Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушеря каф.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
113.97 Кб
Скачать
  1. Әйел суда жатып босанған жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін:

    1. Қағанақ суымен эмболия

    2. Босану күшінің әлсіреуі

    3. Инфицирлену

    4. Жатырдан қанкету

    5. Босану кезіндегі жарақаттар

  2. Босанушы әйелді тасымалдау кезінде нәрестенің кіндік бауы түсті. Кіндік баудың пульсациясы бар. Дәрігердің тактикасы

    1. бір қолымен кіндік бауын изотоникалық сүйықтықпен суланған стерилді жөргекке орап ұстап тұрып, екінші қолымен нәрестенің басын кіші жамбасқа тірелмейтіндей ұстап тұру керек.

    2. әйелдің жатқызып, аяқ жағын көтеріңкі ұстап тасымалдау керек

    3. әйелдің қырынан жатқызып, бас жағын көтеріңкі ұстап тасымалдау керек

    4. кіндік бауын изотоникалық сүйықтықпен суланған стерилді жөргекке орап, әйелді қырынан жатқызып тасымалдау керек

    5. түсіп кеткен кіндік бауын қынапқа салып, алақанмен түсірмей ұстау керек

  1. Босанушы әйелдің диагнозы: Жүктіліктің 34-35 аптасы. Егіз. Босанудың I кезеңі. Қай мекемеге тасымалдау керек:

    1. ең жақын перзентханаға

    2. Перинаталдық орталығына (III деңгей)

    3. АГжәнеП ҰО(III деңгей)

    4. қалалық ауданның перзентханасына (II деңгей)

    5. ең жақын көпсалалы аураханаға

  2. Босанушы А., жүктіліктің 39 апталығында ішінің төменгі аймағында ауыру сезімі басталып, жыныс жолдарынан шырышты-қанды бөлінділер байқалды. нәрестенің қимылы азайды. Осы өзгерістерді қалай талқылауға болады:

    1. толғақ жаршысы

    2. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

    3. босанудың басталуы

    4. қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі

    5. плацентаның жатуы

  3. Нәрестенің қалай орналасуы босану кезінде қауіпті жағдайға әкеледі:

    1. толық емес аяқпен жатуы

    2. толық аяқпен жатуы

    3. толық жамбаспен жатуы

    4. толық емес жамбаспен жатуы

    5. басы бүгіліп жатуы

  4. Босанудың бірінші кезеңіндегі қан кетудің ең жиі кездесетін себебі:

    1. жатыр мойынының жыртылуы

    2. плацентаның толық емес жатуы

    3. плацентаның толық жатуы

    4. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

    5. тромбоцитопения

  5. Жаңа туған нәрестелердің көпшілігі қашан тыныс алып, айқайлай бастайды:

    1. 20 секунд

    2. 25 секунд

    3. 30 секунд

    4. 35 секунд

    5. 40 секунд

  6. Салмағы 3800,0 грамм нәресте туғаннан кейін босанудың ІІІ кезеңін акушерка белсенді әдісімен жүргізуде. Босанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық, 86 минутына, АҚҚ 120/60 мм с.б.б. Бала жолдасының сылыну белгілері жоқ, қанкету белгілеріде жоқ. Болжам диагнозы:

    1. послед жатырда қысылып қалды

    2. бұл қалыпты жағдай

    3. плацентаның жартылай тығыз жабысуы

    4. плацентаның толық сіресіп өсуі

    5. плацентаның жартылай сіресіп өсуі