Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка микробиология.doc
Скачиваний:
610
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция)

Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес (моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, лайланбайды және басқа да өзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы нәтижені көзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бөрі ауруы, полиартрит) қолданады.

Мақсаты: Жүкті әйелдің зерттелетін сары су құрамында, резус-антигенге қарсы толық емес антиденені анықтау үшін. Ингредиенттері: зерттелетін сары су, қоянның антиглобулинді сарысуы (АГС), құрамында резус-антигені бар эритроцит. АГС-ті қоянды адамның глобулиндерімен иммунизациялау жолы арқылы дайындайды. АГС-тің құрамында адамның әртурлі глобулиндеріне қарсы толық, бивалентті антиденелер бар.

Техникасы және нәтижесі:

Зерттелетін сарысуға резус-антигені бар эритроцит қосылады. 1 сағат инкубациядан кейін АГС-ті енгізеді. Реакция нәтижелі болса, гемагглютинация байқалады.

Преципитация реакциясы

Преципитация реакциясы электролит қатысуында спецификалық антиденелермен (преципитиндермен) ұсақ бытыраулы (мелкодисперсные) антигендердің (преципитогендердің) тұндыру. Ертілмейтін антиген + анти-дене тұнба жөнінде комплекстің тұндырылуы тек қана ингредиенттердің баламалы ара қатысында байқалады. Преципитиноген мөлдір коллоидты ертінді болу керек. Преципитация реакциясы антиденелер ұстайтын белгілі преципитациялайтын сары су бойынша антигендерді анықтау үшін қолданылады; сары суды жануарларды белгілі антигенмен иммунизация жасап алады.

а) Кольцепреципитация реакциясын қою үшін пробиркаларға (диаметрі 0.5 см) 0,1 мл диагностикалық сары суын әр түрлі антигендерге қарсы құяды, сосын оның үстіне Пастер пипеткасымен пробирканың қабырғасымен зерттейтін құралды қабаттайды. Реакцияны 1-2 минуттан кейін есептейді. Реакцияның қорытындысы оң болса - сары судың және зерттейтін құралдың арасында ақ сақина сияқты преципитат пайда болады. Бақылау (контроль) пробиркада болмау керек.

б) Гельдегі преципитация реакциясы: антиген және антидене гельде байланысып, преципитат пайдалынады. Преципитат гельде ақ түсті сызық болып келеді.

Қою техникасыны бойынша преципитация реакциясының екі түрін ажыратады:

  1. Қарапайым диффузия әдісі: иммундық сары су қосылған бір қабатты агарды гель дайындайды және осы қабатта істелінген шұңқырға антиген еңгізіледі.

  2. Оухтерлони бойынша екі қабатты диффузия әдісі: антигендер және антиденелер агарды гельдің әр түрлі шұңқырларына еңгізеді, олар диффундирлеп кездеседі, преципитат сызықтары пайда болады. Осы реакцияны қою үшін шыныларды мөлдір агарымен қүйып еңгізеді, бұл агарда сосын аралары бірдей шұңқырлар жасайды.

Иммунофлюоресцентті әдіс

Бұл әдіс арқылы тез арада (1-2 сағат) микробтардың әр түрлі антигендерін анықтауға болады (бактериялар, риккетсиялар, вирустар және т.б.) немесе антиденелердің тіңдерде немесе мүшелерде орналасуын табуға болады. Бұл әдісті жүргізу үшін антиденелерді немесе антигендерді флюорохромды бояулармен белгілейді. Реакция болғаннан соң препараттарды люминесценттік микроскоппен зерттейді. Антигендер боялған антиденелермен байланысып препараттың қараңгы фонында жарқырап тұрады.

Микробиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін тура және тура емес иммунофлюоресценция әдістері қолданылады.

Практикалық микробиологияда және вирусологияда иммунофлюоресценттік әдісі көбінесе жұқпалы ауруларды анықтау үшін экспресс -әдіс ретінде қолданылады. ЖРВИ-да ИФР қою схемасын талқылау (грипп, парагрипп, аденовирустық инфекцияларды дифференциясын жасау).

Тақырыбы: Лизис, бактериолиз, комплемент байланыстыру реакциялары. Нейтралдау реакциясы. Радиоиммундық, иммуноферменттік анализдер. Бактериялардың иммобилизация реакциясы. Полимеразды тізбекті реакция.

Сабақтың оқулық мақсаты:

Студент білу керек:

  1. Әр түрлі тобындагы иммуноглобулиндерді, антидененің пайда болуы, иммунитеттегі антиденелердің маңызы.

  2. Комплемент, иммунологиялық реакцияларьшда оның қатысуы және активтену жолдары.

Студент атқара білу керек:

  1. Лизис реакциясын қою

  2. Комплемент байланыстыру реакциясын қою

  3. Нейтрализация реакциясын (флокуляция) қою

  4. Радиоиммунды, иммуноферментті реакцияларын қою және есептеу

  5. Қозгалғыш бактериялардың иммобилизация реакциясын қою

Такырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Әр турлі топтағы иммуноглобулиндері, олардың мінездемесі. IgM, IgG, IgA, IgD, IgE, S-IgA иммуноглобулиндердің молекулалық құрылысы. Активтік орталарының спецификалығы.

  2. Иммунитетте антиденелердің маңызы.

  3. Антиденелердің пайда болуы. Иммуногенездің фазалары. Бірінші және екінші иммундық жауаптағы антиденелердің көбеюінің ағымы.

  4. Бактериялық инфекцияларда организмнің қорғанышындағы секреторлық S-IgA маңызы.

  5. Иммундық лизистік реакциясы, механизмі, қажетті ингредиенттер.

  6. Комплемент, оның компоненттері. Иммунологиялық реакцияларда қатысуы. Классикалық және альтернативтік жолдарымен комплементтің активтенуі.

  7. Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Реакцияға қатысатын жүйелер, ингредиенттері, КБР механизмі. КБР практикада қолдануы.

  8. Иммуноферменттік өдіс, принципі, қолдануы.

  9. Радиоиммундык өдіс, принципі, қолдануы.