Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Teoria_khir_-_shpor

.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
64.04 Кб
Скачать

10) вар

1. Хирургиядағы физикалық антисептиканың Физикалық антисептика – бұл физикалық әдістердің көмегімен тазарту. Жаралардағы сұйықтың ағып кетуін, тазаруын жақсы жолға қою. Мұндай жағдайда резиналық түтіктер, дәкелік білтелер (тампон) қолданылады. Дәкенің сорып алғыш қабілеті ас тұзының қойылтылған ертіндісіне малып алғанда жоғарылайды, былайша айтқанда жарадан сұйықтың (эксудаттың) дәкеге бөлініп ағуын жақсартады. Ұсақкүлгін сәуле ҰКС (УФО), ұсақдыбыс, лазер сәулелерін, электроферез, магнит өрісін қолдану да физикалық антисептикаға жатады.

2. Аяқ сынған кездегі алғашқы көмек, Сынақтарды емдеуде алғашқы көмек негізгі көрсетілер емдердің қатарында саналады және сүйек сынықтарына сақтықпен қарауды талап етеді. Өйткені мұндай ықылас сүйектердің одан әрі таюына және жылжуына жол бермейді. Бұл мәселе транспорттық жабдықтармен құрсаулап (шина) таңумен немесе байлап бекініс (иммобилизация) жасаумен шектеледі. Ашық сынықтар кезінде жараны залалданудан сақтау үшін асептикалық байлам салу қолданылады. Ауыру сезімінің күшін азайту үшін транспорттық бекіністі зақымдану алған жерде таңу жөн, ауруды сонан соң тасымалдаған дұрыс. Науқас киімін аса ұқыптылықпен шешу керек, олай болмаған жағдайда тігіс бойымен кесу керек. Тасымалдау жансыздырушы дәрілерді еңгізгеннен соң ғана орындалуы шарт. Сынықты бекіткенімізде бекітуші таңғыш жоғары және төмен орналасқан екі буынды міндетті түрде бекіткен болуы керек, ал сан сүйек сынығында - үш буынды бекітуі қажет (жамбас – сан, тізе, сирақ – аяқ буындары).Әрбір емдеу мекемесінде және жедел жәрдем машинасында транспораттық, құрсау (шина) жабдықтары болуы керек. Бұл құрсау жабдықтары (шина) жетерліктей мықты, қолдануға қарапайым болулары керек. Сымнан жасалған құрсау жабдығы ең қолайлы да ынғайлы болары сөзсіз.Крамер жабдығы тоқпақ жілік, білек және сирақ сүйектерінің зақымдануында құрсаулап бекіту үшін жұмсақ мақталы жаялықпен қоса пайдаланылады. Ортан жіліктің сынуында Дитерихстің транспорттық құрсау жабдығын жиі қолданады. Кейбір кемістіктеріне қарамастан жамбас, сан, тізе, сирақ буындарының сынықтарында қолданатын құрсау жабдықтарының барлығынан қолайлысы осы жабдық болып табылып келеді. Дитерхис құрсауын қайың, қарағай ағаштарынан жасайды. Кейінгі кездері тот баспайтын жеңіл металлдан жасалып жүр. Транспорттық құрсаулап бекіту үшін лонгеттік гипсті таңғыштарды қолданады. Жалпы транспорттық құрсаулап бекіту алғашқы дәрігерге дейінгі көмек болып саналады. Оны төтенше жағдай болған жерде салады (цехта, шахтада, құрылыста, көшеде, егін жайда). Көп жағдайларда арнайы құрсау жабдықтарының болмауына байланысты сәтсіздікке ұшыраған жерде қолға түскен нәрселерді (бұйымдарды) қолданады (таяқтар, тақтайшалар, ағаш бұтақтары, мылтық, шаңғы, т.б.). Бұл бұйымдардың ұзындығы 2 буынды қамтуға жетуі қажет болуы шарт. Мұндай үлгілі емес (нестандартные) транспорттық жасанды құрсаулар «ойдан шығарылған» (импровизорованные), - деп аталады. Қолға түсер бұйымдар болмаған жағдайда зақымдалған аяқты сау аяққа байлайды. Бұл жағдайда сау аяқ бекітуші, құрсаушы жабдық қызметін атқарады. Жабдықтарды қолданып, құрсаулап, бекініс жасағанда аяққа физиологиялық дұрыс қалып берілуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]