтар көптеп келтірілген. Қорқыт туралы қазақ халқының шығарған халық аңызы, кейіпкерін тарихи тұлға ретінде көрсетеді. Ол әділдік үшін күрескер, қарапайым халықтың қамын жеп, зұлымдылыққа қарсы. Жақсылық жамандықты жеңеді.

Кітап 12 жырдан тұрады, онда оғыз-қыпшақ батырларының игі істері, ерліктері жырланады. Жырдың негізі халық аңыздарынан алынып, тарихи оқиғалармен толықтырылған. Мазмұны қазақ аңыздары мен жырауларына өте жақын.

Оғыс эпостық шығармаларында қазақ эпостарына жақындық көп. Мысалы; Жеті, 49, 40 қыз, 40 жолдас, 7 күн, 7 түн. Ақ Орда, Алтын бесік, ат, айғыр т.б. кейіпкерлер есімі де қазақ эпостарындағы фактілерді еске түсіреді.

Жалпы түрік әдебиетінің құнды шығармалырының бірі “Оғызнама”. Ол аңыз негізінде шығарылған. Оғыздардың ерлік жорықтары туралы жырланады.

Түркі әлемінің ғалымдары ғылыми қызметті дамытты. Оның бірі философ, оқымысты ғалым Абу Насыр Әл Фараби болды. Отрардан шыққан, философия, математика, геодезия, архитектура, музыка, логикамен шұғылданған. Фараби әлемдік дәрежедегі ойшыл, араб және парсы, грек, үнді, түркі мәдениеттерінің жетістіктерінсинтездеп, жақындатты. “Музыканың үлкен кітабы”, “Ғылымның жіктелу сөзі”, “Трактат” т.б. әлем кітапханаларында сақталған. Қазақ халқының тарихы, оның ауылдық қауымда шектелмей, бүкіләлемдік тарихи процестерде дамығанын дәлелдейді.

Сонымен Х-ХІІІ ғасырларда Қазақстанның этникалық аумағында көшпенділердің мәдени, саяси, экономикалық өмірінде өзгерістер болды.

Өндіріс күштерінің әрі қарай дамуы, көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қол өнер және сауда тайпалардың бірігуіне әкелді, сөйтіп неғұрлым ірі мемлекеттер құрылды. ХІ ғасырдың бірінші жартысында саяси гегемония Қазақстанның кең байтақ аумағында қыпшақ тайпаларының одағына көшті. Х ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстанда күшті мұсылман мемлекеті – Қарахан хандығы құрылды. Ол Қазақстан тарихында ғана емес, жақын аудандарда да елеулі із қалдырды. Осы кезде қазіргі Қазақстан аумағынан ыста керейлер мен наймандар мемлекеті пайда болды, кейіннен қазақ халқын құрайтын тайпалар құрамына кірген.

Дәрістің негізгі ұғымдары: иқта, хасс, вакуф, диуан, институт коммендация, дуалдық билік жүйесі, ташнау, әмеңгерлік, гурхан, Деш- ті- Қыпшақ.