Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЛБАЕВ АБИЛ.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
223.74 Кб
Скачать

1. Геологиялық бөлім

    1. Өзен кенорны туралы жалпы сипаттамасы

Өзен кенорны Маңғыстау түбегінің геологиялық әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойпаты деп аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде орналасқан.

Әкімшілік жағынан кенорны территориясы Маңғыстау облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңа Өзен қаласы,ол кенорнынан оңтүстікке қарай 8-15 км-де орналасқан. Батысында 80 км – Жетібай қаласы, ал 150 км – Ақтау қаласы.

Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген,төмпешікті үстірт түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар, олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі – 132 м “Қарақия” ойпаты.

Аудан рельефі өте күрделі құрылысымен сипатталады. Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағына қарай кемерлер түрінде күрт үзіледі.

Өзен ойпаты 500 км2 ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.

Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының маусымдылығынан пайдаланылмайды.

Аудан климаты күрт континентальды, шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен,ыстық, құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымен сипатталады. Жазда максималды температура +45 С, минималды температура қыста –30 С.

Ауанда күшті желдер соғады. Қыста қар аз. Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен көктем-күз мезгіліне келеді.

Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.

Жаңа Өзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен тасымалданады.Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.

Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.

Кенорында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан ары Ресейге жөнелтіледі. Жолаушы және өндірілген газ Қазақ газ өңдеу зауытына,және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына түседі.

1.2 СТРАТИГРАФИЯ

Өзен кенорнында терең барлау бұрғылаудан қалындығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәлеметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен тағы басқа зерттеулер арасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.

Өзен кенорнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кенорнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. I-XII горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар – жоғары және орта юра-кенорынның негізі мұнай-газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX-XXIV горизонттары мұнайгазды.

Пермь – триас (РТ) шөгінділері Өзен кенорнының ең көне жыныстары болып табылады.

Пермь – триас жүйесі (РТ)

Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалыңдығы 440 м жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.

Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қара сұр аргиллиттер, әктастар,алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділер жалпы қалындығы 1500-1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.

Юра жүйесі (J)

Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта жәнежоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300м.

Төменгі бөлім (J1)

Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздық араласуынан тұраы. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақжәне орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастарақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмды тастарға ауысады.

Құмтастар мен алевролиттер цементті сады немесе сазды – кремнийгі. Саздардың түсі сұр және күнгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттермен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрылым дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 – 130м. Төменгі юра қимасында XXIV – XXV екі өнімді горизонт айқындалған.

Ортаңғы бөлім (J2)

Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнай газдылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдығы 700м аален, байос және бат ярустары айқындалды.

Аален ярусы (J)

Аален ярусы негізінен мортсынғыш , құмдыгалькалы жынстардан құралған және орта юра қймасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қймасында сұр және қоңыр әртүрлі түйіршікті құмтастарбасым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементті негізінен сазды, кейде корбанатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз оргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы қалыңдығы 330м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.

Байос ярусы (J2 b)

Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен сазлардан құралған континентальды фракцияларымен белгіленеді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар, жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500-ден 520м-ге дейін өзгереді. Зеріттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.

Төменгі байос (J2 b1)

Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470м және саздар, құмтасатр мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қабатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті құмтас алевролит жыныстарда кездеседі. Саздар көбіне қарасұр, тіпті қара, кейде қоңыр түсті.

Өзен кенорнының төменгі байос шөгінділерінде XXII,XXI,XX, XIX, XVIII және XVII горизонтта орналасқан.

Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt)

Олардың шөгінділері арасында саз қабатшалары бар біршама қалың құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр сұр, нашар және орташа цементтелген.

Алевролиттер сазды, құмтасты ірітүйіршікті және құрамы айқын емес. Сазар қара – қоңыр сұр. Байос және бат шөгінділерінің арасындаға шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен өтеді. Жоғарғы байос – бат шөгінділерінің қалындығы 100-150 м.

Жоғарғы бөлім(J3)

Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен жануарлар қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфорд және кембридж ярустары ерекшелінеді.

Келловей ярусы (J3K)

Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары орналасқан сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, қарасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті. Құмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл – сұр, кейде қарасұр және қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктер көп. Келловей ярусында XIV горизонттың жоғарғы бөлігі мен XIII горизонт орналасқан. Оның қалындығы 50-135 м.

Оксфорд – кембридж шөгінділері (J3O -Kт)

Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд – кембридж шөгінділері ааленкелловой кешені мұнайлы қабатының үстін жапқан сазды – карбанатты жабын ретінде көрінеді. Ол саз – мергель жыныстарының біршамақалың қабатынан құралған, ара – арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд – кембридж шөгінділерінің қалындығы төменгі будақ үшін 50-55 м, жоғарғысы үшін 30-97 м.

Бор жүйесі (К)

Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын алынған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі терриген – карбонаттық, ортанғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярустары. Төменгі бөлікке XII горизонт, ал ортанғы және жоғарғы бөліктерге I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің өнімді қалындығы алевролит және саз қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді.

Кайназой тобы (KZ)

Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған. Палеоген шөгінділерінің қалындығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат ярустарымен көрінеді. Тортон ярусының қалындығы 19-25 м, сармат ярусы 80-90 м.

Палеоген жүйесі (f)

Палеоген шөгінділеріне эоцен және алигоцен бөлімдері жатады. Эоцен бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Алигоцен бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде палеогеннің қалындығы 150-170 м.

Неоген жүйесі (N)

Неоген шөгінділері тортон және сармат ярустарының шөгінділері түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергельдер, құмтастар мен әктастар, мергельдер мен саздардың астарласуына тұрады. Неоген жүйесінің жалпы қалындығы 115 м жетеді.

Төрттік жүйесі (Q)

Төрттік жүйесі эмовиал – демовиал текті құмдар, саздар, суглиноктар- мен көрінеді. Шөгінділер қалындығы 5-7 м.

1.3 ТЕКТОНИКА

Оңтүстік Маңғыстау ойпаттары жүйесінің солтүстік қанатына жататын Жетібай- Өзен тектоникалық баспалдағының шектерінде қазіргі уақытта біршама құрылымдар шоғырлары айқындалған, олармен мұнай және газ кенорындары байланысты. Олардың қатарына Өзен, Жетібай, Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтүстік Жетібай, Ақтас, Шығыс Жетібай кіреді.

Солтүстігінде Өзен құрылымы оңтүстік-шығыс антиклиналь аймағымен шектеседі, олардың арасында жеңішке Қызылсай ойысы жатыр, солтүстік қанатта жыныстардың құлау бұрышы 3. Жыныстардың құлау бұрышы 5-6 болатын оңтүстік бөліктің қатпары да осындай жіңішке ойыспен Теңге көтерілуінен бөлінеді. Ауданның батыс бөлігінде Өзен қатпарының периклиналі үлкен емес белес арқылы Қарамандыбас құрылымымен жалғасады. Ауданның шығыс бөлігінде, Түнқарақшы ойпатының шығыс шегінде Өзен көтерілуі күрт төмендейді.

Өзен кенорны ірі брахиантиклиналь қатпарына жатады, оның өлшемдері 9х39 км. Қатпар пішіні симметрия емес. Оның күмбезі шығысқа ығысқан, соның нәтижесінде шығыс периклиналь қатты созылған солтүстік-батыс периклиналге қарағанда қысқа. Оңтүстік қанат шамалы тіктеу. Мұнда XІV қабаттың жабыны бойынша құлау бұрышы 6-8. Қатпардың солтүстік бөлігі біршама жайпақтау. Солтүстік қанаттың батыс жартысында ХІІ горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 1-3. Қрылымның батыс бөлігінде мұнай кеніштері бар күмбездер ерекшеленеді: Солтүстік-батыс және Парсымұрын.

Өлшемдері үлкен емес Парсымұрын күмбезі Өзен құрылымының оңтүстік қанатын күрделіндіреді. XVІІІ қабаттың жабыны бойынша көтерілу амплитудасы 30 метрге жетеді, және соңғы 1300 м тұйық изогипс бойынша құрылым өлшемдері 2,9х0,9 км. Солтүстік-батыс күмбез Өен құрылымының солтүстік қанатын күрделілендіреді. 1300 м изогипс бойынша көтерілу өлшемдері 3,5х2 км, амплитудасы 32 м.

Қатпар периклиналді де симметриялы емес. Солтүстік-батыс периклиналдің оңтүстік бөлігінің басқа жағы төмендеген, өте жайпақ, қатты созылған. Өзен қатпарының периклиналдық аяқталуы мұнда ХІІІ қабат жабынында 1700 м изогипспен ерекшеленеді. Келесі изогипстер Өзен және Қарамандыбас қаптарларын N58 скважина ауданында кішкене ойпат арқылы тұтас көтерілмеген біріктіріледі. Шығыс периклиналь енік бағытта созылған. Мұнда ХІІІ қабаттың жабыны бойынша құлау бұрышы 3-4.

Құрылым өсінің ундуляциясы наар ауараы, оның нәтижесінде негізінен құрылымның ұын өсіне тураланған күмбез тәріздес көтерілулер қатары белгіленеді. Өзен көтерілуінің орталық бөлігіне Құмұрын күмбезі кірігеді, онда да мұнай кеніштері бар. XІV қабат жабыны бойынша күмбез өлшемдері 10.8 х 4.5 км, амплитудасы 105 м.

1.4 ӨЗЕН КЕНОРНЫН МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ СУЫНЫҢ

ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Өзен кенорындағы мұнайдың негізгі ерекшеліктерінің бірі олар алғашқы қабаттарының жағдайларында парафинмен қаныққан, сондықтан бұл ерекшеліктері игерудің радционалды жүйесін таңдау үшін өтеу болғандықтан, оны оқып зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Өнім қабаттары бойынша газданған мұнайдың фракциялық құрамыоңша ерекшеленеді.

100 ˚С дейін ол барлық өнім қабаттары бойынша бүкіл көлемнің 2% құрайды, барлық қалған өнім қабаттары 300˚С - 30% - тен (XIII,XIV,XV қабаттары) 3.1% дейін (XVI) қабатты, ал 200˚С барлығынан 13%-тен 14% (XV) қабат құрайды.

Өзен кенорны бойынша қабат мұнайларының қасиеттері келесідей: мұнайда ерітілген парафин асфальтті – смолалы компанентердің көп болуы; мұнайдың парафинмен қанығу температурасыалғашқы қабат температурасына тең және жақын; қабат температурасы мұнайдың парафинмен қанығу және қуысты ортада мұнайдың газсыздану температурасынан төмендеген кездегі мұнайдан қатты шөгінді парафиннің бөлінуі.

Өзен кенорнының қабаттарындағы мұнай параметрлері 1.1 кестеде көрсетілген.

XIII – XVIII өнім қабаттар мұнайының газ құрамы 50.0 м3/т (XIII) 61.8м3/т дейін (XVIII) тербеледі. Өнім қабаттары бойынша газ құрамы тербелмейді, көбіне ол метан, этан және пропаннан тұрады. Метан құрамы 50.2 мольдан (XIII қабат ); 67.51 моль % дейін (XIII) пропандікі, этандікі 13.23% - тен (XVIқабат) 19.80 моль % дейін (XIII) пропандікі 16.79 моль%- тен 8.61 моль % сәйкесінше XIII және XVI қабаттардагазда құралады.

Газ құрамында изобутан(3.10-1.82 моль%) Н-бутан(4.65-3.9%); зопентан(1.55-0,93 моль%) ;Н- пентан(1.45-1.10 моль%) бар. Көмірқышқыл газ құрамы 0.20моль%- тен (XIII) 6.70моль% ( XV) дейін тербеледі,азот құрамы 2.26 моль асады.

Газ тығыздығы 1.32 г/г аспайды (XIV), басқа өнім қабаттардың газымен салыстырғанда өте жоғары тығыздық, солайша өнім қабаттары бойынша га тығызығы келесідейболады.XIII-1.26г/г; XIV-1.32г/г; XIII-23г/г; XIV-1.148г/г. Қабат сулары XIII – XVIII бір қалыпты хлорлы калцийлі олардың минералдануы 115-150г/л, олардың құрамында натрий, кальций, магний хлорсутегі бар. Бұл 1.2 кестеде көрсетілген.

ҚАБАТ МҰНАЙЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

КЕСТЕ 1.1

Параметрлер

Өнім қабаттары

XIII

XIV

XV

XVI

XVII

XVIII

1

2

3

4

5

6

7

Қабат мұнайының тұтқырлығы мПа С

Қабат мұнайының тығыздығы г/см3

Мұнайдағы парафин құрамы %

Мұнайдағы газ құрамы м3

Күкірт құрамы %

Газданған мұнайдың фракциялық құрамы, %

100˚С дейін

200˚С

300˚С

4.7

0.796

22

56

0.18

2

14

30

4.0

0.787

22

57.2

0.18

2

14

30

3.7

0.780

22

59.3

0.17

-

13

30

3.8

0.785

21

56.7

0.19

2

14

30

4.0

0.790

22

56.5

0.19

2

13

31

3.9

0.787

22

61.8

0.19

2

14

30

XIII-XVIII өнімді қабаттар қабат арының тұтқырлығы 0.72 мПа-дан (XIII) 0.61 мПа (XVIII) құрайды, яғни өнім қабаттардың кеніштену тереңдігі өскен сайын олардың қабат суының тұтқырлығы төмендейді. Қабат арының негізгі параметрлері 1.3 кестеде көрсетілген.

XIII-XVIII өнімді қабаттар қабат арының тұтқырлығы 0.72 мПа-дан (XIII) 0.61 мПа (XVIII) құрайды, яғни өнім қабаттардың кеніштену тереңдігі өскен сайын олардың қабат суының тұтқырлығы төмендейді. Қабат арының негізгі параметрлері 1.3 кестеде көрсетілген.

XIII өнім қабаты, қабат мұнайының тұтқырлығы 4.7 мПа – С XIV және XVIөнім қабаттары бойынша ең жоғарғы болып саналады, олар 4.0мПа тең төмен және 3.7 мПа құрайды. XIII –XVIII өнім қабаттар қабат

МҰНАЙДЫ ГАЗДАНДЫРУ КЕЗІНДЕ БӨЛІНГЕН ГАДЫҢ ҚҰРАМЫ

КЕСТЕ1.2

Құрамы

Тығыздықтары г/г

XIII

XIV

XV

XVI

XVII

XVIII

1

2

3

4

5

6

7

Метан

Этан

Изо-бутан

Н-бутан

Нзо-бутан

50.20

19.80

3.10

4.65

1.55

56.8

18.0

2.6

3.8

1.3

62.60

17.60

2.10

3.31

1.04

67.51

13.83

1.86

3.22

1.24

63.34

18.83

1.74

3.14

0.87

63.28

18.21

1.82

3.9

0.93

Н- пентан

Гексан

Көмірқышқыл газы

Азот

1.45

-

0.20

2.26

1.2

1.6

0.7

1.3

0.88

-

0.40

1.72

1.10

-

0.30

2.33

0.83

-

-

1.18

0.76

-

-

1.23

ҚАБАТ СУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

КЕСТЕ 1.3

Параметрлер атауы

Өнім қабаттары

XIII

XIV

XV

XVI

XVII

XVIII

1

2

3

4

5

6

7

Тұтқырлық, мПа

Тығыздық, кг/м3

Жалпы минералдар

0.72

1.063

115

0.70

1.081

140

0.67

1.085

150

0.65

1.081

150

0.63

1.080

140

0.61

1.080

150

мұнайының тығыздығы 0.800 г/см3 жетеді де, XIII өнім қабаты бойынша 0.79, XIV-0.787, XV-0.780, XVI-0.785, XVII-0.790, XVIII-0.787 құрайды.

Солайша барлық өнім қабаттардың тығыздығы жақын және 0.780г/см3 (XV қабат) 0.796г/см3дейін (XIII қабат) тербеледі.

Өзен кенорын XIII – XVIII өнім қабаттар мұнайында парафинмен смоладан басқа күкіртше бар оның құрамы 0.18 % - тен (XIII қабат) 0.19% (XIII қабат) тербеледі. Өзен кенорның барлық өнімді қабаттары бойынша (XIII - XVIII) қабат суының тығыздығы 1063 кг/см3-тан (XIII қабат) 1080 кг/см3 (XVIII) дейін тербеледі.

1.5 ӨНІМ ҚАБАТТАРЫНЫҢ ЖИНАУЫШТЫҚ ЖӘНЕ

ӨТКІЗГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІ

Өзен кенорнындағы өткізгіштің күрделі құрамында жоғары процентті газды фракциямен жыныс арасындағы микроптар кездеседі. Барлық өнімді қабаттарда жоғары қуысты мәнімен сипатталады. Кестеде геофизикалық мәліметтердің алынған мұнай қаныққандығының мәні берілген.

ХІІІ – ХІV қабаттар үшін 180 скважина бойынша ХV – ХVІ қабаттар үшін 105 скважина бойынша ХVІІ – ХVІІІ қабаттар 381 скважина бойынша мәліметтер пайдаланылады.

1.4 кестеде нақты алынған және жоба бойынша өткізетін мәндер көрсетілген. Қабат қалдығының тиімді мұнай қаныққандығын зерттеу мақсатында өткізгіш қабаттардың нормасы құрылды. Мұны құруда 800 скважина бойынша мәліметтер пайдаланылады. Бұл норманың көмегімен бөлек канцалардың ауданы бойынша орташа тиімділігінің мәні анықталады.

1.4 кестеде берілгендей қаралған параметрлерінің бір-бірінен айырмашылығы өз ХІІІ қабаттың қуысиан мәні бар басқа қабаттарға қарағанда аз.

1.4 кестеде ХІІІ және ХV қабаттарды қаныққандығының мұнай қанығу басқа қабаттарда көп. Бұл қабаттардың кейбір канцаларында қалатын мұнай қанығуы жақсы сақталған деген сөз. Қабат қалдығының тиімді мұнай қанығуы ХІІІ қабатта 9-ға дейін тең, яғни, қабаттың мұнайлылығына үлкен ауданына сазды жыныстардан тұрады. ХVІ қабаттың мұнай қанығуы мәні сақталмаған. ХVІІІ-ХVІІ қабаттарда құмды жыныстарда көп кездеседі, сондықтан тиімді мұнай қанығу мәні қабаттардың кейбір нүктелерінде сақталған.

Юра және бар шөгінділерінде сақталған жиырма бес өнімді қабат анықталған. Олардың ішінде І-ХІІ қабаттар тұрады. Бұл қабаттың өткізгіштері газға қаныққан, газдылығы 700 метр өндірістік табиғи газдық қорлары ІІ, VІ, VІІІ, Х, ХІІ қабаттарда кездеседі. ХІІІ-ХVІІІ негізінен мұнай қаныққан қабаттарда 1080-1370 метр тереңдікте жатыр. Оларда жоғары сапалы мұнайлар кездеседі.

ХІХ-ХХV өнімді қабаттар мұнай газдығының төменгі қатарына жатады, олар кейде жартылай мұнайлы, мұнайлы газды және газды.

ХІІІ-ХVІІІ қабаттардың мұнайлығының алғашқы да нұсқасын гидрогиологиялық және геофизикалық зерттеулер кезінде олардың қозғалыссыз жатқан жағдайда екенін анықтайды.

ХІІІ және ХV қабаттардың бөлек учаскелері 1.4 кестеде көрсетілген нұсқа сыртындағы су қозғалысы азайған мұнай газдылығының төмендегі қабаттардың ХІV-ХХІV өнімді қабаттардың геологиялық құрылысы қабаттың мұнай газдылығына жоғары қатарынан құрылысының ерекшеленеді. Өзінің антиклинальдың құрылысының негізі күрделендіре түседі. Ал оның басты ерекшелігі оңтүстік батыс өз амплижудасы скважиналар негізі мәләметтер мұнай газдылығының төмендегі кенорны ХІV, ХХ, ХХІ және ХХІІ өнімді қабаттар кіреді.

XIII – XVIII ҚАБАТТАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІ

КЕСТЕ 1.4

Қабаттар

Өткізгіштік

Алғашқы мұнай қаныққындығы

1

2

3

XIII

XIV

XV

XVI

XVII

XVIII

100.0

94.0

89.5

81.5-86.5

86.8

86.2

100

102

97

94-106

100

90