Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DIPLOM.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.01 Кб
Скачать

Рухани мәдениет Материалдық мәдениет

Тіл, сөз өнері

Үй жабдық атаулар жүйесі

Адамның ақыл-ой жүйесі (мораль, ар-намыс, этика-эстетика, сезім, сенім) қасиеттері.

Киім-кешек атаулар жүйесі.

Құрал-саймандар атаулар жүйесі.

Мифологиялық діни тотемдік ұғымдар мен дерексіз ұғымдар жүйесі

Тағам атаулар жүйесі.

Жас, жыныс, туыстық атаулар жүйесі.

Қару-жарақ атаулар жүйесі.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралғы атаулар жүйесі.

Зергерлік атаулар жүйесі.

Қоғамдық-әлеуметтік атаулар жүйесі.

Қолөнер бұйымдар жүйесі.

Әлемді тану жүйесі (аспан атаулары, түр-түс атаулары, ономастикалық кеңістік).

Музыкалық аспап атаулар жүйесі.

К.Қ. Күркебаев тіл ғылымы үшін өзекті болып табылатын қазақ тілінің ұлттық мәдениетін танытатын рухани және материалдық лексиканың барлық жиынтығын іштей сала-салаға жіктеу, жүйелеу, сан-алуан ұғым-түсініктердің мән-мағынасын ашу, этностың дүниетанымдық таным-талғамы тұрғысынан түсіндіру секілді әрекеттерді сұрыптай келе «Тіл мен мәдениет біртұтас» деген қағидатты алға тартады. Ол осы тұрғыдан лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың бүгінгі тіл ғылымындағы алатын рөлін ерекше атап өтіп, анықтама береді: «Лигвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының тілдегі көрінісін қарастырады. Ол – тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұнды бірліктерді біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістемелер көмегімен және қазіргі заманның басты бағыттары мен мәдени ұстанымдарын негізге ала отырып жинақтаушы (синтезирующий) түрінде зерттейтін кешенді ғылым. [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 9].

Осыған орай ғалымдар этномәдени лексиканың құрамына кіретін ұлт мәдениетінің тілдік ерекшелігін айқындауда көптеген тірек ұғымдар мен кілт сөздердің қалыптасқан жүйесін ұсынады. Этномәдени лексиканың құрамына: әлем бейнесі, концепт, символ, ментальдылық, стереотип, этнографизм, этнофразеологизм, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, баламалар, ассоциация, фрейм, ойсурет, схема, скрипт, мәтіндік прецеденттер және т.б. жатқызады. Ең алдымен этномәдени лексиканы аудару мәселелеріне тоқтамастан бұрын онықұрайтын тірек ұғымдардың ерекшелігін анықтап алған жөн. К.Қ. Күркебаевтың тірек ұғымдарға берген анықтамасын қарастырып көрелік:

1. Ғаламның тілдік бейнесі – әмбебап сипатқа ие кешенді дүние бейнесі құрылымындағы концептуалды моделінің негізгі бөліктерінің бірін құрайды, ол адам үшін монолиттік тұтасттыққа ие дүние бейнесін танып білуге апаратын ұғым-түсініктер мен білімдер жиынтығы. [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 14].

2. Концепт – соңғы жылдары тілі білімінің арсенал терминіне айналып, негізгі ұғым-сөз мәнінде жұмсалып, тек мәдениетпен байланысты таным-түсініктерде ғана емес, идиоэтникалық қабат пен барлық әмбебап қабаттағы қарым-қатынас қызметіне айналып келеді.

Концепт мәселесімен шұғылданып жүрген Д.С. Лихачев, Е.С. Кубрякова, Н.Д. Арутюнова, А. Вежбицкая, А. Бабушкин, В.В. Колесовтың еңбектерінде концепт термині екі аспекті тұрғысысынан түсіндіріледі:

а) Рухани мәдениеттегі тірек сөздер.

б) Психоментальды құбылыс, алғашқы түсінік.

Концепт термині – біздің санамыздағы ментальдық сөздік қорды және психикалық ресурстарды бейнелейтін әлем бейнесінің бірлігі; яғни концепт – этностың, ұлттың ақиқат өміріндегі болмыс-бітімін жан-жақты терең ашып көрсетуге барынша талпыныс жасайтын лингвомәдени мазмұны мол тірек-ұғым [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 14].

3. Фрейм – санада бейнеленген концептілік құрылымдардың бір тармағы, қарапайым үлгісі. Адам өзінің жадында сақталған кейбір мағлұматтарды еске түсірген сайын оларды нақты мазмұны ұдайы толықтырылып отырады, сөйтіп, адамдар санасында сақталған әрбір ақиқат (көш, алтыбақан, қонақ күту) фрейм бола алады. Себебі қоршаған орта, әлем суреті жайлы мағлұмат жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Фрейм ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрінеді. Мысалы, өмір концептісінің фреймдік құрылымы күн көру, тіршілік, таңның атуы мен кештің батуы, тағдыр, жан бағу, тамақ асырау, т.б. танымдық элементтерге ие [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 15].

4. Ойсурет – концепт қалыптастырудың ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Бұл көркем мәтінде жиі көрінетін құрылым. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Автордың жинаған білімі мен қиялы бай болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады. Мысалы: Абайдағы Махаббатжас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс; өмір концептісінің ойсурет құрылымындағы көрінісін күміс жалды күн дейтін көлікпенен, көріп келем, өмірді көріп келем өлең жолдарынан көруге болады [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 15].

5. Схема – концептіні көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай формада түсіндірілетін таңбаларды құрайды. Әрбір схема белгілі бір топқа жататын заттың немесе заттың назар аударуға тұрарлық ерекше қасиеттерін сұрыптау арқылы сигналдар мен таңбалар үйлесуін көрсетеді.

Автордың поэтикалық танымында өмір концептісінің схемалық құрылымы бейнелі ой арқылы өрнектеледі: «Өмір деген – бұйым емес қолдағы, өмір деген – ұлы бекет жолдағы; Өмір дейтін өзгермес мекеменің... (М.Мақатаев) [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 15].

6. Скрипт – фреймнің күрделенген үлгісі, жағдаяттың себебін анықтаушы, оқиғалардың өрбуінің, бірін-бірі ауыстыруының, алмастырудың себептерін анықтайтын көріністік амал. Скрипт көзбен көрген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар мен балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттарды басқа адамдардың әрекеттерінің мұқият есте сақтау нәтижесінде жинақталған ақпараттардан құралады. Мәтінге фреймдер мен сценарийлердің қайталануы скриптке тән нәрсе. [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 15-16].

7. Миф – адамзат мәдениетінің базистік феномені, адам баласының ең ерте заманғы ұғым-түсініктерінің, дүниені танып білу ой-өрісінің өте ерте ескі көрінісі. [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 16].

8. Символ – әмбебаптық сипатқа ие эстетикалық идея, жиі қайталанудан тұрақты түсінікке айналған тұспал мен меңзеуге негізделген астарлы бейне [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 16].

9. Ассоциация – айнала қоршаған дүние үзігін таныту үшін қолданылатын психикалық әрекеттер негізінде жүзеге асатын білім алудың көзі. Ассоциация белгілі бір ұлт өкілдерінің сол ұлтқа тән болмысын да, субъективті және ситуациялық білім мазмұнын да, әлеуметтік құбылыс әсерін де белгілеуге мүмкіндік береді [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 16].

10. Ассоциациалық өріс – мазмұн ортақтығына, ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығына қарай біріккен тілдік бірліктер жиынтығы. Ол ассоциатив сөздердің, өзекті сөздердің төңірегінде бірігуі ретінде түсіндіріледі[Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 16].

11. Стереотип – қоршаған ортадағы нысандарды танудың санадағы қарабайыр моделі. Этнос дүниетанымында әдетке айналып, жиі қайталанудан тұрақты қалыпқа түскен, терең ойлауды қажет етпей-ақ еске бірден түсетін психоментальдық түсінік. Мысалы, қазақ – қонақжай; ара – еңбекқор; қой – момын, жуас; түлкі – айлакер, қу [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17].

12. Менталитет – психологтардың пікір бойынша, белгілі бір мәдениетке қатысты адамдардың психикалық өмірінің өзгешелігі (спецификасы), ұлттық мінез-құлқы. Этнологтардың пікірінше, менталитет - жүріс-тұріс, мінез-құлық нормалары, модельдері, ұстанымдары жайындағы этникалық түсініктердің жүйесі, ол жүйе рухани құнылықтар жүйесі мен әлеуметтік ортада қалыптасады [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17].

13. Баламалар – тіліміздегі негізгі атаулардың бейнелі түрде суреттеуден туындаған жасанды екіншілік балама атаулардан құралады. Оған наным-сенімдер, әдет-ғұрыпқа байланысты тыйым салын.ған табу сөздер, алмастырып қолданатын эвфемистік баламалар жатады. Мысалы, қасқыр – итқұлақ көк мойын – арақ, бөрік киген – ер адам. [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17].

14. Этнографизмдер – өткен тұрмысымызда да болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулары мен сөз тіркестері (Ә.Қайдар) [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17].

15. Этнофразеологизмдер – белгілі бір ру, тайпа, этнос, халық таным түсінігіне сай қалыптасқан фразалық тіркестер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Олар сол халықтың өмірінен, әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен, рухани және материалдық мәдениетінен фразалық бірліктер арқылы орасан зор мол мәліметтер мен хабарлар береді [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17].

16. Мақал-мәтелдер – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өнеге-өсиет ретінде көркем бейнелеп жеткізетін даналық сөз [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 17-18].

17. Фразеологизмдер – кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып жұмсалатын, семантикалық біртұтастықта тұратын ауыспалы мағынада тұрып, этностың өзіндік ойлау жүйесі мен этномідениетін танытатын бейнелі, образды тіл бірлігі [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 18].

18. Жұмбақтар – ұлттың астарлы ойлау дүниетанымын танытады. Әрбір жұмбақтың астарында лингвомәдени дүниетаным танытады. Әрбір жұмбақтың астарында лингвомәдени дүниетаным ретінде ғана айқындап түсіндіруге болатын шешімдер жатады [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 18].

19. Тұрақты теңеулер – бір затпен екінші бір затты салыстыру, ұқсату, балау, теңеу арқылы анықтау, сипаттау, бағалау, өлшеу арқылы қалыптасқан тұрақты тіркестер. Көбінесе адам іс-әрекетін, сын-сымбатын (арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты) тағы басқа қасиеттерін сипаттайды [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 18].

20. Фольклор – халықтың дәстүрлі мәдениеті, қоғамның арман-аңсары (идеал) тудырған, сол қоғамның мәдени және әлеуметтік төлтума жағдайымен үндесе көрініс тапқан, дәстүрді тұғыр еткен топтар мен жеке адамдардың ұжымдық шығармашылығы. Фольклор үлгілері мен бағалы нұсқалары ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, еліктеп үйрену арқылы және басқа да тәсілдермен ауысып отырады; фольклордың да санатына тіл, әдебиет, музыка, би, ойындар, әфсаналар, әдет-ғұрыптар, салт-жоралғылар, қолөнер кәсібі, архитектура және басқа өнер түрлері жатады [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 18].

21. Ауыз әдебиеті үлгілері – ұлттың әлем бейнесін танытуда ақпараттық мазмұны бай қабаты. Құрамы: 1. Авторы белгілі ақыл-нақыл сөздер. 2. Салт-дәстүрге қатысты деректер. 3. Той-томалаққа байланысты ресми салтанат үлгілері. 4. Көріпкел, сәуегейлікке қатысты әңгімелер. 5. әзіл-сықақ, тұрмыстық жеңіл жанр үлгілері [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 18].

Ұлттың, этностың өзіндік ерекшелігін айқындап, құндылықтарын сидыра білген бұл түсінік ұғымдар жүйесінің қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетін анықтауда рөлі ерекше.

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы, ал тілдік жүйесінің құрылғылары негізінде адамдар арасындағы коммуникация жүзеге асады. Тіл тек жалпыға түсінікті ойды тасымалдап қана қоймайды, сонымен қатар таңсық құбылыс, үрдіс, зат және т.б. туралы жаңа ойларды жүзеге асыруға ықпал жасайды. Тілдің бұл белгісі адамның танымдық қызметінде, яғни, ойлау жүйесінен, ойлардың қарқынды пайда болуы мен өзара байланысуы кезінде қалыптасады. Бұл хақында Верещагин мен Костомаров былай тұжырымдайды: «Язык является основой мышления каждого человека, которое всегда протекает в вербальных формах, даже если оно достигает чрезвычайно высокого уровня абстракции» [Верещагин Е. М., Костомаров В. Г. Язык и культура. Изд., 3-е, перераб. и доп. - М., 1983. стр. 15].

Құбылыс ретінде мәдениеттің мәнін былайша түсінуге болады: бұл әлеуметтік құрылымдар мен ұйымдарда, рухани құндылықтарда, адамның табиғатпен қарым-қатынасының, адамдардың өзара байланысы мен өзіне деген көзқарасының жиынтығында матералдық және рухани еңбектің өнімдерінде көрініс тапқан адам өмірінің қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше әдісі. Тіл мәдениеттің бейнесі бола ала ма деген келесі мәселелі сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың шешімі мәдениеттің бір бөлшегі болып табылатын шындықты тілдің бейнелей алу немесе алмау мүмкіндігіне келіп тіреледі. Басқа тілде жоқ немесе басқа тілдерге жатық бір ұлттық дүниенің құндылықтары тілде қалай болса да көрініс табатын ұлттық әлеуметтік-мәдени аясының негізін құрайды. Әлеуметтік-мәдени аяны және лексиканы зерттеп, оқу басқа ұлттық мәдениеттің тілі арқылы түпнұсқаны терең ұғынуға және аудармада кездесетін олардың құндылықтарын анықтауға қажетті. Нақты бір ұлтқа ғана тән әлеуметтік-мәдени ақпараттарды В.С. Виноградов аялық ақпарат деп атайды. Аялық ақпараттың құрамына кіретін материалдық мәдениетке тән тарихтың айрықша деректерін, мемлекеттік құрылымның және географиялық ортаның ерекшеліктерін, фольклорлық ұғымдардың барлығын аударма теориясында реалиялар деп атайды.

Аударматануда реалияға тек деректерді ғана жатқызып қана қоймайды, оған сол деректердің атаулары да жатады. Ұлттық сипатқа ие реалия ұғымын ғалымдар баламасыз лексиканың санатына жатқызады. Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров реалияны басқа мәдени орта мен басқа тілде баламасы жоқ, жеке мәдениеттің элементтеріне тән сөздер деп анықтама береді. Әр тілдің лексикасы бір-бір жүйені құрайды. Әр сөз, сәйкесінше әр ұғым басқа сөз, басқа ұғыммен байланыса отырып онда бір нақты орынды иеленеді. Реалияларды түр-түрге бөлу, оларды мағынасына қарай топтастыру тілдегі олардың сәйкес атауларының қатарына байланысты. Осының негізінде бір тілден екінші тілге аударма жасау үдерісінде лакуналардың пайда болу мәселесінің шығатыны қалыпты жағдай және орынды да.

Лакуна (лат. Lacuna – тереңдеу, ор) – екі тілдің біреуінде айтылып отырған сөздің атауы немесе ұғымының болмауы. Халықтың әлеуметтік-саяси, қоғамдық-экономикалық өмірі мен тұрмысының алғышарттары, оның дүниетанымы, психологиясы, салт-дәстүрі және т.б. басқа тілді тасымалдаушыларға түсініксіз, олардың дүниетанымында жоқ ұғымдардың пайда болуына негіз болады. Лакуналар мәселесіне Л.С. Бархударов, И.И. Ревзин, В.Ю. Розенцвейг, Г.Д. Томахин және т.б. зерттеушілердің қатары қызығушылықтарын танытты. Лакуналар дәлелді және дәлелсіз болып екі түрге бөлінеді. Дәлелді лакуналарға бір немесе басқа да ұлттардың тілінде, ұғым-түсінігінде жоқ реалияларды жатқызады. Дәлелді лакуналар баламасыз лексиканың санатына енеді. Әдетте аудармада оларға түсініктеме беріледі.

Дәлелсіз лакуналарға түсініктеме беруді қажет ете бермейді. Оларды ңбасқа тілдерде сәйкес реалиялары кездеседі. Кейбір ұлттың мәдени-тарихи себептеріне байланысты ма екен, кейбір реалиялардың нақты анықтамалары берілмей сол қалпында қалып қойған. Мысалы, орыс тілінде: күйеуінің анасы – свекровь, әйелінің анасы – теща болып келсе, қазақ және ағылшын тілдерінде нақты түсініктеме жоқ: қазақ тілінде қайын ене болса, ағылшын тілінде - mother-in-law. Сәйкесінше тесть, свекор қазақ тілінде – қайын ата, ағылшын тілінде – father-in-law.

Әдетте аударма үдерісінде мұндай сөздердің мағынасы контекст арқылы айқындалады. Сондықтан аудармашыға сәйкес түсініктеме берудің немесе сілтеме жасаудың қажеті жоқ.

О.С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» реалия (лат. realia – “заттық”, “шынайы”) терминіне келесідей анықтама беріледі:

1. ... сыртқы лингвистика зерттейтін, құрамына нақты елдің мемлекеттік құрылымы, нақты ұлттың тарихы мен мәдениеті, нақты бір тілді тасымалдаушылардың тілдік байланыстары және т.с.с. кіретін түрлі деректер;

2. материалдық мәдениеттің заттары [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. стр. 381.].

Салыстырмалы лингвоелтануда реалия деп салыстырып отырған тілдің лексикалық ұғымы мен сөздерінен толықтай немесе ішінара ерекшеленетін, зерттеп отырған тіл елінің тарихы немесе мәдениетіне, экономикасы немесе тұрмысына байланысты заттар мен құбылыстарды атайды.

Реалиялардың қатарына лингвоелтануда ең бірінші ономастикалық реалияларды жатқызады. Олардың қатарына мыналар кіреді:

- географиялық атаулар (топонимдер), әсіресе, құрамында мәдени-тарихи байланыс бар атаулар;

- антропонимдер – тарихи тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің, атақты спортшылардың, көркем әдебиет пен фольклор кейіпкерлерінің есімдері;

- әдеби шығармалар мен өнер туындыларының, ел өміріндегі тарихи деректер мен оқиғалардың атаулары, мемлекеттік қоғамдық мекемелердің және т.б. атаулары.

Екіншіден, апеллятивті лексиканы білдіретін реалиялар жатады:

- флора, фауна секілді табиғи географиялық ортаның ерекшеліктерін білдіретін географиялық терминдер;

- елдің мемлекеттік құрылымына, қоғамдық-саяси өміріне, құқықтануға, әскер ісіне, білім беру жүйесіне, өндіріс пен өндірістік қатынастарға, тұрмысқа, тұрмыс-салтқа қатысты кейбір сөздер (сонымен қатар жалпы терминдер).

Өз зерттеулерінде Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров реалияларға тоқталып өтеді. Олар мәдениеттің барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, реалияға «фондық» және «коннотативті сөздер», «баламасыз лексика» немесе «мәдениет құрылымы бар сөздер» деген терминдік атауларын ұсынады.

Зерттеушілер аударматануда реалия-сөздерге анықтама беруде келесі ұғымдарды ұсынады:

- “баламасыз лексика” – басқа тілде эквиваленті жоқ сөздер (Г.В. Чернов, А.В. Федоров);

- “экзотикалық лексика” – географиялық және тарихи реалияларды білдіретін лексикалық бірліктер (А.Е. Супрун);

- “лакуналар” – бір халыққа таныс, бірақ басқа мәдениетке жат жағдаяттар (И.И. Ревзин, В.Ю. Розенцвейг);

- “варваризмдер” – жат жұрттықтардың дәстүрі, өмірі мен тұрмысының ерекшеліктерін сипаттауға, жергілікті тұрғындардың ұлттық колоритін жасауға мүмкіндік беретін сөздер (А.А. Реформатский);

- “этномәдени лексика”, “этнолексемалар” – нақты бір халықтың мәдениетінің ерекшелігі туралы ілімді адамдардың тарихи-этникалық қоғамы ретінде сипаттайтын лексикалық бірліктер;

- “алиенизмдер” – экзотизмдердің стилистикалық қызметін ерекшелейтін танымалдыққа аса ие емес тілдерден шыққан сөздер (В.П. Беркоав).

В.С. Виноградов реалиялардың қатарына тарих пен ұлттың мемлекеттік құрылымының ерекше деректерін, оның географиялық ортасының ерекшеліктерін, бұрынғы және қазіргі тұрмыстық заттарды, этнографиялық және фольклорлық түсінік ұғымдарды жатқызып, оларды баламасыз лексиканың құрамына енгізеді.

С. Влахов пен С. Флорин реалияға басқа мәдениетке жат, бір ұлттың өміріне, тұрмысына, мәдениеті мен тарихына тән нысандарды атайтын сөздер мен сөз тіркестері құрамына кіретін ойды жеткізу құралының ерекше санаты деп анықтама еберді. Зерттеушілер реалияларды аудару үрдісіне үлкен жауапкершілікпен қарағанын талап етеді. Олар реалиялардың басқа тілдерде дәл сәйкес баламаларының болмайтындығын атап өтеді.

Жалпы жоғарыда келтірілген анықтамалардың барлығы «реалия-сөздерді» «бөтен» мәдениеттің элементтерін білдіретін, ұлттық, тарихи, жергілікті немесе тұрмыстық бояуы бар, бірақ басқа тілдер мен мәдениеттерде баламасы жоқ ұғым ретінде сипаттайды. Лингвистика мен аударматануда «реалия» терминіне берілген анықтамаларды өзара салыстыра отырып, оны тілдік бірлік ретінде қарастырып көрелік. Зерттеушілер арасында реалияның қандай тілдік бірліктердің санатына жататыны туралы ортақ тұжырым жоқ. Дегенмен, көптеген авторлар (А.В. Федоров, С. Влахов, С. Флорин және т.б.) реалиялар жеке сөздер мен сөз тіркестері және семантикалық жағынан тең сөздер бола алады деп есептейді. Реалияның грамматикалық формасы оның нақты бір сөз табына және тілдің грамматикалық құрылымының ерекшелігіне қатыстылығына тәуелді. С. Влахов пен С. Флориннің еңбектеріне сүйенетін болсақ реалиялар негізінен зат есімдер болып келеді. Себебі, барлық келтірілген анықтамалар бойынша реалиялар көбінесе заттар мен құбылыстарды атайды. Реалиялар деп сонымен қатар зат есімнен жасалған, мағынасы реаялияның мағынасына сәйкес келетін сын есімдерді де атау орынды.

Аударма термині ретінде реалияның мәнін анықтау мақсатында оны лексиканың басқа класстарының аясында қарастыру қажет. Реалияның терминдермен ортақ белгілері көп. Реалия секілді терминдер де заттар, ұғымдар, құбылыстарды атайтын бірмағыналы, синонимі жоқ сөздер мен сөз тіркестерін білдіреді. Реалияны терминмен салыстырғандағы негізгі айырмашылық оның ұлттық және тарихи бояуы (терминде мұндай белгілер жоқ) мен көркем әдебиетпен байланысы болып табылады. Қарастырылып отырған лексикалық санаттар басқа тілдерге кіруі арқылы да ерекшеленеді: термин заттық атаумен тіркесе отырып, көп таралады, ал реалия басқа тілге көбінесе әдебиеттен және бұқаралық ақпарат құралдарының каналдарымен енеді.

Шығу тегіне қарай реалиялар табиғи сөз тудыру жолдары арқылы пайда болса, терминдер жасанды жолмен жасалып, көбінесе латын немесе грек сөздерінің негізінде, не бар сөздерді қайта ойластыру арқылы жасалады. Кейбір қалыпты жағдайларда реалия терминге айналуы немесе керісінше термин реалияға ауысуы мүмкін. А.Д. Швейцер бір мезгілде реалия да, термин де бола алатын сөздер де бар, сондықтан сөздің мағынасын анықтау үшін контекстке жүгіну керек деп ойлайды.

Реалия мен жалқы есімдер өзара өте тығыз байланысқан. Кей авторлардың қатары, соның ішінде В.С. Виноградов жалқы есімдерді реалиялардың санатына кіргізеді, ал екінші бір тобы (С. Влахов, С. Флорин) реалияны баламасы жоқ лексиканың класына енгізеді. Кейбір авторлар мерекелердің, ертегі кейіпкерлері атауларының түрлі жағдаяттарда я реалия, я жалқы есімдер бола алатынын тұжырымдайды.

Жоғарыда айтылған ойларды сараптай келе төмендегідей тұжырымдамаларды жасауға болады:

- реалиялар бір халықтың өміріне, тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік және тарихи даму қалпына тән заттарды, құбылыстарды, нысандарды атайтын, бірақ басқа халықтың таным-түсінігіне жатық, ұлттық немесе мерзімдік колоритті сипаттайтын, басқа тілде дәл эквиваленті жоқ және аударма кезінде аса жауапкершілікті талап ететін сөздер мен сөз тіркестері;

- реалиялар эквивалентсіз лексиканың бір саласына жатады;

- реалиялар көпқырлылығымен ерекшеленеді: өзінің мәнін жоғалтпай-ақ бір мезгілде бірнеше лексикалық санаттарға жата алады;

- көптеген реалиялар коннотациялық ойлардың анықтауышы болып табылады;

- реалияларды лексикалық бірліктердің басқа түрлерінен ерекшелеп тұратын басты талап оның ұлттық немесе мерзімдік бояуы болып табылады.

Тілдік реалиялардың жіктемесі.

Қазіргі таңда ғылыми лингвистикалық әдебиеттануда мерзімдік, семантикалық, грамматикалық, мекендік, фонетикалық және басқа да белгілеріне қарай реалиялардың бірнеше жіктемесі жасалған. Соларды қарастырып көрелік.

Реалияларды заттық белгілеріне қарай бірнеше семантикалық топтарға бөлуді ең алғашқылардың бірі болып ғалым А.Е. Супрун ұсынған болатын. Реалияларды заттық салаларына қатысты топтауды Б.И. Репиннің еңбегінен табуға болады. Оның жіктемесі төмендегідей:

1. Тұрмыстың реалиялар: баспана, киім-кешек, әшекей бұйымдар, тағамдар, сусындар, туыстық атаулар, сат-дәстүр, ойындар, өлеңдер, музыкалық құралдардың атаулары.

2. Этнографиялық реалиялар: ру мен тайпалардың атаулары.

3. Мифологиялық реалиялар: а) жаман күштер; б) рух.

4. Діни реалиялар.

5. Ономастика.

А.А. Реформатский реалияларды заттық-тілдік ұстаным бойынша келесі топтарға бөлед:

1. жалқы атаулар;

2. тенгелер;

3. адамдардың қызметі;

4. киім мен әшекейлердің бөлшектері;

5. тағамдар мен сусындар;

6. адамдардың лауазымдары.

С.Влахов пен С.Флориннің реалияларды топтастыруының жалпы тізімі:

І. Заттық топтастыру.

ІІ. Мекендік топтастыру (ұлтқа және тілге тиесілі болуына қарай).

ІІІ. Мерзімдік топтастыру (синхрондық және диахрондық негізде).

Берілген топтастыруды тегжей-тегжейлі қарастырып көрелік.

І. Заттық топтастыру.

1. Географиялық реалиялар (физикалық география немесе аралас ғылымдармен байланысты сөздер; терминдерге жақын келеді). Географиялық реалиялардың құрамына мыналар кіреді:

- физикалық географияның, сонымен бірге метрологияның атаулары;

- адам қызметімен байланысты географиялық нысандардың атаулары;

- эндемик атаулары (өсімдік).

2. Этнографиялық реалиялар (тұрмыстық, материалдық және рухани мәдениеттің, діннің, өнер мен фольклордың ұғымдарын біріктіретін сөздер).

2.1. Тұрмыстық:

- тағамдар, сусындар және т.б.;

- киім (аяқ киім және бас киімдерді қоса алғанда);

- баспана, жиһаз, ыдыс-аяқтар мен т.б.;

- көлік-қатынасы (құрылғылары мен «жүргізушілері»);

- басқалары (заттар).

2.2. Еңбек қызметі:

- еңбек адамдары;

- еңбек құралдары;

- еңбек ұйымы (шаруашылықты қоса алғанда және т.б.).

2.3. Өнер мен мәдениет:

- ән мен би;

- музыкалық құрылғылар және т.б.;

- фольклор;

- театр;

- басқа өнер түрлері мен өнерге тиесілі заттар;

- орындаушылар;

- салт-дәстүр мен жорал,ылар;

- мерекелер, ойындар;

- мифология;

- культтар – қызметшілері мен ұстанушылары;

- күнтізбе.

2.4. Этникалық нысандар:

- этнонимдер;

- лақап аттар (әзіл немесе кекету мақсатындағы);

- мекен ету орнына байланысты адамдардың аттары.

2.5. Өлшем мен ақша:

- өлшем бірліктері;

- ақша бірліктері.

3. Қоғамдық-саяси реалиялар:

3.1. Әкімшілік-аймақтық құрылым:

- әкімшілік-аймақтық бірліктер;

- тұрғындар орналасқан пунктілер;

- тұрғындар орналасқан пунктілердің бөліктері.

3.2. Үкімет органдары мен мүшелері:

- үкімет органдары;

- үкімет мүшелері.

3.3. Қоғамыдық-саяси өмір:

- саяси ұйымдар мен саяси қайраткерлер;

- патриоттық және қоғамдық қозғалыстар (және олардың қайраткерлері);

- әлеуметтік құбылыстар мен қозғалыстар ( және олардың өкілдері);

- лауазымдары, деңгейлері, титулдары;

- мекемелер;

- оқу орындары мен мәдени мекемелер;

- қоғамның ерекше топтары;

- ерекше қоғамдық топтардың белгілері мен нышандары;

3.4. Әскери реалиялар:

- марапаттаулар;

- қару-жарақтар;

- киім-кешектер;

- әскер қызметкерлері (және командирлер).

В.С.Виноградов С.Влахов пен С.Флорин ұсынған реалияларды заттық сипатына қарай жіктеуіне сүйене отырып өзінің жіктемесін жасап шығарды:

1. ономастикалық реалиялар:

- антропонимдер;

- топонимдер;

- әдебиет қаһармандарының атаулары;

- компания, мұражай, театр, дүкен, және т.б. атаулары;

2. ассоциативті реалиялар:

- вегегетативті нышандар;

- анималистік нышандар;

- фольклорлық, тарихи және әдеби-кітаптық аллюзиялар;

- тілдік аллюзиялар.

С.Влахов пен С.Флориннің реалияларды мекендік сипатына қарай жіктемесі екі өзара байланысқан өлшемнің есебімен жүзеге асады:

1) айтылып отырған реалия тиесілі ұлт, яғни, оның референті;

2) аударма үдерісіне қатысатын тіл.

Бір тілдің деңгейінде:

1. «Өз» реалиялары:

- ұлттық;

- жергілікті;

- микрожергілікті.

2. «Өзге» реалиялар:

- халықаралық;

- аймақтық.

Қос тілдің деңгейінде:

1. Ішкі реалиялар.

2. Сыртқы реалиялар.

«Өз» реалиялары деп авторлар көбінесе сол тілдің байырғы сөздерін атайды.

Ұлттық реалияларға нақты бір халыққа, ұлтқа тиесілі, бірақ басқа мәдениетке жат нысандар жатады.

Жергілікті реалиялар ұлттық реалиялармен салыстырғанда сәйкес халықтың тіліне жатпайды, керісінше қандай да бір әлеуметтік топтың диалектісіне, сөйлеу жүйесіне немесе тіліне тиесілі болмақ.

Микрожергілікті деп С.Влахов пен С.Флорин қолдану аясы тек бір ғана қала немесе ауданмен шектелетін реалияларды атайды.

«Өзге» реалияларға зерттеушілер кірме сөздерді(яғни, басқа тілден пайда болып, тілдің сөздік қорына енген сөздер), калькаларды (яғни, айтылып отырған халыққа жат нысандар атауларының морфемдік немес сөзбе-сөз аудармалары), сондай-ақ басқа тілдің транскрипция арқылы берілген реалиялары, әсіресе, окказионализмдерді немесе неологизмдерді жатқызады.

Халықаралық реалиялар лексикада көптеген тілдерді көресетіп, өзінің ұлттық бояуын сақтай отыра сәйкес сөздіктерге енді. Халықаралық реалиялардың ерекшелігі оның қазіргі мағынасы алғашқы мағынасынан ажыратылады: мысалы, ковбой (ағыл. cowboy) – «бақташы» сөзі «ержүрек» жанкештіге, яғни, американың шытырман фильмдеріндегі «қаһарманға» айналды.

Аймақтық деп бірнеше халықтардың арасында тараған, әдетте бірнеше тілдердің сөздік қорына енген реалияларды атайды.

Қос тілдің деңгейіндегі реалияларды негізінен аударма тұрғысынан қарастырады. Сыртқы реалиялар екі тілге бірдей жат, ал ішкі реалиялар – қос тілдің біреуіне тиесілі сөздер.

Ортақ белгілері бойынша реалияларды мерзімдік сипатына қарай ұсынылған екі топтың біреуіне жатқызады:

- заманауи реалиялар;

- тарихи реалиялар.

Авторладың тұжырымдары бойынша реалияларды топтаудың берілген жіктемесі шартты болып табылады. Олардың көбісін бір мезгілде бірнеше топқа немесе аударма бірліктерінің басқа топтарына жатқызуға болады.

Реалиялардың аудармасы. Реалияларды берудің негізгі әдістері.

Реалиялардың аудармасы аудармашының алдында тұрған ең күрделі жұмыстардың бірі. Ол көптеген лингвистер мен аударма теориктерін толғандыратын мәселе. Реалияларды аудару әдістері жөнінде В.С.Виноградовтың, А.А.Реформатскийдің, А.Д.Швейцердің, И.Левыйдың, С.Влаховтың, С.Флориннің және басқа да зерттеушілердің жазған еңбектері жеткілікті.

Реалияларды аудару кезінде туындайтын қиыншылықтарға мыналарды жатқызуға болады:

- тіл тасымалдаушысында айтылып отырған реалия нысанының (референті) жоқтығынан АТ сәйкестіктің (эквиваленттің) болмауы;

- реаляның заттық (семантика) мағынасымен қатар колоритті (коннотация) – оның ұлттық және тарихи бояуын беру қажеттілігі.

Аудармада реалияны беруде сәйкес әдісті таңдау кезде түпнұсқа мәтінінің семантикалық және коннотативтік мағынасын оқырманның түсінігіне жеткізу үшін автордың реалияны беру тәсілін есепке алу керек. Қазіргі кезде аударматануда реалияны берудің мүмкін тәсілдерінің әр түрлі бағыттағы көзқарастары қалыптасқан. Жоғарыда қарап өткен реалия-сөздердің жіктемесінің негізінде В.С.Виноградов олардың аудармасының барынша көп тараған бес тәісілін атап өтеді:

- транскрипция (транслитерация);

- гипо-гиперонимикалық аударма;

- үйлестіру;

- перифрастикалық (сипаттама, дескриптивті, экспликативті) аударма;

- калькалау.

С.Влахов пен С.Флорин көркем аудармада реалияны берудің жүйесін былай келтіреді:

1. Транскрипция (және транслитерация).

2. Аударма (ауыстыру):

1) неологизм:

а) калька;

б) жартылай калька;

в) игеру;

г) семантикалық неологизм.

2) Реалияны ауыстыру.

3) Жақын аударма:

а) туыстық түріне қарай ауыстыру;

б) функционалды ұқсастық.

4) Контекстуалды аударма.

Лингвистикалық терминдер сөздігінде «транскрипцияны» «басқа шет тілінің дыбыстарын (көбінесе жалқы атаулар, географиялық атаулар, ғылыми терминдер) қазақ әліпбиіндегі әріптердің көмегі арқылы беру» деп анықтаса, ал «транслитерацияны» «басқа шет тіліндегі сөздердің әріптерін қазақ әліпбиіндегі әріптердің көмегі арқылы беру» деп сипаттайды [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. стр. 401.]. Аударма тәжірибесінде бұл ұғымдар синоним ретінде қолданылса да, олардың арасында айырмашылықтың бары сөзсіз.

Реалияларды транслитерация арқылы берудің мүмкіндігі шектеулі: әдетте, ол тек ережеге сәйкес қана қолданылады, сөзді дұрыс оқымау немесе кейбір әріптерді дұрыс бермеу аударма кезінде үлкен қателікке ұрындыруы мүмкін.

Транскрипция АТ графикалық әдістері арқылы (әріптермен) сөздің фонетикалық реңкін түпнұсқаға ең жақын келеді деген дыбыстармен береді. Сөздің дәл дыбысын беретін әріптер болмаған жағдайда фонетикалық бояуы жағынан жақын келетін әріптер қолданылады. Бір латын әліпбиінен екінші латын әліпбиіне сөз, әдетте, еш грамматикалық өзгеріссіз-ақ ауыса береді. Кириллицадан кириллицаға, латыннан кириллицаға немесе керісінше ауысқан кезде міндетті түрде транскрипция кең қолданысқа ие болады. С.Влахов пен С.Флориннің ойынша, реалияларды аудару кезінде транскрипцияны қолдану қажеттілігі шартты. Транскрипцияны дұрыс қолдану арқылы аудармашының мағыналық мазмұнды, колоритті беруде үлкен жетістікке жетуі мүмкін екендігін де атап өтеді.

«Неологизмдер» жоғарыда келтірілген авторлардың пайымдауынша аударылатын реалияның мәні мен колоритін сақтайтын транскрипциядан кейінгі қолайлы әдіс. Мұндай жаңа сөздерге ең алдымен калька мен жартылай калька жатуы мүмкін.

«Калька» - «сөздің немесе сөз тіркесінің дәл сол қалпында басқа елдің сөздік қорынан кіруі [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. стр. 354.]. Калька реалияны семантикасын сақтай отырып АТ толықтай аударуға мүмкіндік береді. Калькалар көп жағдайда сөз тіркестері, сирек жағдайда сөздер болып келеді.

Сонымен зерттеушілердің ұсынған теорияларына сүйене отырып, бір тілден екінші тілге сөзді аударудың екі тәсілін ажыратуға болады: мағынасы тепе-тең лексика-семантикалық бірліктерді іздестіру; транскрипция немесе транслитерация арқылы сөздің айтылуын, жазылуын беру. Ал біз қарастырып отырған этномәдени лексика – нақты бір этносқа тән және сол этносқа ғана белгілі және түсінікті салт-дәстүрі, наным-сенімдері, ұлттық ойындары, яғни, рухани және материалдық мәдениетін құрайтын заттар атауларының жиынтығы. Бұл дегеніміз құрамында аялық ақпараты бар лексика. Осы тұрғыдағы лексиканы басқа тілдерге, яғни, орыс және ағылшын тілдеріне аудару ізденуді, фондық ақпаратты жақсы меңгеруді, жалпы айтқанда аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің қалыптасуын талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]