Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоррр сынау123.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
544.34 Кб
Скачать

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

Халықаралық аккредиттеуден өту шеңберінде 5 ұлттық жоғары оқу орындары: аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақ ұлттық агарарлық университеті бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізуге дайындауда.

Осы мақсатта олар ASIIN и ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) аккредиттеу агентстволарымен қарым-қатынас жасауда.Соңғы екі жылда осы мақсатқа бюджеттен 60 млн.теңгеден аса қаржы бөлінді.

Министрдің 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 569 бұйрығымен аккредиттеуді өткізу ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығына жүктелді.

Аккредиттеудің халықаралық моделіне сәйкес ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында мынадай жоғары оғу орындары:

              • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

              • Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

              • Қазақ аграрлық университеті;

              • Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

              • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;

              • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;

              • Алматы энергетика және байланым институты;

              • Инновациялық Еуразия университеті;

              • Халықаралық бизнес академиясы институционалды аккредиттеуден өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасы бойынша 2009 жылы 15-16 маусымда Астана қаласында рейтингтер жөніндегі халықаралық сараптама тобының 4-ші Конференциясы өткізілді (IREG-4).

Конференцияға әр елден 60-тан аса сарапшылар, еліміздің жоғару оқу орындарының басшылары қатысты. Халықаралық дәрежедегі ғаламдық рейтингінің, жоғары білім оқу орындарын ұлттық ранжирлеу мәселелері қарастырылды.

Конференция қорытындары жоғары оқу орындарының қызметіне сыртқы баға беруді одан әрі дамыту үшін ықпал ететін болады.

Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесi "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды. 2. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырады. 3. Аккредиттеуді меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының өтініші негізінде аккредиттеу органдары жүзеге асырады.Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады. 4. Аккредиттеу органы әзірлеген стандарттар мен критерийлерге білім беру ұйымы қызметінің сәйкестігін бағалау негізінде  білім беру ұйымдарын аккредиттеу жүргізіледі. 5. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын  аккредиттеу шарттарымен және тәртібімен өткізіледі. 6. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. 7. Жоғары оқу орындары шетелдік халықаралық танымал агенттіктер жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.