Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

билеты на фил

.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
18.44 Кб
Скачать

31 билет

Таным туралы жалпы ұғым. Философия тарихындағы таным мәселесі.

 

Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. 

Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. 

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.

Танымның түрлері көп:

1.Мифологиялық түрлері

2.Күнделікті практикалық таным

3.Көркем тану

4.Діни тану

5.Ғылыми таным

34 билет

Ғылыми танымның құрылымы, ерекшелігі.

Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады

32билет

Философияда және ғылымда ақиқат мәселесі. Ақиқаттың критерийлері

35 билет

Адам және оның болмысы философияның орталық мәселесі ретінде

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген саналуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға ат салысқан Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді - өзің тани біл» - деген қанатты сөздің тұжырымдамасы екенін айта кетуге болады.  Кісі, тұлға жетілгене кәмелетке жеткен адам. Кісі дегеніміз - жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моралдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқаты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.Тұлға - белгілі бір қоғамық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсерінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтас бірігуінің нәтижесі.

33билет

Сезімдік және рационалдық таным және олардың бірлігі.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. 

Сезімдік таным : Түйсік, Қабылдау,елестету боп бөлінеді.

Түйсiк (ощущения) — адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады.

Қабылдау (восприятие) — адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.

Елестету — сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi.

Рационалды таным:құбылыстардын мәніне олардын ішкі байланыстарына баға береді.Ұғым, пікір,ойқырыту . Философия тарихында сезімдік және рационалдык тұрады