Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DIPLOM.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.01 Кб
Скачать

1.1. Этномәдени лексиканың аударылу жолдары

Тіл білімі өзі қаншалықты көне болса, тіл мен этностың ара-қатынас мәселесі де соншалықты әріден келе жатқан, ежелден бар құбылыс. Тіл – этностың ең тұрақты, ең бір басы ашық негізгі көрсеткіші. Ал өзгеруге бейім территориялық бірлік, экономикалық-шаруашылық және мәдениет тұтастығы, т.б. этностың қосалқы белгілеріне жатады. Яғни, тіл тағдыры мен этнос тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байланысты [Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. - №3. 1994, - 7 б. ]

Тіл мен этнос арасындағы осы тығыз байланыс лингвистерге, этнографтарға, тарихшыларға жақсы мәлім екендігі белгілі. Осыған орай философия ғылымының докторы Е. Жанпейісов түркологияда күні бүгінге дейін тіл тарихы мен тіл иесі халықтың этникалық тарихын ұштастыра отырып зерттеген бірде-бір арнайы еңбектің жоқтығын атап өтіп, тіл біліміндегі бұл олқылықты белгілі бір дәрежеде этнолингвистика ғана толтыра алады деп тұжырымдайды. Өйткені ол тілдің дамуы мен оны иеленуші халықтың этникалық дамуын, сондай-ақ тіл мен этностың әрқайсысының тек өзіне ғана тән дара және өзара ұқсас белгілерінің дамуын, тілдің түрлі диалектілерге бөлінуі мен этностың географиялық бөлінуін бір мезгілде, қатар тексеруді талап етеді.

Этнолингвистиканың қыр-сырларын анықтай келе ғалымдар оның диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану, мифология сияқты ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетеді. Байланыстың болу себебі: бұлардың қай-қайсысы да этнос табиғатын ашады және оларды зерттеу объектілері де ортақ. Мысалы, диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольлористика, жалпы мәдениеттану атты білім саласы этностың өзіндік өркениетінің әлденеше ғасыр бойындағы даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салттық дәстүрін, мифология этностың жалпы дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерделейді. Ал лингвистика этностың жаңағы жергілікті сөйлеу ерекшелігінің, дәстүрлі тұрмыс мәдениетінің, әдет-ғұрпының табиғатты танып-білумен байланысты ұғым-түсініктерінің, аңыздық бағам-байламдарының тілдегі көрінісін, тілдегі берілу құралдарын тексереді. Яғни, диалектология да, этнология да, лингвистика да – бәрі де тікелей этносқа қатысты, барлығы да этностық ерекшелікті сипаттайды. Зерттеушілеріміздің сөзімен айтар болсақ, демек, этнос бұлардың бәрінің бір-бірімен тоқайласатын, тоғысатын «мама ағашы», бәрінің ортақ «түйісу нүктесі» болып табылады. Бірақ бұлар этносты, жоғарыда таратып айтқанымыздай әр қырынан алып түсіндіреді. Сондықтан этнолингвистика бұл зерделеулерді өзара байланыстыра, сабақтастыра қатар алып жүруді, үйлестіре жүргізуді талап етеді. [Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. - №3. 1994, - 7 б. ]

Тіл мәдениетпен өте тығыз байланысты. Ол мәдениетке еніп, онда дамып, өзгеріп сол мәдениетті айқындайды. В.А. Маслова осы ойдың негізінде жаңа ғылым – лингвомәдениеттану пайда болды деп тұжырымдайды. Ол лингвистиканың дербес бір бағыты болып ХХ ғ. 90-шы жылдары қалыптасты. «Лингвомәдениеттану» термині соңғы онжылдықта В.Н. Телия бастаған фразеологиялық мектебінің жұмыстарында, сонымен қатар Ю.С. Степанов, А.Д. Арутюнова, В.В. Воробьев, В. Шак-леин, В.А. Маслованың және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде пайда бола бастады. В.А. Маслова бұл жайында былай анықтама береді: «Лингвокультурология – это отрасль лингвистики, возникшая на стыке лингвистики и культорологии и исследующа проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [Маслова В.А. Лингвокультурология. – М., 2001. 208 с. 10б]. Осыған орай В.Н. Телия лингвомәдениеттануды этнолигвистиканың бір саласына жатқызады.

Негізінен этнолигвистиканың бастауы Европада В. Гумольдтан; Америкада Э. Сепир, Ф. Боастан, Б. Уорфтан; Ресейдегі Д.К. Зеленинаның, Е.Ф. Карскийдің, А.А. Шахматовтың, А.А. Потебняның, А.Н. Афанасьевтың, А.И. Соболевскийдің жіне басқалардың еңбектерінен басталады. Міне, В.А. Звегинцев осы этнолингвистиканы тілдің мәдениетпен, халықтың салт-дәстүрімен, қоғамның немесе ұлттың әлеуметтік құрылымымен байланысын зерттейтін сала ретінде сипаттайды. Ал этнос – ұзақ тарихи кезеңді бір кешірген, тілі мен ұлттық-мәдениеті ортақ адамдар тобы.

Ғалым Е. Жанпейісов: «Этнолингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді»,- дейді [Жанпейісов Е. Этнолингвистика \\ Ана тілі. -№ 3. 1994,-4 б.]. Сондықтан қай елдің туындысы жайында пікір айтпастан немесе оқымастан бұрын оның бұрынғысы мен бүгінгі тарихының хал-ахуалын, мәдени ерекшеліктерін, этностың дүниетанымын жан-жақты зерттеп алу және ол туралы аялық білімнің болуы маңызды.

Этнолингвистиканы арнайы зерттеген ғалымардың қатарына М.М. Копыленконы жатқызамыз. Ол: «Этностың тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материалдық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және жете зерттеледі»,- деп анықтайды [Копыленко М. М. Основы этнолингвистики. – Алматы, 1995.-228 б.17]. Ғалым Ж. А. Манкеева «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол - мәдениет айнасы. Олай болса, ондай жүйені зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі екені байқалады. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы»,- деген пікірі тіл мен мәдениеттің сабақтастығын, тілдің бойындағы ұлттық сипатты айқындай түседі [Манкеева Ж. М. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2008. -356 б. 15].

Қазіргі этнолингвистиканың теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізінде этномәдени лексика қарастырылып, линвистикалық талдаулар жүзеге аса бастады. Сөздердің белгілі бір ұлтқа қатысты қолданыстық сипаты осы этнолексика аясында қарастырылады.

Қазақ тіл біліміндегі этнолексика этнографиялық, тарихи, лексика- семантикалық, этимологиялық, танымдық тұрғыдан қарастырылып келеді. Қолданыстағы сөздің этноқызметі, мағынасы оның тілдік қатынастағы жұмсалу ерекшеліктерін айқындаумен маңыздырақ. Мәтін құрамындағы сөздің, сөз тіркесінің этнолингвистикалық қолданылу ерекшеліктерінің айқындалуы тілдің әлеуметтік ортадағы қызметі туралы жан- жақты хабар беруге бағытталады. Тіліміздегі сөздердің мәтін ішіндегі қолданысы этнолексика арқылы көрініс беріп, тұтастай бір ұлттың этномәдени, тарихи, ұлттық бітім-болмысын таныта түседі.

«Этнолексикалық қолданыстар тек атауыштық қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар олардың қарым-қатынастық ролі де айқын көрінеді. Этнолексика арқылы қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық ерекшелігі көрініс беріп, этнолексикаға қатысты атаулар қолданыс  барысында әр түрлі мағыналық реңктерді кеңінен қамтиды. Қазақ тіліндегі этнолексика, этноатаулар ауыз әдебиетімізде, көркем шығармаларда кеңінен қолданылып, сол ұлттың табиғатын айқын көрсетіп бере алады. Тіліміздегі этнолексикаға жатқызылатын атаулар этностың тілінен, сол этнос туралы жазылған көркем әдебиеттен орын алады және ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық әрі рухани байлығымыз іспетті жеткізіліп отырады» [Казанбаева А.З. Этнолексикалық қолданыстардың тілдегі көрінісі. http://www.rusnauka.com/15_NNM_2012/Philologia/3_111079.doc.htm]

 Этнолексика, мәдени лексика  жайлы құнды пікірлер ғалым Ж.А. Манкеева еңбектерінде қарастырылып, дәлелді тұжырымдар берілген. Ғалым этнолексикаға былайша баға береді: «Сонымен көне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың дені – ұлттық материалдық мәдениеттің реликті әрі рухани байлығымыздың түбірі. Себебі бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қызмет қана атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар – қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші»[ Манкеева Ж. М. Этнос тілі табиғатының ерекшеліктері \\ Тіл тарихы және сөз табиғаты. Ғылыми мақалалар жинағы.-Алматы, 1997. -235 б.7]. Ғалымның пікірінде атап өтілгендей, тіліміздегі этнолексиканы құрайтын атаулар сан-салалы болып келеді.

Абай Құнанбаевтың қара сөздері де қазақ халқының өмірін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, болмысын, танымдық көрінісін бейнелейтін рухани құндылықтарға толы этномәдени лексика молынан кездесіп, ұлт тарихын айқындайтын ақпарат көзі болып табылады. Әсіресе, діни тақырыпты қозғайтын қазақ дүниетанымына тән этномәдени сөздер қатары молынан кездеседі. Жоғарыда айтылған ойды дәлелдеу үшін осы қара сөздерінен алынған төмендегі үзінділерді келтіруге болады.

1. «Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік» [Абай Кунанбаев. «Қара сөз» = «Книга слов». – Семей. Abai international club. 2007. – 365 стр. 86]. Абайдың бірінші қара сөзінде кездесетін «кездеме, кез» секілді этномәди сөздер қазақ халқының ұлттық материалдық мәдениетінің құндылықтарының қатарын толтырады.

2. «Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе» [Абай Кунанбаев. «Қара сөз» = «Книга слов». – Семей. Abai international club. 2007. – 365 стр. 92]. Үшінші сөз де өзіне бөлек бір алуан дей келе бұнда қазақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы мағлұмат беріп, сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық аппараты туралы да ой қозғалып қазақ халқындағы билік жүйенің ұлттық ерекшелігі айқындалады.

3. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» [Абай Кунанбаев. «Қара сөз» = «Книга слов». – Семей. Abai international club. 2007. – 365 стр. 107]. Абай Құнанбаевтың қара сөздерінде діни-философиялық мақамдарының жиі ұшырасатыны қазақ халқының рухани болмысы мен ой-арманын суреттейді. Суреттеліп отырған этномәдени лексикалар маңыздылығы оқырманға жетуі және оның санасынан орын алып ұлт менталитетіндегі алатын орнының айрықша көрінетінінде.

«Көркем шығармада қолданылған этнолексика, этномәдени атаулар тарихи-мәдени және лингвистикалық мазмұн мен мәнді тудыратын категория, ұлттық болмысымыз бен ұлттық танымымызды көрсететін, ұрпақтан- ұрпаққа жетіп отыратын рухани байлығымыз болып табылады.

Тіл мен мәдениет негізінде қалыптасқан қолөнерге байланысты туындаған этнолексика, этноатаулар белгілі бір уәжділігі бар сөзқолданыстар. Қазақ қолөнеріне байланысты туындаған атаулар сол ұлттың эстетикалық талғамының деңгейін, рухани танымының жетістігін және шығармашылық еңбегін әрі табиғатты игерудегі өмірлік тәжірибесін байқатады. Қолөнерге қатысты бұйым атаулары қазақ халқының тұрмысындағы рухани, мәдени, әлеуметтік ролін айқындап ғана қоймайды, сонымен қатар олар ұлт мәдениетінің қалыптасқан тұтас бір бөлшегі ретінде саналады.  Этнолексика ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмас тілдік құрал болып табылады». [Казанбаева А.З. Этнолексикалық қолданыстардың тілдегі көрінісі. http://www.rusnauka.com/15_NNM_2012/Philologia/3_111079.doc.htm]

Тілдің сапалық белгісі коммуникативті қасиетке ие ақпарат беруші таңбалар жүйесінен ғана тұрмайды, ол осы кешенділік сапаның бәрін қамтитын ұлттық мәдениеттің ажырамас құрамадас бөлігі болып табылады дейді К.Қ. Күркебаев өз зерттеулерінде.

«Мәдениет – жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын – адам. Сондықтан мәдениет, ең алдымен, адам әлемі ретінде саналады. Өйткені мәдениеттің қандай түрі болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-сенімі, дүниетанымы, эстетикалық талғамы заттандырылып, материалдық және рухани игіліктер көрініс табады.

Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі «қала», «қалалық» деген ұғымды білдірген. Мұның өзі орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениеттанушылардың атап көрсеткеніндей мәдениетке берілген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. «Мәдениет» ұғымын талдауды мәдениеттанушылар көне заманнан бастайды. Көне заманда мәдениет «жерді өңдеу» деген ұғымды білдірген. Бұл тұста көзге түсетін нәрсе – мәдениет пен табиғатты қарсы қоюшылық. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымда жұмсалады. Уақыт өте келе Еуропада мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарда қолданыла бастайды» [Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 бет. 5-6]

К.Қ.Күркебаев бүгінгі ғылымтануда мәдениеттің кейбір түрлерін былайша топтастырды: заттық мәдениет, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, этнос мәдениеті, этникалық мәдениет, ұлттық мәдениет, шығыс мәдениеті, постфигуративтәк мәдениет (дәстүрлік мәдениет), конфигуративтік мәдениет (замандастық мәдениет), предфигуративтік мәдениет (жас ұрпақтық мәдениет), тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, тамақтану мәдениеті, киіну мәдениеті, төл мәдениет, жалпы адамзаттық мәдениет, аймақтық мәдениет, жазу (жазба) мәдениеті, кәсіби мәдениет және т.б.

Осы аталғандардың ішінен рухани құндылықтарға ұлттық дүниетаным мен діл, ұлттық психология мен моральдық этикалық нормалар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ырым-жоралғы және т.б. жатады. Рухани мәдениетке С.Темірбеков, ең алдымен, адамгершілік құндылықтарын жатқызады. Зерттеушінің пайымдауынша, ар-намыс, парасаттылық, адамгершілік, сенімділік, мейірімділік, кішіпейілділік, кешірімділік және тәуелсіздікке, еркіндікке, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, өзін-өзі бағалау сияқты құндылықтар жинағы – халықтың рухани мәдениетінің негізі, іргетасы. Ғалым С.Темірбеков: «Мәдениеттің қалыптасу кезеңі адамның адам болуынан, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қажет қарапайым норма, ереже, тыйым, бұйрықтардан басталады, ал рухани мәдениетке жатқызылатын әдебиет, өнер, дін, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. кейінгі уақыттың жетістігі», - деп жазады.

Әр халықтың қалыптасу, даму тарихы кезінде оның рухани болмысы, қиялы, ой-арманы мен іс-әрекеттері белгілі бір дәрежеде уақыт ағымына сай қолданысқа еніп, кейде шығып қалып өзгеріске ұшырасып жатады. Соның нәтижесінде сол халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-сайман, қару-жарақ, киім-кешек, тұрмыстық заттары мен қолөнер бұйымдары сияқты алуан түрлі материалдық құндылықтарымен қатар рухани мәдениеті дүниеге келіп, бір-бірімен етене тығыз байланыста дамиды. Сол себепті қазіргі ғылымтануда шартты түрде болса да зерттеушілердің бір жүйеге тұрақтандырған рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің топтастыруы қалыптасқан. К.Қ. Күркебаев өзінің «Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы» атты оқулығында мідениетті екіге бөліп қарастырады да келесі кестені ұсынады.

МӘДЕНИЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]