Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

Көтерілістің тарихи маңызы[өңдеу]

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлымен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.[1]

#3) Қоғамдық-саяси өмір (1921—1939 жж)

Өлкенің қоғамдық-саясн өміріне бағыт-бағдар берген бірінші бүкілқазақтық партия конференциясы 1921 ж. маусымда болды. Ол елдегі экономикалық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдің мэселелерін қарастырып, ауылда социалистік қүрлысты жүзеге асыруды міндеттеді. Осы міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен кеңестердіқүрумәселесінқолғаалды. 1921 жылыҚазақстанОрталық Атқару Комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті.

Осы ереже бойынша селолық, ауылдық жэне қалалық кеңес депутаттарының мерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік жэне болыстық атқару комитеттері 6 айға, ал ҚОАК-ті — 1 жылға сайланды. Кеңестердегі халық өкілдерінің нормаларын көбейтті. 150 түрғындары бар ауылдарда кеңестер қүрылды, яғнн 50 түрғынға бір депутат сәйкес келді. Бүрын кеңестер 300 түрғындары бар ауылдарда қүрылуға тиіс еді.

Республикадағы Кеңес үкіметін құру үрдісі өте қиын жағдайда жүрді. Болыиевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында түрып социализмді экономикасы артта қалған елде жүзеге асыру өте күрделі болды. Сонымен қатар социализм идеясы қазақ қоғамына жат еді. Соган қарамай Кеңес үкіметі түтас Ресей аумағындағы халықтарды біріктіруге күш салды. Ресейдегі халықтарды біріктіру мәселесі партияның Орталық комитетінде талқыланды. Бүл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясын үсынды, яғни барлық үлттарды, барлық кеңестік республикаларды РКФСР қүрамына автономия қүқында ендіру. Ленин кеңестік респу- бликалар одағын қүруды үсынды. 1922 жылы Орталық комитеттің қазан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказ республикала- ры жэне РКФСР арасында КСРО құру жөнінде келісім жасау қажет деп қаулы қабылдады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде КСРО Кеңестерінің бірінші съезі болды. Съезд КСРО қүрылғандығы ту­ралы декларацияны жэне одақтық келісімді қабылдады. Съезд ең жоғарғы заң шығарушы орган КСРО ОАК сайлады. Қазақстан КСРО қүрамына РКФСР қүрамындағы автономиялық республика болып енді.

Алайда, республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі толғағы жеткен мэселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті жэне де жақын кеңестік мемлекеттік аппарат құру өте қиын болды. Жаңа кеңестік экімшілік аппаратына жүмысқа тартуға жарайтын, жергілікті халық арасынан шыққан, даярлығы бар адамдар өте аз болды. Әкімшілік орындарындағы еуропалық үлт өкілдерінің көбісі шовинистік пиғылдағы қызметкерлер болды. Олар жаңа биліктің жергілікті халықтың талап-тілегіне, мүң-мүқтажына сай жүмыс істеуін қамтамасыз етпеді.

Кеңес үкіметі әкімшілік басқару орындарын жергіліктендіру — қазақтандыру саясатын жүзеге асыруды қолға алды. Алғашқы кез­де Кеңес үкіметі амалсыздан Алаш зиялыларын өлкедегі кеңестік қызметтерге пайдалануға мэжбүр болды. Себебі, қазақ зиялы қауымының басым бөлігі алашордалықтар болды. Сондықтан да болыиевиктердің бүрынғы партиялылығы мен саяси белсенділігін есепке ала отырып, көптеген зиялыларды жүмысқа тартуына тура келді.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жергіліктендіру шарала­ры кеңес және партия аппараттарында қазақтардың үлесін көбейту түрінде көрініс берді. Алайда, Қазақстанға Ф. Голощекиннің басшы болып келуіне байланысты оның сипаты өзгерді. Ол жергіліктен- діруді бүрын едәуір ауқым алып келген қазақ үлтының өкілділігі туралы мәселенің орнына қазақ бүқарасының өзін кеңестендіру мәселесіне айналдырды. Яғни, Қазақстанның жаңа басшысы қазақтандыру саясатын үлттық мәнінен біржолата айырып, оны таптық арнадағы кеңестендіру шараларына қосып жіберді.

Қазақ АКСР-нің ОАК-ті қазақ жэне орыс тілдерін пайдалану тэртібі туралы декрет қабылдады. Декретте кеңес үкіметінің заң қүжаттарын екі тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі барлық халық комиссарлары мен ҚОАК-нің мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді үсынды. 1923 жылы 22 қарашада “Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы” жаңа декрет қабылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қаңтарынан іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді үсынды. Бүл науқан көптеген жерлерде қазақтардың орыс тілінен мүлде хабарсыздығынан, ал пар­тия жэне кеңес қызметіндегі еуропалық үлт өкілдерінің қазақтардан мүлде оқшауланып қалғандығынан, Кеңес үкіметінің амалсыздан жүргізген шарасы еді. ҚОАК-ті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғы мерзімі 1927 жылдың 1 қазаны болып белгіленді.

Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке түрғын- дарының сауатын ашу мэселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы “Сауатсыздықты жою жөніндегі жүмыс туралы” қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мүғалімдердің, оқулықтар мен оқу қүралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласын- да үлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мек­теп жасындағы балаларды оқуға тарту жүмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1924     жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашыл­ды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жүмыс істеді. Осы кезде КСРО FA-ның қазақстандық базасы қүрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология жэне биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.

20—30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ш.Қүдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жүмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сүлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жүмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық қүндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.

Кеңес үкіметі үлттық эдебиеттің орнына кеңестік эдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов жэне т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1925    жылы кэсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сняқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болғандар үйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республнкада қазақ мемлекеттік академиялық дра­ма театры, республнкалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера жэне балет театры, үлт аспаптар оркестрі, снмфониялық ор­кестр, республикалық қуыршақ театры жүмыс істеді.

Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені үлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазнялық жэне пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық қүрылыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи са- насын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауы- стыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір үрпақтың ғана ғүмырында қазақтар өзінің төл жа- зуымен дүниеге келген үлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілген шаралардың бэрі де болыиевиктік тэртіптің күшейгенін, әкімпііл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.