Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
осылан н салыы.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.97 Кб
Скачать

2. Мыналар:

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;

3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.

 245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.

Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.

Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

Осы тармақта аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

1-1. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.

Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

1-2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.

Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушілерге:

1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;

2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

3. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);

2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.

Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;

5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп жөнелтілгенін растайтын құжаттар;

6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;

7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.

Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органының сұрау салуы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері ескеріледі.

 32-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ

 246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы

Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, кеден одағының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

 247-бап. Салық салынатын импорт мөлшері

Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін кеден төлемдерінің сомалары кіреді.

 33-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИМПОРТ

248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:

1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;

2) акциздік маркаларды (осы Кодекстің 653-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);

3) уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызмет көрсетулерді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүлікті;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;

6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;

7) лотереяларды тарату жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді;

8) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнінде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;

9) кеден одағының кеден аумағына кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді;

10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарында сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі, кеден одағының кедендік шекарасынан өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулердi; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді;

11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;

12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:

осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін мүгедектер құраса;

мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процентін) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;

15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;

16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;

16-1) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:

өткізілген инвестициялық алтынның салмағын

өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)

көбейту

өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына

көбейту

тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:

құймалар;

пластиналар;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;

17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;

18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;

19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;