Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

3) Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Билет№ 19

1) Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылы- ғына негізделген еді. VI—XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Орта ғасырлық қоғамда малға жеке меншік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен қүлдар бүқарасы тіршілік еткен.

Орта ғасырлардағы жазба деректердің мэліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз жэне түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының қүрамында қыста жаюға неғүрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі түрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста жэне аң аулауда пайдаланатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. «Бүл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мүндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан»,— деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.

Жылқы санының көп болуы эрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы кли­маты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол жэне еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр жэне қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын — қымыз дайындайтын.

Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда асыл түқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кез­де алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мүның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының түрақты қыстаулары бар жар- тылай көшпелі түрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр үстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Ба­тыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Қүмды жэне шөпсіз жерлер- де түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз «Көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақүйрықтар мен қүландарды қуған кезінде ғажап төзімді»,— деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға қүс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен үстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында түратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шарушылығына көмекші ғана болған.

Егіншілік. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сүранымды арттырған. Мүның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шүғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен үштасып жатты.

2)XVIII ғасырда қазақ жерлерін қалпына келтіріп,билік жүргізген –Абылай хан. XVIII ғ.70- жылдары Абылай хан бірқатар соғыстарда соққы беріп ,салық төлеуге мәжбүр еткен қала Ташкент.XVIIIғ Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.

3) 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті.

Билет 20