Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инф_для ХК_каз__3 кр.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

4. Қосымша терезесін жабыңыз.

5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.

1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.

2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.

3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .

4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.

6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.

9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

Бақылау сұрақтары:

1) ДЭЕМ үшін операциялық жүйенің қандай қызмет атқарады?

2) Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады?

3) Объектілермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін көрсетіңіз.

3) Терезелердің түрлерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай?

4) Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады?

5) Қолданбалы стандарт қосымшаларды (программаларды) атаңыз.

2-ТАҚЫРЫП. Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар

Мақсаты: Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру .

Негізгі ұғымдар:

Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.