Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,10.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
49.47 Кб
Скачать

6. Конфуцийдің этикалық философиясы

Конфуций (б.з.б. 551– 479 ж.ш.) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жариялап, кейін қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этикалық және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасынморальдікмаксимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикетэталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс.

Өз өмір–тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

1.Бос қиялға салынбау.

2.«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.

3.Қасарыстық көрсетпеу.

4.Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәріненде бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен.

Конфуцийдің аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың мінез-құлқына, олардың салт-дәстүрлері мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға кеңес береді. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен жұртты білмеймін деп қынжыл» - бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз. Адамгершілік Конфуцийдің пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз – адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген» адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]