Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-6 Жулдыз Микро-макро арым .docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
47.18 Кб
Скачать
  1. Микробиоценоздағы экологиялық қарым-қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.

Қоршаған ортада макро және микроорганизмдер биоценоздың ажырамас құрам бөліктері болып табылады. Тіршілік барысында бір ортада бір бірімен немесе басқа да организмдермен белгілі бір қарым қатынасқа түседі. Олар бір-біріне оң әсер ететін, кері әсер ететін және бейтарап. Симбиоз (греч. symbiosis—бірге тіршілік ету)—симбиотикалық жүйені құрайтын түрлі организмдердің бірігіп тіршілік етуі. Симбиоздың пайда болу негізіне трофикалық, кеңістіктік қарым қатынас түрлері бола алады.  Факультативті симбиоз кезінде әр организм жеке тіршілік етуге қабілетті болады, ал облигатты симбиоз кезінде организмдер тіршілік барысында бір біріне тәуелді болады. Симбионттардың арасында көп жағдайда тіршілік процесі барысында түзілетін өнімдермен алмасу жүреді.

Синтрофия (грек. syn—бірге, қорек)—екі немесе одан да көп түрлердің бірігіп қоректік затты пайдалануы. Мұндай процесті синтрофты организмдер жеке келген жағдайда жүзеге асыра алмайды. Синтрофия бактериялар арасындағы симбиотикалық қарым - қатынастың мысалы бола алады.

Мутуализм (лат. mutuus—екі жақты) – қауымдастық өкілдерінің арасындағы байланыс екі жаққа да тиімді болады және екі организм бір бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мутуализмге мысал ретінде айранда, дәнде, қымызда сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың бірігіп тіршілік етуін жатқызуға болады.

Синергизм – қауымдастықтағы физиологиялық функциясының күшеюі. (сүтқышқылды микроорганизмдер мен ұйытқыларда қышқыл түзуші және аромат түзушілердің бірлесіп тіршілік етуі).

Сателлизм – бірінші микроорганизмнің өсуі екінші микроорганизмнің тіршілік әрекетінің өнімдерінің негізінде жүзеге асады. Мысалы, ашытқылар В тобының витаминдерін синтездейді, олар сүтқышқылдық бактериялардың өсуін жылдамдатады.

Вирогения — бұл вирустар (фагтар) мен кейбір бактериялардың, ашытқылардың, қарапайымдылардың бірігіп тіршілік етуі. Микробтық клеткаға енген фаг клетканы лизиске ұшыратпайды. Клетка фагтың тасымалдаушы бола отырып, өз тіршілігін жалғастырады.

Комменсализм (лат. com—с,бірге және mensa—трапеза), жүйедегі бір түр(комменсал) келесі түрге (қожайын) өзінің қоршаған ортамен байланысын реттеуді жүктейді, бірақ тығыз байланысқа түспейді. Комменсалдық байланыстың негізіне ортақ кеңістік, cyбстрат, қорек жатады. Оларға мысал ретінде өсімдіктерде кездесетін сүтқышқылды бактериялар, ашытқыларды жатқызуға болады.

Паразитизм —екі әр түрлі организмдердің антагонистік қарым қатынасының формасы, мұнда біреуі екінші организмді тіршілік ортасы, қорек ретінде пайдаланады. Паразиттер қожайын организмдердің санының реттелуінде, кей жағдайда микроэволюциялық процестің бағытталуында да үлкен рөл атқарады. Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) болып ажыратылады. Сыртқы ортаның жағдайына байланысты микроорганизмдер өздерін паразит ретінде де, сапрофит ретінде де көрсетеді, сол үшін оларды факультативті паразиттер деп атайды. Облигатты паразиттер өздерінің метаболиттік мүмкіндіктерін толығымен жоғалтқаннан кейін қожайын организмдердің ұлпаларын зақымдай отырып тіршілік етеді.

Метабиоз – микроорганизмдердің бір түрі басқа түр жасаған тіршілік жағдайын жалғастыра беретін симбиоздың арнайы түрі. Мысалы, белоктарды токсинді аммиакқа дейін айналдыратын аммонитрификаторларды және аммиактарды қауіпсіз заттарға дейін айналдыратын нитрификаторларды жатқазуға болады.

Нейтрализм (лат. neutralis - бейтарап)—микроорганизмдер бір ценоздың құрамында даму барысында бір – біріне ешқандай әсер етпей тіршілік етуі. Организмдердің бір біріне жанама тәуелділігі байқалады, себебі олар бір қауымдастықтың өкілдері болып саналады.

Бәсекелестік (лат. соnсurrеrе—соқтығысу) — бір немесе әр түрге жататын организмдердің қоршаған ортаның ресурстары үшін бәсекеге түсуі. Конкуренция пассивті—екі организм үшін де қажетті қоршаған ортаның ресурстарын пайдалану немесе активті—алмасу өнімдерінің пайда болу нәтижесінде бір түрдің екінші түрді басып жеңуі. Мысалы, топырақ микроорганизмдері жоғары сатылы өсімдіктермен минералдық қоректік зат үшін бәсекеге түседі.

Жыртқыштық - Мұнда қауымдастықтың бірінші өкілі екіншісін қорек ретінде пайдаланады. Мысалы ретінде Clostridium (патогенді түрлері) туысының өкілдерін жатқызуға болады, олар токсиндердің көмегімен организмді өлімге ұшыратады да, қорек көзі ретінде пайдаланады.

Антагонизм (rp. antagonisma—күрес) — қауымдастықтың бір өкілі екіншісінің өсуін жартылай немесе толықтай тежеуі. Антибиоз – микроорганизмдердің бір түрінің қоршаған орта арнайы зат бөле отырып, басқаларының тіршілігін жоюы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]