Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка микробиология.doc
Скачиваний:
610
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Иммунды ферментті анализ, ифа

Зертгелетін материалдың құрамындағы микробтың антигенін немесе сарысуындағы антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін - бұл қатты фазалық иммунды ферментті анализ (қатты фазалық иммунды сорбентті анализ).

Тапсырма 3.

Микробтардың антигендерін ИФА бойынша анықтау

Ингредиенттері: полистиролды планшеттердің ойықтарына бекітілген белгілі антиденелер; құрамында микробтың антигені бар зерттелетін материал; зерттелетін микробтың антигеніне пероксидазамен (Пх) белгіленген специфихалық антиденелер; ортофенилендиамин (Оф, бұл түссіз сұйық хромоген, бірақ пероксидазамен байланысса қоныр түсі пайда болады).

Полистиролды пробиркалардың қабырғасына белгілі антигенге қарсы антиденелерді (антидене қарсы антитенді) жабыстырады, зерттеуге арналған затты енгізеді, 30-40 мин 37°С инкубацияланады. Детергент қосылған арнайы буферлы ертіндімен ойықтар шайылады.

Техникасы, кезендері: 1. Белгілі антиденелер бекітілген полистиролды планшеттін ойықтарына микробтың антигені бар зерттелетін материал енгізіледі. 30-40 мин. 37°С инкубацияланады. Детергент қосылган арнайы буферлы ертіндімен ойықтар шайылады.

2. Пероксидазамен белгіленген антиденелер ойықтарға енгізіледі. 30-40 мин 37°С инкубацияланады. Детергент қосылған арнайы буферлы ертіндімен ойықтар шайылады.

3. Ортофенилендиамин қосылғаннан кейін планшеттер бөлменің қаранғы орында 20 мин. ұсталады. Қатты фазалы ИФА нәтижесі спектрофотометр Мультискан арқылы есептеледі.

Нәтижелері: зерттелетін материалдың құрамында микробтың антигендері болғанда олар ойықтардың түбіндегі антиденелермен байланысады. Пх белгіленген антигендерімен байланысады. At + Ag - Пх комплексі түзіледі. Ақырғы кезенде ойықтарға енгізілген Оф Пх-мен байланысып қоңыр түсті болады. Бұл нәтижелі реакция.

Егер зерттелетін материалда микробтың антигендері болмаса, онда буфермен шайғаннан кейін ойықтардың түбінде тек ғана белгілі антиденелер орналасады. Содан кейін енгізген Пх-мен белгіленген антиденелерде ойықтардан буфермен шайылып кетеді. Реакцияның аяғында Оф түссіз боп қалады. Бүл нәтижесіз реакция.

б) Спецификалық антиденелерді анықтау

Ингредиенттер: полистиролды планшеттердің ойықтарына бекітілген белгілі микробты антигендер; зерттелетін сарысу; пероксидазамен бекітілген белгілі микробты глобулинге қарсы сарысу; ортофенилендиамин.

ИФА қою техникасы, кезендері: 1. Белгілі микробтың антигендері бекітілген полистиролды планшеттің ойықтарына зерттелетін сарысу еңгізіледі. 30-40 мин. 37°С инкубацияланады. Детергент қосылған арнайы буферлы ертіндімен ойықтар шайылады.

Пероксидазамен белгіленген АГС ойықтарға енгізіледі. 37°С 30-40 мин. инкубацияланады. Детергент қосылған арнайы буферлы ертіндімеи ойықтар шайылады.

3. Ортофенилендиамин қосылғаннан кейін планшеттер бөлменің қараңғы орында 20 мин. ұсталады.

4. Қатты фазалы ИФА нөтижесі спектрофотометр Мультискан арқылы есептеледі

Нөтижелері: зерттелетін сарысудын құрамында антиденелер болғанда ойықтардың түбіндегі антигендермен байланысады және буферлы ертіндімен шайылып кетпейді. Содан кейін енгізілген АГС - Пх ойықтардың түбінде қалады. Ag + At + АГС - Пх комплексі түзіледі. Енгізілген Оф Пх-мен байланысып қоңыр түсті болады. Бұл нәтижелі реакция.

Егер зерттелетін сарысудың құрамында антиденелер болмаса, онда ойықтардың түбінде тек ғана алдын ала бекітілген микробтың антигені қалады. Содан кейін енгізілген АГС - Пх буферлы ертіндімен шайылып кетеді, ал Оф түссіз боп қалады. Бүл нәтижесіз реакция.

Радиоиммунды анализ, РИА

Зерттелетін материалдың құрамындағы антигенді, сондай-ақ сарысудың құрамындағы антиденелерді анықтауға бағытталған зерттеу әдісі.

РИА өткізу үшін антиген немесе антидене радиоизотоппен танбаланады және полистиролды планшеттін ойықтарының түбіне бекітіледі.

Микробтың антигенін анықтау үшін ойықтардың түбіне изотоппен таңбаланған антиделер бекітіледі. Содан соң бекілген антиденелерге құрамында микробтың антигені бар зерттелетін материал қосылады. Антиген-антидене комплексі түзілгеннен кейін ойықтарға изотоппен таңбаланған микробтың антигені қосылады. Таңбаланған микробты антиген тек ғана алдында енгізілген антигенмен байланысқаннан кейін қалған антиденелердің активті орталықтарымен қосылады. Ойықтардың түбінде қалған антигеннің пайзын немесе изотоптың мөлшерін есептеу арқылы әдістің нөтижесі бағаланады.

Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы. Иммунопатология (Иммунодефицитті жағдай, жоғары сезімталдық реакциясы, аутоиммундық процестер).

Сабақтың оқулық мақсаты

Студент білу керек:

  1. Қазіргі заманның иммунопрофилактика және иммунотерапиясында қолданатын вакциналық препараттар, иммундық сарысулар, иммуноглобулиндер, олардың шығарып алу принциптерін.

  2. Инфекцияға қарсы спецификалық және бейспецификалық қорғаныстың жалпы механизмдерін.

  3. Вакциналар классификациясын.

  4. Вакцинациядан кейін қалыптасқан иммунитеттің эффективтілігін бағалауын.

  5. Тері-аллергиялық сынамалар, оның диагностикалық маңызы, микробтық антигендерін.

Студент атқара білу керек:

  1. Жұқпалы аурулар диагностикасында, профилактикасында және емдеуінде антиинфекциялық иммунитеттің механизмнің білімдерін қолдану.

  2. Жұқпалы аурулар диагностикасында тері-аллергиялық сынамалар қорытындысын бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. Инфекцияға қарсы спецификалық және бейспецификалық қорғаныс механизмдері схеманы талқылау.

  2. Иммунды сарысулар және иммуноглобулиндер:

а) әр түрлі типті диагностикалық сарысуларын зерттеу, препараттармен танысу.

б) әр түрлі типті емдеу-профилактикалық сарысуларын және иммуноглобулиндерін зерттеу, препараттармен танысу.

  1. Вакциналар: Вакциналық препараттардың талқылауы және зерттеуі, дайын вакцинаның тексеруін өткізу.

  2. Иммунды реактивтілікті көтеруге арналған арнайы препараттар:

А) Адьюванттар (БЦЖ, пептидогликан, нуклеинат натрийі, жасанды

полиэлектролиттер және т.б.).

Б) Иммунитеттің В- және Т-жүйесінің модуляторлары, фагоцитоздың модуляторлары (миелопид, В - активин, спленин, Т - активин, пирогенал, продигиозан және т.б.) препараттарымен танысу.

  1. Ваютинациядан кейін қалыптасқан иммунитеттің тиімділігін тексеру әдістері, ТЕГР есепке алу (күл және сіреспе токсиндеріне алтиденелерді табу үшін, қызылша вирусына антиденелерді анықтау үшін); гемагглютинацияны тежеу реакциясы (ГАТР) — грипп ауруында.

  2. Инфекциялық аурулар терапиясы мен сақтандыруы үшін қолданатын гомо - және гетерологиялық иммуноглобулиндерді еңгізу әдістері.

  3. Жоғары сезімталдықтың баяу типін анықтап, бағалау. Инфекциялық аурулар диагностикасында қолданатын аллергендерді демонстрациясы (бруцеллин, туберкулин, тулярин, Үі-тифин және т.б.).

Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Инфекцияға қарсы қорғаныс механизмдерін атап шығыңыз.

  2. Инфекцияға қарсы қорғанышындағы иммунитеттің және резистенттілік механизмдері қалай байланысады.

  3. Бактериялық инфекцияларда иммундық жауаптың ерекшеліктері қандай.

  4. Вирустық инфекцияларда иммундық қорғаныстың ерекшеліктерін атап шығарыңыз.

  5. Иммунитеттің қалыптасу түрлері. Антибактериялық иммунитет. Антитоксикалық иммунитет.

  6. Активті иммунизация принципі неге негізделген.

  7. Пассивті иммунизация кезінде кездесетін проблемалар.

  8. Бірінші және екінші реттік антимикробтық иммундық жауапта негізгі топтағы антиденелердің түзілу кинетикасы.

  9. Иммунологиялық есте сақтау түсінігі, клеткалық негізі және инфекцияга қарсы организмнің қорғанысындағы маңызы.

  10. Антимикробтық және антитоксикалық иммунитетті қалыптастыру.

  11. Вирустарға қарсы химиопрепараттар. Вирустың макроорганизмнің нысана торшасымен өзара әсер етуін тежейтін вирустық препараттарды дайындау.

  12. Интерферондар. Интерферогендер.

  13. Аллергия туралы түсініктер. Жоғары сезімталдықтың баяу типі.

  14. Тері-аллергиялық сынамалар, диагностикалық маңызы, қолданылатын аллергендер.