Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-6 Жулдыз Микро-макро арым .docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
47.18 Кб
Скачать
  1. Қалыпты микрофлора түсініктері. Асқазан – ішек жолдарының қалыпты микрофлорасының құрамы. Облигатты микрофлора. Факультативті және транзиторлы микрофлора.

Қалыпты микрофлора – дені сау индивидтердің белгілі бір денесінің аймақтарында қалыпты мөлшерде жиі кездесетін микроорганизмдердің жиынтығы.

Қалыпты микрофлораның физиологиялық қызметтері

Қалыпты микрофлораның адам ағзасы үшін пайдалылығы қазіргі уақытта үлкен сенімділікпен дәлелденіп отыр. Қалыпты микрофлораның микроорганизмді инфекциядан қорғаушы фактор және сол қалыпты флораны реттеуші фактор екендігі, қалыпты флораның антоганистік қасиеті белгілі.

Ішек флорасы:

  • асқорыту процесінде үлкен роль атқарып, ішектің тегіс мускулатурасының тонусын көбейтеді.

  • ағзада витаминдік қажеттіліктің үлкен бөлігін қамтамассыз етеді. Микроорганизм 9-дан аса В комплексіне жататын витаминдерді, никотин және фоли қышқылы, витамин К және басқа да витаминдерді синтездеуге қабілетті.

  • ағзада ортақ иммунитеттің қалыптасуына үлкен қызмет атқарады. Оның болмауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді әлсіреуіне әкеліп соғады. Мысалы: жақында алынған зерттеулерге қарағанда қан сарысуының синтезі қалыпты микрофлораға байланысты.

Белгілі бір түрге тән микрофлора индигенді деп аталады. Оның біршама тұрақты бөлімін «облигатты», «факультативті» деп ажыратады.

Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.

Адам денеснің дене сырты және сыртқы ортамен үздіксіз өзара байланыста болатын адам денесі қуыстарында (ауыз, мұрын қуысы, кеңірдекше, ішек, дәрет жолдары болатын микроорганизмдер қалыпты жағдайда қалыпты микробиота(normal microbiotia)немесе қалыпты флора (normal flora) деп атайды.Қалыпты микробиота қожайын организм дүнйеге келгеннен кейін денеге орнығып тіршілік ете бастайды, қожайын организмнің кем болса болмайтын бөлігіне айналады. Қалыпты сауденелі ересек адамдарда мөлшерімен 1013 клеткадан тұрады, ал тұрақтанған микроорганизмдер саны 1014, көп мөлшерде ауыз қуысында, асқорту жолдарында, тыныс алу жолдарында, дәрет жолдарында кездеседі. 80%микробиота ішек жолдарында мекендейді, мөлшерімен 400-500 микроорганизмдердің түр бар. Асқазан-ішек жолында бактериялар белсенді түрде өмір сүреді

Сонымен бірге колониялар анық қабат құрып өседі. Қышқылды орталы асқазанда және ішектің үстіңгі бөлігінде микроорганизмдер саны 1 мл-де 1000-нан аспайды, көбінесе лактобациллалар, энтерококтар, ашытқылар, бифидобактериялар, E.coli болады.

Тоқ ішек микрофлорасы әр түрлі және қалыпты. Микроорганизмдердің 250-ден астам түрлері жинақталған, микробтардың жалпы биомассасы 105 кг-ға дейін жетеді. Қалыпты жағдайда басым топтары спорасыз анаэробтар (бифидобактериялар мен бактероидтар) 99 %-ке жетеді. Мукозды (қабатішілік) және қуыстық микрофлораны ажыратады. Экзо- және эндогендік инфекциялық аурулардан сақтандыру мен дамуында негізгі роль атқаратын қабатішілік микрофлора ішектің колониялық резистенттілігін қалыптастырады. Өңештің микробиоценозы тұрақсыз, тағам түріне байланысты. Өңеш бактериялары ауыз қуысының микрофлорасына сәйкес келеді. Асқазан микробиоценозы асқазан шырыны әсеріне байланысты жұтаңдау келеді. Бөліп алынатын организмдер саны 103/мл-ден аспайды. Кездеседі: лактобациллалар; стрептококктар; хеликобактерлер; ашытқытәрізді саңырауқұлақтар. Дені сау балалар мен ересектердің микрофлорасы сансыз көп емес. Он екі елі ішек пен аш ішекте бифидобактериялар, клостридиялар, энтерококктар, эубактериялар, порфиромонадалар, лактобактериялар, вейлонеллалар басым болса; ал жамбастың кемік басында (подвздошной) – ішек таяқшасы мен анаэробты бактериялар болады. Тоқ ішекте бактериялардың максималды еконцентрациясы байқалады– 109-1012/г. Анаэробтар барлық микроорганизмдердің 97 % құрайды. Саны және сапасы жағынан қалыпты микрофлора (дені сау ағзада) дененің әр түрлі бөліктерінде (экотоп) бірдей емес. Себебі, өмір сүру ортасы әр түрлі болады .

Аутахтонды (яғни осы аймаққа қатысты) микрофлора резистентті және транзитті түрлерге ажыратылады. Шырышты қабаттарда, негізінен асқазан-ішек жолында қалыпты микрофлора 2 формада өмір сүреді – оның жартысы қуыста орналасады, ал қалғандары биопленка түзетін мукозды қабатішілік матриксте (қабатішілік микрофлора) орналасқан. Онымен ішектің колониялық резистенттілігі байланысқан түрде инфекциялық агенттерден ішектің табиғи қорғану барьерін құрайды. Адам организмінде кездесетін микробтар алуантүрлілігін екі топқа бөлуге болады. Резидентті және транзиторлы микрофлора.

Өкілдері: факультативті аэробтар 3-5 %: Энтеробактериялар Энтерококктар Стафилококктар, анаэробтар 95-97%: Бактероидтар Бифидобактериялар Лактобациллалар Грамоң коккалар Клостридиялар Эубактериялар.

Лактобактериялар. Облигатты флора. Өмірінің 1-ші айында байқала бастайды. Өсу деңгейіне сәйкес саны артады. Ересектерде мөлшері пайдаланатын сүт қышқылды тағамдарға байланысты.

Энтерококктар. Микрофлораның қалыпты өкілі.

Бактероидтар.Споробратүзбейтін грамтеріс анаэробтар.

Клебсиеллалар.Жоғары концентрациясы 7-12 айлық кезде байқалады. 1,5 жастан кейін элиминацияланады. Транзиторлы микрофлора

Бациллалар. Транзиторлы микрофлора. Сау балаларда – аз кездеседі.

Псевдомонадалар. Олар аз кездеседі 3-5%

Клостридиялар. Clostridium difficile. Аз мөлшерде болады. Олардың популяциясы клиндамицин секілді кей антибиотиктерді пайдаланғанда тез көбейеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]