Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1-СЖ Асыр Д

..docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
40.16 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебі

Менеджмент және Маркетинг кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдік экономика жүйесі

Орындаған:Асыр Д.Б.

Тексерген:Дабылтаева Н.Е.

Алматы 2016

І. Кіріспе.

Әлемдік экономика түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Әлемдік экономика дамуының кезеңдері тенденциялары, факторлары.

Ә) Әлемдік экономика мемлекеттерінің классафикациясы.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе.

Әлемдік экономика ұғымына түрлі әдебиеттерде әр алуан анықтамалар беріледі. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:

  • Г. Н. Доғалованың айтуы бойынша: «Әлемдік шаруашылық бұл - нарықтық экономиканың объективті заңдылықтарына бағынатын глобальды экономикалық жүйе, сонымен қатар, бір-бірімен байланысты ұлттық экономикалардың жиынтығы; [1, 7-б.]

  • Ал А. С. Булатовтың пікіріне сүйенсек, әлемдік экономика ұғымын екі түрлі мағынада қарастыру керек. Тар мағынасындағы анықтамасына сәйкес, әлемдік экономика – сыртқы әлеммен әрекеттесетін ұлттық экономикалырдың жиынтығы. Бұл Г. Н. Доғалованың анықтамасына ұқсас келеді. Ал кең мағынасындаға анықтамасына сәйкес, ол – әлемнің барлық ұлттық экономикаларының жиынтығы. [2,31-32-б.]

  • Е. В. Гужваның анықтамасына сәйкес, әлемдік экономика – ұлттық-мемлекттік және мемлекеттік емес құрылымдардың жиынтығы, сонымен бірге, халықаралық еңбек бөлінісі және саяси байланыстар негізінде олардың бір-бірімен әрекеттесуі. [3, 6-б.]

Жоғарыдағы анықтамалар бір-бірінен ерекшеленгенімен, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі олардың әрқайсысы әлемдік экономика ұғымының мағынасын әр түрлі қырынан ашады. Мұнымен қоса, олардың ұқсастықтары бар екенін де атап өткен жөн. Себебі әрбір анықтамада әлемдік экономика өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе ретінде көрінеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Әлемдік экономиканың қалыптасуы мен дамуына қатысты зерттеушілердің пікірі бірыңғай емес.

Мысалы, Рим империясының өзі сол кездегі әлемдік экономика сипатында болды, - деп есептейтін зерттеушілер бар. Тағы бір ғалымдар әлемдік экономиканың қызметі ұлы географиялық жаңалықтар ашу ғасырларында басталатынын дәлелдейді. [4, 9-б.]

Ал бірқатар зерттеушілер әлемдік экономиканың пайда болуын халықаралық сауданың пайда болуымен түсіндіреді. Бұдан бес мың жыл бұрын ең көне мемлекет - Египет халқының көрші тайпалармен сауда қатынастары болғанын ескерсек, халықаралық сауданың, сәйкесінше, әлемдік экономиканың пайда болуы да осы тұс екенін түсінуге болады. [2, 33-34-б.]

Дегенмен, ХІХ-ХХ ғасырларда ұлттық экономикалардың тек қана әлемдік тауарлар мен қызметтер нарығының ғана емес, мемлекеттер мен аймақтар арасындағы экономикалық ресурстар қозғалысының да қатысушылары болуымен тауарлар, қызметтер және өндірістік факторлар қозғалысын қамтитын әлемдік экономика жайында сөз бола бастады. [2, 35-б.]

Ендігі кезекте әлемдік экономиканың даму кезеңдерін қарастырайық. Мұны төмендегі кестеден көруге болады:

[26 37-38-б.]

Әлемдік экономика дамуының соңғы кезеңі – заманауи кезеңге бірқатар тенденциялар тән:

  • Жаһандану;

  • Аймақтандуру;

  • Интеграция;

  • Либерализация;

  • Трансұлттандыру, т.б. [2,72-б.]

Жаһандану қазіргі таңда әлемдік экономиканың ең негізгі тенденцияларының бірі болып отыр. Жалпы алғанда, бұл - жағымды құбылыс. Себебі, ол сыртқы нарықтар мен сыртқы ресурстарға деген қолжетімділікті арттырады және сыртқы экономикалық байланыстарды күшейтеді. Дегенмен, жаһанданудың да жағымсыз салдарлары бар.

Мысалы, Мәскеудегі «Жаһандану және әлеуметтік қозғалыстар институты» мамандарының айтуынша, бір ғана американдық мемлекеттің жаһандық экономикалық үдеріске араласуы қаржы дағдарысының созылуына әкеліп соқты. Бұл жаһанданудың жағымсыз жағының бір көрінісіне мысал бола алады. [5]

Екінші бір кемшілік ретінде жаһанданудың дүние жүзінде бірқалыпты жүзеге аспауын атап өтсе болады. Бұл өз кезегінде дамыған мемлекеттердің дамушы және артта қалған мемлекеттерге үстемдік етуімен жалғасуы мүмкін. [2, 77-б.]

Сонымен, қоса жаһандану ұлттық мәдениетке, егемендікке, әлемдік мәдениеттің әралуандылығына қауіп төндіру мүмкіндігі де жоқ емес. [2, 79-б.]

Жоғарыда көрсетілгендерден жаһандану біздің мемлекетіміз үшін көптеген мүмкіндіктер ашып қана қоймай, қауіп төндіруі де мүмкін екенін ескеру қажет. Осыған орай, жаһанданудың мүмкіндіктері арқылы өзінің экспорттық әлеуетін арттырған және сол арқылы экономикалық дамуын қамтамасыз еткен Шығыс Азияның дамушы мемлекеттерінің тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн.

Ә) Әлем мемлекеттерінің классификациясын құрастыру әлеуметтік және экономикалық география пәнінің облысы болып табылады. Бұл жерде басты назарға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сәйкес жіктелу алынады. Көрсеткіштер негізінде жіктеу және осы арқылы типология жасау маңызды рөлге ие.

[7;20-б.]

Мемлекеттердің типологиясы дегеніміз – әлеуметті-экономикалық және тарихи даму деңгейлері, сипаты, типі бойынша ұқсас әлем мемлекеттерінің топтарға бөлінуі. Типолоия жасаудың бірінші кезеңі болып мемлекеттерді демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да лдаму көрсеткіштері арқылы классификациялау болып табылады. Екінші кезеңде мемлекеттердің типологиялық ерекшеліктері айқындалады.

[7;20-б.]

Мемлекеттердің типологиясы әлем мемлекеттерін мемлекеттануға қатысты зерттеу объектілері ретінде жүйелеу және мемлекеттер арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды анықтау үшін қажет. Алайда мемлекеттердің типологиясы зерттеу процедураларына байланысты қалыптасқан объективті көрсеткіштерге негізделуі қажет.

[7;20-б.]

БҰҰ жасаған әлем мемлекеттерінің типологиясы заманауи әлемдің бірнеше макроаймақтарға бөліп, мемлекеттерді соның негізінде топтастырады.

Ол аймақтар келесідей:

Материк

Макроаймақтар

Африка

Солтүстік Африка

Оңтүстік Африка

Орталық Африка

Батыс Африка

Шығыс Африка

Америка

Латын Америкасы және Кариб жағалауы:

Кариб жағалауы;

Орталық Америка;

Оңтүстік Америка;

Солтүстік Америка

Азия

Орталық

Шығыс

Оңтүстік

Оңтүстік-Шығыс

Батыс

Еуропа

Шығыс

Солтүстік

Оңтүстік

Батыс

Тынық мұхит аймағы

Аустралия және Жаңа Зеландия

Меналения

Микронезия

Полинезия

[8]

Мұнымен қоса мемлекеттердің саяси-экономикалық классификациясы да бар. Мемлекеттер мен аймақтардың саяси-экономикалық классификациясы әлемдік шаруашылықтың перифириялфқ құрылымын айқындайды. Осылайша мемлекеттер келесідей болып бөлінеді:

  • Әлемдік шаруашылықтың орталықтары;

  • Орталықтармен бірге интегралдандан жартылай перифириялар;

  • Перифириядан жартылай перифирияға дейінгі өтпелі тип;

  • Аймақтық экономикалық әріптестік және әлемдік экономикағы белсенді араласатын перифирия,

  • Әлемдік шаруашылыққа әлсіз араласатын перифирия;

  • Әлемдік шаруашылықтан біршама оқшауланған перифирия.

[7;21-б.]

Бірнеше ірі мемлекеттер (мысалы, Ресей, Канада, Аустралия, Бразилия) әр түрлі типтерге жататын аймақтарға бөлінеді. Бұл классификацияда перифирия және жартылай перифирияны дамушы мемлекеттер құрайды.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап шет ел әдебиеттерінде мемлекеттердің әскери, демографиялық, экономикалық әлеуетіне, сыртқы нарықтарға тәуелділік дәрежесі, халықаралық жанжалдарға араласу белсенділігі, территориялық дауларға тартылуы, өзге де мемлекеттік шекара және оның тиімділігіне сәйкес классификациясы туралы саяси-географиялық зерттеулер кеңінен тарады. Бастапқы кезеңде макроаумақтық мәселе басты назарға алынған болса, соңғы жылдары жекелеген мемлекеттердің және оның бөліктерінің деңгейіндегі зерттеулер көбірек жарыққа шығып жүр. Батыста саяси-географиялық зерттеулер мен саяси классификацияның бастаушысы ретінде американдық ғалым Р.Хартшорн танылады. Ол 1950 жылы саяси географияға функционалды бағыт ұсынған болатын. Оның зерттеуінің басты мақсаты әр мемлекетте әрекет етуші ортадан тепкіш және ортаға тартқыш күштердің қатынасын анализдеу, онсыз мемлекет өз териториясының тұтастығын сақтай алмайтын дай басты идеяны анықтау еді.

[7;21-б.]

Барынша кең таралған мемлекет классификациясы – оларды территориясы және халық саны бойынша топтастыру.

Аумағы бойынша мемлекеттерді келесідей ажыратады:

  • Ел ірі мемлекеттер;

  • Ірі мемлекеттер;

  • Орташа мемлекеттер;

  • Шағын мемлекеттер;

  • Микромемлекеттер.

Халық саны бойынша мемлекеттер былайша жіктеледі:

  • Ірі мемлекеттер – халық саны 50 млн.-нан астам;

  • Орташа мемлекеттер – халық саны 10 млн.-нан 50 млн.-ға дейінгі мемлекеттер;

  • Шағын мемлекеттер – халық саны 10млн.-ға дейінгі мемлекеттер.

[7;22-б.]

Халық саны халықтың көпұлтты құрамы кезінде әр алуан сипатқа ие болатын тұтынушы сұранысын анықтайтын фактор болып табылады.

Географиялық орналасуына байланысты әлем мемлекеттері келесідей бөлінеді:

  • Теңіздік мемлекеттер;

  • Жарты аралдар;

  • Аралдар;

  • Архипелаг мемлекеттер;

  • Ішкі континентальды мемлекеттер.

Мұны кесте арқылы төмендегідей көрсетуге болады:

Мемлекет типі

Мемлекеттер

Жарты аралдар

Үндістан, норвегия, Италия, Португалия

Аралдар

Ирландия, Куба, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия

Архипелаг мемлекеттер

Жапония, Кирибати, Индонезия

Ішкі континентальды мемлекеттер

Еуропа

Андорра, Аустралия, Венгрия, Люксембург, Лихтенштейн, Македония, Словения, Чехия, Словакия, Швейцария

Азия

Ауғанстан, Бутан, Лаос, Моңғолия, Непал

Африка

Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Замбия, Зимбабве, Лесото, Малави, Мали, Нигер, Руанда, Свазилендғ, Уганда, орталық-Африка Республикасы, Чад, Эфиопия

Америка

Боливия, Парагвай

ТМД

Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Белоруссия

[7;23-б.]

Көрсеткіштерге негізделіп жасалатын классификациямен салыстырғанда, экономикалық-георгафиялық негізге сүйеніп жасалған типология әр мемлекеттің әлемнің саяси және экономикалық картасындағы орнын анықтайтын сапалық қасиеттерді айқындай түседі.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін барлық мемлекеттер үш топқа жіктелетін: социалистік, дамыған капиталистік және дамушы. Әлемдік социолистік жүйенің күйреуінен соң бұл типологияның орнына басқа алмастырушы типологиялар келді.

[7;21-б.]

Әлемдік экономика мемлекеттерінің классафикациясы бірқатар критерийлерге сүйеніп жасалады. Мысалы, Әлемдік банк Жиынтық ұлттық табыстың (ЖҰТ) пайыздық көрсеткішіне сүйеніп, мемлекеттерді келесідей топтарға жіктейді:

  • Төменгі табысты экономикалы мемлекеттер;

  • Орташа төменгі табысты мемлекеттер;

  • Орташа жоғарғы табысты мемлекеттер;

  • Жоғарғы табысты мемлекеттер. [6]

Ал БҰҰ мемлекеттерді даму деңгейіне байланысты топтастырады:

  • Дамыған мемлекеттер ( Канада, АҚШ, Еуропа мемлекеттері, Жапония, Израиль, Аустралия);

  • Экономикасы тұрақты даму үстіндегі дамушы мемлекеттер (Қытай, Үндістан, Бразилия, Солтүстік Африка, Коста Рика, Мексика, Египет);

  • Экономикасы бірқалыпсыз даму үстіндегі мемлекеттер (Орталық Америка, Африка мемлекеттері, Араб мемлекеттері);

  • Артта қалған мемлекеттер (Сомали, Судан, Бирма, Солтүстік Корея) [6].

Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтау үшін Адам Даму Индексі (АДИ) қолданылады. АДИ өз құрамына елдегі жан басына шаққандағы ұлттық табыс, жұмыссыздық деңгейі, білім беру деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, қоршаған ортаның қолайлылығы деген сияқты қасиеттермен белгілерді жинақтайды.

Адам даму Индексі бойынша әлем мемлекеттерінің топтасуын қарастырайық:

Өте жоғары Адам Дамуы

Норвегия

Аустралия

Швейцария

Дания

Нидерланды

0,944

0,935

0,930

0,923

0,922

Орташа Адам Дамуы

Беларусия

РФ

Оман

Румыния

Уругвай

Багам ар.

Қазақстан

0,798

0,798

0,793

0,793

0,793

0,790

0,788

Орташа Адам Дамуы

Ботсвана

Молдова

Египет

Түркменстан

Габон

0,698

0,693

0,690

0,688

0,684

Төменгі деңгейдегі Адам Даму

Кения

Непал

Пәкістан

Мьянма

Ангола

0,548

0,548

0,538

0,536

0,532

[9]

Әлем бойынша орташа АДИ 0,711-ге тең. Елімізде бұл көрсеткіш 0,788 шамасында болып, орташа көрсеткіштен жоғары тұр (барлық мемлекеттердің ішіндегі 56-шы орында). Дегенмен, АДИ құрамына кіретін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем бойынша орташа көрсеткішке жете алмай тұр. Себебі, елімізде орташа өмір сұру ұзақтығы 69,4 жас болса, әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 71,1 жасты құрайды.

ІІІ. Қорытынды.

Студенттің өзіндік жұмысын орындау барысында ғылыми әдебиеттер мен ғаламтор ресурстарын пайдалану арқылы әлемдік экономика ұғымын сан қырынан анықтап, оның өзіне тән тенденцияларын қарастырдым. Әлемдік экономиканың даму тенденциялары әр мемлекетте әр түрлі дәрежеде жүзеге асып жатқандықтан, мемлекеттердің бірқатар белгілерге сай жіктелуіне де тоқтала өттім. Жұмысты орындау кезінде әлемдік экономиканы оқып үйренудің, зерттеудің маңызды екенін түсіндім. Себебі, бүгінгі таңда жаһандану үрдісінің күшеюі әлемдік экономикада болатын кез-келген өзгерістің біздің мемлекетімізге әсерін тигізетінін көрсетсе, интернационализация үдерісі Қазақстанның сыртқы әлеммен байланысының нығайып, әлемдік экономикағы ықпалының артуын көрсетеді. Жоғарыдағыдан тек қана ұлттық экономиканы зерттеп қана қоймай, әлемдік экономиканы тұтасымен және оның өзара байланысты элементтерін де қарастырудың маңызды екенін көреміз.

Cонымен қоса бұл өзіндік жұмысты орындау кезінде әлем мемлекеттерінің классификациясына көп көңіл бөлінді. Себебі бүгінгі күнге дейін әлем мемлекеттерін әр алуан белгілеріне қарай жіктеудің түрлі бағыттары қалыптасқан. Бұл мемлекеттерді топтастырудың, оларды жүйелеп зерттеудің, мемлекеттерді, аймақтарды бір-бірімен салыстырудың қаншалықты маңызды екенін көрсете алады. Осыдан мемлекеттер классификациясының алдағы уақытта әлемдік экономика пәнін оқып білуге өте қажет екені және бұл әлем мемлекеттерін бір-бірімен салыстыра отырып, өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындауға көмектеседі.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000.

  2. Мировая экономика: учебник/ под ред А.С.Булатова. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Экономистъ, 2008.

  3. Гужва Е.Г. Мировая экономика: учебное пособие, 2009.

  4. Байгісиев М. Халықпаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы – Алматы: Санат, 1998.

  5. http://nashmir.kz/news/ekonomisty-globalizatsii-prikhodit-konets («Нашмир» қазақстандық республикалық газеттің ресми сайты)

  6. http://www.nationsonline.org/oneworld/rich_poor_countries.htm

  7. Смирнов Е.Н. Введение в курс мировой экономики:учебное пособие – Москва:КНОРУС, 2009

  8. http://unstats.un.org/unsd/methods/m49/m49regin.htm

  9. Human Development Report 2015

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]