Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

3)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —    1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды.

Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сэйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тэжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай эр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсыпғап “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда­рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

3) Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.

Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.

1995    жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау жэне жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жүмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің қүлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің қүлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.

Өндірістің қүлдырауының басты себебі — Одақ бойын­ша бүрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық түтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты. Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.

Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.

Билет №30

1) Тарих араб тілінен аударғанда «зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме» деген мағынаны береді. Тарих адамзаттың басынан өткен заманалар шежіре шертейді.KZ тарихы дүние жүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болғандықтан жалпы адамзаттың тарих тұрғысынан қарастырылады адамзаттыңқауымдық құрылысы дәуірінде архелогиялық ,антропологиялық және тарихи дамуы кезіндегі кезендері туралы сипаттама береді. Пәннің мақсаты мен міндеті - KZ тарихының методологиялық және теориялық проблемалары туралы түсінікке ие болу.

2) Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды ырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастағанреволюциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды.

«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, сол

Хатавторлары кандай нәтиже күтседе, ол өз рөлін атқарып шықты. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды. Премьер-министр П.В. Вологодскийдің өкімімен алғаш «бұратаналар ісі» бойынша министр Б.М. Шатиловтың, кейін халық ағарту министрлігінің басшысы профессор В.В.Сапожниковтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Ішкі істер министрінің орынбасары В.Д. Михайлов, Министрлер кабинеті қоныс аудару бөлімінің меңгерушісі A.M. Ярмош, әскери ведомствоның өкілі генерал В.Л. Поповтан құрылды. «Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір үкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда үкіметінің келісімімен Сібір әскери үкіметі тағайындайтын болды.[18]. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір үкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір үкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты.

Алашорда делегациясы (Бөкейханов оған Ә.А. Ермеков пен X. Тоқтамышевті қосты) мен Сібір үкіметі комиссиясының келісіміне Уфа мемлекеттік мәжілісінің басталу қарсанында қол жеткізілді.

Мәжіліс 1918жылы 8 қыркүйекте ашылды. Оның жұмысына 147адам қатысты, оның ішінде 81 адам Құрылтай жиналысының мүшесі болды. Оған барлық қазақ облыстары, оның ішінде Түркістан автономиясынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, С. Досжанов, Б. Жақандамов, А. Байтұрсынов, Ғ. Әлімбеков, М.Тынышбаев, М. Шоқай, Е. Тұрмұхамедовтар қатысты.[19].

Уфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа үкімет Директория деген атқа ие болды. Ол әсерлер партиясы ОК-нің мүшесі Н. Авсентьев төрағалық еткен бес адамнан тұрды.

  1. Қазақстан-2030Стратегиясы– елдамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы.1997жылы қазанда қабылданған.ПрезидентН.Ә.НазарбаевтыңҚазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанғақолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік–қоғаммен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономиканегізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білімалуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.