Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-19_EiM.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
71.16 Кб
Скачать

10.Электростатикалық өріс.Металдық экран.Электрондардың ағып шығу құбылысы.

Зарядталған бөлшектердің өзара әсерлесуі олардың айналасындағы электр өрісі арқылы болады.Кез келген зарядталған дененің айналасында электр өрісі болады.Қозғалмайтын зарядтың айналасындағы өріс электростатикалық өріс деп аталады.Электр өрісі материяның ерекше бір түрі. Кез келген жерде электр өрісінің бар, жоғын сол нүктеге қойылған сыншы заряд арқылы анықаймыз.Өріс сыншы зарядқа белгілі бір күшпен әсер етеді.Сыншы зарядтың шамасы,сол нүктедегі өрістің шамасын өзгерте алмайтындай өте кішкентай болу керек. Электростатикалық өрістің күйін анықтайтын параметрдің бірі-өрістің кернеулігі. Өріст кернеулігі, сол нүктедегі күштік сипаттамасын өрнектейді.

Металдық экран:өткізгіштің ішіндегі электростатикалық өрістің нөлге тең болатыны белгілі. Егер өткізгіштің ішкі бөлігін алып тастасак, өткізгіштегі зарядтардың таралуы да, сыртындағы электр өрісі де өзгермейді, сондықтан өткізгіштің ішкі қуысында орналасқан зарядқа сыртқы өрістің әсері болмайды. Осы құбылысты металдық экран деп атайды.

Өткізгіштің үшкір бетінің маңындағы электр өрісінің кернеулігі өте үлкен болады.Өткізгішті қоршаған ортада зарядталған оң және теріс бөлшектер болса, оралға өріс тарапынан әсер ететін күштер қарама-қарсы бағытталған. Егер өткізгіш оң зарядталған болса, оларға өріс тарапынан әсер ететін күштер қарама-қарсы бағытталған.Егер өткізгіш оң зарядталған болса, оның ұшына әсер ететін күш өткізгішке қарай , ал қоршаған ортадағы теріс және оң зарядталған бөлшектерге әсер ететін күштер қарамаөқарсы бағытталған. Оң зарядтар өткізгіштен әрі қарай қозғалады. Теріс заряд өткізгішке соқтығысқан кезде ол өзіне импульсін және зарядын өткізгішке береді яғни өткізгіш ұшының заряды кемиді, өткізгіш импульс алады. Бұл құбылыс өткізгіш ұшынан оң зарядтар ыршып шығып және өткізгіштің өзіне реактивті күш әсер етіп тұрған сияқты байқалады. Егер өткізгіш теріс зарядталған болса, шын мәнінде күшті электр өрісінің әсерінен электрондар өткізгіштен ұшып шығады даб өткізгішке реактивті күш әсер етеді.

11. Оңашаланған өткізгіштің сыйымдылығы. Конденсатор, оның түрлері,сыйымдылығы

Оңашаланған өткізгішке заряд берсе, оның потенциалдығы да артады. Тәжірибелер өткізгішке берілген зарядтың шамасы мен оның потенциалы бір-бірімен сызықты байланысты екенін көрсетеді, яғни

Пропорционалдық коэффициент С-оңашаланған өткізгіштің сыйымдылығы деп аталады. Бұл шама сан жағынан өткізгіштің потенциалын бірлік шамаға арттыру үшін, оған берілетін зарядтың шамасына тең.

Конденсатор деп арасындағы кеңістікке сыртқы өрістің әсері болмайтындай етіп орналастырылған екі өткізгіштен тұратын системаны айтады. Конденсатор құратын өткізгіштерді оның астарлары деп атайды және олардың шамалары тең, таңабалары қарама-қарсы зарядталады. Астарларының түріне қарай конденсаторларды жазық, цилиндрлік және сфералық деп бөледі. Конденсатор сыйымдылығы дегеніміз q зарядқа пропорционал және астарлардың арасындағы потенциалдар айырымына кері пропорционал физикалық шама: :

Жазық конденсатордың сыйымдылығыC=

Цилиндрлік конденсатордың сымдылығы:

Cфералық конденсатордың сыйымдылығы: С=

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]