Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЛБАЕВ АБИЛ.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
223.74 Кб
Скачать

4. Еңбекті қорғау, өртке қарсы және төтенше

ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ

4.1 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПШІЛІГІНДЕ ТЕХНИКА

ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

Мұнай өндіру кәсіпшілігіндегі скважиналарды атқылау тәсілімен, тереңдік сораптық тәсілімен, электр ортадан тепкіш сораптық тәсілімен пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет.

Атқылау әдісі.

Атқылау скважиналарды пайдалану кезінде ашық атқылау мүмкіндігі болады, осыған орай жарылыстар, өрттер және газбен улану болады. Ашық атқылау жоғары қысымды, сондай-ақ кенорындарды игеру кезінде болу мүмкін.

Кейбір кездерде скважиналарды пайдалану кезінде жер үстіндегі құбырлар, скважина ішіндегі жарылыстар қызметкерлерге қауіпті апаттар болдыруы мүмкін.

Сағалық арматураны мантаждау және демантаждау бойынша жұмыстар еңбек сыйымдылықты және қауіпті болып табылады. Белгілі бір қауіптіліктер штуцер немесе ысырманы ауыстыру кезінде, лубликаторды, шайбалық өлшегіштерді, гидраттық тұнбаларды жою кезінде пайда болады.

Пайдалану қауіпсіздігі орнатылған техникалық режимнің сақталуын ұсынады. Атқылау арматурасындағы буферіндегі қысымның орнатылған шегінде қысымды ұстауды қамтамасыз ету керек. Пайдалану процесінде монометрлер мен бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын ұйымдастырылды және сағалық арматураның, жұмысшы алаңының және сатылардың жарамдылығын бақылау керек. Табылған ақауларды дер кезінде жою қажет. Штуцерді ауыстыру, сондай-ақ басқа жөндеу жұмыстары қысымы төмендегеннен кейін жүргізіледі.

Штаңгылық тереңдік сораптың тәсілі.

Сораптың мұнай өндіру әдісі кеңінен таралған. Бұл адіспен пайдаланылатын скважинаға қызмет көрсету кезінде жұмысшының жарақаттануы, теңселмелі станоктың қозғалатын бөлшектерімен, техникалық жағдайын тексеру бойынша әртүрлі операцияларды орындау қажеттілігіне, жұмыс режимінің өзгеруіне, жабдықты жөндеуге байланысты болады. Бұндай операцияға қиынды берілістерді ауыстыру бойынша жұмыстар, арқанды ілмекті ауыстыру және шешу, теңселмелі станок болансирінің тербеліс санын және жүріс ұзындығын өзгерту бойынша, сондай-ақ редуктор, болансирді ауыстыру жұмыстары кіреді.

Сағалық арматураға, шығыс құбырларын қосу айыру кезінде, штокты ауыстыру кезінде, динамометрлеу және басқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіптілік пайда болады. Теңселмелі станоктың электржабдығына қызмет көрсету кезінде де қауіптілік пайда болады.

Теңселмелі станоктар белгілі бір талаптарға сай болу керек. Теңселмелі станоктар сатылармен, алаңдармен және сақтандыру қоршаулармен жабдықталады.

Теңселмелі станоктың жұмысы кезінде станоктың бөлшектерін жөндеуге болмайды, қозғалатын бөлщектерін қолмен тазалауға, майлауға, ременді берілістерді тартуға, әлсіретуге болмайды.

Бақытсыз жағдай болмау үшін жұмыс орнын ыңғайлы қылып жасау керек. Кривошиптен босатқаннан кейін шатунды теңселмелі-станоктың бағанына байланыстырылады.

Берілістің шкивтерін қолмен айналдыру арқылы балансирді қажетті жағдайға орнатуға болмайды.

Бөлшектерін теңселмелі станокты тоқтатқаннан кейін тексереді.

Пайдалану кезінде теңселмелі станоктың, редуктордың бөлшектерін тексереді немесе майлайды. Бұл оперциялар тоқтатылған, теңселмелі станок кезінде орындалу керек. Редуктордың майын ауысиыру үшін Азин МАШ-48 қолдану ұсылынады. Жөндеуден кейін теңселмелі станокты қосудың алдында құрал-саймандарды алып тастайды, сақтандыру қоршауларын орнына қойып, қауіпті аймақта адамның жоқтығына көз жеткізу керек.

Мұнай өндіру кәсіпшілігіндегі скважиналарды атқылау тәсілімен және компрессорлық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет.

Пайдалануға берілген скважиналардың барлығында стандартты арматураға сәйкес жабдықталған саңылаусыздандырылған сағалар болуы тиіс.

Атқылау арматурасының жұмыс қысымы скважинаны пайдалану кезінде сағада күтілетін максимал қысымға сәйкес болуы тиіс.

Атқылау арматурасын жинау арматураны жеткізу бойынша техникалық нұсқаулармен қарастырылған шпилькалармен төсемдерімен бірге толық комплектісімен жүргізілуі тиіс.

Атқылау скважинасын және коммуникациялардыжалғау пайдалану тізбегін перфорацияға дейін скважина өнімін қабылдауға дайын болуы тиіс.

Скважинадан компрессорға мұнай мен газдың түсуін болдырмау үшін скважинадағы газ және ауа таратқыш будкалардың құбырларында кері клапандар орнатылуы тиіс.

Газ таратқыш будка бөлмесінің сыртқы жағынан «Газ - өрт қауіпті » жазуы ілінеді.

Жылжымалы компрессорлардың іштен жану қозғалтқыштарының (ІЖҚ) мұржа құбырлары жолын өшіргіші бар тұншықтырғышпен жабдықталған болуы тиіс.

Газдың құбырлық қысымын бірінші ысырма ашық кезде айқыштан кейінгі екінші тұрған ысырма арқылы тек штуцердің көмегімен ғана алу қажет.

Қысым астында тұрған скважинаны, құбырларды, аппаратураны, сондай-ақ газ құбырларын тек бумен және ыссы сумен ғана жылжытуға болады.

Тереңдік сораппен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау.

Теңселмелі станок оның қозғалатын және қажалатын бөлшектерінің мұнара немесе діңгек бөлшектерімен үйкелуі болмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.

Теңселмелі станоктың басын қолмен бұрауға және оның жолдарын металл немесе тағы басқа заттарды қою арқылы тежеуге тыйым салынады.

Скважинаның сағалық сальнигі мүмкін атқылау құбылыстарымен бірге тығыздағышты қауіпсіз ауыстыруға мүмкіндік беретін құрылысқа ие болуы тиіс.

Скважиналарда жөндеу жұмыстарын басталмас бұрын жетек сөндірілген, ал жіберу құрылғысында «Қоспа! Адамдар жұмыс жасауда » делінген плакат ілінуі тиіс.

Тереңдік сораптың скважина сағасын саңылаусыздандыратын және құбыраралық кеңістіктен газды бұруға мүмкіндік беретін сағалық арматурамен жабдықталуы тиіс.

Теңселмелі станоктың жұмысы кезінде жетекті ременьдердің тұрып қалуын болдырмау үшін олардың тартылысын қадағалау қажет.

Жерге тұйықталалын өткізгіштер мен оларды дәнекерлеу орындарын тексеру үшін қолайлы болуы тиіс. Жерге тұйықталатын өткізгіштер үшін болат қанатты қолдануға болмайды.