Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лемдік социология классиктері.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.68 Кб
Скачать

Әлемдік социология классиктері

Огюст Конт

Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым

методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік

мектебін құрушылардың бірі.

1798 жылы 19 қаңтарда Монпелье қаласында, католиктік және монархтық қатаң тәртіп үстем болған қаржы шенеунігінің отбасында дүниеге келді. 1814 жылдан бастап Париж политехникалық мектебінде алған білімі оны жаратылыстану ғылымдары бағытында дүниетаным жолына түсірді. 1816 жылы үкімет мектепті жауып тастады, ендігі жерде Конт күн көру мақсатында математикадан ақылы сабақ беруге мәжбүр болды. 1818 жылы ол Сен-Симонмен жақын танысып, хатшы қызметін атқарған белгілі тарихшы Огюстен Тьерридің орнына жұмысқа тұрады. Жеті жыл бойы осы қызметті атқарған Конт өз ұстазының көптеген идеяларын қабылдайды. 1826 жылы Конт философиядан үйде ақылы дәрістер оқуға кіріседі. 1830 - 1842 жылдары ол үлкен жобаны жүзеге асырады: “Позитивті философия курсы” атты 6-томдық басылымын шығарады. 40-жылдардың екінші жартысында интеллектуалды сабақтардан басқа уағыздық және тәжірибелік ұйымдастыру қызметіне кірісіп, позитивизмді сынап, діни және моральдік ілімді насихаттайды. 1847 жылы ол Адамзат дінін жариялап, 1848 жылы позитивтік қоғам құрады. Өмірінің соңғы жылдарында Конт жаңа діни ілім мен табынуды жүзеге асырумен шұғылданып, өзін Адамзат дінінің бірінші дінбасы деп жариялады. 1857 жылдың 5 қыркүйегінде Конт өзі шәкірттерінің алдында дүниеден өтті.

Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”, “Басқалар үшін өмір сүру”, “Жарық күнде өмір сүру”, “Махаббат принцип сияқты, тәртіп негіз сияқты, прогресс мақсат сияқты болсын”, “Біз алмастыратын нәрсені ғана қиратамыз”.

Конт әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде детерминизм принципін тұңғыш рет

таратып, бұл құбылыстардың жаратылыстану заңдарының іс-әрекетіне бағындырылғанын

көрсеткен Монтескьенің үлесін өте жоғары бағалайды. Конт әлеуметтік ғылымның

қалыптасуына Гоббстың маңызды үлес қосқанын мойындайды. Дегенмен ол идеялары бір-біріне қарсы болған екі ойшыл - де Местра мен Кондорсені ерекше жоғары бағалайды.

Дәстүршілдік пен либерализмді, консервативтік және революциялық рухты біріктіруге және бітістіруге ұмтыла отырып, ол екі ойшылдың тұжырымдамасын бірін-бірі толықтыратын нәрсе деп қарастырады. Конттың басты әлеуметтік ұраны - “Тәртіп және прогресс” де Местраның (және басқа дәстүршілердің, әсіресе де Бональдтің) тәртіп идеясына және өзінің “рухани әкесі” санайтын Кондорсенің прогресс идеясына сүйенеді.

Жалпы Конт бір-біріне қайшы келетін идеялық дәстүрлерді біріктіруге ұмтылды:

прогрестің ағартушылық идеясы мен дәстүршілдік, ағартушылық рационализм мен

ортағасырлық католицизм. Оған әсіресе, әлеуметтік-иерархиялық идеология мен ұлттан жоғары тұратын құрылым ұнады. Конт христиандық қасаң қағидашылықты ескірген деп есептейді, бірақ христиан дінін ескірген демейді. Ол құдайды дінмен алшақтатқысы келеді. Діннің өзі мәңгі болып табылады, өйткені адам, оның түсінігінде - тек рационалды, ойлау қабілеті бар жан ғана емес, сонымен қатар ол эмоционалды, сезімдік қасиеті бар және сенуші болып табылады.

Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі түсінікке сүйенеді. Мұндай түсінік негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған жіктелімін құрады. Бұл жіктелімге негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және социология кірді.

Аталмыш ғылымдардың әрқайсысы бір-біріне қатысты өзіндік бір саты болып табылады.

Әрқайсысы өзінен бұрынғысының тәсілдерін қолданып, оларға өзінің зерттелу объектісінің ерекшелігіне байланысты тәсілдерін қосады. Барлық ғылымдар өзінің дамуында теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатылардан өтеді; тек соңғы сатысында олар ғылым болып қалыптасады. Ғылымдар иерархиясының шыңында социология тұрады.

Конттың ойынша, социология кез келген басқа ғылым сияқты, өзгермейтін жаратылыс заңдарын зерттейді. Оның пәні - маңызды әрі күрделі, сондықтан ол ғылымдар патшасы іспетті болып есептеледі. Социология болмыстың қоғамнан да кеңірек саласын зерттейтін басқа ғылымдардың жетістіктерін пайдалана алады және пайдалануға тиіс. Бұл ғылымдар, әсіресе биология (ғылымдар иерархиясында социологияның алдында тұрған ілім) социологияға қарағанда кіріспе, дайындық болып табылады. Сонымен қатар олар социология үшін теориялық-методологиялық үлгі ретінде қызмет атқарады; өйткені социология басқа пәндерге қарағанда позитивті күйге кешірек жақындады, онда әсіресе көптеген теологиялық және метафизикалық элементтер сақталған; онда елестету бақылауға қарағанда әлі күнге дейін басым.

Герберт Спенсер

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және

инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эволюционизмнің

классигі.

Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), “Биологияның негіздемелері” (1864 - 1867), “Психология негіздері” (1879 - 1893), “Социология негіздері (3 томдық, 1876 - 1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері “Әлеуметтік статика” (1850) және “Социология зерттеу пәні ретінде” (1873).

Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы. Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарма), өндірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (байланыс жолдары, көлік, сауда, т.б.).

Спенсер социализмнің қынжыларлық салдарын көре біліп, адамзат үшін оны үлкен

бақытсыздық деп санады. Сонымен қатар социализмнің сөзсіз пайда болатынын айтты - оған қазіргі қоғамдардың даму тенденциясы осылай көрінді.

Эмиль Дюркгейм

Эмиль Дюркгейм (Emіl Durkhgame) (1858 - 1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі.

Францияның солтүстік-шығысындағы Эпинал қаласында 1858 жылы 15 сәуірде раввин

әулетінің отбасында дүниеге келді. Париждегі Жоғарғы қалыпты мектепті тамамдағаннан кейін, провинциалды лицейлерге бірнеше жыл бойы сабақ береді. 1887 жылы Бордо қаласындағы университетте әлеуметтік ғылым және педагогика оқытушысы қызметіне тағайындалады. Он жылдан соң ол бұл жерде Франциядағы ең алғашқы әлеуметтану кафедрасын басқарды. 1896 жылы Дюркгейм социология тарихында елеулі оқиға болған жаңа мерзімді басылымға басшылық ете бастады. Ол 1896 жылы - 1913 жылдар аралығында редакциялаған L’Annee Socіologіque журналы, ең алғаш рет дюркгеймдік мектеп зерттеулерінің нәтижелерін жариялай бастады. Бұл жылнама Франциядағы түрлі бәсекелесуші топтар арасындағы дюркгеймдік социология үстемдігінің негізгі институционалдық факторы болды. Журнал қызметкері көбіне оның бас редакторының идеяларына негізделген күшті ғылыми ағымды қалыптастырды. Бұл кейін “француз социологиясының мектебі” деген атқа ие болып, осы елдегі социологияның дамуын бірнеше он жылдыққа айқындап берді. 1902 жылы Дюркгейм атақты Сорбоннаға шақырылады. Нәтижесінде оның әлеуметтану бойынша лекциялық курсының негізінде “тәрбие және әлеуметтану туралы ғылымдар” кафедрасы құрылып, ол оған да жетекшілік етеді. Дюркгейм тек қана француз социологиясын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге пән ретіндегі социология шеңберінен шығып, француздың интеллектуалды және тіпті саяси өміріндегі өте маңызды тұлға болды. Ол Францияның сол кезеңдегі негізгі интеллектуалды және саяси дағдарыстарына белсене қатысты.

Көзі тірісінде Дюркгейм төрт кітап шығарды: “Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы” (1893), “Социология әдісі” (1895), “Өзін-өзі өлтіру” (1897) және “Діни өмірдің қарапайым формалары” (1912). Осы ғылым пайда болған елде - Францияда социологияның институционалануы Дюркгейм есімімен тығыз байланысты. Көптеген адамдар оны қоғамды зерттеуде позитивизмді дәйекті жалғастырушы деп есептейді. Бұл бір жағынан дұрыс және толығымен орынды, өйткені социологияның негізін салушы ретінде Конттың беделі айтарлықтай жоғары болды. Дюркгейм социлогиядағы конттық позитивтік дәстүрді жалғастырушы бола отырып, көбінесе жаратылыстану ғылымдары сараптамаларының үлгілерін басшылыққа алды (әсіресе өзінің ғылыми қызметінің бастапқы кезеңінде), яғни өзінің ғылыми әдісінде теориялық негіздеменің нақтылығы мен дәлелдене алуын, эмпирикалық расталу қажеттілігін баса көрсетті. Сонымен бірге Дюркгейм өзін социологияның негізін салушының белгілі бір дәрежеде жалғастырушы деп есептей отырып, оның шығармашылық мұрасына сын көзімен қарағандығын атап өтпеуге болмайды.

Дюркгеймнің ойынша социология құрылымы үш негізгі саладан тұруы тиіс: морфология, социология және жалпы социология. Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, оның құрылымы көріністерінің материалдық формалары: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы, алып жатқан аумағы бойынша орналасуы т.б. қандай деген мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс. Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әр тектес салаларын зерттеп, бірнеше дербес социологиялық теорияларға бөлінеді: дін социологиясы, мораль социологиясы, құқық социологиясы, экономикалық социология және т.б. Ал соңғысы, жалпы социология алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады.