Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

Билет 1

#1)  Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар

Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері және ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге бөлінеді.  Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталадыадам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.  Ежелгі палеолит (б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар). Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Сонымен қатар, 1,5-1 млн жыл бұрын Гиндукуш, Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай таулары муссондарды өткізбейтін кедергілерді қалыптастырып, ландшафты өзгеріске ұшыратты. Муссондар мен циклондардың қозғалысының өзгеруі кейбір территориялардың шөлге айналуына себепші болды. Бірақ ол Қазақстанның барлық аумағына бірдей әсер еткен жоқ. Каспий теңізі ойпаты мен Үстірт қыратында палеолиттен неолитке дейін тұрақты климаттың болуы үздіксіз эволюцияны дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл аймақтағы шикізаттың молдығы, аң аулаушылық қоныстарының болуы тікелей әсер етті.  Ал Қаратау жоталары да өтпелі аймақтар болып таьылады. Себебі, оның бір жағынан Солтүстік Тянь-Шань жоталарының сілемдері болуы (мұзарттар болуы мүмкін) және екінші жағынан ол Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласын бөліп жатты. Сондықтан Қаратау жотасының климаты қолайлы болып, ол ұзақ уақытқа дейін созылған.  Біздің заманымыздан 100 - 80 мың жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат қалыптасты.  Ежелгі палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың – 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).  Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар) дәуіріне жатады.  Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы, Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған (екі қырлы және бір қырлы шапқықұралдар, шапқылар, аур тас сынықтар, Ірі ұра тастар – нуклеустер) , Ақ көл 1 тұрақтары, Шу өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы,  Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы (екі жақ беті өңделген құралдар – бифас, жануарлардың терісін өңдеуге және ағашты ұсатуға арналған қырғыштар, нуклеустер), Жезқазған қаласының маңындағы (150 км) Жаман-Айбат және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары (шапқы құралдар). Мунда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақ тас жыныстарынан жасалған.  Солтүстік Балқаш өңірі – тұрақтар шұңқырлар тізбектерінің үстіне, өзен және көл қабақтарының, шикізат шығатын шоқылардың басында орналасқан. Жезқазған облысындағы Саяқ поселкесінің шығыс жағында 60 шақырым жерде Семізбұғы алқабы орналасқан.  Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас, қырғыштар, үшкір тастар, піспектер, шой балғалар Бұл кезеңде адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне –бірін ұрған. Мұндай өңдеу тәсілі – «соққылау техникасы» немесе «малта тас мәдениеті» деп. Аталады. Себебі, тас өңдеу үшін өзендегі малта тастар пайдаланылған. Тас құралдардың бір шеті өңделген, екі жағынан мол сындырылып жұқартылған, өткірленген имек жүзі бар, ал қарсы жағы өңделмеген.  Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды.  Орта палеолит( мустье ) (б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі басталды). Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең. Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас, балта. Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды. Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей алмаған. Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы, Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және 2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары кездеседі. Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды. Бұл кезеңде қазақстанның ландшафтында, палеоклиматында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде өте үлкен өзгерістер болады. Жер бетінің құрылысы қазақстанның қазіргі жағдайына ұқсас болды. Климаттың ерекшелігі - өте суық және құрғақшылық кезең болып табылады. Екі негізгі палеогеографиялық жағдай болады – 1) Қазақстанның шығыс бөлігінде көлемді таулы аймақтар пайда болады; 2) Сарыарқа аймағында су желісінің нашарлауы және тоңдану үрдісінің басталуы. Бұл жануарлардың кетуіне ықпал жасады.  Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі – аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.  Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының алғашқы түрі­ рулық қауым болды.  Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.  Өзгерістер: ауа – райы күрт жылынды; мұздар еріді; шөбі мол далалардың көлемі азайды; жануарлар құрып кетті; адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.  #2) ХІІ ғ. - ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін Тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласыТемучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Темучин 9жасқа толғанда әкесі татарлар қолынан қаза Темучин-Шыңғысхан (1155-1227 ж.ж.) өмір сүрді. 1206 ж.моңғол шонжарларының құрылтайында ұлы хан болып Шыңғысхан сайланып, Моңғол мемлекеті құрылды. Шыңғысхан әскери-феодалдық Моңғол мемлекетін құрды.Оның астанасы Қарақорым болды. Әскери басқару жағынан Моңғол мемлекеті 3 әскери аймаққа бөлінді.(оң, сол, орталық қанат) Шыңғыс хан (Тэмуджин, Темучин). Оның туған жылын зерттеушілер әртүрлі жазып келеді.Біреулер оны 1155 жылы дүниеге келген десе, енді біреулері 1162 және 1167 жылдары деген пікірлерін білдіруде. 1162 жыл ындыққа жақын келетін сияқты. Өйткені 1206 жылы моңғолдар Ұлы құрылтай шақырып Тэмуджинге хүн, көктүрік билеушілерінің ата-бабаларынан бері қолданып келе жатқан Шыңғыс хан (түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден шыққан) атын берді.Шыңғыс хан —Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. #3) 1916 ылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысынаТүркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады.Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Билет №2

#1)Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

    • .кезеңдеріПалеолит  Мезолит Неолит Ерекшелігі Ертедегі тас дәуірі  Мәдениеті 3.1.1 Олдувайлық мәдениет Ашельдік мәдениет Орта және соңғы ашель Соңғы палеолит  Мезолит  Құралдар  Мәдениеті Неолит Шаруашылығы Мәдениеті  Тұрақтар. Кезеңдері Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді: Палеолит. Ежелгі тас ғасыры. а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл. б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл. ) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады Ерекшелігі

Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

#2) Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды.

Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

#3)Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», — деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.

Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).

Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.

Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.

Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.

Петроградтағы Қазан төңкерісі

1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И. Ульянов (Ленин) болды.

Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық  халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.

1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.

Билет 3

#1) б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды. Бұл кезеңдегі негізгі өзгерістер: рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді; мал шаруашылығы қалыптасты; біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады. Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамның еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.  Қола дәуірінің негізгі кезеңдері: б.з.б. ХҮІІІ – ХҮІ ғғ. – ерте қола дәуірі б.з.б. ХҮ – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі  б.з.б. ХІІ – ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.  Ежелгі қола металургиясымен.

  1. Бақташылық мал шаруашылығымен.

  2. Теселі егіншілікпен.

андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның териториясын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеген. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет – Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл ескерткіштер тобы Минусинск қазан шұңқырынан Орал тауларына, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан-Памир тауларына дейінгі аймақты алып жатыр. Андронов мәдениеті Қазақстанның Орталық Қазақстан бөлігінде көптеп кездесіп, 30 елді мекен, 150 қабір қазылып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда –Алексеевка,Ұралысай, Тастыбұлақ және Қостанай мен Челябі обл. түйіскен жері – Арқайым ескерткіштері. Шығыс Қазақстанда – Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Қызылсу, Алтай таулы ауданы, Тарбағатай мен Сауыртауларынан табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Таңбалы тас және Қаратау жоталарынан, Аралда – Түгіскен кесенесі зерттелді.  Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі мал түрі – ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.  Еңбек құралдары: тас кетпендер, тастан жасалған астық түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келсаптап, қола және мыс қол орақтар, төрт қырлы қола балға шоттар, тастан жасалған ауыр қайлалар, балға шоттар, балғалар, сыналар, руданы үгетін келсаптар.  Қоғамдық қатынастар: мал шарушылығының жедел дамуы ең бірінші кезекте ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің, халықтың басқа бұқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуына негіз болды. әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалыұ бөлімшелер пайда болды.  Еркек –көсем, еркек – жауынгер, қоғамда, материалды игіліктерді өндіруде үстем дәреже алды. Ол рулық қауымның басшысы болып, туыстық әкелік жақтан есептеле бастады.  Әлеуметтік қауым отбасылық - өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншік болған еді. Кейінірек, күшейген патриархаттық әулеттік қауымдар оқшаулана түсті. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.  Ескерткіштері: Шығыс Қазақстанда – Трушниково, Мало-Красноярка, Усть-Нарым, Қанай; Батыс Қазақстанда – Алексеевка, Тастыбұтақ; Солтүстік Қазақстанда – Явленко –1, Арқайым; Орталық Қазақстанда – Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Ақсу-Аюлы-2, Атасу; Оңтүстік Қазақстанда – Таутары

#2) 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы  жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.

«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.

Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.

Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

#3) Мемлекет билігінің Кеңестердін қолына кешкені туралы хабар бүкіл Ресейдің ғана емес, дүние жүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл оқиға бүкіл елде, Ресейдің орталық аудандарында, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты.

Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес 1917 жылғы қазаннан 1918-жылғы наурызға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл үрдіс өлкедегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы ерекшеліктерге байланысты және жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз, әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған, әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне - бейбітшілік, ал шаруаларға - жер беруге уәде жасаған үкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші роль атқарды.[1]

Төнкерісті қолдайтын күштер басым болган жерлерде жергілікті Кеңестер большевиктер жағына бүтіндей шықты. Қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Семей, Өскемен өлкелерінде қазақ-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 15-інен 16-сына қараған түнде көшті.

Билет №4

#1)Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер,сарматтардан тұрған

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды,Ауғанстанды,Орта АзияныжәнеҚазақстанныңоңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген.Геродот(б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары олардыАзияскифтерідеп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта АзияменҚазақстанаумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкентауданы), СолтүстікҚырғызстанаумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған ОңтүстікОралеңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған.СақжеріндеЯксарт(Сырдария),Оксус(Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған.СырдарияныБақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.Парсы патшасыДараявауштыңПарсаға(гр.Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • парадарая (теңіздіңарғы бетіндегі сақалар) — еуропалықсақалар-скифтер немесеАрал теңізі,Сырдарияныңарғы жағындағылар;

  • хаомаварга (хаомасусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабынмекендеушілер;

  • тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияныңорта ағынын жәнеЖетісудымекендеушілер.

Қоғамы     жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),     абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,     қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

#2) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкіметбилігі менқазақхалқының арасындағықарым-қатынаселеулі түрде шиеленісе түсті.Біріншіден, Кіші жүзбенОрта жүздегіхан билігінің жойылуысұлтандардың, билердің жәнебатырлардыңедәуір бөлігінің наразылығын туғызды.Екіншіден, патша үкіметіқазақ халқының ежелден келе жатқандәстүрліжерлерін әскерибекіністерсалу үшін жаппай тартып ала бастады.Үшіншіден, бұрын Ресейгеешқандай алым-салық төлеп көрмегенқазақтарғаендігі жерде жасақ, түтін салығы, жолсалығысияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатынкүйкеше бастады.Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарынашабуылжасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергіліктіхалықты(номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардыңкүнкөрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістіңбастымақсатықазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгіжерлерінөздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би,батырлар, тіптісұлтандарда болды. Көтерісшілердің қалың қолына үшжүздіңатақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстарменбашқұрт,өзбек,қарақалпақ,түрікмен, тіптіполяктаржәне басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекшесеніміменқұрметінеие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды.Наурызбайсұлтанның атқосшысы даНиколай Губинесімді орыс еді. ТатарӘлім ЯгудинӘскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялыққызметкеханның атынан өзбеқСейдаққожа Оспановбасшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жекетәжірибелерінүйретті.

#3) «Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5].

Билет №5

#1)Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.

Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.

Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.

Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады

Археологиялық ескерткіштері[өңдеу]

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.

Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.

Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

ШаруашылығыКөшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.

Зергерлік өнер3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылады,

#2) 20 –ғасырда 2 жартысында ресей мен қытайдың қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашқан құжат: 1881ж петербург келісімі. 20-ғасырда қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі;ақмола обылысы қазақстанда 20 ғасырда 2 жартысында дамыған өнеркәсіп салалары;тау- кен өнімдерін өндіру. Қарағандаы көмір кенін бірінші қазақ баласы тапты. 20 ғасырда қазақстанда территориясының түрлі –түсті металдар мен тас көмірді өндіру шығыс және орталық қазақстанды қамтыды.

#3)азамат соғысы – ол мемлекет ішінде билік үшін ел азамат-тарының өзара соғысы

Қазақстандағы азамат соғысы жылдары: 1918-1920 ж.ж. 1918 жылы жазда орынборды басып алған атамана А. Дутов. 1919жылғы негізгі міндеті; колчакты талқандау. 1919 ж күзде Қызыл Армия Орынбор мен Оралды азат етті. 1919 жылғымаусымда Оралды азат етуде қаза болған В.чапаев. Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес өкіметі қайта орнады; 1919 жылы қараша.

Билет 6

1 үйсіндер б.з.д. 2 ғасырда Жетісудағы сақ тайпалар ының жерін мекендеді. Үсіндердің негізгі орналасқан жерлі Іле даласы. Үйсіндердің астанасы Үигучен Қызыл Аңғар қаласы. Ыстық көл жағасында орналасқан . Үйсіндердің жоғарғы билеушісі Гуньмо деп аталған. Үйсіндер жайлы Қытай тарихышысы Сыма –Цянь қалдырған .Үйсіндер көшпелілер ретінде суреттеледі. Үйсіндер негізі мал шаруашылығы. Үйсін қоғамында мал мен жерге жеке меншік болды.Үйсіндер Қытаймен жан жақты дипломатиялық туыстық қатынысты болған. Үйсін тайпалары көне түркі тілінде сөйлеген.

#2.Ақ орда бірдіндеп Алтын Ордадан бөлініп шығады. Ақ орда Орыс ханның тұсында 1361-1380 жж күшейіп,шын тәуелсіз мемлекет болды. Ақ Орда Қазақстанда ХІV ғ Алтын орда ның ыдырай бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақ Орда жошы ұлысының жерінде қалыптасты. Ақ Орданы түркі тілдес халықтар мекендеді.Ақ Орданың соңғы ханы Барақ . Ол 1423-1428 ж . билік құрған. Моғолстан Орта Азияның Солтүстік-шығысында. Жетісу мен Шығыс Түркістанда құрылған. Моғолстан мемлекетінің негізін салған дулат тайпасының әмірі Болатша бастаған феодалдық топ 1348ж мемлекеттің хан тағына Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді отырғызады. ХIV ғ ортасы ХVIғ басында Шығыс Қазақстан Моғолстан құрамында болды. Моғолстаның астанасы-Алмалық қаласы. Моғолстан халқының құрамында дулаттар, қаңылылар, керейлер, үйсіндер,басқа да түрік және түріктенген монғол тайпалары болған.ХV ғасырдың басында. Мұхамед ханның тұсында Моғолстан Темір әулетінен тәуелсіз болды.Әмір Темірге қарсы Моғолстан Ақ Ордамен одақ құрады Моғолстан ХV ғ басында ыдырайды.

#3.. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде НЭП-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар- ақша катынастарын калпына келтіруді талап етті.

Билет№7

#1(қаңлы мемлекеті б.з.д. III –II ғ.ғ.Қазақстанның Оңтүстігінде қалыптасты. Қаңлылар негізінен Сырдарияның орта ағысы жағалауы мен Қаратау етегін мекендеген. Қаңлылар туралы Қытай жазба деректерінде құңды мәліметтербар. Қаңлылардың астанасы –Битянь қаласы.Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырды. Б.з.д. II ғасырда Орта Азияда «Халықтардың ұлы қоңыс аударуына»құрылған мемлекеттердің бірі –Қаңлы мемлекет. Қаңлы мемлекетін хан басқарған.Қаңлылар өз дәуіріңде Қытай ,Кушан Рим империясы мемлекеттермен саяси –экономикалық мәдини байланыста болған.Қаңлылар арасында табиғатқа, ата-баба аруағына табыну ғұрпы кең тараған.Қаңлылар мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты.Қаңлылар аспан әлемі жыл санаудың негізі болды.

#2) 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдардықыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.

1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтыңкөтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.

Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханныңкелісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.

Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.

Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқамерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.