Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Teoria_khir_-_shpor

.docx
Скачиваний:
98
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
64.04 Кб
Скачать

1) вар

1. Жарақатты шок. Жарақаттық шок көп жағдайда көлемді бұлшық ет жарақаттарынан және көптеген жараланудан соң қалыптасады. Мұндай жағдайда жарақаттанған жерде пайда болған ұлы заттардың жақсы сіңірілуіне қолайлы жағдай туындайды. Тері астында ұлпалар езіліп, олардың ыдырауынан пайда болған улы, қышқылды, шірінді (протеолиз) заттары ашық жарадан шыға алмаған, жиналып шоғырланған жағдайда шок туындайды. Таңғышты салып байлау, жарақаттанған аяқ – қолды алып тастау, зақымданған жерден сұйықтардың еркін ағуына жағдай тудыру - осының барлығы жарақаттық шоктың даму мүмкіндігін азайтады. Ішкі улану кезеңінің пайда болуын эксперименттік тәжрибеде зеріттеу әсіресе жарақаттық шок тудыратын арнайы улы заттарды іздестіру жолын жетілдіреді.Жарақат алған жерде улы заттар түзілетініне шек келтірмей –ақ жоғарыда аталған жәйттердің барлығыда шоктың дамуында жалғыз себеп тек қана ішкі улану ғана (токсемия) еместігіне сендіреді. Сондықтан, ішкі улану жарақаттық шоктың даму кезеңінен толық алынған жоқ,қайта оның күмән келтірмейтін негізгі қалыптастырушы (патогенетический фактор) себептерінің бірі болып саналады. Жарақаттық шоктың ауырлығы қан жоғалту көрсеткіштерімен анықталады, сондықтан дәрігердің назары қан кетуді тоқтату мен көп мөлшерде қайта қан құюға бағыттылғаны жөнЖарақаттық шоктың даму заңдылығы мен ерешеліктерін былай болжамдауға болады: жарақат ұлпалардағы жүйке талшықтарына әсер ете отырып ОЖЖ –іне өте күшті түріткілеу (импульсы) ағымын жібереді. Мұндай жөнсіз күшті қоздырғыштар үлкен жарты шар мен қыртыс астылық ми бөлімдерінің жалпы жағдайын бұзады. Шок ми қыртысының қатысуынсыз да ауыр қоздырғыштар түріткілеуінің әсерінен тек қыртыс асты орталықтарының қатысуымен де туындауы мүмкін (мысалы: тереңдетілген наркоз жағдайында).Жүйке жүйесіндегі кең таралған қозу - артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі, шеткергі тамырлардың түйілуі, ми мен миокард тамырларының кеңеюі, эндокринді бездер қызыметінің (гипофиз, бүйрек үсті безі) және зат алмасудың күшеюі сияқты клиникалық белгілерді береді. Клиникада бұл жағдай шоктың қозу сатысы ретінде сипатталады.Жарақаттық шоктың емі ерте басталуы және жүйелі болуы керек. Зақымдалушыға көмек көрсету кезінде уақыт мерзімі шешуші маңыз атқаруы қажет: неғұрлым көмек ерте көрсетілсе соғұрлым нәтижесінің соңы да жақсы болады. Шоктың қозу сатысының белгілерін ерте ашықтап, шоққа қарсы шараларды қолданса, оның тежелу сатысына өтуін тоқтатып, өлім қаупін төмендетуге болады. Шоктың кезінде көрсетілетін көмекті тыныш уақытта бірнеше кезеңге бөледі: жарақат алған жерде, жедел жәрдем машинасында, стационарда жүргізілетін шаралар. Жарақат алған кезде алдын алу шараларын жүргізеді: жансыздандырғыштар, құрсаулау, бекіту, уақытша қан кетуді тоқтату, жылыту, спирт ішкізу, жараға сүлгі қойып, байлам салу. Шоктың соңғы ауыр жағдайы мен клиникалық жан тәсілімінде денені тірілтуге арналған жүйелі шаралар жүргізіледі. Жедел жәрдем машинасындағы негізгі мақсат сырқатты тез арада стационарға жеткізу. Арнайы жабдықталған жедел жәрдем машиналарында мынадай көмек көрсетіледі: Уақытша қан кетуді тоқтату. Сынған жерлерді арнайы 1-2% новокаин ертіндісімен тежеу. Құрсаулап бекіту. Оттегімен емдеу, жүрек қызметін жетілдіру. Азоттың шала тотығын оттегімен қосып жансыздандыруды қолдану. Шокка қарсы сұйықтарды вена, артерия арқылы егу. Трахеостомия жасау. Жасанды тыныс алуды жүргізу.

2. Термиялық күйіктер. Термические. Возникают в результате воздействия высокой температуры. Факторы поражения: Пламя -Площадь ожога относительно большая, по глубине преимущественно 2-я степень. При первичной обработке раны представляет сложность удаление остатков обгоревшей одежды, незамеченные нити ткани могут в последующем служить очагами развития инфекции. Могут поражаться органы зрения, верхние дыхательные пути. Жидкость-Площадь ожога относительно небольшая, но относительно глубокая, преимущественно 2—3-й степеней.Пар- Площадь ожога большая, но относительно неглубокая. Очень часто поражаются дыхательные пути.Раскалённые предметы- Площадь ожога всегда ограничена размерами предмета и имеет относительно чёткие границы и значительную глубину, 2—4-й степеней. Дополнительные травмы могут происходить при удалении предмета, нанёсшего травму. Происходит отслоение поражённых слоёв кожи.Лечение термических ожоговСтепень заживания ожоговой травмы и метод её лечения в огромной степени зависят от глубины повреждения и площади пораженного участка. Существует такая классификация ожогов по степени тяжести: Ожоги 1 степени. Кожа краснеет и появляется отек. Повреждается только внешний слой кожи. Лечение производится с помощью слабодезинфецирующих препаратов. Ожоги 2 степени. Характерно появление пузырьков, наполненных прозрачной слегка желтоватой жидкостью. Ожог проникает дальше верхнего слоя кожи. Часто сопровождается отеком тканей и сильной болью. Для лечения используются обезболивающие средства и накладываются повязки с антисептиками. Ожоги 3 степени. Затрагивают все слои кожи, иногда страдают жировая прослойка, мышечная и костная ткань. Вызывают необратимые изменения в пораженных тканях. Удаляются омертвевшие ткани и принимаются меры по борьбе с раневой инфекцией. Ожог 4 степени. Обугливание кожи.

2) вар

1. Қан кетудің жіктелуі. Қан тамырларының бүтін қалпының бұзылуына байланысты қан сұйығының ағуын қан кету, - деп айтады. Қан ағу көбінесе жарақатқа байланысты. Ол науқас өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қан ағу тек хирургиялық науқастарда ғана емес сонымен бірге терапиялық, гинекологиялық, инфекциялық, т.б. науқастарда (инфаркт – жүрек бұлшық етіне қанталау, жатырдан қан ағу, т.б.) кездеседі. Бір сөзбен айтқанда: күнделікті жұмыс барысында қан ағуымен кездеспейтін бірде-бір медицинаның саласы жоқ. Сондықтан, қан ағумен күресу медициналық мәселердің өте күрделі түрлерінің бірі болып саналады.Қан кетудің жіктелуі.А. Жарақаттық қан ағу әртүрлі зақымдалудың әсерінен, тамырдың бүлінуінен болады. Бұл қан ағулар жұмсақ ұлпалардың (жаралау, соғып алу) және сүйектердің (сынық, буын шығуы) зақымдануы кезінде болады.Б. Жарақатсыз қан кету. Жарақатсыз қан ағу бірнеше топтарды қамтып, мынандай себептердің салдарынан туады:І. Тамыр қабырғасының әртүрлі сырқаттың асқынуынан бұзылуы. Оның себептері:а) Тамыр қабырғасының қабыну салдарынан бүлінуі;б) Тамыр қабырғасының ісікті өзгерістер салдарынан бүлінуі;в)Тамыр қабырғасының бөгде затпен қысылуы, жаншылуы, жыртылуы; ІІ. Қан қысымының жоғарылауы салдарынан болған қан ағу (артериалды және венозды).а) Бауыр циррозы кезінде өңеш көк тамырларының кеңеюімен, көк тамырдағы қан қысымының артуынан болатын қан ағу немесе геморрой веналарынан қан ағу.б) Артерия қан қысымы жоғарлағанда миға қан құйылуы мүмкін (атеросклероз, гипертониялық ауруларда – инсульт).в) Ұлпалардағы қан қысымының жоғарлауынан болатын мүшелердің жарылуынан қан ағуы мүмкін.Мысалы: жатырдан тыс жүктілік кезінде түтік өсіп жатқан ұрықтың қысымын ұзақ уақыт ұстай алмайды, біртіндеп кеңейіп, жыртылады, іш қуысына қан ағады.ІІІ. Баурдың сырқаттануы кезінде сарғаю кездеседі, қанның ұюы бірден төмендейді және тамырдың өткізгіштігі бұзылады, осыған байланысты өт қанға араласады, содан холемиялық қан ағу болуы мүмкін. Холемиялық қан ағуларға – тері асты, танаудан, ішектен, бүйректен, қынаптан және т.б. жатады. Бұл қан ұйытатын және қан ұюға кедергі жасайтын жүйелер қызметінің бұзылуынан болады.ІV. Сепсис кезінде дене ұлпаларының және тамырдың өткізгіштігі бұзылуының, қан ұю жүйесінің бұзылу салдарынан болатын қан ағулар аз кездеспейді (фибринолиз, фибриногенолиз, шашыранды тамыр ішілік ұю сырқаты (ДВС), т.б.V. Авитаминоз кезінде – витамин С жоқ болуынан қылтамырдан қан ағу кездеседі. Гемофилияда қан ағу – қан ұю жүйесінің VІІІ факторының жоқтығына байланысты ұю үрдісінің төмендеуі салдарынан болады. Бұл ауру тек еркектерде кездеседі. Мұнда көбінесе қылтамырдан (капилляр) тіндер қабатында қан ағу байқалады. Олар өздігінен танаудан, ішектен, ал кейде ұсақ жарақат кезінде пайда болады (тістің қызыл етін щеткамен зақымдағанда, тік ішек ауырғанда, т.б.).Қанкетуді тоқтатудың уақытша әдістері табиғаты бойынша механикалық болып табылады. Оларға жатады: жгут қою, артерияға саусақты қою, максимальді иілу немесе аяқтамалардың тұру жағдайы, байлам таңу, жарақатқа тампонада жасау, тамырдан қанаққан жерді қысқышпен қысу, уақытша шунтирлау.1.Жгут қою.Қанкетуді уақытша тоқтатудың өте сенімді әдістері. Көрсеткіштері: аяқтамаларға артерялық қан кету, аяқтамаларға кез-келген массивті қанкету.2.Артерияны саусақпен қысу.Көмекші әдістерді, қолмен жасайтын әдістерді қажет етпейтін, жай әдіс жеткілікті. Оның негізгі ерекшелігі-тек 10-15 мин уақытты эффективті қолданылуы мүмкін, яғни қысқа уақытта болып табылады.

3.Тамырды уақытша шунтиралау. Бұл әдісті ірі магистральді тамырлардың зақымдалуы кезінде, негізінде артерияның, қанағу тоқталу кезінде, қолдану қажет, болмаса бұл жағымсыз жағдайларға және адамның өміріне қауіп әкеледі. Қан кетуді мүлдем тоқтату әдісі, табиғатына байланысты: механикалық, физикалық (термиялық), химиялық және биологиялық болып бөлінеді.Механикалық әдістер ең сенімді.Тамырды таңу. 2 түрі болады.1.Жарақатта тамырды таңу 2.Жарақатты ұзаққа таңу: мұнда ірі, жиі магистральді бағананың проксимальді жерінің зақымдалуы туралы айтылады. Тамырды ұзаққа таңудың ең негізгі кемшілігі ұлпаның қанмен қоректенбеуі, жарақатты таңу кезінен гөрі. Бұл әдіс жақсы емес, керек кезде ғана қолданылады.

2. Жаралар. Жара - деп терінің немесе кілегей қабық пен терең жатқан ұлпалардың бүтін қалпын бұзатын барлық механикалық зақымдануларды айтады.

Жаралардың жіктелуі. Жаралағыш заттың түріне қарай: жаншылған, кесілген, шабылған, шаншылған, тістелген, уланған, атылған жаралар, - деп бөлінеді.Шаншылған: жара кішкентай болады. Бұл жарада тамырлардың, қуыс мүшелердің зақымдануы және жаралардың ластануы мүмкін. Мұндай жаралардың кеудеде, іште болуы өте қауіпті. Жараның көлемі кішкентай болғанмен мұндай жарада үлкен зақымданулар болатынын естен шығармау керек.Кесілген жара – қоршаған ұлпалардың зақымдануы аз болады. Басқа жараға қарағанда таза, қан ағу жиі кездеседі. Кесілген жаралар тез бітуге бейім келеді. Бұлардың барлығы негізінен операциялық жаралар немесе кескіш құралдарды қолданудан пайда болады. Шабылған жара – қоршаған ұлпалардың зақымдануымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда сүйек үсті қабатының, қоршаған анатомиялық жүйелер мен ұлпалардың, сүйектің зақымдануы мүмкін. Шабылған жаралар баяу жазылады.Жаншылған немесе жыртылған жаралар – ауыр жараларға жатады, себебі бұл кезде жара жұмырланған ауыр затпен ұрғанда пайда болады да, қоршаған ұлпалардың зақымдануы көлемді келеді. Жаншылған жараларда - шеттері түзу емес, езілген, ыластанған, бөгде заттар, ұйыған қан, көп қан тамырлары зақымдалған болып келеді, бірақ қанның ағуы онша қатты емес, себебі бұл кезде қан тамырлары қысылады да, қан ағу тоқтайды. Мұндай жара қалыптасқан кезінде қоршаған ұлпаларға қан көп сіңеді және бұл жаралар жиі іріңдейді. Өліеттену, шіру, газды инфекция болуы мүмкін және баяу жазылады. Кейбір жағдайда шокпен, қажу құбылысымен (стресс), тілмемен,құтырмамен, анаэробты қоздырғыштармен немесе күйдіргімен асқынады.Тістелген жаралар – жануарлардың, адамның тістеу нәтижесінде пайда болады. Бұл жаралар ауыз сілекейімен өте ластанған, асқынып іріңдеген, өліеттенген болып, баяу жазылады. Тістелген жаралардың құтырмамен асқынуын естен шығармау керек. Осы жаралардың қатарына жылан, жәндіктер шаққанда болатын уланған жараларды да жатқызамыз. Күрделі, араласқан жаралар (смешанные, комбинированные раны) - бірнеше зақымдаушы әсерлердің бірігіп әсер етуінен пайда болады. Мысалы: жараланған жердің сәулемен күюінің немесе радиоактивті заттармен ластануының, әсер етуші күшпен жұмсақ ұлпалардың, ағзалардың жарақаттануы.Атылған оқ жаралары – анатомиялық көз қарас бойынша өте ауыр, көбірек ластанған жараларға жатады. Қарудың түріне қарай оқпен, жарықшақпен, бытырамен жарақаттанған, - деп бөлінеді. Оқтың қандай қашықтықта атылғанына үлкен көңіл бөлінеді: дәл түбінен атылған оқтан болған жаралар өте қауіпті, ал алыстан атылған оқтан болған жаралар оншалықты қауіпті емес. Атылған жаралар тесіп өткен, қуыс ішіне енген, тұйық біткен немесе жанама болуы мүмкін. Күрделі жарақаттың күшті зақымдайтын соққылау (контузия) әсері бар, сондықтан бұл кезде зақымдаушы заттың жүріп өткен жолының айналасындағы ұлпалар өте қатты дірілден зақымданады. Бұл жаралар өмір үшін өте қауіпті келеді. Жарадағы өзгерістер ағымы:Жарадағы өзгерістер – бұл физико-химиялық, морфологиялық және биологиялық күрделі жағдайлардың қосындысын құрайды. Ол жараның жазылуымен аяқталады. Бұл өзгеріс жараның бірінші және 2-ші кезектегі жазылуларында бірдей жүреді, яғни таза немесе іріңді жараларда болсын бірдей жүреді. Жарадағы өзгерістер ағымы бірнеше кезеңнен тұрады: Гирголав жара өзгерістерін 3-кезеңге бөледі:Дайындық (подготовительный). Алғашқы қайтадан – қалпына келуі (первичная регенерация). Соңғы қайтадан қалпына келуі (окончательная регенерация). И.В. Руфанов жарадағы және оның айналасындағы ұлпалардағы колоидтардың жағдайын ескере отырып жаралық өзгерістерді екі кезеңге бөледі:1.Гидратация кезеңі немесе сұйықтың (эксудат) жараға, ұлпаға жиналуы –сулану кезеңі.2.Дегидратация кезеңі – ұлпа ісігінің қайтуы, сусызданып құрғауы мен қайтадан қалпына келу, көкеттелу кезеңі. Жараның жазылуы – жара 1-ші кезекте асқынбай және екінші кезекте тыртықтанып жазылып бітісуі мүмкін. Бірінші кезекте жараның асқынбай жазылуы мынандай жағдайларда болуы мүмкін:а) жара шеттері бір-біріне тығыз жанасып туруы керек;б) жарада ұйыған немесе сұйық қан және бөгде заттар болмауы қажет;в) жара шеттері қатты тартылып тұрмауы керек;г) жарада қоздырғыш инфекцияның болмауы қажет; Жараға жіп салғаннан соң біраз уақыттан кейін шеттері бірігеді, кішкене тамырлар бір шеттен екінші шетке қарай өтіп, жалғасып, таралады және кейіннен жас фибробластар пайда болады. Жарадағы өліетті лейкоциттер жояды. Іріңді жара бірінші кезекте асқынбай, бітісіп жазылмайды. Жара 7-8 күнде бітеді, ал ондағы сұйық өздігінен жойылып кетеді. Жіпті 6-7-10 күннен кейін алуға болады. Бірінші кезекте операциядан кейінгі немесе алғашқы хирургиялық өндеуден кейінгі жаралар асқынбай жазылуы керек. Екінші кезекте көбінесе үлкен, жалпақ жаралар тыртықталып жазылады. Бұл жаралардың бойында бөгде заттар, ұйыған қан, оның сұйығы болуы мүмкін. Жарада алдымен түйіршіктелген көкеттелу басталады.Екінші кезекте – жара тыртықталып, витамин, ақуыз, қоректік заттар тапшылықтарында және тағы да басқа қосымша ауыр сырқаттар кезінде жазылады. Сонымен қатар күрделі, ластанған, асқынған жаралар да тыртықталумен жазылады. Екінші кезекте тыртықталып жазылған жарада жазылу үрдісі ұзаққа созылады, өйткені бұл кезде кішігірім тамырлар бір шеттен екінші шетке өтеді, олардан дәнекер торшалар негізі түзіледі және оның үстінде жас түйірленген көкетті ұлпа дамиды. Төмеңгі қабаттарда талшықты дәнекер ұлпа дамып, тыртық пайда болады және қалыптасқан көкетті ұлпа қорғаныс қызметін атқарады. Өйткені, мұнда лимфа тамырлары жоқ, ал сіңімділікті (всасывание) және түйірлі көкетті ұлпаны зақымдауға болмайды. Осы мезгілде жара шеттерінен терінің кілегейлі (эпителий) қабаты дамиды да, жара жас терімен тегістеліп жазылады.Жара кейде қабықша астында қалыптасып жазылады, әсіресе шағын беткейлі жаралар немесе тырналған, жеңіл шағын күйген жаралар да тез бітіп кетеді.Қабықша (струп) - фибриннен құралған қабат. Жара құбылысының клиникалық көрінісі. Жарадағы жергілікті жағдайды және ағзаның жалпы жағдайын ескеру керек. Науқастың жағдайы нашар болса жара баяу жазылады. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу операциясынан (ЖАХӨО) кейін жарада ауыру болмаса, дене қызуы қалыпты болса, онда операциядан кейінгі кезең қалыпты деңгейде, - деп есептелінеді. Негізінде ЖАХӨО-нан кейінгі 2-3 күнде жалпы Т0 37,5-380 шамасында болуы мүмкін. Бұл жарадан ыдыраған заттардың қанға сіңірілуімен түсіндіріледі. Егерде 4-5-ші күндері Т0 жоғарылап, ауыру сезімі күшейетін болса, онда жара іріңдейді, - деген күдік тууы мүмкін. Мұның дәлелі қандағы лейкоцитоз және лейкоцитарлық формуланың солға қарай жылжуы. Бұл кезде жіпті алып, жараның шеттерін ажырату керек, іріңнің ағуына резина-таспа, өткізгіш-түтік қойып жағдай жасау керек. Осыдан кейін жара екінші кезекте тыртықталып жазылады. Жараның жалпы жағдайы туралы оны бақылап, көріп айтады. Жараның жергілікті орналасқан ерекшеліктеріне, шеттерінің келбетіне, көкеттелуіне, бөлінген сұйықтықтың мөлшеріне, түсі мен түріне дұрыс баға беру керек. Жара дұрыс жазылғанда - түйірленген көкеттелу нәзік, алқызыл түсті болады. Егерде түйірлі көкеттелу көкшіл, сұр түсті болса – бұл сырқаттық белгі ретінде саналады. Кейбір авторлар осыған орай көкетті «сау» және «ауру», - деп екіге бөледі. Жара сұйығы сірнелі – ұйымалы, іріңді, қан аралас, ашыған тәрізді болуы мүмкін. Іріңнің түріне қарап жарадағы өзгерістерге баға беруге болады. Ірің – ақуызға, қоздырғыштарға, лейкоциттерге, шіріген қалдық заттарға өте бай сұйық болады. Жараны ұстап көру, сипалап тексеріп, сезу арқылы жара шеттерінің жағдайын, ауырсынуды, ұлпалар қабатында газдың барлығын анықтаймыз. Іріңді жараға зонд салып көруге болады. Таза жараларда мұны істеуге болмайды. Өйткені, жараны ластауымыз мүмкін.Жара бойына және одан бөлінетін сұйыққа бактериологиялық зеріттеулер жасалуы керек. Бактерияларды арнайы қоректік ортаға отырғызып, олардың жарадағы санын, қандай антисептикке, антибиотикке сезімталдығын анықтау қажет. Жараның цитологиясын тексеру де маңызды мәселе, ол үшін алынған сұйықты шыныға жағып, онда торшалар құрамын анықтайды. Бұл жараны емдеудің нәтижесіне, жараланған адамның тағдырына болжам жасау үшін өте маңызды болады.

3) вар

1. Байлам салудың жалпы принциптері, Жгут қою.Қанкетуді уақытша тоқтатудың өте сенімді әдістері. Көрсеткіштері: аяқтамаларға артерялық қан кету, аяқтамаларға кез-келген массивті қанкету. Жгут қоюдың ережесі: 1.Жгут қоюдың алдында аяқ-қолды көтеру керек.2.Жгутты жарақатқа жақынырақ және проксимальді қою керек.3.Жгут астына міндетті түрде шүберек (киім) қою керек 4.Жгутты қою кезінде 2-3 тур жасайжы, оларды біркелкі созады, турлар бір-бірінің үстінде жатпау керек.5.Жгутты қойғаннан кейін, оның тура уақытын белгілеу керек6.Жгут қойылған дененің бөлігі, қарауға ыңғайлы болуы керек.7.Жгутпен зақымдалған адамдар транспортирленеді және бірінші кезекте тексеріледі.8.Жгутты біртіндеп, жайлап босатып, ауыпсынусыз шешу керек.Жгутты дұрыс қоюдың критерийлері болып табылады: қанкетуді тоқтату шеткерлік пульсацияның тоқтатылуы, аяқтамалардың суық болуы және бозаруы.Жгутты төменгі аяқтамаларда 2 сағаттан, ал жоғарғы аяқтамаларда 1,5 сағаттан аса ұстамау керек. Егер бұлай болмаса ишемия әсерінен, аяқтамаларда некроз дамуы мүмкін.Науқастың ұзақ транспортировкасында жгутты мүмкіншілігінше әр сағат сайын 10-15 мин. босатып тұрады, қан кетуді уақытша тоқтатудың әдісін басқа әдістермен ауыстыра отырып (саусақпен қысу).

2. Жарақатты токсикоз, Бұл сырқат негізінен бұлшық еттердің ұзақ уақыт қысылуы кезінде, «бұғау салынған» кезінде жергілікті қан айналысының, зат алмасудың, қоректенудің бұзылып, жедел қоректік тапшылыққа (ишемия) соқтырып, содан соң ішкі уланудың дамуына байланысты жүреді. Қан тамырларының қысылуымен қатар жүйке тамырларының қысылуы байқалады да, жергілікті қоректену мен қан құрамының (гемопоэз) бұзылуы пайда болады. Осыдан кейін тіндердің бұзылуы, шіруі басталады. Қалыптасқан бөлшектенуден зақымдалған жерде әртүрлі улы заттар көбейе бастайды. Бөлшектену кезінде бұлшық еттен миоглобин бөлінеді. Осы кезеңде бұлшық ет 70 –75% өзінің миоглобинін жоғалтады. Олар зат алмасу үрдісінде қанға түсіп – миоглобинемия, зәрге түсіп – миоглобинурияға шалдықтырады. Ағзада, денеде өте күшті қышқылдану (ацидоз) басталады. Қанның pH – ортасы төмендейді, ал зәрде – қышқылды реакция басым болады. Жайылған қышқылдану кезінде миоглобин қышқылды гематин ретінде тұнбаға түсіп, бүйрек сүзгіші тығындалып, бітеліп қалады деген тұжырым туса, ал қазір миоглобиннің бүйрек сүзгішіне тигізетін улы әсері дәлелденіп отыр. Бұлшық ет миоглобиннен басқа 60 – 65% калийді жоғалтады да, гиперкалиемия басталады, содан калийлік улану жалғасады. Ұ. Ж. С. - науқасты жаншылудан, қысылудан босатқан соң басталады да, кейбір авторлар оны «босату сырқаты» деп атаған. Сырқаттың дамуы негізгі үш кезеңнен тұрады.І кезең – ерте кезең, қысылудан босатқаннан кейін 24 – 48 сағат өткен соң басталады.Бұл кезде шоктың сипатты белгілері бар, бүйрек қызметі бұзылуының алғашқы клиникалық көріңістері байқалады. Содан соң 1 – 2 күнге созылған «сауығу» (светлый промежуток) байқалады.ІІ кезең – 4 күннен 8 күнге дейін созылады. Бұл кезде жедел бүйрек жетімсіздігі басаталады. Көбінесе науқастың жедел бүйрек жетімсіздігінен (Ж. Б. Ж.) өліп кетуі жиі кездеседі. І – кезеңдегідей «сауығу» байқалмайды. Тек қана сауығудың байқалуы шоққа қарсы жетілдірілген жүйелі емді қолдануға байланысты кездеседі. Бірақ 4 –5 күннен кейін жедел бүйрек жетімсіздігі басталып, науқастар ауыр халде болып, кейде тосынан өліп кетеді.ІІІ кезең – қалыптасу, сауығу кезеңі. Кейбір жағдайда 3 аптадан соң жүргізілген емнің тиімді әсеріне, денедегі үрдістердің қалыпты жағдайға келуіне байланысты сауығу кезеңі басталады. Бұл кезеңде сырқаттың жалпы көріністеріне қарағанда жергілікті белгілері басым болады. Бүйрек жетімсіздігі басылып, жергілікті қысылған, жаншылған тіндер сырқаты бірінші кезекке шығады. Салдану (паралич), буын, бұлшық ет сіресімдері (контрактура), қоректік бұзылыстардан (трофические) жаралар байқалады.Адамды босатып алғаннан соң, жаншылған жерден жоғары ертерек таңғыш «бұғау» салу керек. Егер жағдай келсе жаншылған жерден жоғары таңғыш «бұғауды» аяқ-қолды босатқаннан бұрын салу орынды. Бұғаналардан төмен жедел түрде тығыз дәкемен таңу, суық қар, мұз, сумен суық басу қажет.Ауыру сезімін тежейтін дәрілер (анальгетик) ішінен морфий, омнопон, промедол, стадол, анальгин, димедрол, т.б. еңгізіледі. Аяқ-қолды құрсаулап, бекітіп, науқасты ауруханаға дәрігерлік көмекке емдеуге жібереді. Дәрігерлік көмек - әскерде полктық дәрігерлік бөлімдерінде көрсетіледі, әскерден тыс жағдайда бұл көмек – қызметті аурухана, емханалар орындайды. Сырқат салынған таңғыш «бұғаумен» жеткізілсе, «бұғаудан» жоғары новокаин ертіндісімен жергілікті қапшық (футляр) тәріздес тежеу (блокада) жасайды, содан соң «бұғауды» ептеп босатып шешеді. Бұдан кейін екі жақтан бұйрек маңайынан 80-120 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен А.В. Вишневский тәсілі бойынша тежеу жасайды, антибиотиктер, сіріспеге қарсы сарысу (ПСС) еңгізіледі. Қышқылдануға қарсы күрес жүргізіледі - натрий бикорбонаты - 4% -500 мл, зәрді қышқылсыздандыру үшін зәр қышқылды диатезге қарсы уротропин, глюкоза, гемодез, Рингер ертіндісі, реополиглюкин, альбумин, плазма, зәр түзілткіштер – лазикс, фуросемид, т.б. қолданылады.

4) вар

1. Үсік Үсік – дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу. Қалыпты жағдайда тұрмыстағы ішкі өзгерістер (микроклимат), сыртқы киім, аяқ киім, адамның жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке шалынуға осқауыл болады.Денедегі ішкі өзгерістер адамға тән физиологиялық ортада болатын тері бетіндегі қалыпты жылуды тудырады. Мұндай ішкі өзгерістердің жоғалуы арақтан мас болған кезде, қарлы боранда, аяздарда, жоғары ылғалдықта кездеседі. Үсіктің пайда болуына желдің жылдамдығы мен бағыты және ылғалдықтың қосар әсері көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде жиылған ылғал жергілікті ұлпаның жылулығын төмендетеді. Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, қант диабеті, тершеңдік, әлсіздену, арықтау, психикалық немесе физикалық шаршау, кәрілік, аяқ-қол тамырларының ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т.б. Қалыптасу белгілеріне байланысты үсікті мынадай түрлерге бөледі:1. Суық желдің әсерінен болған үсік-мұнда негізінен дененің ашық бөліктері үсінеді (бет, қол, аяқ). Бұл үсікті тудыратын температура –5-20-30С. Осы себепті үсік оң температурада болмайды. 2. Қорғаныстық арықтарда (оборонительная траншея) немесе сыз - батпақта «тоңазыған аяқ» пайда болады. Бұл - аяқ ұшының ІV дәрежелі үсігі, олардың толық немесе шамалы өліеттенуі. Бірінші кезең онша анық емес, ұзақтығы 4-5 тәулік. Соғыс уақытында солдаттардың ұзақ уақыт қорғаныс арықтарында немесе жоғарғы ылғалдық жағдайында болуы аяқ киім мен терінің жылу өткізгіштін жоғарылатады. Соның арқасында сыртқы орта мен ұлпалар аралық температура тепе-теңдігі қалыптасып, жергілікті салқындау қалыптасады. Аяқ тоңазуы тек көктем, күздің суық күндерінде жиі кездеседі. Оны тудыратын ұлпалық температура – 0-тан жоғарырақ болады. Үсіктің бұл аталған түрі – «арықта, батпақта тоңазыған аяқ» Италия, Алжир, Испания сияқты елдерде не себептен болатынына мысал бола алады.3. Жаурау. Бұл жағдай төменгі деңгейдегі атмосфералық температурамен адам денесінің суыққа деген қарсыластығының төмендеуі әсерінен туындайды. Көбінде жас адамдарда кездеседі. Орналасатын жерлері - қол, бет, құлақ. Жаурау кезінде терінің тамырлық өліеттенуі мен ұлпалардың көзге көрінер өзгерістері жоқ. Так как поражения тканей связаны с нарушениями кровообращения, в начальный период основной задачей лечения является восстановление кровообращения в пораженных тканях и предотвращение их некроза. Для этого применяются медикаментозные, аппаратные, физиотерапевтические методы и новокаиновые (лидокаиновые) блокады. К медикаментозным методам относятся инфузионно-трансфузионная терапия, в которой могут применяться: антиагреганты,антикоагулянты,сосудорасширяющие средства,низкомолекулярные плазмозаменители,Ангиопротекторы,антиоксиданты,антигипоксанты,гепатопротекторы,мембранопротекторы,антибиотики,иммунокорректоры анальгетики Из аппаратных методов лечения, могут применяться:,Гипербарическая оксигенация,биогальванизация,лазерная терапия,баротерапия,УВЧ-терапия,электрофорез,магнитотерапия,Теплолечение

2. Гемотрансфузиялық асқыныстарҚан құюға байланысты асқынулар ауыр клиникалық өзгерістермен сипатталады және олар реципиент өмірі үшін қауіпті болып табылады. Асқынудың тікелей емес себептері ол дәрігердің әр түрлі қателіктеріне яғни донор мен реципиент қанының арасындағы сәйкестілікті зеріттеуде және қан құю ережелері мен тәсілдеріне қойылған талаптарды бұзғанда қалыптасады. Қан құйылғаннан кейінгі барлық асқынулар мынадай топтарға бөлінеді:Қан құю тәсілінің қателіктері мен тазалықтың бұзылуына байланысты асқынулар.Донор мен реципиентті жеткіліксіз бақылағанда және қан құюға жағымсыз кері көрсеткіштерді толығымен анықтамауға байланысты асқынулар болады. Асқынудың бұл тобына безгек пен мерез, сары ауру, жүре қалыптасқан иммунды тапшылық сырқат (ЖҚИТС - СПИД) ауруларымен зақымдалғандар жатады.Сақтауға дайындалған қан жарамдылығын дұрыс анықтамаудан болатын асқынулар. Қабынуға немесе ыдырауға (гемолиз) ұшыраған қанды құйғанда сепсиске немесе өзара сәйкеспеушіліктен дамыған шоққа әкелуі мүмкін.Қан топтарын, резус факторды дұрыс анықтамағанда, сынақтарды жүргізу кезіндегі қателіктерді анық тексермеуге байланысты асқынулар қалыптасады.Бөтен қан топтарын құю нәтижесінде қан құйылғаннан кейін талу (шок) пайда болады. Бұл асқыну ағымында 2 кезеңді ажыратуға болады: І кезең – негізгі қан құйылғаннан кейінгі талу; ІІ кезең – жедел бүйрек қызыметінің жетіспеушілігі;1.Екі жақ бүйрек аймағынан новокаиндық шектеу (блокада) – 80 –120 мл –ден әрбір жағына 0,25% новокаин ертіндісін жібереді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]