Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушеря каф.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
113.97 Кб
Скачать
  1. 12 жасар қыз балада алғашқы етеккірі келді. Әлсіздікке, басының айналуына, құсуға, көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданды (күніне 4 төсеніш қолданды). Объективті: науқас бозғылт. Тері жамылғылары суық, ылғалды. АҚ 90/60 мм.с.б., пульсі - минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ритмді. Іші жұмсақ, төменгі бөліктері ауыру сезімді. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. 5-төсеніші қанға толық сіңген. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:

    1. Тыныштандырып, жақсылап тамақтануды ұсыну

    2. Гинеколог қабылдауына баруына кеңес беру

    3. Педиатрға жолдау

    4. Көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    5. балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

  1. 12 жасар қыз балада алғашқы етеккірі келді. Әлсіздікке, басының айналуына, құсуға, көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданды (күніне 4 төсеніш қолданды). Объективті: науқас бозғылт. Тері жамылғылары суық, ылғалды. АҚ 90/60 мм.с.б., пульсі - минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ритмді. Іші жұмсақ, төменгі бөліктері ауыру сезімді. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. 5-төсеніші қанға толық сіңген. Аурухана дәрігерінің тактикасы:

    1. инфузионды терапия

    2. Симптоматикалық ем

    3. гормональді гемостаз

    4. жатыр қуысын қыру

    5. Бақылау

  1. 6 жасар қыз бала, сырттай қарағанда, ол өз жасынан үлкен көрінеді. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністердің бөлінуіне шағымданды. Қан кетудің мүмкін болатын себебін анықтаңыз:

    1. Қан және қантүзу мүшелерінің аурулары

    2. аналық безінің гормонөндіруші ісігі

    3. гипофиз ауруы

    4. гипоталамус патологиясы

    5. эндокринді патология

  1. 14 жасар қызбаланың шағымдары: көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кету. Анамнезінде: 10 жасынан гломерулонефриті бар. 12 жасында бөтен бүйрек отырғызылған. Бұдан бұрын жасөспірімде етеккір болмаған. Қарағанда органикалық өзгерістер байқалмады. Жедел жәрдем дәрігерінің болжама диагнозы:

    1. ювенильді жатырдан қан кету

    2. Негізгі ауру нәтижесінде гемостаз бұзылысы

    3. менархе

    4. аналық безінің гормонөндіруші ісігі

    5. гипофиз ісігі

  1. 14 жасар қызбаланың шағымдары: көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кету. Анамнезінде: 10 жасынан гломерулонефриті бар. 12 жасында бөтен бүйрек отырғызылған. Бұдан бұрын жасөспірімде етеккір болмаған. Қарағанда органикалық өзгерістер байқалмады. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:

    1. Көпсалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    2. Балалар аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

    3. Гинекологқа жолдау

    4. Педиатрға жолдау

    5. Бүйрегін алмастырған мекемеге жолдау

  1. 14 жасар қызбаланың шағымдары: көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кету. Анамнезінде: 10 жасынан гломерулонефриті бар. 12 жасында бөтен бүйрек отырғызылған. Бұдан бұрын жасөспірімде етеккір болмаған. Қарағанда органикалық өзгерістер байқалмады. Стационарда тексерілгеннен кейін Ювенилді жатырдан қанкету диагнозы қойылды. Алғашқы емдеу этапы:

    1. гормоналді гемостаз

    2. симптоматикалық (қан тоқтатанын препараттар)

    3. хирургиялық гемостаз

    4. негізгі ауруды емдеу

    5. Бақылау

  1. Жатыр мойынының IV дәрежедегі қатерлі ісік себебінен науқас дәрігердің бақылауында тұр. Кешке қарай жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Науқас қай стационарға жеткізілу керек:

    1. Көпсалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    2. көпсалалық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

    3. онкологиялық диспансердің гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    4. онкологиялық диспансердің хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

    5. хосписке

  1. Жатыр мойынының IV дәрежедегі қатерлі ісік себебінен науқас дәрігердің бақылауында тұр. Кешке қарай жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетіп, науқас ауруханалық гинекологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Гинекологтың тактикасы:

    1. стерильді дәкелі таңғышпен қынап тампонадасы

    2. Жатыр мойынын диатермокоагуляциялау

    3. Қан тоқтатанын препараттар тағайындау

    4. Хирургиялық ем

    5. Жатыр мойынына қантоқтататын пластинкаларды салу (ТахоКомб тәрізді)

  1. 85 жастағы әйел адамда түнгі уақытта жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер бөлінген соң, ол жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Жедел жәрдем дәрігерінің болжама диагнозы қандай:

    1. жатырлық қан кету

    2. дисфункционалды жатырдан қан кету

    3. жатыр ісігі

    4. жатыр мойны ісігі

    5. синильді кольпит

  1. 85 жастағы әйел адамда түнгі уақытта жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер бөлінген соң, ол жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:

    1. Онкогинекологқа жолдама беру

    2. участкелік гинекологқа жолдама беру

    3. Қалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    4. Онкодиспансердің гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

    5. Учаскелік терапевтке жолдама беру

  1. Әйел босанып болған кейінгі 40 - күнде қалтырау, дене температурасының 380С дейін жоғарылауы, қақырық аралас жөтел пайда болды. Науқасты жедел жәрдем бригадасының дәрігері қарағанда. өкпе туберкулезіне күмәнданды. Жедел жәрдем дәрігерінің ары қарайғы тактикасы қандай:

    1. Фтизиатрға жолдама беру

    2. учаскелік терапевтке жолдама беру

    3. учаскелік гинекологқа жолдама беру

    4. туберкулезге қарсы диспансерге жеткізу

    5. қалалық аурухананың терапиялық бөлімшесіне жеткізу