Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инф_для ХК_каз__3 кр.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа

Тапсырма

1

«Музыкалық альбом»

2

«Емхана»

3

«Сабақ кестесі»

4

«Компьютерлік салон»

5

«Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

  1. Есеп беру дегеніміз не?

  2. Какими способами создаются отчеты?

  3. Автоесепберу (автоотчет) деген не?

  4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

  5. Автоесепберудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?

Информатика пәнінен тест сұрақтары

1 – Вариант

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі:

  1. Бит

  2. Байт

  3. Файл

  4. Бағдарлама

  5. Белгіше

  1. Жадының 1 Мегабайтына сәйкес келеді:

  1. 1024 КБ

  2. 256 Б

  3. 1024 Б

  4. 1000 Б

  5. 1000 КБ

  1. Экран мониторының мүмкіндігі деп:

  1. Тік және көлденең орналасқан экрандағы нүктелер санын атайды

  2. Нүктені экранға шығаратын түс реңдерінің санын атайды

  3. Экранға сиятын мәтіндік символдардың санын атайды

  4. Экранға сиятын символдардың санын атайды

  5. Экранға сиятын белгішелердің санын атайды

  1. Файл дегеніміз не:

  1. Бағдарлама

  2. Белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған ақпараттардың жиынтығы

  3. Жинақталған мәліметтер

  4. Ақпараттар жиынтығы

  5. Жарлықтар

  1. Компьютерде орындалатын программалар мынадай болып бөлінеді:

  1. Жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері болып бөлінеді

  2. Басқару, ойын программалары

  3. Уйрену интерактивті программалар болып бөлінеді

  4. Қолданбалы, ойын программалары

  5. Интерактивті программалар, программалау тілдері болып бөлінеді

  1. Информация мөлшерін өлшеуге қолданылмайтын бірлікті көрсетіңіз.

    1. Мегагерц;

    2. Килобайт;

    3. Мегабайт;

    4. байт;

    5. бит

  1. Бір байт неден тұрады...

    1. 8 Биттен;

    2. 4 биттен;

    3. 16 биттен;

    4. 32 биттен;

    5. бір биттен.

  1. Бит – деген...

    1. бір символ жазуға керекті информация мөлшері;

    2. екілік санның бір разряды;

    3. 0-ден 256-ға дейінгі сандарды жазуға арналған информация мөлшері;

    4. екілік санның сегіз разряды;

    5. телекоммуникациялық технология.

  1. 1 Килобайт = ?

    1. 1024 Байт;

    2. 1000 байт;

    3. 256 байт;

    4. 1000000 байт;

    5. 1024000 байт.

  1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән …

    1. информатика;

    2. информация;

    3. кибернетика;

    4. телекоммуникациялық технология;

    5. жаңа ақпараттық технологиялар.

  1. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз:

    1. ЭЕМ-ді қолдана отырып, санау, мәлімет теру, сурет сала білу;

    2. ЭЕМ-ді қолданып ақпараттар іздеу;

    3. ЭЕМ-ді қолдана отырып, оқу, жазу, санау және сурет салу, сондай-ақ ақпарат­тарды іздеу әрекеттерін орындай білу;

    4. ғылыми жұмыстарда ЭЕМ-ді қолдана білу;

    5. ЭЕМ-ді қолданып есептеу жұмыстарын жүргізе білу.

  1. "Информация" термині…

    1. латынның  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    2. гректің  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    3. француздың  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    4. ағылшынның  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    5. италияндықтардың  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

  1. Ақпараттық технология құралдары...

    1. мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, баспа жүйелері, т.б.;

    2. алғашқы құжаттарды өңдеу процесінде қолданылатын құралдар;

    3. есеп беру құжаттарын өңдеу процесінен алынатын құжаттар;

    4. өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен ұйым­дастыру жолдары;

    5. механизмдер, құрал-саймандар оған керекті техникалық жабдықтар.

  1. Компьютерге кіретін құрылғылардың ең төменгі құрамы:

  1. монитор, цифрларды басатын құрылғы, тышқан, пернетақта;

  2. жүйелік блок, ақпаратты енгізу құрылғысы, ақпаратты шығару құрыл­ғысы;

  3. арифметика-логикалық құрылғы, символдарды енгізу құрылғысы, сақтау құрылғысы, сыртқы дыбыстар құрылғысы;

  4. монитор, принтер, пернетақта, тышқан, иілгіш және қатты диск;

  5. модем, СD-диск, пернетақта, принтер;

  1. ДК құрамына кіретін негізгі құрылғылар:

    1. дисплей, монитор, джойстик, стример;

    2. пернетақта, жүйелік блок, дисплей, принтер;

    3. дисплей, сканер, дигитайзер, жүйелік блок;

    4. модем, СD-диск, пернетақта, принтер;

    5. ішкі және сыртқы есте сақтау құрылғылары.

  1. Монитор экраны не үшін қажет?

    1. ақпаратты өңдеуге даярлау үшін;

    2. мәтіндік және графикалық ақпараттарды көрсету үшін;

    3. мәтіндік ақпараттарды көрсету үшін;

    4. графикалық ақпараттарды көрсету үшін;

    5. арифметика-логикалық құрылғы.

  1. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы:

  1. пернетақта;

  2. тор экраны;

  3. сканер;

  4. жүйелік блок;

  5. CD-диск.

  1. Компьютердің жүйелік блогына қандай құрылғы кірмейді?

    1. микропроцессор;

    2. қатты диск;

    3. принтер;

    4. дискіжетек;

    5. аналық тақша (материнская плата).

  1. Модем дегеніміз не?

    1. магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыш;

    2. компьютерді басқаратын манипулятор типтес құрылғы;

    3. мәліметтерді қатты дискіге шығаратын құрылғы;

    4. байланыс арналары арқылы комьютерлер арасында ақпарат алмасу құрылғысы;

    5. желілік байланыс құрылғысы.

  1. Компьютер жұмыс істеп тұрғанда ақпаратты сақтайтын құрылғы...

    1. монитор;

    2. қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;

    3. принтер;

    4. компьютердің жедел жады;

    5. сканер.

  1. Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:

    1. операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар;

    2. микропроцессорлар, жедел (оперативтік) жады;

    3. операциялық жүйе;

    4. файлдар;

    5. жүйелік программалар сақталған бумалар.

  1. Пернетақта не үшін қажет?

    1. дискіден мәлімет енгізу үшін;

    2. символдар енгізу үшін;

    3. компьютерді басқару және таңбалық мәліметтер енгізу үшін;

    4. монитор экранында тышқан курсорын жылжыту үшін;

    5. кестелерді, символдарды өңдеу әрекетін басқару үшін.

  1. Жедел (оперативтік) жады деген не?

    1. ақпаратты сақтайтын қатты дискінің ерекше бір бөлігі;

    2. белгілі бір уақытқа дейін мәліметтерді сақтай алатын электрондық ұяшықтар жиыны;

    3. бұл компьютер жұмыс істеп тұрған уақытта мәліметтерді сақтай алатын электрондық ұяшықтар жиыны;

    4. бұл тұрақты мәліметтерді үнемі жаңартып отыру мүмкіндігін беретін электрондық ұяшықтар жиыны;

    5. адресі үнемі өзгеріп отыратын, арнайы электрондық ұяшықтар жиыны.

  1. Драйвер – бұл …

    1. компьютерді басқаратын құрылғы;

    2. ДЭЕМ-де орнатылған сыртқы құрылғының жұмысын басқаратын программа;

    3. принтердің бас тиегін жылжытатын қосымша құрылғы;

    4. ақпараттарды басқаратын программалар кешені;

    5. дыбыстық құрылғыларды басқару программасы.

  1. Мультимедиа деген термин нені білдіреді?

    1. графикамен, сонымен қатар анимациямен де жұмыс жасайтын програмалық және аппараттық мүмкіндіктер жиыны;

    2. мәтіндермен және бейнефрагменттермен жұмыс жасайтын програм­малық және аппараттық мүмкіндіктер жиыны;

    3. мәтіндік, графикалық, сонымен қатар анимациямен, дыбыс, бейне фрагменттерімен жұмыс жасайтын программалар мен аппараттар жиыны;

    4. анимациямен, дыбыс, бейне фрагменттерімен жұмыс жасайтын аппа­рат­тық құрылғылар;

    5. программалар мен мәліметтерді есте сақтайтын құрылғы.

  1. ДК-ге графикалық ақпараттарды (сурет, мәтін) енгізу құрылғысы:

    1. сканер;

    2. плоттер;

    3. принтер;

    4. сурет жинағыш аппарат;

    5. ксерокс.

  1. Жүйелік блок құрамына кірмейтін құрылғы:

    1. қатты диск;

    2. жедел жады;

    3. пернетақта;

    4. процессор;

    5. қоректену бөлігі.

  1. Иілгіш диск (дискет) көлемі мынадай болады:

    1. 1,44 Мб;

    2. 10-20 Гб;

    3. 40-80 Гб;

    4. 80-100 Мб;

    5. 1,32 Мб.

  1. MS Excel құжаттарының атаулары қандай кеңейткішпен сақталады:

  1. Dos

  2. Doc

  3. Dop

  4. Xls

  5. Bas

  1. Желі құрамына кіретін компьютерлер қандай жұмыстар атқарады:

  1. Желімен қатынас құруды ұйымдастыру, мәлімет алмасуды басқару, желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беру, қызмет көрсету

  2. Мәліметтерді өңдеу, көшіру, сақтау

  3. Желімен қатынас құру

  4. Мәліметтерді тасымалдау, дискіге сақтау

  5. Қызмет көрсету