Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,10.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
49.47 Кб
Скачать

8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.

Сократ (б.д.д. 470-399ж.ж) – өз өмірі – философиялық ілімнің айнасы болған афиналық философ. Сократ өз кезінде Афина мен Спарта арасындағы соғысқа қатынасып, бейбіт кезеңде азаматтық міндеттерін орындап, қарапайым өмірсалт ұстанған. Уақытының көбін шәкірттерімен әңгімелесуге арнаған. Софистерден ерекшеленіп, өз еңбегіне ақы алмаған. Соған қарамастан 70 жастағы Сократ бұрынғы құдайлардың орнына жаңаларын ойлап шығарып, уағыздап, жастарды азғындатып жүргені үшін өлім жазасына кесілді.

«Жалған даналарға»- софистерге қарсы болып өткен Сократ ақиқатқа жетудің айрықша жолын (майевтиканы)негіздеді: әңгімелесушіге сұрақ қоя отырып, оны дұрыс және өзіндік тұжырым жасауға итермелеу.

Негізгі еңбектері: Сократ өз өмірінде бірде-бір еңбек,сөз жазып қалдырмаған (әдейі).

Философиялық көзқарастары: Сократ ілімі бізге оның шәкірттері арқылы жеткен. Олардың әрқайсысы Сократ ілімін өздігінше баяндайды. Ал күмән туғызбайтын мәліметтер қатарына мыналар жатады:

  • Сократ «Философияның басты міндеті-табиғатты зерттеу емес , адамды тану» екенін бірінші болып айтты;

  • Сократ жанның денеден денеге көшуі идеясын жақтаушы.

Сократ этикалық реализмді жақтады:

  1. «кез-келген білім - ізгілік»;

  2. «кез-келген зұлымдық білімсіздіктен туады» деп түсінді.

Сократ ізгілік туралы ілімді тұжырымдады. Ол ілім бойынша: адамды ізгілікті ететін – ненің ізгі , ненің зұлымдық екені туралы білім. Мысалы: батырлық- адамның өз қорқынышын жеңуі туралы білім; әділдік- құдіретті және адами заңдарды қалай орындау керектігі туралы ілім; ұстамдылық – өз құштарлығы – нәпсісін қалай тізгіндеу керектігі туралы білім. Бұл ілім антикалық дәуірдің өзінде сынға ұшырады.

Өзінің этикалық рационализм ілімінде Сократ ізгілік пен білімді теңестіреді: «ізгілік бүкілімен-білім», « нағыз ізгілік- білуге, оны тануға тікелей байланысты», «ізгіліктің ақиқаттылығының бір ғана өлшемі бар, ол- білім».

Мұның жағымды да , жағымсыз да жақтары бар. Жағымдысы: білімнің , біліп барып іске асырудың арқасында ізгілік – өз қасиетін жоймай орнықты болатындығы. Жағымсызы- ізгілікті білімге тікелей тәуелді етуінде. Сократтық диалогтық ашық әнгімелерінің тақырыптары: ізгілік, байлық, даңқ, денсаулық, сұлулық, махаббат, адамшылық, зұлымдық, т.б. Сократ өзі «майевтика» («кіндік шешелік»-«ой туғызу өнері»)д.а. Мәні- әңгімелесушіге дайын ойларды үйрету емес , оған жетекші сұрақтар беру арқылы ойландырып, ақиқатты іздеуге итермелеу.

Мұндай әдіске тап болған адам алғашында қарапайым сұрақтарға өте оңай жауап бергенімен біртіндеп шатасып, қайшылықтың шешімін таба алмай дағдарады.Ал Сократ сол бастағы күйінше аңғал түрімен сұрақтарды үстемелей отырып әрбәр адамның өз-өзінің ойы мен санасына үңілуіне, бұған дейін талғамсыздықпен немесе білімсіздікпен иланып келген бедел санаған ойлар мен қағидалардың жалғандығына , жасандылығына, негізсіздігіне көз жеткізуіне себепші болады.

Сократ ілімі білімді насихаттады, адамзатты толғандырған мәңгілік сұрақтарға (ізгілік, зұлымдық,махаббат,ар-намыс) жауап іздеді, майевтика әдісін ашты және пайдаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]