Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоррр сынау123.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
544.34 Кб
Скачать

Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

 1. Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінідегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі  Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелеріне сәйкес дайындалды. 2. Нұсқаулық кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын  аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін (бұдан әрі – аккредиттеу) белгілейді.

3. Аккредиттеу білім беру ұйымдарының қызметін аккредиттеу органы жасаған стандарттар мен өлшемдердің сәйкестігіне бағалау негізінде жүзеге асырылады.  4. Аккредиттеуді өткізуді ұйымдастыру аккредиттеу органдарын сертификаттауды жүзеге асыру және аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының Тізімін жүргізу болып табылады. 2. Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі 5. Білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізуді аккредиттеу органы осы аккредиттеу органы белгілеген стандарттар мен өлшемдерге сәйкес  білім беру ұйымының қызметін бағалау негізінде жүргізеді. 6. Аккредиттеу мәселелерін алқалы және ашық қарау үшін аккредиттеу органының жанынан Аккредиттеу кеңесі құрылады.Аккредиттеу кеңесінің құрамын және ол туралы ережені аккредиттеу органы бекітеді. 7. Аккредиттеу кеңесінің құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, аккредиттеу органының, білім беру ұйымдарының,  мемлекеттік емес және студенттік ұйымдардың өкілдері кіреді. 8.  Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымдары аккредиттеу органына мынадай құжаттарды тапсырады: 1) аккредиттеу органы  бекіткен  нысандағы өтiнiш; 2) мемлекеттік лицензияның көшірмесі және білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымшалар. Мамандандырылған аккредиттеуден өту кезінде білім беру ұйымы аккредиттеу органына институционалдық аккредиттеуден өткені жөніндегі куәлігінің көшірмесін қоса тапсырады. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің біріктіріліп өткізілуі мүмкін. 9. Аккредиттеу мынадай кезеңдерден тұрады: 1) білім беру ұйымының өтініш беруі және аккредиттеу органы мен білім беру ұйымының арасындағы екіжақты келісім-шарттың жасалуы; 2) білім беру ұйымының аккредиттеу органы тағайындаған стандарттар мен өлшемдерге сәйкес келетіні  туралы есебін жасап,  өзін-өзі бағалауын өткізуі; 3) білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы туралы есебін аккредиттеу органына ұсынуы; 4)  білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы туралы есебін аккредиттеу органында  қарау; 5) ұсынылған есеп бойынша аккредиттеу органының білім беру ұйымына ұсынымдар әзірлеуі; 6) аккредиттеу органы  сарапшыларының  білім беру ұйымында болуы және  олардың аккредиттеу органының стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдарымен қоса есеп жасауы; 7) Аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу үшін материалдар дайындау;  8) Аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу туралы мәселені қарау; 9) Аккредиттеу органының  тиісті шешімдерді қабылдауы; 10)  аккредиттеу органының веб-сайтында толық есепті жариялау. 10. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу аккредиттеуден өту туралы өтініш тіркелгеннен бастап Аккредиттеу кеңесі тиісті шешім шығарғанға дейін жүргізіледі. 11. Аккредиттеу органымен білім беру ұйымының құжаттарын қарауының,  білім беру ұйымына сарапшылардың баруының және шешім қабылдауының мерзімі аккредиттелетін білім беру ұйымдарының өтініш берген күнінен бастап, бір жылдан үш жылға дейін белгіленеді.  12. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу рәсімі аккредиттеу кестесіне сәйкес өткізіледі. 13. Өзін-өзі бағалау рәсімі аяқталған соң білім беру ұйымы  аккредиттеу органына өзін-өзі бағалау есебін қағаздық және электрондық нұсқада жібереді. 14. Аккредиттеуді өткізу үшін аккредиттеу органы сыртқы сараптау комиссиясын құрады. Сыртқы сараптау комиссиясы туралы ережені аккредиттеу органы бекітеді.Сыртқы сараптау комиссияның білім беру ұйымына бару мерзімі  туралы ақпарат сыртқы бағалау басталғанға дейін үш ай бұрын хабарланады. 15. Сараптау комиссияның білім беру ұйымына баруы аккредиттеу органы бекіткен және жарияланған сыртқы бағалау стандарттарына сәйкес екі-төрт жұмыс күні ішінде өткізіледі.  16. Сыртқы сараптау комиссиясы өзін-өзі бағалау есебін білім беру ұйымына барғанға дейін зерделейді. 17. Білім беру ұйымына бару есебін сараптау комиссиясы аккредиттеу органында бір-екі күн ішінде жазады. 18. Аккредиттеу органы өзін-өзі бағалау есебін, сыртқы сараптау комиссиясының есебін зерделейді және білім беру ұйымын аккредиттеуді Аккредиттеу кеңесінде қарау үшін материалдар дайындайды. 19. Аккредиттеу кеңесі  мынадай шешім қабылдайды: 1) аккредиттелсін; 2) аккредиттеуден бас тарту. 20. Аккредиттеу органы Аккредиттеу кеңесінің оң шешімі негізінде білім беру ұйымын бес жыл мерзімге әсері бар аккредиттеу туралы куәлікті  (бұдан әрі – куәлік) рәсімдейді. 21. Куәліктің қолданыстағы мерзімін созу үшін білім беру ұйымы куәліктің қолданыс мерзімінің бітуіне бір жыл қалғанға дейінгі мерзімде аккредиттеу органына  өтініш береді. 22. Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда білім беру ұйымына    жазбаша хабарлама беріледі. Білім беру ұйымының қайта берген өтініші бір жылдан аз болмайтындай уақыт өткеннен соң жалпыға бірдей негізде қарастырылады. 23. Аккредиттеу туралы куәліктер бланкілерінің нысанын белгілеуді, оны бекітуді, дайындауды, есепке алуды және сақтауды аккредиттеу органы жүзеге асырады. 24. Аккредиттеу  куәлiктерін алған білiм беру ұйымдары туралы ақпарат уәкілетті органға беріледі және аккредиттеу органының сайтына орналастырылады. 25. Аккредиттеу туралы куәлiктің күші 5 жыл өткеннен кейін жойылады. 26. Бiлiм беру ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, сәйкес өзгерістер уәкілетті органы аккредиттелген бiлiм беру ұйымдарының Тізіміне енгізеді. 27. Білім беру ұйымын аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім заңнамада белгіленген тәртіп бойынша шағымдалады. 28. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеу органы бiлiм беру ұйымының жазбаша өтiнiшi негiзiнде он жұмыс күні ішінде оған аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын рәсімдеу бiлiм беру ұйымының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

  1. Тоқыма материалдарын сынау.

Қазақстанның тоқыма өнеркәсібіне мыналар тән:

саланың кеңес уақытында салынған тоқыма тiгiн кәсiпорындармен ұсынылуы Бүгiнгi кезеңде елдiң жалпы өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң үлес салмағы 0,4 %-ды, өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнде 1,3 %-ды құрап отыр. Қазақстан Республикасының тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi iшкi нарық мұқтаждығының 10%-ын ғана өтейдi. Елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қалыптастыру үшiн iшкi өндiрiс көлемi кем дегенде iшкi сұраныстың 30%-ын қанағаттандыруы тиiс. Қазақстанның тоқыма индустриясын дамытуға, сол сияқты өңiрдiң мақта-тоқыма өнеркәсiбiнiң жеке секторы үшiн де нарықтық мүмкiндiктерiнiң жақсы ауқымы бар.

Дайын тоқыма бұйымдарын өндiру

Дайын бұйымдар нарығы iш киiмдердiң, трикотаж бұйымдарының, киiмдердiң, кiлем бұйымдарының және күнделiктi сұранысқа, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ мерзiм пайдаланылатын басқа да тауарлардың түр-түрiмен ұсынылуы мүмкiн. Әрине, мақта шикiзат элементi ретiнде түпкiлiктi сұраныс өнiмдерiнде ұсынылуы мүмкiн. Қазақстанда түпкiлiктi пайдаланатын дайын тоқыма бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын маталарды өндiрудiң толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарын өндiрудiң төмендеуiне, олардың өзiндiк құнының жоғары болуына және импорт көлемiнiң өсуiне әкеп соқтырады. Осылайша, ағымдағы тұтыну көлемiндегi көрпелер мен пледтер импортының үлесi жекелеген жылдары 90%-ға (оның iшiнде қытайдың өндiргенi - 53%, ресейдiкi - 10%), свитерлер мен жемпiрлер - 83%-ға, трикотаж жаймасынан жасалған киiмдер - 46%-ға, кiлемдер - 97%-ға, төсек орын - 12%-ға жеттi.

Қазақстанның тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi кәсiпорындарының 70-80%-ы киiм нарығында жұмыс iстейдi, негiзiнен өздерiнiң ассортиментiн күш құрылымдарының мұқтаждықтарына және арнайы киiм шығаруға бағытталған. Сегментке мынадай проблемалар тән: ескiрген жабдық, әлемдiк үрдiстердi бiлмеу, кәсiби кадрлардың жетiспеуi, дайын өнiмдi жасырын және жарияламай импорттау, өндiрiлетiн өнiм сапасының төмендiгi.

Киімдер, тоқыма бұйымдар, тоқыма материалдардан жасалған тігін бұйымдары үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:

1) бұйым беті мен астары материалында табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық мазмұны);

2) Қазақстан Республикасында қабылданған типтік өлшемді шәкілге сәйкес бұйым өлшемі;

3) бұйымға күтім жасау бойынша белгілер;

4) егер, оның болуы өнімнің нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттармен көзделген жағдайда бұйымды жарату және пайдалану барысында оған күтім жасау бойынша нұсқаулық.

Маталар, тоқыма және тігін жаймалары, жеке бұйымдар үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:

1) табиғи және химиялық құрамның түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық болуы);

2) атаулы ені, желілік өлшемдер (ұзындығы, ені);

3) бояу тұрақтылығының деңгейі;

4) әрлеу түрі;

5) күтім бойынша белгілер.

Таңбалауда көрсетілген түр мен шикізат болуының нақты мәндерінің ауытқуы (%) 5% аспауы керек.

Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

32. Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың (бұдан әрі – киім және бұйым; тігін және трикотаж бұйымдар) биологиялық және химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер олардың функционалдық мақсатына қарай белгіленеді.

Киім мақсатына қарай: бірінші, екінші және үшінші қабаттағы киімдерге бөлінеді.

Бірінші қабаттағы киімдерге адам терісімен тікелей жанасатын киімдер жатады. Осы топқа бұйымның мынадай түрлері жатады: жайма бұйымдары (жайма, іш-киім және асхана жаймасы); корсеттік және суға шомылу бұйымдары; бас киімдер (жазғы); шұлық-ұйық бұйымдары; бет орамалдар мен басқа тартатын орамалдар.

Екінші қабаттағы киімдерге адамның терісімен шектеулі жанасатын бұйымдар жатқызылады. Аталған топқа көйлек-кеудеше, костюм (астарсыз), шалбар және жейде ассортименті мен көрсетілген ассортименттің ерлерге және әйелдерге арналған трикотаж бұйымдары жатады.

Үшінші қабаттағы бұйымдарға екінші қабат киімінің үстінен киюге арналған бұйымдар, оның ішінде пальто, қысқа пальто, күрте, плащ, костюм (астары бар) жатады.

Болуы өндіріс процесіндегі аппреттерді қолдануымен байланысты тоқыма материалдары мен олардан жасалған бірінші және екінші қабатты бұйымдардан зиянды химиялық ұшпа заттардың бөлінуі осы Техникалық регламентке 4-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген нормадан аспауы керек.

Уыттылық индексі 120%-дан аспауға тиіс.

36. Өнімнің өндірісі үшін пайдаланылатын шикізат пен көмекші материалдар Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

Жеңіл өнеркәсіпте (жүн, жібек, мақта-мата, зығыр, трикотаж, тоқыма-галантереялық және тігін саласында) өңделетін химиялық талшықтардың, жіптердің, қосалқы заттар мен материалдардың (бұдан әрі – химиялық талшықтар) “Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауіпсіздік паспорты болуға тиіс.

Химиялық талшықтардың адам денсаулығына қауіпсіздігін бағалау санитарлық-химиялық зерттеуді, уыттылығын бағалауды және аккредиттелген зертханаларда физикалық-механикалық сынақтарды қамтитын кешенді сынақтар нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

37. Былғары мен теріден жасалған киімдердің және бұйымдардың қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мына нормаларға сәйкес келуге тиіс:

1) бос формальдегидтің салмақтық үлесі:

тері матасы мен түкті жабында – 0,3 мг/г аспайды;

киімнің үстіңгі жағы материалы мен тері астарлы бұйымда – 1,0 мг/г аспайды;

тоқыма астарда – 0,3 мг/г аспайды;

2) тері матада және түкті жабындағы сумен жуылатын хромның (VІ)салмақтық үлесі – 0,003 мг/г аспайды;

  1. Сынау стенділеріне автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану.

Соңғы онжылдық ішінде өнеркәсіптік өндірісті басқару оның барлық деңгейлерінде жетілдіру қарқынды дамуда. Бұл процестің ерекшелігі

Оның кең түрде математикалық әдістер мен автоматизацияның жаңа құралдарын, сонымен қатар сандық техникада қолданылуы. Нәтижесінде көптеген мекемелерде әртүрлі объектілерге автоматтандырылған басқару жүйесі пайда болды. Әсіресе АБЖ басқаруда төменгі деңгей де(орналастыру, агрегат, участок) көп қолданылып, технологиялық құрылғылармен басқару және оларда жүретін процестер; олар технологиялық процестермен автоматтандырылған басқару жүйесі (ТП АБЖ) деп аталды.

ТП АБЖ әр салада қолданылуы іске асырылатын алгоритм және де техникалық құралдардың құрамы бойынша әртүрлі . бірақ жалпы ТП АБЖ- бұл техникалық процестерді басқаруды белгіленген уақыт масштабында техника-экономикалық критерилер бойынша қамтамасыз етеді және басқару аппаратуралары, опперативті персонал басқару және басқару әдістерінің бірегейлігін көрсететін жүйе.

Сынау стенділеріне автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану – бүгінгі күннің қажеттілігі. Технологиялық агрегаттар мен өнеркәсіп қуаттылығының өсуіне байланысты бұл сапа басқарудың күшті құралы болып келеді. Оны сериялы және тәжірибелі өндірісте сынау стенділерінде қолдану шығарылатын өнім сапасы мен өндіріс тәжірибесін жоғарылатады. Осы жерде көрсете кетсек:

  1. Визуальды өлшеулердің болмауы сынаудың объектілік деңгейін жоғарылатады;

  2. Бақыланатын параметрлер мен өлшеу саны артады

  3. Бұйым ресурсы мен сенімділік артады, өлшеу қателігі азаяды, отладка процессі бірегейленеді, сынау кезінде аз деңгейде ресурс шығындалады.

  4. Отладкаға, үлгілерді қайта өңдеу және өлшеу уақыты азаяды;

  5. Сынау оптимизациялануы информациялық модельдер, бұйым мен регуляторды орналастырудың дистанционды корректировкасы математикалық әдістердің оптимальды баға сипаттамасы негізінде іске асырылады.

  6. Энергетикалық шығындар мен сынау еңбексыйымдылығы төмендейді;

  7. Аса қауіпті жағдайларда адам жұмыс істемейді;

  8. Еңбек өндірушілігі артады;

  9. Процесті басқаруда шығарылатын бұйым номенклатурасы үшін өндірістік жоспар динамикасы ескеріледі;

  10. Құрылыста шығындар азаяды, өнім өндірісі ұлғаяды.

ТП АБЖ-ны атқаратын нақты функциялар басқару процесінің характері мен қиындылығына, сонымен қатар ТП АБЖ-ның өзінің техникалық мүмкіндіктеріне тәуелді. Бұлар:

  1. Сыналатын бұйым мен технологиялық процесс жағдайы туралы информацияның өңделуі мен жиналуы;

  2. Сынау процесін идентификациялау мен бақылау

  3. Стабилизация және реттеу

  4. Логика-программалық басқару;

  5. Омтимальды басқару мен шеші мдерді іздеу;

  6. Сынаудың техникалық процессінің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

  7. Төтенше жағдайларды анализдеу;

  8. Жалпы және система бөлшектерін техникалық диагностикалау.

Бұйымдарды ТП АБЖ стендік сынау ақпараттық-өлшеуіш(АӨЖ) жүйенің дамуы. Сондықтан ккез-келген ТП АБЖ-де негізгі тәжірибе есебін шешетін АӨЖ қатысады.

ТП АБЖ-ның көбісі автоматты месе автоматизирленген. Оларда оператор ролі маңызды, ол өлшеуіш мащина ретінде ақпаратқа сәйкес шешімдерді өзі қабыдайды.

Аса маңызды, ТП АБЖ өндірістік процестердің эффективтілігің ұлғаю есебін шеше отырып, ақпараттық және автоматтандырылған басқару жүйесінің техникалық базасын құрады. Кез келген ТП АБЖ адами-машиналы аса күрделі структураны көрсетеді. Толығымен бұл жүйені сипаттау үшін ТП АБЖ-ға тән бір ғана структураны қарастырау жеткіліксіз. ТП АБЖ структурасы ретінде оның элементтерінің бірегейлігі мен байланысын алуға болады. Әдетте ТП АБЖ структурасы: функциональды, техникалық, организациялық.

Стендтық сынаудыі техникалық процесін келесі параметрлері бойынша анықтауға болады:

  1. Өлшегіш параметрлер Х12....Хn, оларға:ішкі факторларға тәуелді реттелмейтін параметрлер,бұйаы сапасын және басқарылатын процесс эффективтілігін сипаттайтын шығыс параметрлері,

  2. Реттелетін параметрлер У12....Уn, атқарылатын механизмге сәйкеспроцес барысында өзгереді.

ЭВМ шығысына Х12....Хn параметрлерінің мәндерінің өлшеуіш ақпараты келіп түседі. Машина бұл ақпаратты енгізілген басқару алгоритміне сәйкес өңдеп және орындалатын механизмдерге У12....Уn реттелетін параметрлерін өзгерту үшін У12....Уn-ге басқару әсерін анықтайды. Реттелетін парметрлерөзгерісінен сынау процессі күрделеніледі.

Алғашқы өлшеуіш түрлендіргіштердің сигналы үздіксіз. Олар токтың, электрлік кернеудің өзгерісінмен сипатталады және Аналогты форма түрінде беріледі. Бірақ ЭВМ дикретті шамаларға негізделген. Сондықтан оның кірісіне келіп түсеиіндер Х12....Хn сандық формаға түрленеді, осы сандық сандар процесс барысында қайта түрленіп аналогты түрге келеді.

Кейбір шығысындағы және кірістегі сигналдар релейный сипатта болады( механизмдер мен проводтардың қосылу сигналдары).

Осымен, ЭВМ – да автоматтандырылған басқару жүйесі кірісте аналогты-сандық түрлендіргіш (АСТ), ал шығысында сандық-аналогты түрлендіргішті қажет етеді (САТ). Құрылғының көлемін азайту үшін, датчиктер АСТ-ке коммутатор арқылы кезектесіп қосылады. Шығыстағы САТ алынған ЭВМ құрылғысына код жазылады.

36 билет

  1. Өлшеу құралдары типін бекіту мен сынаудағы ХЗММ халықаралық Қазақстан Республикасының заңы.

Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекемесінің халықаралық кепілдемесі – түрлі өлшеу құралдарының түрлеріне метрологиялық сипаттарына талаптар бекітетін, олардың салыстырып тексеруде, калибрлеуде әдістері мен құралдарына және басқа да талаптары заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымының нормативтік құжаты (ҚР СТ 2.1-2000, с.69).

Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекемесінің халықаралық құжаты – метрологиялық қызметтің іс -әрекеттерін жақсартуға арналған заңнамалық метрологиялық халықаралық ұйымның жалпы сипаттағы нормативтік құжаты (ҚР СТ 2.1-2000, с.69).

1989 жылы ХЗММ (Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекеме) № 19 «Өлшеу құрал типін бекіту және сынау» құжатын жарыққа шығарды. Бұл құжатта келесі заңнамалық метрология сөздігінде және ХСМ (Халықаралық стандарттау мекемесі), МЭКтағы (Халықаралық электротехникалық комиссия) терминдер қолданылады:

Тип кепілдемесіне сұраныс – тиісті заңнамалық метрология мекемесіне берілетін өлшеу құралына арналған барлық құжаттар жиыны.

Типті кепілдеу процесі – сынақ барысындағы барлық іс-әрекеттер тізбегі, өлшеу құралын жарамды немесе жарамсыз деп шешу, құрал типіне сұраныс беру, сертификат беру.

Тип үлгісі – белгілі бір шектеулермен осы типтің барлық талаптарын қамтамасыз ететін өлшеу құралы.

Тип модификациясы – құралдың кейбір метрологиялық және техникалық сипаттамаларын қолдану аймағын өзгертуге әкелетін өлшеу құралы типінің өзгеруі.

Кепілденетін типтің қолданылу мерзімі – заңнамалық метрологиялық мекеменің өлшеу құралын қолдануға жарамды деп саналатын уақыты.

Юрисдикция – заңдық акттер мен ережелерді шығаруға құқы бар іс-әрекет.

Сынақ зертханасы – тексеру, сынау, калибрлеу барысында өнімнің сипаттаушы шамаларын енгізетін орын. Зертхананы аккредиттеу – сынақ зертханасының сынақ жүргізуге рұқсат етілуінің құжаттық шешімі.

Аккредиттелген зертхана – аккредиттеу алған зертхана.

Сынақ алдындағы кезең: сұраныс беру, сұранысты қарастыру, сұранысты қабылдау немесе қабылдамау жайында шешім, сынақ бағдарламасын дайындау, жұмысқа қатысатын мекемелерді анықтап жұмысқа енгізу, сынаққа қажет құрылғыларды, құралдарды, мамандарды анықтау.

Сынақ: ұсынылған құжаттарды талдау, алдынала құрастырылған сынақ жоспарын корректирлеу, өлшеу құралымен танысу және сынау, сынақ протоколын құрастыру, шешіммен ұсыныс жазу.

Сынақтан кейінгі кезең: сынақ құжаттарын экспертизалау, тип бекітілуі немесе бекітілмеуі жайында шешім қабылдау, сұраныс берушіге тип бекітілгені жайында сертификат немесе бекітілмегені жайында таныстырушы құжат берілуі, сұраныс беруші жіберген құжаттары да кері иесіне қайтарылынады, сұраныс беруші типі бекітілген өлшеу құралы үлгісін, тип бекітілуі жайында жарияланған мақаланы, ақпараттар мен құжаттарды метрология орталығына жібереді.

Өтініш бере алатындар: өлшеу құралдарын дайындаушылар, дайындаушылардың сауда қызметіндегі мамандары, дайындаушыдан алып өлшеу құралын таратушылар, юрисдикция мамандары. Кепілдік алуға өтініште келесі ақпараттар жазылады: өтініш беруші аты-жөні, мекен жайы, құралды дайындаушы мекеме мекен жайы, аталуы, өнім дайындауға құқы бар құжат, өлшеу құралының қолданылу аймағы, мақсаты, тип кепілдік алуға мүмкіндік беретін құжат, өтінішке қатысты бұрын қарастырылған құжаттар, өлшеу құралы аталуы, өлшеу құралының метрологиялық сипаттамалар тізімі.

Метрологиялық заң орталығы келесі құжаттарды қосымша талап ете алады: өлшеу құрал сипаттамасы, жарнамалары, фото, өлшеу құралының жұмыс істеу принципі жазылған материалдарды, алдын ала сынақжүргізілгенхаттамалар.

  1. Сынау процесінің негізгі сипаттамалары.

Сынау объектісінің негізгі белгісі сынау нәтижесі бойынша ұандайда бір осы объектке байланысты шешімнің қабылдангуы, яғни оның жарамдылығы мен ақауының барлығы жайында, қайта сыналу мүмкіндігі туралы, сериялы шығарылуы туралы және т.б. шешімдердің қабылдануы. Өнім түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау объектісі ретінде бір ған немесе партиялы бұйым болуы мүмкін.

Сынаудың техникалық базасын сынауды жүргізуге қажетті заттар , материалдар және техникалық құрылғылар жататын сынау құралдары құрайды. Сынау барысында қолданылатын өлшеу құралдарымен қатар сынау құралдарының ішіндегі маңыздылардың бірі сынау қондырғысы болып табылады, бұл сынау шарттарын , яғни объектіге әсер етілунін және оның функциясының режимдерін, жаңғыртуға қажетті құрылғы болып табылады. Бұған арнайы сынау стенддері, сынау машиналары, қондырғылар, климаттық камералар, және т.б құрылғылар жатады, оларда сынаудың әр түрлі жағдайлары мысалы, температура, ылғалдылық, қысым, электромагниттык немесе радиациялық әсерлер, механикалық жүктемелер, жаңғыртылады. Сынау жағдайларының нормаланған дәлдікпен жаңғыртылуы сынау қондырғысының сипаттамалрының сәйкес дәлдігіне байланысты болады, олар қатаң бақылануы тиіс.

Сынау сапасының маңызды сипаттамаларына, яғни сынау сенімдігін қамтамасыз ететін сипаттамалрына оның сенімділігі және қайта сынау кезіндегі осы нәтижелердің қайта жыңғыртылуы жатады. Сынау нәтижесінің дәлдігі ретінде сынау объектісінің параметрлерінің сынау барысында анықталынатын мәнімен олардың шын мәндерінің жақын болуын айтуға болады. Сынау барысында бақылау нәтижесінің сенімділігі де аса маңыздылыққа ие , бұл дегеніміз параметрлердің нормативті құжаттамадағы талаптарға сәйкестілігін анықтау. Сонымен бірге ең маңызды сынау сипаттамаларының бірі нәтижелердің қайта жыңғыртылуы жатады, бұл дегеніміз бірнеше рет сынау дан алынған нәтижелердің ұқсас мәндерінің жақын болуы. Сынау сапасының осы сипаттамалары сынау тұтастығына жету негізі болып табылады. Осы дәлдік сипаттамалары техника қауіпсіздігі талаптарын, сынау нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалауы мен мәліметтерін көрсету формаларын, операторлар квалификациясына деген талаптарын, объект қасиетінің бір немесе өзара байланысқан бірнеше сипаттамаларын анықтаудағы операцияларды орындау алгоритмдерін, берілген сынау жағдайларын, қажетті құралдарды бекітетін және қажетті ережелері бар сынау әдістемесімен анықталады.

Сынау нәтижелерін құрыс бағалау және бірыңғай түсіну үшін нәтижелер дәлдігін бағалау және сынау мәліметтерін өңдеу және олапрды көрсету формалары тиімді болуы тиіс. Сынау мәліметтері сынау кезінде тіркелетін сыналынатын объектінің параметрлері және қасиеттерінің сипаттамалары ретінде анықталады. Сынау нәтижесі дегеніміз объект қасиеттерінің сипаттамаларын бағалау, объектінің берілген талаптарға сәйкестілігін орнату, сынау барысындағы объетінің жұмыс істеу сапасын тексеру нәтижесі болып табылады.

  1. Сынақ лабораториясының техникалық компетентті бағасына қойылатын талаптар.

Сынақ зертханаларының типтік бағдарламасы, информацияларды қорғау құралдарына өндірістік құрал-жабдықтарды жәнеөнеркәсіптік өнімдерді сертификаттық сынақтан өткізу барысында сынақ зертханалары іс-әрекетінің құқығын, міндетін, жауапкершілігін және де басқа аспектілерін орнатады.

Сынақ зертханалары – информацияларды сақтау құралдарын, өндірістік құрал-жабдықтарын, өнеркәсіптік өнімдерді сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымының негізгі бөлігі болып табылады. Ол ұйымдық құрылымның іс-әрекетін мемлекеттік техникалық комиссия ұйымдастырады.

Сынақ зертханалары ҚР-ның Мемлекеттік техникалық комиссиясы орнатқан Сынақ зертханаларының аккредитациясы және информацияларды қорғау құралдарын сертификаттау органдарының талабы» тарауы бойынша аккредиттеледі. Сынақ зертханасы заңды тұлға немесе оның құрылымды бөлімшесі болуы қажет. Оның арнайы дайындалған мамандары, қажетті сынақ базасы және де сол аккредиттеу саласының информациясын қорғау құралдарының сертификациясы бойынша комплексті жұмысты жүргізу үшін нұсқаулы нормативті құжаттары болуы қажет.

Сынақ зертханалары өздерінің іс-әрекетін ҚР-ның заңдылықтарына, мемлекеттік стандарттарының, информацияларды қорғау құралдарын сертификаттаудың нормативті және методологиялық құжаттар негізіне сүйеніп жүргізеді.

Сынақ зертханалары іс-әрекетін аккредиттеудің белгілі саласының заңды статусын ескере отырып, типтік бағдарламаларының негізінде жүзеге асырады. Сынақ зертханасы аккредиттеу саласымен бекітілген сертификаттық сынақ жүргізуге арналған материалды-техникалық және метрологиялық базас болуы керек.

1. Сынақ зертханасының негізгі тапсырмасы болып:

  • Мемлекеттік стандарт және мемлекеттік техникалық комиссия бекіткен нормативтік құжат талабына сай сертификаттық сынақтар жүргізу;

  • Сертификация органдары мен мемлекеттік техникалық комиссия тапсырмасы бойынша жеке сынақтар өткізу;

  • Сертификация органдарына қажетті сынау әдістерін жасап, келісімге ұсыну;

  • Сынау құралдары мен әдістері бақыланатын нормативтік құжаттарға экспертиза жүргізіп отыру.

2. Сынақ зертханасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Сертификаттық сынақ шешімі мен протоколын, белгілі бір сынақ түрлерін жүзеге асырады;

  • Сертификаттық сынақ жүргізу үшін сынақ үлгілеріне іріктеу жасайды;

  • Сертификатталатын құрал өндірісінің алдын-ала аттестациялау процесіне қатысады;

  • Сынақ жүргізетін техникалық, нормативтік, сынау құралдары мен әдістерін, сынау бағдарламасын және методикасы құжаттарын жетілдіру мен жасау сияқты функция;

  • Мемлекеттік техникалық комиссия ұйғарымы бойынша жүргізілетін сынақтың сапа тұрақтылығын бақылау мақсатында тексерістер жүргізу.

  • Сынақ зертханалары өзіне қарасты сынақ бөлімшелерінде метожикалық және консультациялық көмектер көрсетіп тұрады;

  • Сынақ зертханаларында тексерістен өткен құралдар мен бұйымдар арнайы құжаттарда тіркеліп, ол жайлы информация құпия түрде сақталады;

  • Шетелдік зертханаларда өткен сынақ түрлеріне, әдістеріне анализдер жасалып отырады;

  • Сынақ зертханасы жүргізілген сынақтың нәтижесі бойынша шешім қабылдап, протоколымен орнатылған қауіпсіздігі жайлы сертификаттау органдарына жібереді;

  • Нормативтік құжаттың экспертиза актісін даярлайды.

2. Сынақ зертханасының міндеті:

  • Типтік бағдарламада қарастырылған функцияны орындау;

  • Сынақ нәтижелерінің дәлдігін, айқындылығын, толықтығын қамтамасыз ету;

  • Сынақ жүргізудің мерзімі мен ретін сақтау;

  • Арыз берушінің сынақ жүргізген аймаққа және бақылаушы органдарымен байланысын қамтамасыз ету;

  • Әр жыл сайын сынақ зертханалары сертификаттау органдарына есеп беріп тұру;

  • Бақылау өлшеуіш аппараттардың техникалық күйінің, сынақ қондырғыларының эксплуатациялық құжаттарының талаптарына сай екендігін қамтамасыз ету;

  • Сынақ жүргізетін өндірістік орынның санитарлық-гигиеналық нормаға және ережеге, қауіпсіздік техникасына сай болуын қамтамасыз ету;

37 билет

  1. Стендтық сынақтарды басқарудың автоматталған жүйесі

Соңғы онжылдық ішінде өнеркәсіптік өндірісті басқару оның барлық деңгейлерінде жетілдіру қарқынды дамуда. Бұл процестің ерекшелігі

Оның кең түрде математикалық әдістер мен автоматизацияның жаңа құралдарын, сонымен қатар сандық техникада қолданылуы. Нәтижесінде көптеген мекемелерде әртүрлі объектілерге автоматтандырылған басқару жүйесі пайда болды. Әсіресе АБЖ басқаруда төменгі деңгей де(орналастыру, агрегат, участок) көп қолданылып, технологиялық құрылғылармен басқару және оларда жүретін процестер; олар технологиялық процестермен автоматтандырылған басқару жүйесі (ТП АБЖ) деп аталды.

ТП АБЖ әр салада қолданылуы іске асырылатын алгоритм және де техникалық құралдардың құрамы бойынша әртүрлі . бірақ жалпы ТП АБЖ- бұл техникалық процестерді басқаруды белгіленген уақыт масштабында техника-экономикалық критерилер бойынша қамтамасыз етеді және басқару аппаратуралары, опперативті персонал басқару және басқару әдістерінің бірегейлігін көрсететін жүйе.

Сынау стенділеріне автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану – бүгінгі күннің қажеттілігі. Технологиялық агрегаттар мен өнеркәсіп қуаттылығының өсуіне байланысты бұл сапа басқарудың күшті құралы болып келеді. Оны сериялы және тәжірибелі өндірісте сынау стенділерінде қолдану шығарылатын өнім сапасы мен өндіріс тәжірибесін жоғарылатады. Осы жерде көрсете кетсек:

  1. Визуальды өлшеулердің болмауы сынаудың объектілік деңгейін жоғарылатады;

  2. Бақыланатын параметрлер мен өлшеу саны артады

  3. Бұйым ресурсы мен сенімділік артады, өлшеу қателігі азаяды, отладка процессі бірегейленеді, сынау кезінде аз деңгейде ресурс шығындалады.

  4. Отладкаға, үлгілерді қайта өңдеу және өлшеу уақыты азаяды;

  5. Сынау оптимизациялануы информациялық модельдер, бұйым мен регуляторды орналастырудың дистанционды корректировкасы математикалық әдістердің оптимальды баға сипаттамасы негізінде іске асырылады.

  6. Энергетикалық шығындар мен сынау еңбексыйымдылығы төмендейді;

  7. Аса қауіпті жағдайларда адам жұмыс істемейді;

  8. Еңбек өндірушілігі артады;

  9. Процесті басқаруда шығарылатын бұйым номенклатурасы үшін өндірістік жоспар динамикасы ескеріледі;

  10. Құрылыста шығындар азаяды, өнім өндірісі ұлғаяды.

ТП АБЖ-ны атқаратын нақты функциялар басқару процесінің характері мен қиындылығына, сонымен қатар ТП АБЖ-ның өзінің техникалық мүмкіндіктеріне тәуелді. Бұлар:

  1. Сыналатын бұйым мен технологиялық процесс жағдайы туралы информацияның өңделуі мен жиналуы;

  2. Сынау процесін идентификациялау мен бақылау

  3. Стабилизация және реттеу

  4. Логика-программалық басқару;

  5. Омтимальды басқару мен шеші мдерді іздеу;

  6. Сынаудың техникалық процессінің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

  7. Төтенше жағдайларды анализдеу;

  8. Жалпы және система бөлшектерін техникалық диагностикалау.

Бұйымдарды ТП АБЖ стендік сынау ақпараттық-өлшеуіш(АӨЖ) жүйенің дамуы. Сондықтан ккез-келген ТП АБЖ-де негізгі тәжірибе есебін шешетін АӨЖ қатысады.

ТП АБЖ-ның көбісі автоматты месе автоматизирленген. Оларда оператор ролі маңызды, ол өлшеуіш мащина ретінде ақпаратқа сәйкес шешімдерді өзі қабыдайды.

Аса маңызды, ТП АБЖ өндірістік процестердің эффективтілігің ұлғаю есебін шеше отырып, ақпараттық және автоматтандырылған басқару жүйесінің техникалық базасын құрады. Кез келген ТП АБЖ адами-машиналы аса күрделі структураны көрсетеді. Толығымен бұл жүйені сипаттау үшін ТП АБЖ-ға тән бір ғана структураны қарастырау жеткіліксіз. ТП АБЖ структурасы ретінде оның элементтерінің бірегейлігі мен байланысын алуға болады. Әдетте ТП АБЖ структурасы: функциональды, техникалық, организациялық.

Стендтық сынаудыі техникалық процесін келесі параметрлері бойынша анықтауға болады:

  1. Өлшегіш параметрлер Х12....Хn, оларға:ішкі факторларға тәуелді реттелмейтін параметрлер,бұйаы сапасын және басқарылатын процесс эффективтілігін сипаттайтын шығыс параметрлері,

  2. Реттелетін параметрлер У12....Уn, атқарылатын механизмге сәйкеспроцес барысында өзгереді.

ЭВМ шығысына Х12....Хn параметрлерінің мәндерінің өлшеуіш ақпараты келіп түседі. Машина бұл ақпаратты енгізілген басқару алгоритміне сәйкес өңдеп және орындалатын механизмдерге У12....Уn реттелетін параметрлерін өзгерту үшін У12....Уn-ге басқару әсерін анықтайды. Реттелетін парметрлерөзгерісінен сынау процессі күрделеніледі.

Алғашқы өлшеуіш түрлендіргіштердің сигналы үздіксіз. Олар токтың, электрлік кернеудің өзгерісінмен сипатталады және Аналогты форма түрінде беріледі. Бірақ ЭВМ дикретті шамаларға негізделген. Сондықтан оның кірісіне келіп түсеиіндер Х12....Хn сандық формаға түрленеді, осы сандық сандар процесс барысында қайта түрленіп аналогты түрге келеді.

Кейбір шығысындағы және кірістегі сигналдар релейный сипатта болады( механизмдер мен проводтардың қосылу сигналдары).

Осымен, ЭВМ – да автоматтандырылған басқару жүйесі кірісте аналогты-сандық түрлендіргіш (АСТ), ал шығысында сандық-аналогты түрлендіргішті қажет етеді (САТ). Құрылғының көлемін азайту үшін, датчиктер АСТ-ке коммутатор арқылы кезектесіп қосылады. Шығыстағы САТ алынған ЭВМ құрылғысына код жазылады.

  1. Сынақ құрылғыларын аттестациялау

Сынақ құрылғыларын аттестаттаудың негізгі мақсаты – рұқсат етілетін ауытқулар шегінде сынақ жағдайын жасау мүмкіндігін дәлелдеу және сынақ құрылғыларының қолдануға жарамдылығын бекіту. Сынақ жағдайын жасау дәлдігі -әсер ететін факторлар мен ережелер жиынтығы болып табылады. Сынақ құрылғыларын аттестаттау сынаққа талап етілетін жағдайларды қанағаттандыратын функция және құрылғы сипаттамасының нормативті дәлдігіне анықтама бере отырып олардың нормативті құжаттармен сәйкестігін көрсетеді. Сынақ құрылғысын аттестаттау реті Р8.586-97 МЕМСТ-та бекітілген. Аттестатаудың келесі түрлері бар: алғашқы, мерзімді, кезектен тыс.

Сынау қондырғысы – нормаланған метрологиялық сипаттамаларымен әсер ететін шарттарды жаңғыртуға арналған техникалық құрал.

Сын,ау жабдығының белгіленген мерзім ішінде, талап етілген дәлдікпен және тұрақтылықпен берілген ауқымда сынау режимдері мен шарттарын жаңғырту мен қолдау мүмкіндігін анықтайтын нормативтік құжаттарда белгіленген сипаттамалар.

Сынау құрылғыларын аттестаттау тәртібі

  1. Нормаланған сыртқы әсер ететін факторларды және жүктемені жаңғыртатынсынау жабыдығы аттастаттауа жатады.

  2. Сынау жабдығын аттестаттау жіберілетін ауытқу шектерінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін тастау және сынау жабдығының мақстақа сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

  3. Аттестаттауға тәжірибелі үлгілер, сериялар шығарылатын және жаңартылатын жабдық, республикада жеке данада дайындалған, сондай – ақ республика аумағында әкелуге және пайдалануға арналған жабдық жатады.

  4. Сынау жабдығын аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар ұсынады

  5. Сынау жабдығы алғашқы, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады.

  6. Сынау жабдығын аттестаттауды сынау жабдықтарының пайдаланушысы болып табылатын заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.

  7. Сынау жабдықтарын аттестаттау сынау жабдығын құрастыру және орналастыру орындалған нормативтік құжаттарды пайдалану және жобалау құжаттамаларын сараптаудан техникалық сипаттамаларын эксперименттік зерттеулерден және сынау жабдығын пайдалануға жарамдылығын растаудан тұрады.

  8. Қолданылатын өлшем құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес түрінде бекіту мақсатында сынау немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша ҚР-сының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілуі және ҚР СТ 2.4 сәйкес салытырып тексерілуі тиіс.

  9. Сынау жабдығының құрамына кіретін өлшем құралдарын сынау , салыстырып тексеру калибрлеуді әрекеттегі нормативтік құжаттарға өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырады.

  10. Аттестаттау нәтижелері оң болса сынау қондырғысын аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген мерзімге сертификат рәсімделеді.

  11. Егер теріс болса сынау қондырғысы пайдалануға жіберілмейді, сынау қондыр,ысын аттестаттау хаттамасын сәйке негіздемемен жазба жазылаы.

  1. Медициналық мақсаттағы құрылғылар және медицина техникасы бойынша сараптау бөлімі.

дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптамадан өткізу үшін медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеуге және өндіруге тікелей қатыспаған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ұйым (бұдан әрі – сараптама ұйымы);

дайындаушы), жеке кәсіпкер немесе олардың сенімді тұлғасы;

3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жинақтаушылар – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың функционалдық мақсатына сәйкес өндіруші пайдалану үшін қарастырылған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын бұйым және (немесе) құрылғы;

) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілері – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу үшін өтініш иесі ұсынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға шығыс материалдары – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес манипуляция өткізуді қамтамасыз ететін, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданған кезде жұмсалатын бұйымдар мен материалдар;

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде сараптама өтінім берушімен шарт бойынша дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы сараптама ұйымы өткізеді

Құрамында дәрілік зат бар медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттардың сапасын және қауіпсіздігін ғылыми мамандандырылған сараптамадан өткізуді іске асыратын сараптама ұйымының құрылымдық бөлімшесі қосымша фармацевтикалық сараптама жүргізеді.

І түрдегі өзгерістерді енгізу кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау:

бастапқы сараптамадан;

мамандандырылған сараптамадан тұрады.

7. Медициналық мақсаттағы бұйымы мен медициналық техниканың құрамына енетін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын дәрілік зат белгіленген тәртіппен дәрілік заттарға арналған сараптамаға жатады.

8. Сараптаманың әрбір келесі кезеңі алдыңғы сараптама кезеңінің оң қорытындысы негізінде жүргізіледі.

9. Сараптама ұйымы сараптама жүргізу кезінде ұсынылған тіркеу деректерінің құжаттары бойынша өтініш берушіден түсінік беруді және (немесе) пысықтауды сұратуға құқығы бар.

10. Сараптама ұйымы өтініш иесі сұратқан материалдарды отыз күнтізбелік күн ішінде бермеген жағдайда немесе оны дайындауға қажетті мерзімді жазбаша негіздемесе, бірақ алпыс күнтізбелік күннен асырмаса, онда сараптаманы тоқтатады және шешім қабылдаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қабылданған шешім туралы мемлекеттік органға және өтініш иесіне хабарлайды.

Сұралған материалдарды дайындау үшін қажетті мерзімдерді уақытша тоқтату отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

11. Сараптама ұйымы ведомстволық мұрағатқа медициналық техникаға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға тіркеу деректерінің бір данасын береді, оған тіркеу куәлігінің көшірмесі, бастапқы, мамандандырылған, қажет болған жағдайда фармацевтикалық сараптаманың қорытындылары, медициналық мақсаттағы бұйымдардың талдамалық сараптамасының есебі, медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулық, медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған ораулар мен заттаңбалардың бекітілген макеттері, өтініш берушімен арадағы хат жазысу бойынша материалдар енеді.

38 билет

  1. Сынақ құрылғыларын аттестаттау.

Сынақ құрылғыларын аттестаттаудың негізгі мақсаты – рұқсат етілетін ауытқулар шегінде сынақ жағдайын жасау мүмкіндігін дәлелдеу және сынақ құрылғыларының қолдануға жарамдылығын бекіту. Сынақ жағдайын жасау дәлдігі -әсер ететін факторлар мен ережелер жиынтығы болып табылады. Сынақ құрылғыларын аттестаттау сынаққа талап етілетін жағдайларды қанағаттандыратын функция және құрылғы сипаттамасының нормативті дәлдігіне анықтама бере отырып олардың нормативті құжаттармен сәйкестігін көрсетеді. Сынақ құрылғысын аттестаттау реті Р8.586-97 МЕМСТ-та бекітілген. Аттестатаудың келесі түрлері бар: алғашқы, мерзімді, кезектен тыс.

Сынау қондырғысы – нормаланған метрологиялық сипаттамаларымен әсер ететін шарттарды жаңғыртуға арналған техникалық құрал.

Сын,ау жабдығының белгіленген мерзім ішінде, талап етілген дәлдікпен және тұрақтылықпен берілген ауқымда сынау режимдері мен шарттарын жаңғырту мен қолдау мүмкіндігін анықтайтын нормативтік құжаттарда белгіленген сипаттамалар.

Сынау құрылғыларын аттестаттау тәртібі

  1. Нормаланған сыртқы әсер ететін факторларды және жүктемені жаңғыртатынсынау жабыдығы аттастаттауа жатады.

  2. Сынау жабдығын аттестаттау жіберілетін ауытқу шектерінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін тастау және сынау жабдығының мақстақа сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

  3. Аттестаттауға тәжірибелі үлгілер, сериялар шығарылатын және жаңартылатын жабдық, республикада жеке данада дайындалған, сондай – ақ республика аумағында әкелуге және пайдалануға арналған жабдық жатады.

  4. Сынау жабдығын аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар ұсынады

  5. Сынау жабдығы алғашқы, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады.

  6. Сынау жабдығын аттестаттауды сынау жабдықтарының пайдаланушысы болып табылатын заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.

  7. Сынау жабдықтарын аттестаттау сынау жабдығын құрастыру және орналастыру орындалған нормативтік құжаттарды пайдалану және жобалау құжаттамаларын сараптаудан техникалық сипаттамаларын эксперименттік зерттеулерден және сынау жабдығын пайдалануға жарамдылығын растаудан тұрады.

  8. Қолданылатын өлшем құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес түрінде бекіту мақсатында сынау немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша ҚР-сының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілуі және ҚР СТ 2.4 сәйкес салытырып тексерілуі тиіс.

  9. Сынау жабдығының құрамына кіретін өлшем құралдарын сынау , салыстырып тексеру калибрлеуді әрекеттегі нормативтік құжаттарға өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырады.

  10. Аттестаттау нәтижелері оң болса сынау қондырғысын аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген мерзімге сертификат рәсімделеді.

  11. Егер теріс болса сынау қондырғысы пайдалануға жіберілмейді, сынау қондыр,ысын аттестаттау хаттамасын сәйке негіздемемен жазба жазылаы.

  1. Өлшеу құралдарының типін бекіту мен сынау жүйесі.

Өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралының белгіленген нормаға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы. Өлшем құралдарын сынауды, мемлекеттік өлшем құралдарын сынау орталығ ы ретінде аккредиттелген уәкілетті мемлекеттік органның ведомствалық бөлімшелері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймағына партиямен енгізілетін өлшем құралдарының типі сәйкес бекітуге жатады, дұрыс нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология Комитеті қабылдайды. Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынаулар жүргізу үшін өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерту жобасы және/немесе типтік бағдарламаға толықтырулар;

Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін өлшем құралдары үшін ГОСТ 2.601 сәйкес пайдалану құжаттары, ал Қазақстан Республикасының аймағына енгізілетін өлшем құралдары үшін, толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар өндіруші-фирманың құжаттамалар жинағы;

салыстырып тексеру құралдары мен әдістемелерін регламенттейтін пайдалану құжаттамасындағы тарау жоқ болғандағы ҚР СТ 2.63 сәйкес салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы;

екі данада, 13х18 немесе 18х24 жалпы көріністегі суреттермен осы стандарттың Д қосымшасына сәйкес пішін бойынша типті сипаттау жобасы;

типтің сипаттамасын ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы өтініш берушінің хаты;

республика аймағында сериялы өндірілетін өлшем құралдарының тәжірибелі үлгілерін алдын-ала сынау хаттамалары;

салыстырып тексеру құралдарымен Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процессіндегі өлшем құралдарының қамтамасыз етілгендігі туралы мағлұматтар, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді іске асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтер;

ұсынылатын салыстырып тексеру аралық интервалдың негіздігін растайтын құжаттар

Шет елдік өндірушінің өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында және типінің сәйкестігіне сынаулар жүргізуге құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Қажет болған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығына өлшем құралдарын ұсынуы тиіс.

Сынақ нәтижелері өлшем құралдарының типін бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.

Дұрыс шешімде өлшем құралдарының типін бекітуді сертификат ресімделеді, өлшем құралдарының типін белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі, типтің сипаттамасын және салыстырып тексеру әдістемесін келісімен белгіленеді.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынаудың дұрыс нәтижелерінің негізінде бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімі ұзартылады, соған сәйкес өзгерістер ҚР МӨЖ тізіліміне енгізіледі (тіркеледі).

Бекітілген типтегі өлшем құралдарын модификациялау кезінде бекітілген типке сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша уәкілетті органмен өлшем құралдарының жаңа типін бекіту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Егер мұндай шешім қабылдау үшін жүргізілген сынақтар көлемі аз болса, типті бекіту мақсатында қосымша сынақтар жүргізу туралы шешім қабылданады.

Егер модификациялау кезінде жаңа типті бекіту талап етілмесе, қажет болған жағдайда типтің сипаттамасына және салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес өзгерістер енгізіледі

  1. Өнеркәсіптік өнімдерге мемлекеттік сынақтар.

МемСТ16504 стандартына сәйкес сынау ол сынау объектісін функциональды моделирлеу кезіндегі, оған әсер ету нәтижесіндегі сапа және санды сипаттамасын экспериментальды анықтау. Сынау өндірісте өнім сапасын қамтамасыз етудегі іс әрекеттерінің ішінде ең маңызды орын алады. Сынауда объектінің қасиеттерінің сипаттамаларын экспериментальды анықтау өлшеулерді, талдауларды, диагностикалау, органолептикалық әдістерін қолдану арқылы және сынаудағы белгілі құбылыстарды тізімге алу жолымен іске асырылады (тоқтаулар, бұзындылар және т.б.). Сынаудың келесі түрлері болады:

  • Мемлекеттік;

  • Қабылдаулы тапсырысшы;

  • Кезеңді;

  • Типті;

  • Пайдаланулы;

  • Сертификациялық және т.б.

Мемлекеттік сынау сынауды жүргізуге құқысы бар мемлекеттік комиссия немесе ұжым мен өнімдердің бекітілген маңызды түрлеріне сынауды жүргізу. Қабылдаулы тапсырысшы сынау сынау жасаушыға міндетті болады және ол тапсырыс берушімен бірге жүргізіледі немесе келісім бойынша бір жақты жүргізіледі. Кезеңді сынау жасаушыға міндетті болады және жасалынған өнім сапасы нормативті құжаттар талабына сәйкестілігін тексеру мақсатымен іске асырылады. Сынауды өткізу уақыты таңдамалы болады. Типтік сынау жасаушы өнім шығаруды толығымен меңгергеннен кейін жүргізіледі, онымен қатар конструкциясымен жасау технологиясы өзгергеннен кейін, материалын ауыстырғаннан кейін, егер олар өнім сапасына немесе техникалық сипаттамасына әсер еткен жағдайда. Пайдаланулы сынау аккредиттелген сынау зертханасы арқылы өнім сипаттамасының нормативті құжаттарға сәйкестілігін тексеру мақсатымен іс асырылады. Бұл сенімділік және мәңгі бақилық көрсеткіштерін анықтаудың жалғыз тәсіліне жатады. Сертификациялық сынау аккредитациядан өткен сынау зертханасы арылы өнім сипаттамаларының нормативті құжаттарға сәйкестілігін табу мақсатымен жүргізіледі.

Сынау түрлерінің сұрыпталынуында келесі белесі белгілер есепке алынады:

1.Сынаудың қолданылуы;

2.Өнімнің өмір циклдерінің саылары;

3.Сыртқы әсер ету факторларының түрлері;

4.Сынауды өткізу жері;

5.Өткізу әдісі мен жағдайы;

6.Объектінің анықтау сипаттамалары.

Қазіргі кездегі өндіріс жағдайындағы сапаны бақылау, сапаны басқару жүйесінде міндетті функциясы болады да, оған келесілер кіреді:

  1. Бақылау объектілері:

Өнімді зерттеп дайындау кезеңінде (құжаттар мен тәжірибелі үлгілер);

Өнімді жасау кезеңінде (кәсіпорынға түсетін шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, жинама бұйымдар мен аспаптар, негізгі өндіріс өнімдері, технологиялық үрдістер мен ережелер; өндіріс жабдықтары мен құралдары);

Сақтау кезеңінде;

Тасымалдауда;

Пайдалану кезеңінде.

2) Бақылау операциялары мен оларды өткізу кезеңдері.

3)Бақылау ережесі, әдістері мен құралдары.

4)Құжаттар.

5)Бақылауды механикаландыру және автоматтандыру құралдары.

6)Орындаушылардың біліктілікке сәйкестілігі.

Бақылау жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі дұрыс болуы көбінесе ұжымның өнім мен еңбек сапасын басқаруына, іс әрекеттерінің тиімділігіне байланысты болады.

39 билет

  1. Сынақ түрлері. Технологиялық сынау, тоқыма материалдарын сынау.

Сынау өнімінің сапасын қамтамасыз ететін мекемелерде кеңінен қолданылады.

Сынаудың келесі түрлері болады:

• Мемлекеттік:

• Қабылдап-тапсыр;

• Жиіліктік;

• Типтік;

• Эксплуатациялық;

• Сертификатталған;

Металдар мен қопалардың технологиялық өңдеулердің түрлеріне ұшырауы техгологиялық құрамына байланысты. Технологиялық құрамын анықтау үшін технологиялық сынаулар жүргізіледі: иілуге сынау, осадкаға,сплющивание. Көптеген технологиялық сынаулар стандартталған. Технологиялық сынаулар нәтижесінде өндірісте технологиялық процеске сәйкес сапалы бұйымды өндіру мүмкіндігін анықтайды

Иілгіштікке сынау (ГОСТ 14019-68) материалдың майысқақтылығын анықтайды. Материал майысқақтығы иілу бұрышымен сипатталады. Үлгіні 1800 иіу – материал шектік майысқақтыққа ие. Сынауға шыдамды үлгілер ешбір ақаусыз болуы тиіс. Бұл сынауға қалыңдығы 80мм материал қолданылады.

Осадкаға сынау (ГОСТ 8817-73) пластикалық деформацияға материал шыдамдылығын анықтайды. Үлгі суық не ыстық күйде пресстеу арқылы h биіктікті анықтайды. Бұл сынауларға алюминий қоспалар немес болаттан жасалған материалдар жатады. Осы сынау диаметрі немес квадрат жағымен дөңгелек немес төртбұрышты үлгілерде суық күйде 3-тен 30мм –ге дейін, ыстық күйде – 5 тен 150мм дейін пресстейді. Болат үлгілер биіктігі 2 диаметрге, ал түсті болат 1,5 диаметр тең болуы керк. Үлгіде трещина немес ақаулар болмаса ғана сынауға төзімді болып сесептеледі.

Қазақстанның тоқыма өнеркәсібіне мыналар тән:

саланың кеңес уақытында салынған тоқыма тiгiн кәсiпорындармен ұсынылуы Бүгiнгi кезеңде елдiң жалпы өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң үлес салмағы 0,4 %-ды, өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнде 1,3 %-ды құрап отыр. Қазақстан Республикасының тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi iшкi нарық мұқтаждығының 10%-ын ғана өтейдi. Елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қалыптастыру үшiн iшкi өндiрiс көлемi кем дегенде iшкi сұраныстың 30%-ын қанағаттандыруы тиiс. Қазақстанның тоқыма индустриясын дамытуға, сол сияқты өңiрдiң мақта-тоқыма өнеркәсiбiнiң жеке секторы үшiн де нарықтық мүмкiндiктерiнiң жақсы ауқымы бар.

Дайын тоқыма бұйымдарын өндiру

Дайын бұйымдар нарығы iш киiмдердiң, трикотаж бұйымдарының, киiмдердiң, кiлем бұйымдарының және күнделiктi сұранысқа, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ мерзiм пайдаланылатын басқа да тауарлардың түр-түрiмен ұсынылуы мүмкiн. Әрине, мақта шикiзат элементi ретiнде түпкiлiктi сұраныс өнiмдерiнде ұсынылуы мүмкiн. Қазақстанда түпкiлiктi пайдаланатын дайын тоқыма бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын маталарды өндiрудiң толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарын өндiрудiң төмендеуiне, олардың өзiндiк құнының жоғары болуына және импорт көлемiнiң өсуiне әкеп соқтырады. Осылайша, ағымдағы тұтыну көлемiндегi көрпелер мен пледтер импортының үлесi жекелеген жылдары 90%-ға (оның iшiнде қытайдың өндiргенi - 53%, ресейдiкi - 10%), свитерлер мен жемпiрлер - 83%-ға, трикотаж жаймасынан жасалған киiмдер - 46%-ға, кiлемдер - 97%-ға, төсек орын - 12%-ға жеттi.

Қазақстанның тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi кәсiпорындарының 70-80%-ы киiм нарығында жұмыс iстейдi, негiзiнен өздерiнiң ассортиментiн күш құрылымдарының мұқтаждықтарына және арнайы киiм шығаруға бағытталған. Сегментке мынадай проблемалар тән: ескiрген жабдық, әлемдiк үрдiстердi бiлмеу, кәсiби кадрлардың жетiспеуi, дайын өнiмдi жасырын және жарияламай импорттау, өндiрiлетiн өнiм сапасының төмендiгi.

Киімдер, тоқыма бұйымдар, тоқыма материалдардан жасалған тігін бұйымдары үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:

1) бұйым беті мен астары материалында табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық мазмұны);

2) Қазақстан Республикасында қабылданған типтік өлшемді шәкілге сәйкес бұйым өлшемі;

3) бұйымға күтім жасау бойынша белгілер;

4) егер, оның болуы өнімнің нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттармен көзделген жағдайда бұйымды жарату және пайдалану барысында оған күтім жасау бойынша нұсқаулық.

Маталар, тоқыма және тігін жаймалары, жеке бұйымдар үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:

1) табиғи және химиялық құрамның түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық болуы);

2) атаулы ені, желілік өлшемдер (ұзындығы, ені);

3) бояу тұрақтылығының деңгейі;

4) әрлеу түрі;

5) күтім бойынша белгілер.

Таңбалауда көрсетілген түр мен шикізат болуының нақты мәндерінің ауытқуы (%) 5% аспауы керек.

Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

32. Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың (бұдан әрі – киім және бұйым; тігін және трикотаж бұйымдар) биологиялық және химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер олардың функционалдық мақсатына қарай белгіленеді.

Киім мақсатына қарай: бірінші, екінші және үшінші қабаттағы киімдерге бөлінеді.

Бірінші қабаттағы киімдерге адам терісімен тікелей жанасатын киімдер жатады. Осы топқа бұйымның мынадай түрлері жатады: жайма бұйымдары (жайма, іш-киім және асхана жаймасы); корсеттік және суға шомылу бұйымдары; бас киімдер (жазғы); шұлық-ұйық бұйымдары; бет орамалдар мен басқа тартатын орамалдар.

Екінші қабаттағы киімдерге адамның терісімен шектеулі жанасатын бұйымдар жатқызылады. Аталған топқа көйлек-кеудеше, костюм (астарсыз), шалбар және жейде ассортименті мен көрсетілген ассортименттің ерлерге және әйелдерге арналған трикотаж бұйымдары жатады.

Үшінші қабаттағы бұйымдарға екінші қабат киімінің үстінен киюге арналған бұйымдар, оның ішінде пальто, қысқа пальто, күрте, плащ, костюм (астары бар) жатады.

Болуы өндіріс процесіндегі аппреттерді қолдануымен байланысты тоқыма материалдары мен олардан жасалған бірінші және екінші қабатты бұйымдардан зиянды химиялық ұшпа заттардың бөлінуі осы Техникалық регламентке 4-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген нормадан аспауы керек.

Уыттылық индексі 120%-дан аспауға тиіс.

36. Өнімнің өндірісі үшін пайдаланылатын шикізат пен көмекші материалдар Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

Жеңіл өнеркәсіпте (жүн, жібек, мақта-мата, зығыр, трикотаж, тоқыма-галантереялық және тігін саласында) өңделетін химиялық талшықтардың, жіптердің, қосалқы заттар мен материалдардың (бұдан әрі – химиялық талшықтар) “Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауіпсіздік паспорты болуға тиіс.

Химиялық талшықтардың адам денсаулығына қауіпсіздігін бағалау санитарлық-химиялық зерттеуді, уыттылығын бағалауды және аккредиттелген зертханаларда физикалық-механикалық сынақтарды қамтитын кешенді сынақтар нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

37. Былғары мен теріден жасалған киімдердің және бұйымдардың қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мына нормаларға сәйкес келуге тиіс:

1) бос формальдегидтің салмақтық үлесі:

тері матасы мен түкті жабында – 0,3 мг/г аспайды;

киімнің үстіңгі жағы материалы мен тері астарлы бұйымда – 1,0 мг/г аспайды;

тоқыма астарда – 0,3 мг/г аспайды;

2) тері матада және түкті жабындағы сумен жуылатын хромның (VІ)

салмақтық үлесі – 0,003 мг/г аспайды;

  1. Жоғарғы оқу орнының білімі беру сапасын аккредиттеуде жүргізілетін сынақтар.