Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушеря каф.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
113.97 Кб
Скачать
  1. Ішінің төменгі аймағында ауыру сезімі пайда болып әйел жедел жәрдем көрсету бригадасын шақырды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бірақ қорыққан себебі: күндіз әйелдер консультациясында Үдемелі жатырдан тыс жүктілік? деген диагноз қойылып, хориогоникалық гонадотропин (ХГ) деңгейін анықтауға дәрігер жолдама берді. Зерттеудің нәтижесі қолында ХГ – 1300 (қалыпынан төмен). Жедел жәрдем көрсететін дәрігердің тактикасы:

    1. наркотикалық емес анальгетиктер

    2. үйінде біраз бақылау

    3. көпсалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    4. Перзентханаға жеткізу

    5. науқасты тыныштандырып, ертеңіге гинекологқа баруын түсіндіру

  2. Стационарда жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін артқы күмбез пункциясы жүргізілді. Шприцпен 10,0 мл ұйымаған қошқыл қызыл қан алынды.. Диагнозды нақтылау үшін тағы қандай зерттеу жүргізілу керек: Какое еще исследование необходимо, чтобы подтвердить диагноз:

    1. жалпы қан анализі

    2. қандағы хориогоникалық гонадотропин деңгейін тексеру

    3. зәрді жүктілік сынамасымен тексеру

    4. Гистероскопия

    5. Жатыр қуысын диагностикалық қыру

  1. Қағанақ суы мерзімінен бұрын кетсе қандай асқынуы болады:

    1. Жатырдан қанкету

    2. Нәрестенің көлденен жатуы

    3. Кіндік бауының түсуі

    4. Нәрестенің түншығуы

    5. босанудың III кезңіндегі қан кету

  1. Жүктіліктің 28-29 апталығында әйел жолда босанып қалды. Әйелдің экстрагениталдық патологиясы жоқ, Алматының тұрғыны. Босанушыны қай перзентханаға жеткізу керек.

    1. Ең жақын орналасқан перзентханаға

    2. Перинаталдық орталыққа (III деңгей)

    3. АГжәнеП ҰО (III деңгей)

    4. Осы ауданның перзентханасына (II деңгей)

    5. Ең жақын орналасқан көпсалалы ауруханаға

  2. Босануды қабылдауға арналған жиынтықта дексаметазон бар. Ол не үшін арналған:

    1. гипотоникалық қан кету кешенді еміне

    2. шокқа қарсы шаралардың кешенінде

    3. Нәрестенің дистресс-синдромын алыдн алу үшін

    4. Прэклампсия кезінде тырысуларын алдын алу үшін

    5. Шұғыл токолиз үшін

  3. Босануды қабылдауға арналған жиынтықта нифедепин. Ол не үшін арналған:

    1. геморрагиялық шок кешенді емінде

    2. Тез әсер ететін гипотензивті препарат

    3. Эклампсия кезінде тырысуға қарсы

    4. Нәрестенің дистресс-синдромын алыдн алу үшін

    5. Босанушы әйелді тасымалдау кезінде қанкетуді алдын алу үшін

  4. Босанудың бірінші кезеңіндегі әйелге жедел жәрдем шағырғанда қандай жағдайда окситоцин қолданады:

    1. босанудың бірінші кезеңінде толғақты жою үшін

    2. босанудың екінші кезеңін тездету үшін

    3. босанудың үшінші кезеңінде қанкетуді алдын алу үшін

    4. Последтің сылыну белгісі байқалмаған жағдайда

    5. Жатыр мойынында сылынған послед қысылып қалса

  5. Жедел жәрдем бригадасының дәрігері перзентханадан тыс босанушыға келді. Дәрігер келіп болғанша әйел босанып қалды. Бала жолдасы сылынып туылды. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалай отырып дәрігер қандай шаралар жүрігзу керек:

    1. Гипотермияны болдырмау

    2. Кіндік бауын демдеу

    3. Нәрестені құрғақ жөргекке орану

    4. Бленнореяны алдын алу

    5. Нәрестенің бойы және салмағын өлшеу

  6. Әйел үйде босанды. Кеткен қан мөлшері физиологиялық болу үшін қандай болу керек:

    1. 250,0 мл дейін

    2. 350,0 мл дейін

    3. 400,0 мл дейін

    4. 450,0 мл дейін

    5. 500,0 мл дейін