Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умкдм. юрист.rtf
Скачиваний:
49
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

1916 Жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс.

1905-1907ж революция қарсаңында аймақта әрқилы жұмысшы шаруалар наразылықтары өтті.

Қазақстанда жұмысшы қозғалысы күшейді, 1901ж Қарағанды көмір бассейнінің жұмысшылары – Орынбор башқұрттары жалақы талап етіп наразылық жасады. Оларды қазақтар орыс, татарлар қолдады. 1902ж Зайсан уезінде қазақтар көтерілді. Олардың талаптары қанағаттандырылмағандықтан олар прийскіні тастап, жұмысты тоқтатты. 1902ж,1903ж Екібастұзда көтеріліс болды. Жалақы талап етті, талаптары қанағаттандырылды.

Жұмысшылар Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында да көтерілді, олар жұмысты тастап кетті, кейіннен ұйымдасқан түрде стачка жасады. Орыс-жапон соғысы басталып, ол империалистік сипат алды және патша тәртібіне наразылықты күшейтті.

1905ж дейін Қазақстанда ірі көтерілістер болған жоқ, оған себеп: қанды жексенбі оқиғасы.

Наразылық жиындар Ташкент, Омбы, Верный қалаларында өтті. Бұл экономикалық сипат алды, онда әсіресе темір жол шеберханалары мен депо жұмысшылары қатысты. Орал, Перовск, Түркістан, Шалқан т.б. көптеген теміржол станцияларында 1 Май қарсаңында жиындар өтті. Революциялық листовкалар таратылды. Социал-демократ, социал-революционерлердің, олар партия ұйымдарына бірікті. Қазақстан революциялық қозғалыс 1905ж күшейді, әсіресе патшаның 17 қазандағы манифесінен кейін, қазақстанның көптеген қалаларында қарсылық шерулер өтті. Омбыда Ә.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен демонстрация өтті. 19.10.1905ж. оның ықпалымен манифест қазақшаға аударылды, сөйтіп Перовск, Орал, Қарқаралы, павлодарда таратылды. Ерекше белсенділік танытқандар: жергілікті зиялы қауым; А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Бекметовтар, Ж.Ақбаев т.б.

1905ж 15 қарашада Қарқаралы оқиғасы өтті, онда қазақ, татар, орыстар қатысты. Кейіннен ұйымдастырушылары қуғынға ұшырады. Олар Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Ережеп Итбаев отарлық әкімшіліктен босатуды талап етті. Ірі көтерілістер таукен зауыттарында, шахта, темір жолдарда өтті, себебі олар Ресейдегі жалпы революциялық оқиғалармен тығыз байланысты еді.

Қазақстан темір жолшылары 1905ж қазан саяси стачкаға белсенді қатысты. Ол Ресейдің бүкіл темір жол бойын қамтыды. Талап: саяси кепілдік және бостандық жариялау және құрылтай жиналысын 17 қазандағы манифест саяси бостандық әпергенмен, жұмысшылар қозғалысын бәсеңдете алмады.

Қазақстан темір жолшылары Ресейдегі желтоқсан бүлігіне қосылып, экономикалық талаптар қойды. Петропавл, Орал, Перовск қазалы Түркістанда стачкалық комитеттер құрылды. Олар жергілікті билікті өз қолдарына алды. Станцияларда делегаттар сайланды. Сөйтіп, жаңа революциялық үкімет ұрығы қалыптасты.

Бұл жағдайда Перов революциялық комитетінің ролі ерекше. Төрағасы Новоковский – бұрынғы теміржолшы, халықшыл. Комитетке социал демократтар: С.Табацкий, А.Горохов кірді. Стачканы басу үшін әскер келді, бірақ стачка 9 желтоқсанға дейін жалғасты. Стачкалар Өспен руднигінде, Павлодар, Қарағанды, Спасск мыс қорыту зауытында да өтті. Өспен руднигінде жұмысшылар жиыны өтіп, экономикалық талаптар қойылды.

“Орыс қырғыз одағы” құрылды, П.Топоркин, В.Мартхога, Алимжан Байшагиров, Искак Қасқабаевтың басшылығымен. 11 желтоқсанда өткен стачка “Орыс қазақ одағы – капитализмге қарсы” ұранымен өтті. Әкімшілік олардың негізгі талаптарын қанағаттандырды, 8 сағаттық жұмыс күні енгізіліп, азық түлік арзандады. Орыс қырғыз одағы – Қазақстандағы барлық жұмысшылардың өз саяси, экономикалық құқықтары үшін күрестегі ынтымағының нығаюын білдіреді. Москвадағы декабрь көтерілісінің басылуымен, революция кейін шегінді.

Әскери жағдай Петропавл, Омбы, Ақмола, Семей уездеріне тарады. Сібірге, Солтүстік Қазақстанға Меллер-Зокомельскийдің жазалау отрядтары жіберіліп, олар революция күшін басу үшін қуғын ұйымдастырды. Жалпы тұтқындау, айдауға жіберу, жұмыстан қуу басталды.

1906ж маусымда Семей кәсіпорындарының барлық жұмысшылары көтерілді. Оралда теміржолшылар Орынбор-Ташкент бойында наразылық білдірді. 1907ж жекелеген саяси акциялар: “Итальяндық” көтеріліс, яғни жұмысқа шығу, бірақ міндеттерін орындамау. Омбы-Петропавлдағы, Сібір магистраліндағы жұмысшы толқулары әскермен басылды.

Жұмысшылар қозғалысының дамуында жергілікті социал демократтардың ролі зор болды. Орынбор, ташкент, Сібір, Астрахан, Самара, Саратов РСДРП комитеттері ерекше ықпал етті.

“Сібір социал демократтар одағы” 1904ж Омбы ұйымы Петропавл, Кокшетау жұмысшылары арасында үгіт насихат жүргізді. Қазақстандағы алғашқы маркстік үйірмені Атабасарда, Оралдан айдалып келген Ушаков ұйымдастырған. Кейінен мұндай үйірмелер Қазақстанның барлық қалаларында болды. Олардый ұйымдастырушылары: Н.Васильев, М.Фрунзе, В.Куйбышев, Г.М. Тихомиров т.б. Социал-демократ топтар мен ұйымдар әсіресе теміржол бойындағы қалаларда туды, себебі онда депо, шеберхана жұмысшылары көп.

1905ж оқиғалармен кәсіподақ қозғалысының басталуы да байланысты, ең алғашқысы темір жол кәсіподағы, 1905ж, қарашада Орал қаласында Н.Смуровтың ұйымдастыруымен құрылды. Смуров кейіннен Чапаев дивизиясының командирі. Жалпы, 1905-1908жж Қазақстанда 20-25 кәсіподақ құрылған.

Теміржолшылардың жекелеген қозғалысына қарамастан, жалпы қазақ жұмысшыларының наразылығы ауқымды болмады. Себебі жұмысшылар маусымдық өндірісте және саны жағынан аз. Халықтың көбі – жергілікті тұрғындар – шаруалар еді, аймақ әлеуметтік экономикалық тұрғыдан артта қалды. Қазақстандағы аграрлық қозғалыс біршама дамығанмен, жалпы әлі де шектеулі болды. Қазақ шаруалары мен қоныс аударушылар өз наразылықтарын кулактардың егісін өртеу, байлардың малын айдап кету, алым-салық төлеуден бас тарту, отарлық әкімшілікті ұрып соғумен ғана білдірді. Ұйымдасқан, саналы бой көрсету болмады. Қазақстанның әр аумағында шаруалар бүліктері болып тұрды. Осындай наразылықтардың негізінде 25 маусым 1905ж Қоянды жәрмеңкесінде қазақтар съезінде “Петиционная компания” туды. Бұл қабылданған петицияда патшаның атына жазылған: қазақстанда мұсылмандар үшін ерекше жағдай ұйымдастыру мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа аттану үшін шетел паспорттарын беру талаптары қойылған.

Бұл талаптар қазақ халқының патшаның әділдігіне сенімін жоғалтпағанын көрсетсе, сонымен бірге қоғамдағы жөнсіздікке, жерді тартып алғанға, алым салықтың өсуіне, жайылымнан айрылғандықтарына, орыс үкіметінің өрескел, отарлық саясатына қарсы бой көрсетулері еді.

Әсіресе, қазақ шаруаларының орыс халқына “қырғыздардан – орыстарға” үндеуін 1907ж ақпанда “Орынбор өлкесі” газетінде жарияланған үндеуін ерекше атауға болады. Қазақстанда жұмысшы және аграрлық күштің дамуында, азаттық қозғалыстың дамуында зиялы қауымның ролі ерекше. Зиялы қауым құрамында дәрігер, заңгер, мұғалім, т.б. Қазақ зиялы қауымы ұлт азаттық күресте ерекше орын алды. Социал демократтар: Мұхамед Макс Бекметов – Омбы пошта телеграф кеңсісінің телеграфы, Қарқаралы тумасы, РСДРПда 1903 жылдан, Қарқаралады оқыған, Семейде, Омбыда революциялық идеяларды насихаттаған.