Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инф_для ХК_каз__3 кр.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Модуль пәнінің атауы: «Информатика»

Оқу нысаны: күндізгі болім

Барлығы - 3 кредит

Курс - 1

Семестр – 2

Тәжірибелік сабақтар – 45 сағат

Контактілік – 15 сағат

Консультативтік - 8

СӨЖ - 67сағат

Емтихан - 2 семестр

Жалпы көлемі – 135 сағат

А С Т А Н А – 2012 ж.

Пән оқытушысы туралы мәліметтер: Анетова Айжан Жакановна, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Кошербаева Жанар Ерженісқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Ғылыми қызығушылығы: студенттердің ойлау қабілетін дамыту және студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту барысында ақпараттық технологияның көмегіне жүгіну жолдарын арттыру.

Реквизит алды (пререквизиты): Оқытылатын пәнді меңгеру үшін информатика және АЕТ, математика, физика пәндері бойынша базалық білімдер қажет.

Модуль пәнінің мазмұны: Ақпараттық технологиялар туралы жалпы мағлұматтар, жаңа ақпараттық технологиялар, ақпараттық технологиялардың жіктелуі, негізгі компьютерлік технологиялар, экономикалық объектілерді басқарудағы ақпараттық жүйелердің орны мен ролі, қазіргі ақпараттық жүйелердің негізгі қамтамасыздандыру бөліктері.

Пән мақсаты:информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерін таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру: студенттерге алгоритмдер мен блок схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

Пән мәселесі: студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және ақпараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Білім, дағды және қабілет минимумы: Пәнді оқу нəтижесінде студенттер келесіні меңгеруі керек:

- дербес компьютерде жұмыс əдістерін, операциялық жүйелерді, программалық қамтамаларды, əртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер қорын басқару жүйелерін, қолданбалы программалар пакеттерін білу;

- компьютер көмегімен экономикалық жəне басқару мəселелерін шешуге алгоритмдер мен программаларды құрастыру;

- экономиканың салаларындағы информациялық жүйелерді, деректер қорын жобалауды жəне құруды үйрену;

- экономикалық ақпаратты талдау əдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсете білу;

- арнайы экономикалық жəне басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрену;

- компьютерлік желілердің қызметтерін қолдану жəне дүниежүзілік ауқымды Internet желісінің, E-mail, WWW,телекоммуникациялар қызметтерін қолдану;

- компьютерлік жүйелердің жəне информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістерін қадағалау.