Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушеря каф.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
113.97 Кб
Скачать
  1. Босану кезінде жатырдың айналып шығуының себебі:

    1. босанудың ІІІ кезеңін дұрыс жүргізбеу

    2. утеротониктердің мөлшерін көбейтіп жіберу

    3. қанкету кезінде жатырды қатты басу

    4. көпнәрестелік жүктілік себебінен жатырдың қатты керіліп кетуі

    5. қарқынды босану

  2. Ауыр дәрежедегі гипоксияның клиникалық белгісі:

    1. нәрестенің жүрек соғуы минутына 100-110

    2. аритмия

    3. нәрестенің жүрек соғуының тұйықталуы

    4. нәрестенің жүрек соғуы минутына 150-160

    5. нәрестенің жүрек соғуы минутына 120-140

  3. Жедел гипоксияның себебі:

    1. мерзімінен асқан жүктілік

    2. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

    3. ана жүрегінің ақаулары

    4. көпнәрестелік жүктілік

    5. босану жұмысының ауытқұлары

  4. Босанғаннан кейінгі ерте мерзімінде қанкетуді тоқтату үшін ең бірінші қандай шаралар жүргізу керек:

    1. жатыр қуысын қолмен тексеру

    2. бақылау

    3. параметриге клемм (қысқыш) салу

    4. жатырға сыртқы массаж жасап утеротониктер енгізу

    5. аортаны қысу

  5. Шетінеген нәресте жатыр ішінде көп тұрып қалған жағдайда болады:

    1. гипотониялық қанкету

    2. жатырдың жыртылуы

    3. плацентаның тығыз жабысуы

    4. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

    5. коагулопатиялық қанкету

  6. Босанудың бірінші кезеңі деп қашан айтамыз:

    1. алдыңғы қағанақ қуығының дамуы

    2. ретті толғақ, жатыр мойынының ашылуы, қысқаруы

    3. қағанақ суының кетуі

    4. жатыр мойынының толық ашылуы

    5. күшену пайда болуы

  7. Босанудың і кезеңі қандай фазаларға бөлінеді:

    1. латентті

    2. ретті

    3. жылдамдаған

    4. жатыр мойынының ашылуы

    5. қарқынды

  8. Акушерлік құралы босанудың қай мерзімінен бастап қолданылады:

    1. 2 кезңінен

    2. кұшенуден

    3. нәресте басының көрінуінен

    4. нәресте басының шығуынан

    5. басының шалқаюынан

  9. Босанудың бірінші кезеңінің қанағаттанарлығының белгісі:

    1. толғақтың сипаты

    2. жатыр мойыны ашылуының жылдамдылығы

    3. нәрестенің босану жолымен жылжу барысы

    4. күшенудің сипаты

    5. қағанақ суының кетуі

  10. Босанудың екінші кезеңінің қанағаттанарлығының белгісі:

    1. толғақтың сипаты

    2. жатыр мойыны ашылуының жылдамдылығы

    3. нәрестенің босану жолымен жылжу барысы

    4. күшенудің сипаты

    5. қағанақ суының кетуі

  11. Нәресте жамбаспен келген жағдайда босану кезінде қандай асқыну жиі кездеседі:

    1. босанудың I кезеңінде қанкету

    2. босанудың IІ кезеңінде қанкету

    3. нәрестенің қолдарының қайырылуы

    4. шапшақ және қарқынды

    5. плацента бөлінуінің аутқулары

  12. Преэклампсия кезінде босануды жансыздыратын заманауи әдіс:

    1. тамыр ішілік

    2. акупунктура

    3. интубациялық наpкоз

    4. пеpидуpалдық анестезия

    5. пудендалдық анестезия

  13. Преэклампсия кезіндегі босану жүргізуңнің ерекшелігі:

    1. токолитик тағайындау

    2. диуретик тағайындау

    3. ерте және қанағаттанарлық жансыздандыру

    4. дегидратациялық терапия жүргізу

    5. босану кезінде 2000-2500 мл сүйықтықтарды құю

  14. Қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын қандай жағдайда бөлінеді:

    1. преэклампсия

    2. эндометридегі қабыну процестер

    3. инфекционды- аллергиялық васкулит

    4. ана және нәресте арасындағы иммунологиялық сәйкессіздің

    5. Көпнәрестелік жүктілік

  15. Плацента жатуының клиникалық белгісі:

    1. нәрестенің гипоксиясы

    2. қайталанатын жыныс жолдарынан қанкету

    3. босану күшінің әлсіздігі

    4. ерте токсикоз

    5. нәрестенің дұрыс орналаспауы

  16. Босанудың 1-ші кезеңінің қандай фазасы бар:

    1. ретті

    2. жылдам

    3. ашылу

    4. белсенді

    5. қарқын

  17. Жүкті әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шағырды. Шағымы: тоқталмайтын құсу. Әйелдің айтуы бойынша бір аптадан бері күніне 4 рет құсты. Кейіннен құсуы жиілеп кетті. Етеккірінің тоқтағанына 2 ай болды, гинекологқа қаралған жоқ. Объективті: жалпы жағдайы орташа. Аздап тежелген.Тері қабаты боз түсті, құрғақ. Науқас азыған. АҚҚ 100\60мм с.б.б., пульсы минутына 90. Жүректің тондары анық, ретті. Іші жұмсақ, ауыру сезімі байқалмайды, құрсақтың тітіркену симтомы теріс. Зәрі өте аз мөлшерде және сирек шығады. Жедел жәрдем бригадасы дәрігерінің болжам диагнозы: Жүкіліктің 6-7 аптасы. ...:

    1. Жеңіл дәрежелі жүктінің құсуы

    2. Орташа дәрежелі жүктінң құсуы

    3. Ауыр дәрежелі жүктілінің құсуы

    4. Тамақтан улану

    5. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы

  18. Әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымы: тоқтамайтын құсу. Әйелдің айтуы бойынша бір аптадан бері күніне 4 рет құсты. Кейіннен құсуы жиілеп кетті. Етеккірінің тоқтағанына 2 ай болды, гинекологқа қаралған жоқ. Объективті: жалпы жағдайы орташа. Аздап тежелген.Тері қабаты боз түсті, құрғақ. Науқас азыған. АҚҚ 100\60мм с.б.б., пульсы минутына 90. Жүректің тондары анық, ретті. Іші жұмсақ, ауыру сезімі байқалмайды, құрсақтың тітіркену симтомы теріс. Зәрі өте аз мөлшерде және сирек шығады. Дәрігердің тактикасы:

    1. симптоматикалық ем

    2. инфузионды терапияны бастап стационарға жеткізу

    3. гинекологиялық стационарға жекізу

    4. Перзентханаға жеткізу

    5. әйелді тыныштандырып әйелдер консультациясына баруға нұсқау беру

  19. Әйел жүктіліктің 10-11аптасы, жүктінің құсуы диагнозымен әйелдер консультациясының тіркеуінде. Күндізгі стационарда ем алып жүр. Түнде жедел жәрдем бригадасын ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып шакырды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110\70 мм с.б.б. пульсі 72 минутына, қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды. Дәрігердің тактикасы:

    1. роддомға жеткізу

    2. Көпсалалсы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    3. ем керек еместігін түсіндіру

    4. учаскелік гинекологқа жолдау

    5. көпсалалсы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

  20. Әйелдің жүктілігі 25-26 апталық. Шағымдары: басының ауыруы, дене қызуының көтерілуі, тұмау, жөтел. Объективті: жалпы жағдайы қанағанаттанарлыққа жақын. дене қызуы 37,80С. Өкпенің тынысы қарқылдау, екі жағынынң төменгі бөліктерінде – төмендеген. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Жатыр тырспаған. Дәрігердің тактикасы:

    1. Перзентханаға жеткізу

    2. учаскелік терапевтке жолдау

    3. Учаскелік гинекологқа жолдау

    4. көпсалалы аурухананың терапия бөлімшесіне жеткізу

    5. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне жеткізу

  1. 23-24 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Осы пациентті қай мекемеге жеткізесіз:

    1. III деңгейлік (перинаталдық орталығы)

    2. III деңгейлік (АГжәнеП ҰО)

    3. II деңгейлік (қалалық перзентхана)

    4. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

    5. әйел қалаған медициналық мекемеге

  1. 29-30 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Осы пациентті қай мекемеге жеткізесіз:

    1. III деңгейлік (перинаталдық орталығы)

    2. III деңгейлік (АГжәнеП ҰО)

    3. II деңгейлік (қалалық перзентхана)

    4. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

    5. әйел қалаған медициналық мекемеге

  2. 29-30 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Болжам диагнозы: Жүктіліктің 29-30 аптасы. …

    1. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

    2. Плацентаның жатуы

    3. Арнайы емес кольпит

    4. Мезгінен бұрын босану

    5. Қағанақ суының босанудан бұрын кетуі

  3. 34-35 апталық жүкті әйел басының ауруына шағымданады.Қан қысымы 150\90 мм с.б. Аяқтарында пастоздық.Анамнезінен :Қан қысымы бұрын жоғарламаған. Диагноз:34-35 апталық жүктілік. …

    1. Жүктілік ісінуі

    2. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

    3. Ауыр преэклампсия

    4. Жүктілікпен шақырылған преэклампсия

    5. Созылмалы гипертензия.

  4. 34-35 апталық жүкті әйел басының ауруына шағымданады.Қан қысымы 150\90 мм с.б. Аяқтарында пастоздық.Анамнезінен :Қан қысымы бұрын жоғарламаған.Жедел жәрдем дәрігерінің әрекеті:

    1. Магнезияның стартты дозасын жүргізу, перзентханаға

    2. Магнезияның қолдаушы дозасын жүргізу,перзентханаға

    3. Көк тамырға бар гипотензивті препараттарды енгізу, перзентханаға жеткізу

    4. Нифедипинді тіл астына беру, перзентханаға жеткізу

    5. Допегитті ішке беру, перзентханаға жеткізу

  5. 36-37 апталық жүкті әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымданады: Ішінің ауру сезіміне, бас айналу, әлсіздік,бір реттік құсу болған. Дәрігер сұрастыру нәтижесінде ауру сезімінің таңертең пайда болғанын анықтады. Әйел толғақ басталды деп ойлады, және толғақтың ретті болуын күткен. Объективті:әйел түссіз. ҚҚ 90\55 мм с.б, пульс 100 рет минутына. Шоктық индекс – 1,1.жүрек тоны тұйықталған. Іші жұмсақ, жатыр қозған,ауру сезімді. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Болжама диагноз: 36-37 апталық жүктілік ….

    1. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

    2. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Геморрагиялық шок І дәрежелі

    1. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Геморрагиялық шок ІІ дәрежелі

    1. D. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Геморрагиялық шок ІІІ дәрежелі

E. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. ТҚҰ-синдром