Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
осылан н салыы.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.97 Кб
Скачать

20) Мыналар:

ұлттық басқарушы холдинг;

дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операциялары;

Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

21) бажсыз сауда кедендік рәсімiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;

22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.

 249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар

1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру, мыналарды:

1) қонақ үй қызмет көрсетулері үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді және (немесе) жалға беруді;

2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.

Мыналар:

1) автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесін беру үшін төлем;

2) қонақ үй қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығанан босатылмайды.

 250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.

2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:

1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:

депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу

жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;

аударым операциялары;

банктік қарыз операциялары;

кассалық операциялар;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;

банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

1-1) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;

4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетулері;

6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер;

7) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

8) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетулер;

9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер;

10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулері;

11) қатысу үлесін сату;

12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша қызмет көрсетулер;

14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;

қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;

кассалық операциялар;

кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;

15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;

16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру;

17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.

3. Бағалы қағаздармен, операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесін өткізген кезде өткізу бойынша айналым бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделеген тәртіппен айқындалады.

4. Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады.

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.

 251-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру

Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиісті сыйақы сомасы бөлігінде мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай беру осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарға сай келсе;

2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алса, қосылған құн салығынан босатылады.

 252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер

Осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар, егер олар:

1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетулермен;

2) діни ұйымдардың жоралар мен рәсімдерді жүзеге асыруына, діни керек-жарақтарын өткізуіне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

 253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар

Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі;

2) мәдени ұйымдар - театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);

3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;

4) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

5) кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;

6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

 254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;

2) протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткізген;

3) косметологиялық, санаториялық-курорттық қызмет көрсетулерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Мынадай тауарлар:

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

2) кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;

5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кедендік рәсімінде кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;

6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;

7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде дәрілік субстанциялар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде дәрілік субстанциялар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;

10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;

11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:

импортталған инвестициялық алтынның салмағын

өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)

көбейту

өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына

көбейту

тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:

құймалар;

пластиналар;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады.

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ

 256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:

1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;

2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты жазып берген болса;

3) тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсімінің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;

4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса;

5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.