Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
N_1201_s_1179_a_1.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
6.2 Mб
Скачать

Нұсқа/вариант 01

1. Жасушаның митоздық бөліну процесінде хромосоманың спирализациясы және конденсациясы байқалады, хромосома қысқарып, қалыңдайды. Митоздық фазаны анықтаңыз?

А. +профаза

В. метафаза

С. Анафаза D. Телофаза Е. прометафаза

2. Жасушаның митоздық бөліну процесінде бөліну ұршық жібінің қалыптасуы аяқталады, микротүтікшелер апалы-сіңлілі (сестринские) хроматидтердің екі жағына бекінеді және оларды қозғалысқа алып келеді. Хромосомалар максималды ширатылады, экватор аймағына жинақталады. Митоз фазасын анықтаңыз?

А. профаза

В. +метафаза

С. анафаза

D. телофаза

Е. прометафаза

3. Жасушаның митоздық бөліну процесінде хроматидтер бір-бірінен байланысты жоғалтады және полюстерге ажырайды. Хроматидтер өз беттерінше хромосома болады. Митоздық фазаны анықтаңыз:

А. профаза

В. метафаза

С.+ анафаза

D. телофаза

Е. прометафаза

4. Жасушаның митоздық бөліну процесінде хромосомалар жасуша полюстеріне жетеді, деспирализацияланады, ұзарады. Бөліну ұршық жібі жоғалады. Ядро мембранасы қалпына келеді, көпіршіктерден ламина түзіледі, ядрошық қалыптасады. Митоздың фазасын анықтаңыз:

А. профаза

В. метафаза

С. анафаза

D. +телофаза

Е. прометафаза

5. Жасушаның қандай бөліну типі хромосома санының төмендеуімен іске асады?

A. митоз

B. +мейоз

C. амитоз

D. эндомитоз

E. прометафаза

6. Суретте жасушаның бөліну процессі бейнеленген, митоздың қай фазасы көрсетілген?

А. +профаза

В. метафаза

С. анафаза

D. телофаза

Е. цитокинез

7. Суретте жасушаның бөліну процессі бейнеленген. Митоздың қай фазасы көрсетілген:

А. профаза

В. +метафаза

С. анафаза

D. телофаза

Е. цитокинез

8. Суретте жасушаның бөліну процессі бейнеленген. Митоздың қай фазасы көрсетілген:

А. профаза

В. метафаза

С. +анафаза

D. телофаза

Е. цитокинез

9. Суретте жасушаның бөліну процессі бейнеленген. Митоздың қай фазасы көрсетілген:

А. профаза

В. метафаза

С. анафаза

D. +телофаза

Е. прометафаза

10. Суретте жасушаның бөліну процессі бейнеленген, жасушалық циклдің фазасын анықтаңыз?

A. кариокинез

B.+ цитокинез

C. интерфаза

D. политения

E. эндомитоз

11. Жасушаның тіршілік циклінде G1 фазасында бұзылыс жүреді. Бұзылыс кезіндегі процессті тоқтататын генді анықтаңыз?

A.+ ген р-53

B. ген супрессор

C. ген индуктор

D. ген репрессор

E. конститутивті ген

12. Берілген варианттардың ішінен хроматин негізін құрайтын ақуызды көрсетіңіз:

A. +гистондар

B. коллаген

C. миоглобин

D. альбумин

E. глобулин

13. Берілген кестеде қандай процесс бейнеленген?

A. +хроматиннің жинақталуы

B. ақуыздың жинақталуы

C. хромасоманың жинақталуы

D. гендердің жинақталуы

E. ядроның жинақталуы

14. Мына суретте екі гомологтың тығыз коньюгациясы – синапсистің басталуы жүреді. Конъюгациядан кейін ақуыздық жіптер синаптонемальді кешене түзіп, жақындайды. Гомологтар жұптары биваленттер немесе тетрада деп аталады. Мейоздың профаза -1 кезеңін анықтаңыз:

A. лептотена

B. +зиготена

C. пахитена

D. диплотена

E. диакинез

15. Мына суретте кроссинговер, яғни гендердің жаңа комбинациясына бастама беретін апалы-сіңлілі емес (несестринские) хроматидтер арасындағы бөліктерде алмасу жүреді. Мейоздың профоза-1 кезеңін анықтаңыз?

A. лептотена

B. зиготена

C.+ пахитена

D. диплотена

E. диакинез

16. Гетерозиготалы қалыпты естийтін ата-анадан тілсіз-саңырау баланың дүниеге келу мүмкіндігі қандай? (саңыраудың белгісі «в- рецессивті»).

А. 75%

В. 0%

С. 50%

D. 100%

E. +25%

17. Қаны қалыпты бірігетін (ұийтын) ата-анадан гемофилик ұл бала дүниеге келді. Ата-анасының генотипін анықтаңыздар:

А. Хh Хh , Хh У

В.+ ХH Хh , ХH У

С. ХH ХH , Хh У

D. ХH ХH , ХH У

E. HH , hh

18. Анасында I қан тобы, ал әкесінде IY қан тобы болса, балаларындағы қан тобын аңықтаңыздар:

А.+ ІІ және ІІІ

В. І және ІҮ

С. І және ІІ

D. І және ІІІ

E. ІІІ және ІҮ

19. Мына суретте екі альтернативті белгілері бойынша айырмашылығы бар екі гетерозиготалы дараларды будандастыру көрсетілген. Тұқымқуалау типін көрсетіңіз?

A.+ тәуелсіз тұқымқуалау

B. тіркес тұқымқуалау

C. Х- тіркес тұқымқуалау

D. У- тіркес тұқымқуалау

E. көптік тұқымқуалау

20. Қандай ферментжасушаға сигналды беруде негізгі роль атқарады?

A. полимераза

B. гиалуронидаза

C. лигаза

D. топоизомераза

E.+ фосфатаза

21. Қандай ақуыз микротүтікшелер құрамына жатады?

A. миозин

B.+ тубулин

C. кинезин

D. актин

E. порин

22. Кестеде аллельді гендердің қандай өзара әрекеттесу түрі көрсетілген?

A. толық доминанттылық

B.+ толымсыз доминанттылық

C. аса жоғары доминанттылық

D. кодоминанттылық

E. көптік аллелділік

23. Мына кестеден аллельді гендердің өзара әсерлесу түрін көрсетіңіз?

A. толық доминанттылық

B.+ толымсыз доминанттылық

C. аса жоғары доминанттылық

D. кодоминанттылық

E. көптік аллелділік

24. Жасушаға сигналды берудің неше типі белгілі?

A. 1

B. 2

C. 3

D.+ 4

E. 5

25. Бір геннің әсері екінші геннің эффектісін басып тастайтын аллельсіз гендердің өзара әсерлесу түрін көрсетіңіз?

A.+ эпистаз

B. комплементарлық

C. жаңадан пайда болу

D. полимерия

E. плейотропия

26. Доминантты ген өз бетінше фенотипті көрініс бермейді, тек екі ген бірге болған кезде белгі көрінетін, аллельді емес гендердің өзара әсерлесу түрін көрсетіңіз?

A. эпистаз

B.+ комплементарлық

C. жаңадан пайда болу

D. полимерия

E. плейотропия

27. Фосфорлену және дефосфорленуді қандай фермент жүзеге асырады?

A. геликазы

B.+ фосфатаза

C. лигаза

D. топоизомераза

E. праймаза

28. I0I0 қан тобы бар бала, қандай жанұялық жұпта болуы мүмкін?

  1. II және III

  2. I және III

  3. I және IY

D. II және ІІ

E.+І және І

29. Ата-анасының қан топтары I (0) және II (А) жанұяда, I (0) қан тобы бар бала дүниеге келді. Екінші баладағы қан тобы қандай болатынын анықтаңыздар.

  1. III және II

  2. II және III

  3. +I және II

  4. III және IY

  5. IY және I

30. Некеде гомозиготалы алты саусақты ер адам мен бес саусақты әйелден бала дүниеге келді. Оның генотипін анықтаңыздар (ген алтысаусақтылық (Р) доминантты)?

А. РР

В. рр

С.+ Рр

D. РР, Рр

E. рр, Рр

31. Қандай ағза генотиптерін будандастырғанда 9:3:3:1 ажырау байқалады:

A. А гені бойынша гомозиготалы

B. А және В гені бойынша гетерозиготалар

C. +В гені бойынша гетерозиготалар

D. А гені бойынша гомозиготалар

E. А және В гені бойынша гомозиготалар

32. Сомалық жасуша хромосомасы мен гендер жинағы бойынша неге сәйкес келеді?

A. гаметаға

B.+ зиготаға

C. эндосперма жасушасына

D. жұмыртқа жасушасына

E. сперматозоидқа

33. Қандай будандастыру кезінде ажырау формуласы 1:1 қатынаста болады?

A. тригибридты

B. +талдаушы

C. дигибридты

D. моногибридті аралық тұқымқуалаумен

E. моногибридті толық доминантты

34. Тубулин молекуласының бір соңына (плюс - соңы) қосылу арқылы пайда болатын жіңішке, қуысты органелла. Бұл цитоқаңқаның қандай элементі?

A.+ микротүтікшелер

B. микрофиламенттер

C. аралық филаменттер

D. актинді филаменттер

E. ламина филаменттері

35. Цитоқаңқаның қандай элементі өсуге, қысқаруға қабылетті және жинақталу мен ажырау жылдамдылығы өте жоғары динамикалық құрылымдар болып табылады ?

A.+ микротүтікшелер

B. микрофиламенттер

C. аралық филаменттер

D. актинді филаменттер

E. ламина филаменттері

36. Цитоқаңқаның қандай элементі актин ақуызынан тұрады. Актин көптеген эукароттық жасушаларда болады, жасушаның жалпы ақуыздарының 5% құрайды:?

A. микротүтікшелер

B.+ микрофиламенттер

C. аралық филаменттер

D. актинді филаменттер

E. ламина филаменттері

37. Қандай будандастыру кезінде келесі формула бойынша 9 : 3 : 3 : 1 ажырау байқалады?

A. моногибридтік

B.+ дигибридтік

C. полигибридтік

D. реципрокті

E. қайтымды

38. Екі гомозиготалық ата-аналардың түрлерінде фенотипі бойынша F1 гибридтерде қандай айырмашылық болады?

A.+ толық доминанттылық кезінде

B. гендердің тәуелсіз тұқымқуалау кезінде

C. толымсыз доминанттылық кезінде

D. гендердің тіркесі кезінде

E. дигибридтік будандастыру кезінде

39. Цитоқаңқаның қандай элементтері жасушалық байланыс – десмосоманың (көрші эпителиалдық жасушаларды қосады) және мембранаға бекінетін эпителиалдық жасуша - жартылай десмосоманың пайда болуына қатысады?

A. микротүтікшелер

B. микрофиламенттер

C.+ аралық филаменттер

D. коллагендік талшық

E. ламина филаменттері

40. Түнгі тұңғұйық гүлдердің екі түрін будандастырған кезде (қызыл және ақ гүлді) гибридтердің екінші ұрпағында қандай ажырау байқалады?

A. 1 : 1 : 3

B. 3 : 1

C.+ 1 : 2 : 1

D. 3 : 2 : 2 : 1

E. 3 : 3 : 3 : 1

41. Аллелді гендерден тұратын хромосомалар қалай аталады?

A. жұпсыз

B. сомалық

C.+ гомологиялық

D. гомологиялық емес

E. жынысты

42. Генотипі және фенотипі бойынша 1:2:1 ажырау байқалады, гендердің әсерлесу түрі қалай аталады?

А. моногибридті толық доминантты

В. талдаушы

С. дигибридті

D.+ моногибридті толымсыз

Е. полигибридті

43. Моногибридті будандастырудың толымсыз доминанттылығы кезінде F2 ұрпақта ажырау қандай болады?

A. 13 : 3

B. 9 : 3 : 4

C. 3 : 1

D. 1 : 1

E.+ 1 : 2 : 1

44. Жасушаның қандай элементі ядро тесіктерімен (пораларымен) байланысқан және ядро мембранасының ішкі беткейінде орналасады, талшықты ламинадан тұрады?

A. микротүтікшелер

B. микрофиламенттер

C. аралық филаменттер

D. коллагенді талшықтар

E.+ ламина филаменттері

45. Молекулалық сигналды күшейту үшін қызмет атқаратын және рецептор белсенділігіне жауап беру кезінде жасушада көп мөлшерде және тез синтезделетін кішігірім молекулалардың атын анықтаңыз:

A. алғашқы мессенджерлер

B.+ екінші мессенджерлер

C. үшінші мессенджерлер

D. рецепторлар

E. домендер

46. Жасушааралық сигнализацияны жеткізу әдісін анықтаңыз (гормон эндокриндік бездерде синтезделеді және қан ағымы арқылы нысана жасушаларға өткізіледі)?

A.+ эндокриндік механизм

B. паракриндік механизм

C. аутокриндік механизм

D. юкстакриндік механизм

E. рецепторлық механизм

47. Қандай ағза генотиптерін будандастырғанда 9:3:3:1 ажырау байқалады?

A. AaBb x aabb

B.+ AaBb x AaBb

C. AABb x aabb

D. Aabb x AABB

E. AAbb x aabb

48. Стероидтық гормондар рецепторлары әрі ақуыздық кешенелердің құрамында болады. Ақуыздың атын анықтаңыз?

A.+ шаперондар

B. фолдазалар

C. каспазалар

D. киназалар

E. фосфатазалар

49. Жасушалардың жабысу процесі (қан жасушалары бір-бірімен, немесе қабыну кезінде тамыр жүйесінің жасушаларына). Бір жасушадан екіншісіне сигнал берілуі мүмкін. Сигналды беру механизмін анықтаңыз?

A. эндокриндік механизм

B. паракриндік механизм

C. аутокриндік механизм

D.+ юкстакриндік механизм

E. рецепторлық механизм

50. Кейбір мутациялар патологиялық клондардың пайда болуына алып келеді

(мозаикалар - ісіктік жаңа түзілістердің дамуына). Мутация түрін анықтаңыз?

A.+ сомалық

B. генеративтік

C. герминативтік

D. жынысты тіркес

E. индуцирленген

51. Гаметогенез кезінде жыныс жасушаларында пайда болатын, тұқымқуалайтын аурулардың дамуына алып келетін мутация түрін анықтаңыз?

A. сомалық

B. қайтымды

C.+ герминативті

D. жынысты тіркес

E. индуцирленген

52. Бес саусақты әйел адам мен гетерозиготалы алты саусақты ер адамның некелерінен бес саусақты баланың дүниеге келуі мүмкін бе (алтысаусақтылық ген (Р) доминантты)? Анықтаңыздар:

А. 100%

В. 25%

С. 75%

D.+ 50%

E. 30%

53. Берілген ген бойынша әкесі гемофилиямен ауыратын, анасы гетерозиготалы (Х-тіркес рецессивті тұқымқуалау) отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?

А.+ 50%

В. 75%

С. 25%

D. 100%

E. 30%

54. Бассүйек–бұғана дизостозамен гетерозиготалы ата-ана некесінен қаңқаның құрылысы қалыпты баланың дүниеге келуі мүмкін бе?

А. 50%

В. 75%

С. 100%

D.+ 25%

E. 30%

55. м-РНҚ- ақпараттың көшірілетін ДНҚ бөлігі қалай аталады?

A. оперон

B. мутон

C. экзон

D. интрон

E. +ген

56. Гетерозиготалы қой көзді ата-анадан көк көзді баланың туылу мүмкіндігін анықтаңыз:

А.+ 25%

В. 100%

С. 75%

D. 50%

E. 30%

57. Мына суреттен синаптонемальді кешененің ыдырауы жүреді. Гомологтар бір-бірінен ажырайды, кроссинговер өткен жерде-хиазмалар арқылы байланысады. Мейоздың профаза-1 кезеңін көрсетіңіз?

A. лептотена

B. зиготена

C. пахитена

D.+ диплотена

E. диакинез

58. Мына суретте гомологиялық хромосомалардың хроматидтері бір-бірінен алшақтайды, бірақ центромера аймағы, хиазмамен байланысты болып тұрады (егер хиазма біреу болса-биваленттер крест тәрізді, екеу болса - сақиналы, егер көп болса - ілмекті). Мейоздың профаза 1-кезеңін анықтаңыз?

A. лептотена

B. зиготена

C. пахитена

D. диплотена

E.+ диакинез

59. Суретте жасушаның бөліну процесі бейнеленген, мейоздың профаза -1 кезеңін көрсетіңіз:

A.+ лептотена және зиготена

B. зиготена және пахитена

C. пахитена және диплотена

D. диплотена және диакинез

E. диакинез және лептотена

60. Жасушаның бірнеше бөліну түрлері көрсетілген. Осы түрлерден жасуша ядросында хромосоманың екі еселенуі, цитоплазма мен ядроның ары қарай бөлінбеуі жүретін жасушаның бөліну түрін көрсетіңіз:

A. митоз

B. амитоз

C.+ эндомитоз

D. мейоз

E. политения

61. Көрсетілген авторлардың қайсысы адам кариотипін алғаш рет зерттеді?

A. Крик және Уотсон

B. Жакоб және Моно

C. Эвери және Маккарти

D.+ Тио және Леван

E. Страсбургер және Чейз

62. Қандай ауру хромосома санының өзгеруі кезінде пайда болады?

A.+ Даун синдромы

B. альбинизм

C. фенилкетонурия

D. муковисцидоз

E. Марфан синромы

63. Энергияны қажет ететін, жасуша өлімінің генетикалық бағдарланған белсенді өлімі қалай аталады?

A.+апоптоз

B. некроз

C. автолиз

D. апоптоз және некроз

E. апоптоз және автолиз

64. Қандай синдром адамдағы моносомияның мысалы болып табылады?

A. Даун синдромы

B. Патау синдромы

C. Марфана синромы

D.+ Шерешевский-Тернер синдромы

E. Клайнфельтер синдромы

65. Жасушаның бөлінуі кезінде бөліну ұршығы түзілмейді. Ұзақ уақыт жасушаның мейозбен және митозбен байланысты негізгі бөліну әдістерінің бірі болып келді. Жасушаның бөліну түрін көрсетіңіз:

A. митоз

B.+ амитоз

C. эндомитоз

D. мейоз

E. политения

66. Жасушаның қандай өлімі түрінде хроматиннің конденсациясы және жасушаның сығылысуы жүреді?

A.+ апоптоз

B. некроз

C. автолиз

D. апоптоз және некроз

E. апоптоз және автолиз

67. Туылған кезде балаға акушер-гинеколог дамудың туа біткен ақауы-полидактилияны (қолдарында 6-саусақтылық) анықтады. Полидақтилияның тұқымқуалау типін көрсетіңіз?

A.+ доминантты

B. рецессивті

C. Х-хромосомамен тіркес

D. У-хромосомамен тіркес

E. голандриялық

68. Берілген патологиялардың ішінен 13 жұп хромосома бойынша трисомияны көрсетіңіз:

A. Даун

B.+ Патау

C. Клайнфельтер

D. Марфан

E. Беккер

69. Берілген патологиялардың ішінен 21 жұп хромосома бойынша трисомияны көрсетіңіз:

A.+ Даун

B. Патау

C. Клайнфельтер

D. Марфан

E. Беккер

70. Аминқышқылдың жалпы формуласын көрсетіңіз?

А.

В

NH2 – CH – CH

.

R

С.

D. NH2 – CH – CH

E. NH – CH – COOH

71. Жасушалық циклдің қай фазасында ДНҚ репликациясының процесі жүреді?

A.+ интерфаза

B. анафаза

C. профаза

D. телофаза

E. метафаза

72. Жаңа туылған баланың дамуында бас миы мен бет әлпенінің туа біткен ақауы байқалады. Бас сүйегінің өлшемі кішкентай (микроцефалия). Маңдайы төмен орналасқан. Суретте қандай синдром бейнеленген?

A.+ Патау синдромы

B. Эдвардс синдромы

C. Марфан синдромы

D. Даун синдромы

E. Крузон синдромы

73. ДНҚ тізбегіндегі бір нуклеотидтің фосфаты және басқа нуклеотидтің гидроксилі фосфодиэфирлі байланыспен қосылған кезде не пайда болады?

A.+ полинуклеотидтік тізбек

B. полипептидтік тізбек

C. полимер

D. полисахарид

E. дисахарид

74. Көп емес нуклеотидтер санынан (75-95 жұп нуклеотид) және екінші құрылымнан тұратын нуклеин қышқылының түрін көрсетіңіз?

A.+ т-РНҚ

B. м-РНҚ

C. аз-ядролы-РНҚ

D. а-РНҚ

E. р-РНҚ

75. Тірі ағзалардың әртүрлі түрлеріндегі генетикалық кодтың толықтай сәйкес келу қасиеті қалай аталады?

A. үздіксіз

B. бірін-бірі жаппайды

C.+ универсалдылық

D. ерекшелігі

E. көптігі

76. Берілген варианттардың ішінен тасымалдану қызметін қандай ақуыз атқарады?

A. миоглобин

B. миозин

C. иммуноглобулин

D.+ гемоглобин

E. актин

77. Катализаторлық қызметін атқаратын ақуызды көрсетіңіз:

A. миоглобин

B. миозин

C. иммуноглобулин

D. гемоглобин

E.+ алкогольдегидрогеназа

78. Берілген варианттардың ішінен қорғаныс қызметін атқаратын ақуызды көрсетіңіз:

A. миоглобин

B. миозин

C.+ иммуноглобулин

D. гемоглобин

E. актин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]