Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекцияларды ысаша аннотациялары.doc
Скачиваний:
48
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
107.52 Кб
Скачать

ТІРЕК ЛЕКЦИЯЛАР

1-ЛЕКЦИЯ

ФИЛОСОФИЯНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

  1. Философиялық білімнің негізгі сипаттары.

  2. Философияның функциялары.

  3. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Философия ғылымының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.

Сократ:“Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.

Геродот:“Философия – білімді, ақылдылықты сүю”.

Аристотель:“Философия – ғылымдар негізі”.

Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: “Философия – ақылдылыққа құштарлық ” – десе, Декарт: “Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім” – дейді.

Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

      1. Философия даналықпен, ақыл-ойменбайланысты.Философиятерминінің өзі грек тілінен аударғандаphileo– сүйемін,sophia– даналық дегенді , басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді.

      2. Философияның басы – таңдану. Сократ “Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

      3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздіктән.

      4. Философия ақылды ойлау мәдениетінқалыптастырады.

Философияның анықтамасы: Философия– бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2-ЛЕКЦИЯ

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

  1. Көшпелі өмір салты – қазақ дүниетанымының қалыптасуының алғы шарттары.

  2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланысты категориялар: Өмір, Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік.

Қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым жоқ. Европоцентризм көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі.

Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының қалыптасуына негіз болғанын көреміз.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты ктегориясы - өмір. Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы – өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім.

Араласукатегориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.

Намыс– қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі, тіпті ең бастысы.

Парыз– адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін этикалық категория.

Кісілік – адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақтың “кісілік” ұғымы қазіргі “тұлға” (личность) ұғымына сәйкес деп ойлаймыз.

Біз осылайша қазақ дүниетанымының негізгі категорияларына ғана тоқталдық. Көзіміз жеткендей, қазақ халқының көшпелі өмір салтының негізінде қалыптасқан өзіндік философиялық дүниетанымы бар және ол терең мазмұнды, толыққанды категорияларда бейнеленген.

3-ЛЕКЦИЯ

Көне үнді және көне қытай философиясы

  1. Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.

  2. Көне Қытай философиясының идеологиялық-практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.

Көне Үнді философиясы

Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыс философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі деп есептейді.

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:

  1. ғылыми оймен байланысының аздығы;

  2. жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;

  3. діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;

  4. философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;

  5. негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Қытай философиясы

Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.

1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті.

2) Келесі ерекшелігі – философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды.

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.

Олардың бастысы – Конфуций мектебі, ол б.д.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды.

4- ЛЕКЦИЯ

Көне греция философиясы

  1. Көне Греция философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері мен мектептері.

  2. Милет мектебінің натурфилософиясы.

  3. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

  4. Платон және Аристотель: ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

  5. Эллинизм философиясының сипаты.

  1. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

  2. Грек философиясының дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

Көне Грек философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері

Көне Грек философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Табиғат философиясы кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксиандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

  2. Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтерді.

  3. Б.д.д. IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәселелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның салаларын кеңінен қамтыған, философияның классикалық деп атауға болатын философия десек, артық емес.

5- ЛЕКЦИЯ