Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,10.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
49.47 Кб
Скачать

10, Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.

Аристотель (б.д.д. 384-322ж) – Платонның шәкірті, Македондық Александрдың тәрбиешісі болған классикалық кезеңдегі ежелгі грек философы. Аристотель философиясының дамуы үш кезеңге жіктеледі: 1) б.д.д.367-347ж (20жыл) – 17жаста Платон Академиясына келіп Платон өліміне дейін шәкірт болды. 2) б.д.д. 347-335 ж (12 жыл) – Македония мемлекетінің астанасы Пелле қаласында Филипп патшаның шақыруымен оның ұлы Александрдың тәрбиесімен айналысады; 3) б.д.д. 335-322 ж – өзінің философиялық мектебін – Ликейді (перипатикалық мектеп) ашып, өмірінің соңына дейін сонда шұғылданады. Негізгі еңбектері: «Пайда болу мен жойылу туралы», «Жан туралы», «Метафизика», «Категориялар», т.б.

Аристотель №1 философия тарихшысы. Кез келген мәселені талдауды Аристотель бұл сұрақ бойынша айтылған өзіне дейінгі белгілі пікірлерден бастайды. Бізге ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңі туралы маңызды мәліметтер оның дәл осы қасиеті арқасында жетті. Өз ұстазы Платонды жоғары бағалағанмен, оның идеялар туралы ілімін сезімдік дүние заттары мен идеялар арасындағы қатынас түсініксіздігі үшін сынады. Логикасы. Аристотель европалық (классикалық) логиканың негізін қалаушы. Ол дұрыс ойлаудың үш заңын (Тепе теңдік заңы, Қайшылықсыздық заңы, Үшіншісі болмауы заңы) тұжырымдады. Ақиқат пен жалғанның анықтамасын, силлогистиканы негіздеді. Кейіннен, Аристотельдің еңбектерін жүйелеушілер оның алты логикалық трактатын біріктіріп «Органон» («Құрал») деп атады. Логика – барлық философиялық бағыттардағы аса қажетті таным құралы саналады. Бірақ Аристотельдің өзі логикаға дербес ғылым деп емес, барлық ғылымдарға бастама ретіндегі міндетті кіріспе деп қана қараған. Метафизика (Бірінші философия) – болмыс туралы ілім. Аристотель дуалист: ол дербес екі түпнегіздің – материя мен форманың тіршілігін мойындады. Дүниеде бар заттың барлығы материядан және формадан тұрады. Бірақ олардан Алғашқы материяны және Алғашқы форманы ажырату қажет. Алғашқы материя –адам үшін танылмайтын, ал бірақ барлық заттардағы материя үшін негіз болып табылатын, формасыз, айқын емес зат. Жеке алғанда материя пассивті, тіршіліксіз және нәрселер мен заттарды жаратуға қабілетсіз. Ол мәңгі: жаратылмайды және жойылмайды. Материя дегеніміз заттар пайда болуындағы таза мүмкіндік (потенция). Материя – кездейсоқтықтың, жиынтықтың, заттар пайда болуы мен жойылуының қайнары. Пайда болған кез келген зат материя мен фораның бірігуі, форманың матеияғы енуі нәтижесінде ғана тіршілікке ие болады.

Аристотельдің форма ұғымы Платонның идея ұғымына жақын. Форма – заттың тегін немесе түрін айқындайтын идеалды мән (бірақ индивидуалды емес). Мысалы: мыстың бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра, көзе, ыдыс, т.б. аламыз. Форма – біртекті нәрселердің жалпыға ортақ мәні (мысалы, түрлі материалдардан түрлі конфигурацияда жасалған вазаларға ваза мәні ортақ). Нақты заттың материясы мен формасы диалектикалық трде өзара байланысты: бірде форма ретінде кқрінген нәрсе, келесіде материя түрінде де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз форма берілген материя немесе балшық формасы берілген топырақ.

Алғашқы форма, Аристотель пікірінше болмыстың жоғарғы мәні, алғашқы қозғаушы, алғашқы себеп және жоғарғы мақсат. Сонымен қатар алғашқы форма өзін өзі ойлай алатын Әлемдік ақыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]