Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

1) Археологиялық ескерткіштері

Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Сақаларкөсемініңкатафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған терісауыты, Есік обасы.

Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).

Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Шығыс Қазақстан

Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Орталық Қазақстан

Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді.

Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Арал өңірі

Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Батыс Қазақстан

Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

2) Тәуке хан билікке келісімен Казақ хандығындағы ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан әлсін-әлсін шабуылдар жасалып түрған.

Сыртқы шапқыншылықтан қорғану, хандыцтағы бытыраңқылықты жою «Жеті Жарғы» заңының қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Казақ қоғамынын сол кездегі кажеттілігін қанағаттандыратын заң жобасының керектігі, бұрыннан болған қүкықтык нормаларды жүйелеу аркылы оларға мөнді өзгеріс енгізіл, толықтыру өрекеттері дүниеге «Жеті Жарғы» заңын әкеледі.

Тәуке хан халык арасындағы беделді билермен кеңесе отырып қабылдаған «Жеті Жарғы» заңы, қазақ кауымының әлеуметтік-экономика-лық, құқықтық катынастарын реттеуге бағытталады. Орыс жазбаларында бұл заңдар «Тәуке хан заңдары» деп аталады.

әуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. «Жеті Жарғыда» жүздерді баскару үшін сайланған үш бидің аты белгілі. Ұлы жүзде — Төле би, орта жүзде — Қазыбек би, кіші жүзде — Әйтеке би. Жыл сайын Күлтөбеде (Ташкент маны) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің кұқығының қорғалуын, сақталуын қатты кадағалаған.

«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мәселен, кісі өлтіргендер үшін «қанға қан, жанға жан алу» принципі сақталады. Кейбір жағдайларда өлім жазасын соттың келісімімен кұн төлеумен ауыстыруға болады.

«Жеті Жарғы» бойынша отбасында әкенің билігі баянды етіледі. Ол ұл-кызының, әйелдерінің, құл-күнінің, төрт түлік малының, жайлау — қыстау-ының жеке дара билеушісі, асыраушысы әрі қамқоры болғанды. Әкенің ризалығын алмай, отбасының кез келген мүшесі ешбір шешім кабылда-майды.

Өзін-өзі өлтіргендерді заң бойынша бөлек жерге жерлейді.

Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы кесіледі.

Құдайға тіс тигізген кісі жеті адамның куәлігі аркылы анықталса, тас-пен ұрып өлтіріледі.

Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен айырады.

3) 1991   ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш рет респу­блика Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жа­салды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, эділет, сот органдары қайта қүрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті үйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен үйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде түңғыш рет одан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров үшты.

1991   ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республи- касы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутатта- ры “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тэуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, үлттық табысына жоғары иелік ету қүқы бар, тәуелсіз сыртқы жэне ішкі саяса­тын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық үлттарының азаматтары Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі жэне мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтыпа, үстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, элеуметтік жэне мүліктік жағдайына, шүғылданатын қызметіне, түрғылықты орны- на қарамастан бірдей қүқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте бо- лады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тэуелсіздігі мен аумақтық түтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін қүруға хақылы екендігі, республика азаматтарының эскери міндетін өтеу, оның тэртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тэуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстан тэуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың жэне аудандардың басқару органдары- на реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-элеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жүмыс жүргізу, түрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, эртүрлі қоғамдық үйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүние- жүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі бо­лып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритаиия жэне т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық жэне консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жэне үлттық үйымдардың өкілдіктері жүмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық жэне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер түрды. Олар — елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің түтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көпүлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер — Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан эрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға багытталды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында (қазіргі – Қарасай ауданы) дүниеге келді.        1958 ж. Н. Назарбаев Қаскелең ауданындағы Абай атындағы орта мектепті үздік бітірді.        1958 ж. комсомолдық жолдама бойынша Н. Назарбаев Теміртаудағы металлургиялық зауытқа жіберіледі.        1958 ж. 20 қарашасы мен 1960 ж. 26 сәуір аралығында Н. Назарбаев бірқатар қазақ жастарымен Днепродзержинск қаласының (Украина) Днепр металлургиялық зауыты жанындағы (қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ) № 8 техникалық училищесін бітіреді.        1960–1969 жылдар аралығында Н. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істейді.        1967 ж. Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын аяқтайды.        1962 ж. қарашасында Н. Назарбаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясына қабылданады. 1962–1991 жж. аралығында КОКП мүшесі.        1969–1973 жж. Қарағанды облысының Теміртау қаласында партиялық және комсомолдық қызметте.        1973 ж. қазаны мен 1977 ж. наурызы аралығында Н. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы.        1973–1976 жж. Н. Назарбаев КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепте сырттай оқиды.        1977 ж. желтоқсаны мен наурызы аралығында Н. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы.        1979 ж. желтоқсанында Н. Назарбаев өнеркәсіп, транспорт және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшылығына сайланады.        1981– 1986 жж. КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі.        1984 ж. наурызы мен 1989 ж. маусым аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы        1986–1991 жж. КОКП ОК мүшесі.        1989–1991 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 ж. ақпаны мен сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарады.        1989–1992 жж. қаңтарына дейін КСРО-ның халық депутаты.        КСРО 10-шы, 11-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңесінің депутаты.        1990 ж. 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясының 12-ші шақырылымында Н. Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланады.        1990–1991 жж. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі.        1991 ж. 28 тамызда Н. Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы міндетінен босап, ОК қызметінің тоқтатылуы туралы пікірін білдірді.        1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.        29.12.1992 ж. Ресейдің Басқару академиясында (Мәскеу қ.) «Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайындағы ресурстарды сақтау стратегиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Мамандығы 08.00.05 – Экономика, жоспарлау, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқаруды ұйымдастыру.        1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. (сайлауға қатысушылардың 91,26 %-ның 95,46 %-ы дауыс берді).        1999 ж. 10 қаңтарында өткен ҚР Президентінің кезекті сайлауының қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78 % дауысқа ие болып, жеңіске қол жеткізді.        2005 ж. 4 желтоқсанында кезекті президенттік сайлау өткізілді. Кандидат Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15 пайызы дауыс берді.        2011 ж. 3 сәуірде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5%-ы дауыс берді.

Билет №27

  1. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас. Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі. Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген. Бүл пікірді тас дәуірінің казіргі белгілі мамандары да қолдайды. Сонда Шақпақата және Арыстанды тұрақтары бұдан шамамен біздің заманымызға дейінгі 840—140 мың жыл бүрын Қазақстан жерін мекендеген адамдардың тіршілігінің іздері. Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның хронологиялық шектері бұдан біздің заманымызға дейінгі 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады. Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье дәуірі мөлшермен біздің заманымызға дейінгі 40 мың жыл бұрын басталып, біздің заманымызға дейінгі 12 мың жыл бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі. Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы, мустье дәуіріне тән құралдар — әр түрлі үшкіртастар. Оларды тасты өңдеу арқылы жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген. "Ретушь" әдісі дегеніміз — тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал — түрлі қырғыштар. Олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша төртбүрышты. Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді. Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық Қазақстан ескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық Азияның көп жеріне тән. Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » . Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас түріндегі пышақтар. Орталық Қазақстанның жоғары палеолитіне жататын ескерткіштердің бірі — Батпақ деп аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 120 сантиметр тереңдіктен басталады. Онда көзге ерекше ілігетін құралдың бірі — сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.

  2. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақхандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсындаЖетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады.

Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді.

Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.

Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.

Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.

Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.

Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

3) Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі¬сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ. Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:

« Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.» Қазақстандағы партиялық жүйе туралы айтатын болсақ, Қазақстанда қоғамдағы мәселерді шешіп ортақ ойларын, нақты дәйектер келтіріп жөрген партиялар бар. Олардың қатарында: , «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның патроиоттар партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) партиялары. Міне осы партиялар қазіргі кезде нақты және қарқынды жұмыс істеп жатыр. Ал ендігі осы партияларға анықта бере кетсек. Ен бірінші халықтың мұң-мұқтажын шешуде, сайлауда жоғары дауыс жинаған - «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы туралы анықтама беріп кететін болсақ. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясының төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі

палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Ал ендігі келесі ретте сайлау қорытындысы боайынша 2 орын алған, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын - Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Азат Перуашов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады. Ендігі қазастандағы парияларға жеке – жеке анықтама беріп кетсек. Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Билет №28

1) Қазақстан мезолит дәуірінің хронологиялык шеңбері, шамамен, б.з.д. 12—5-мыңжылдықтар арасы. Мезолитте төрттік дәуірде жер бетін жапқан мұздықтар еріді. Жер жүзінде бүгінгіге жақын табиғи-климаттық, фауналық, флоралық жағдай қалыптаса бастады. Қазіргіге жақын жануарлар дүниесінің қалыптасуы аңшылықтың жаңа тәсілдерін іздестіруді қажет етті. Жалпы, мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы — садақ пен жебенің пайда болуы. Садақ пен жебенің пайда болуы аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аң аулаудың Бұл жаңа тәсілі аңшылық кәсібінің өнімділігі мен оңтайлылығын біршама арттырды. Мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы — еңбек құралдарын дайындауда сынатасты пайдалану қолға алынды. Палеолит дәуірінің соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролит құралдары пайда бола бастады. Микролит дегеніміз — ұсак тас тілікшесінен немесе ұсак тас жаңқасынан жасалған құралдар. Олар, әдетте басқа бір құралға сыналанып орнатылады. Мысалға, ағаш сапқа осындай өткір сына тасты орнатып, пышак, жасаған немесе жебе таяғының ұшына үшкірленген сынатасты орнатып, жебе оғын, найза, т.б. құралдар жасаған. Сонымен мезолит дәуірінде сынатас техникасына негізделіп құрастырылған қару- жарақтар пайда болды.

қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды.[1] Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уакытгың материалдык мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды25.70—80-жылдардағы В.Ф. ЗайберттіңЕсіл өңірінде, В.Н. Jlor- ішннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардын аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамакқ табудың бұрынғы әдістерін (камалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұгызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болган бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылыгы элементтері пайда болып, баскаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әp түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X — VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орың ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялык мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр кұрамы едәуір артып: жылқы, коян, сутышқан, кұндыз, касқыр, түлкі, аю, кабан, елік, бұлан, қарақұйрык, киік, бизон, түр болды . Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит дәуірінде калыптаскан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады. Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29. Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана калган. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде адамга ол жоғаргы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылык өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садак пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа кару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен катар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолитте еңбек күралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болтан жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, канжардың, жебе мен найза үшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2—1 см пышақ сияқты тасқалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді. Сөйтіп осындай қалақша бейімделген нұсқаның түпкі түрі ретінде (оның үстіне Қазақстан аумағында ғана емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген нұсқаны қосымша өндеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс жүзінде кез келген еңбек кұралын дайындауға болатын еді. Сол кезде олардың жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышкылардың, найзалардың үштары, тері өндеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, әр түрлі түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өндеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар. Тас сыныктары- нан көбінесе кырғыштар жасалған. Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық калдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер үштарының түріндегі және бейімделген нұсканы қосымша өндеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная тұрақтарындағы геометриялык нысанда кыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы кыстырма 2)

Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу  әрекетіне тойтарыс берді.  Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.   Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. лақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтықта, хроноло- гиялык та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал-Каспий суайрығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты31. Маңғыстаудың мезолипіктүрағы (Кызыл- су- 1 және баскалар) мен Солтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік- Батыс (Дефе-Шығанак) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалакшалармен және қабаттары өнделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.

3) Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШжәне Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

  • АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

  • Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

  • 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.