Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
164
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

1 Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз

2 Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз

3 Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз

4 Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз

5 Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз

6 Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз

7 Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз

8 Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз

9 Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз

10 Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз

11 Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз

12 Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз

13 Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз

14 Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз

15 Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз

16 Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз

17 Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз

18 Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз

19 Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз

20 Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз

21 Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз

22 Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңыз

23 Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз

24 Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз

25 Зейіннің психологиялық теорияларын интерпретациялаңыз

26 Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлін айқындаңыз

27 Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз

28 Қиял және шығармашылық өзарабайланысын айқындаңыз

29 Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз

30 Эмоцияның негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз

31 Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз

32 Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз

33 Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз

34 Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз

35 Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз

36 Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз

37 Ойлауды дамытуға арналған әдістерді сипаттама беріңіз

38 Павловтың темперамент туралы теориясын түсіндіріңіз

39 Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз

40 Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз

41 Мінездің қалыптасуына әсер ететін заңдылықтарын дәлелдеңіз

42 Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз

43 Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз

44 Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз

45 А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация типтерін түсіндіріңіз

46 К. Леонгард бойынша мінез типтерінің сипаттамасын жазыңыз

47 Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.

48 Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз

49 Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз

50 Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз

51 «Психология мен физика ғылымының байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз

52 Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.

53 Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз

54 «XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз

55 Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз

56 Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз

57 Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз

58 Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз

59 Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз

60 Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз

  1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз

Психолгия — психикалық құбылыстардың (жанқуаттарының) пайда болу, даму не қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Психология ерте замандардан кележатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұлсөз “жантуралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннентәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жанадамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағын байтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлеркей бір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүние мен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік — тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-

әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық – әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы. Психологияның негізгі міндеттері:- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу; — психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау; —  психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;-   психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету. Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды. Жалпы психология – психика  дамуының жалпы  заңдылықтарын, зерттеу  әдістерін,  теориялық принциптерін  және оның ғылыми   негіздерінің  қалыптасу  жүйесін  зерттейді. Психика жоғары  дәрежеде ұйымдасқан материяның  нақты  формасының  қызметін, әрекет  тәсілін  бейнелейді,  адам  психологиясы  жаңғырту арқылы пайда  болады. Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьев адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.Индивидң  түсінігінің бірнеше мәні бар.  Алдымен, индивид —  ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens  түрінің өкілі.  Мұнда адамның биологиялық  жағы  айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады.  Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды. Б.Г.Ананьев индивидтің  бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса,  жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде  конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері,  үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады. Индивидтің  бірінші  қасиеттерінің  жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың  динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы.  Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп,  темперамент пен адам  нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

  1. Психологияның  даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз

Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді: 1 этап жан туралы ылым - Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жыл бұрын берілген. Жан адам өміріндегі түсініксіз пайда болған құбылыс деп түсіндірді.2-ші этап Психология сана туралы ғылым- XVII ғасырдағы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен сәйкес келеді. Ойлауға қабілеттілікті, сезінуді, уайымды сана деп түсінді. Негізгі оқыту әдісі адамның өзін -өзі бақылауы және фактілерге сүйену деп санады.3-ші этап Психология мінез-құлық туралы ғылым- XX ғасырдан басталды. Психолог-тардың мақсаты –адамдардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, реакцияларын бақылау болып табылды.4-ші этап Психология психиканың заңдылықтары мен механизмдерін, фактлерін үйретуші ғылым-дүниеге материалистік көзқарас бойынща ұйғарым жасады. Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады. Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесіретінде қолданылып жүр.

Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардыңмеханизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

  1. Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз

Тәлім – тәєрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Жас  ерекшелiк  психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл — ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді.

Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.       Медициналыќ психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.

Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.

Әлеуметтік психология — адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді

Спорт психологиясы — спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын  жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді. Әрбір ел мен халыќтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерінде ескере отырып, оларды жаттыќтыру міндеттері аныќталды.

Сауда психологиясы – ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.

Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.

Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.

Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялыќ астарларын ќарастырады. Ќылмыс психологиясы ќылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтќындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арќылы тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

 

 

 

 

  1. Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз

Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның әр даму кезеңiне орай өзiнiң. зерттеу пәнiне деген көзқарасыныңөзгерiп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлi алда. Психологияны. дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пәлсапамен бiрге кележатыр.ХIХ .. со.ы - ХХ .. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында .лан.айыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психология-ны. ф.лсападан бөлiнiп, жаратылыстану .ылымдарымен .штасып, .зiнi. эксперименттiк зерттеулерiн.йымдастыра баста.ан д.уiрi. Б.л ХIХ .. кейiнгi ширегi бол.анымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тере.iнде өрiс алды. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады

1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. 2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.

3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.

1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді . 4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

  1. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзара байланысын көрсетіңіз

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және  ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар.

Психологиялық  зерттеулердің  негізгі  әдістері.

Бақылау әдісі  психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады.

Бақылау әр түрлі  нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.  Егер  зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті  түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.  Қосылған бақылау мазмұнына қарай  басқа әдіске — өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ — жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Ауызша сауал әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады.  Сауалдың  бұл түрі жазбашаға қарағанда  адам психологиясына терең бойлатады,  себебі  зерттеушінің қоятын сұрақтары  зерттелушінің мінезіне қарай  түзетіле алады.  Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал,  аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.  Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада,  қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын  оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші  жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.  Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы  нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.

Екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін  салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді қолдану керек. Мұндай  психологиялық әдістерге тест  жатады. Бұл әдіс жиі  қолданылады.  Ол  психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере  алатындықтан, сонымен қатар  алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.

Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер   белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты.

Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның  психологиялық  мінездемесі жайлы ақпарат алу.  Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет.  Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы  белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін  анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген  эксперимент — әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.  Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.  Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу.  Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі.  Олардың ерекшелікгі белгілі бір  психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан  оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе  нақты жағдай есепке алынады.  Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті  немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

 

 

  1. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз

Тұлғаның дамуы дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жеке жүйесі мен психикалық дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланыстық процес.

Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:

  1. Тұқым қуалаушылық.

  2. Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).

  3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.

  4. Тұлғаның іс-әрекеті

Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.

        Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.

Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:

― дене бітімінің ерекшеліктері;

― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

― қан тобы, резурс-фактор;

―бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық    процестердің өту ерекшеліктері;

― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;

― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.

Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.

Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

   В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

        Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Іс-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.

   Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  – танымдық іс-әрекет;

  – қоғамдық іс-әрекет;

– спорттық іс-әрекет;

– көркем өнерлік іс-әрекет;

– техникалық іс-әрекет;

– қолөнерлік іс-әрекет;

– гедоникалық іс-әрекет.

  1. Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз

Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:

  1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.

  2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.

  3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.

  4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.

  5. Максимализация постулаты: тұлға    индивидтің     максималды персонализацияға   ұмтылуынан   туады   (А.В.Петровский)   Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:

а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;

  1. b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;

с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект   максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді.  Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.

  1. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.

  2. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты  ол  қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.

Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.

Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.

Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.

Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.

Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:

  1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)

  2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)

  3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)

  4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)

  5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).

  6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).

  7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).

  8. 8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).

Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.

Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Түйсiк туралы түсінік.Оның түрлерi.

Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың iшiндегi ең қарапайымдысы — түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi– орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн бейнелейдi.Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әртүрлi тiтiркендiргiштердi — физикалық, химиялық, механикалық және т.б. — қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлiбiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлардыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.Алайда кейбiр парадоксалды жағдайларда адекватты емес тiтiркендiргiшбелгiлiбiр рецепторға әсер ете отырып, оған тән түйсiктердi тудыруы мүмкiн. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күштi қысым көздiң жарығын тудыруы мүмкiн (мысалы, соққы кезiнде көзден ұшқын шығады). Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тән тiтiркендiргiштердi түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi.

Органикалық түйсiктер, бiрiншiден, организмнiң органикалық қажеттiлiктерiмен байланысты туады, екiншiден, iшкi мүшелердiң қызметiнiң бұзылу кезiнде пайда болады. Органикалық түйсiктерге аштықты, шөлдi түйсiну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу және жыныстық жүйеден келетiн түйсiктер, сонымен қатар, жалпы көңiл-күйдiң жақсы немесе жаман сезiмдiк негiзiн құрайтын айқын емес, ажыратылмайтын түйсiктер жатады. Түрлi iшкi мүшелерде кездесетiн рецепторлар ×. Шерингтонның жiктемесi бойынша интероцепторлар категориясына жатады. Интероцепторлар механикалық, химиялық, физикалық-химиялық сипаттағы тiтiркендiргiштердi қабылдайды. Барлық органикалық түйсiктердiң бiрқатар ортақ қасиеттерi болады. Мысалы:1.Олар көп жағдайда органикалық қажеттiлiктермен байланысты. Бұл қажеттiлiктер осы органикалық түйсiктер арқылы санада бейнеленедi. Органикалық түйсiктердiң барлығы белгiлi-бiр қысылумен байланысты. Мұның өзiнде оларда қажеттiлiктердi қанағаттандырумен байланысты болатын түйсiктер тәрiздi динамикалық, елiгу, ұмтылыс және кернеудi босату сияқты сәттерi болады. 2.Органикалық түйсiктерде сенсорлық, перцептивтi сезгiштiк әлi аффективтi сезгiштiкпен ұласады. Сондықтан ңаштықты түйсiнудiңңаштық сезiмiң, шөлдi түйсiнудiңңшөлдi сезiнуңдеп бекерден айтпайды. Барлық органикалық түйсiктер күштi аффективтi сипат, айқын эмоциялық бояуға ие. Сондықтан органикалық түйсiктерде тек сенсорика ғана емес, сондай-ақ аффективтiлiк те көрiнiс табады.

       

 

 

 

  1. Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз

А. Сезгіштік және табалдырық    Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді.     Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі.Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашығана түйсіктудыратындай ең аз шамасы.Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі.Мәселен, біреу алақанындағы бір миквадрат аумакқа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алтыграмнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі еcе артықта,абсолюттік сезгіштігі екіесе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезеа лмайды, көзулътракүлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырмасезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздапта болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағыда он адам қосылса, хордың даусы аздап болсада көтеріледі. Ә. Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсеретуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланыстыда өзгеріп отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді.Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуынн емесе төмендеуін көрсетіп отырадь. Түйсіктердің қай-қайсысыда адап-тацияланады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсеріетскүшті. Олардың нашар жарықтыда жақсы сезеалатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық  адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылы-сып, көз ріксіз жүмылады. Адаптация қүбылысын аперифериялықнерв жүйесімен қатар миқабығыда қатысады.

Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. В.Синестезия

Тітіркендіргіш тер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәт те басқа түйсіктердің, пайда болуынада жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдермен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылыкты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипайсезу, иіс, дәм түйсіктерін декездесіп отыратын осы қүбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланы-сының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.