Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,10.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
49.47 Кб
Скачать

3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз

 Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:

а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Ведалық мектептер деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар.

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.      Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.

Санкхья– қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Санкхья философиясы болмыстың негізгі элементтерін олардың пайда болу, қалыптасу ретіне қарай: алғашқы түп-негізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына қарай жүйелеп, зерттейтін ілім.

Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

Веданта – дербес мектеп ретінде, басқа ортодоксалдымектептерден кешірек – б.д.7-8ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниедеведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндер, Бхагавадгита, т.б.) ғана болғаны туралы айтуға болады.

ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.Бейведалық мектептер деп Ежелгі Үнді философиясының ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін атайды.

Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет. Негізін қалаушы –Вардхамана(Махавира-«Ұлы Батыр» және Джина-«Жеңімпаз») деп саналады.

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді.

Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.1.Азаптану.2.Азаптанудың себебі.3.Азаптанудан босану.4.Азаптанудан босануға апаратын жол.

Будданың 5 қағидасы: өлтірме; ұрлама; ізгілікті, иманды бол; өтірік айтпа; естен адастыратын, масайтатын нәрселерді қабылдама.

Локаята (Чарвака). Локаята б.д.д. І-мыңжылдық ортасында пайда болған. (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін , оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан өмір сүрмейді. Және де, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]